"Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы, мемлекеттік жер кадастры үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 13 шілдедегі № 277 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 110 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 шілдеде № 39391 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы, мемлекеттік жер кадастры үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 502 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 101 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18000 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшада:

      Жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бақылау субъектілері (объектілері) Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалған жағдайларда, цифрлық жүйені қолдана отырып, жерлерді пайдалану мен қорғаудың жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылайтын осындай субъектілердің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4-қосымшада:

      Мемлекеттік жер кадастры саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өрескел бұзушылықтар – жерлердің экономикалық бағалауын қамтитын жерлердің сапасын есепке алу жөніндегі талаптарды сақтамаудан көрінген мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласындағы талаптарды бұзу; мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жерлердің, жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің санын есепке алуды бұзу; бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізуді бұзу; жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді бұзу; жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды, елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды, жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін есептеуді, ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын айқындауды қамтитын жерлерді кадастрлық бағалау есептерін дайындау әдістемесін бұзу; жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын, жер-кадастрлық жоспарды дайындау және беру тәртібін бұзу;";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Бақылау субъектілері (объектілері), егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалса, онда цифрлық жүйені қолдана отырып, жерлерді пайдалану мен қорғаудың жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.";

      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

      "16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі жер құқығы қатынастары субъектілерінің жерлерін пайдалану мен қорғауды бақылайтын осындай субъектілердің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.";

      Мемлекеттік жер кадастры саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесін жүргізу

өрескел

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 8-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесін жүргізу



      ";

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________ А. Сапаров
      Қазақстан Республикасы
Премьер – Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ С. Жұманғарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады