Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 шілдеде № 39381 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 22 шілдедегі
№ 113 Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18174 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың даму стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) республикалық немесе облыстық маңызы бар қаланың даму стратегиясы (бұдан әрі – стратегия) – қала халқының 2050 жылға дейінгі перспективалы санын ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың, облыс орталығының (бұдан әрі – қала) даму стратегиясы;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Стратегия 2050 жылға дейін әзірленеді.

      Стратегияны әзірлеуді аталған салада заманауи стратегиялық жоспарлау тәжірибесі бар ұйымдарды, сарапшыларды тарта отырып жүзеге асыру ұсынылады. Зерттеу жүргізуге және консультанттарды тартуға негізсіз және шамадан тыс шығыстарды болдырмау мақсатында стратегия жобасын әзірлеуші жергілікті атқарушы орган зерттеу құнының есеп-қисабын жасайды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджет комиссиясының қарауы үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінім құрамында белгіленген тәртіпте ұсынады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін стратегия жобасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіледі. Бұл ретте астана мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері стратегия жобасын оларға іргелес облыстардың әкімдіктерімен келіседі.

      16. Стратегия жобасы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілгеннен кейін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктерінің ұсынысы бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары сессиясында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі.".

      2. "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын (бұдан әрі – қағидалар) осы Үлгілік қағидаларға сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жерігілікті атқарушы органдары әзірлейді.";

      6-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астананың, республикалық маңызы бар қаланың, аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:";

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аудан әкімінің аппараты елді мекендердің санитариясын, жерлеу орындарын күтіп-ұстауды және туысы жоқ адамдарды жерлеуді қамтамасыз етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгілінген мерзімде конкурс қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.".

      3. "Агломерация құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 44 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген Агломерация құрамын қалыптастыру қағидаларында:

      4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 1 наурызға дейін уәкілетті органға осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көзделген өлшемшарттарға сәйкес агломерация құрамын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар ұсынады.

      5. Уәкілетті орган 15 (он бес) жұмыс күні ішінде астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған ұсыныстарын қарайды.

      6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының агломерация құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстары белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде теріс қорытынды жібереді.

      7. Егер астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ұсынған агломерация құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің агломерация құрамын бекіту туралы шешімінің жобасын дайындайды, ол астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарынан ұсыныстар алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының қарауына енгізіледі.".

      4. "Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 53 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36280 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларында:

      6, 7, 8 және 9-косымшалардың орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады