БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын, нысанды киім (погонсыз) қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31287 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларында, нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде:
5, 6 және 7-тармақтарына мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылатын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары.
6. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары:
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылады.
"7. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары:
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің жетекші мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің жетекші мамандары.";
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27179 болып тіркелген) енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларында:
8-тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларына мынадай редакцияда жазылсын:
"5) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын Комитеттің аумақтық органдарының басшылары;
6) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:
Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің басшылары;
7) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік экологиялық инспекторлары болып табылатын:
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің бас мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары;
Комитеттің аумақтық органдарының зертханалық-талдамалық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
