БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21580 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
37-тармақтын 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тұрғылықты жері бойынша облыстық (астанада немесе республикалық маңызы бар қалада тұрған кезде – қалалық) наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансерлерден кемінде соңғы 5 жыл кезеңінде динамикалық бақылау, денсаулық жағдайы, жүгінуі, ауырған аурулары, және мүгедектігі бар (жоғы) туралы анықтамалар (МК басталғанға дейін 6 айдан аспайтын мерзімде берілген) (аудандық емдеу-профилактикалық мекемесінің психиатриялық кабинетінен мәліметтер болған жағдайда қалалық, облыстық диспансерлерден анықтама ұсыну мүмкіндігі, тұрғылықты жері ауысқан жағдайда көрсетілген кезеңдегі тұрғылықты жері бойынша барлық психоневрологиялық диспансерлерден анықтама ұсынылады). Сондай-ақ, Қызылорда облысында тұратын адамдар Қазақ республикалық лепрозорийінен тиісті анықтама ұсынады;.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Алдын ала МК ІІМ ОӘДК, астананың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Полиция департаменттерінің ӘДК (бұдан әрі – ПД ӘДК) түсу емтихандарынан кемінде 4 ай бұрын жүргізеді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнайы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 445 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24401 болып тіркелген) бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес жеке істерді оқу орындарына жіберу мерзімінен кешіктірілмей аяқталады.
ӘДК тіркеу орны алдын ала куәландыруға жолдамалар қабылдауды және оқуға кандидаттарға медициналық куәландыру карталарын беруді жеке істерді оқу орындарына жіберудің соңғы мерзімінен 3 жұмыс күні бұрын тоқтатады.
Жеке істерді оқу орындарына жіберудің соңғы мерзімінде медициналық тексеруді аяқтау мүмкін болмаған кезде қорытынды "Тексерудің аяқталмауы себепті қорытынды шығарылған жоқ" деген тұжырымдамада шығарылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ІІО ӘДС комиссиялары:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаментінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – ОӘДК);
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі – ДП ӘДК);
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының уақытша жұмыс істейтін штаттық емес әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі – ББҰ УӘДК) әскери-дәрігерлік комиссиялармен (бұдан әрі – ӘДК) ұсынған..";
2-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиялары".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаменті (Әмзеев А.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
