"Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 411/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 шiлдеде № 39343 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілеріндегі қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 111/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары бекітілсін";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілеріндегі қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация архитектурасы және саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрдің міндетін атқарушы
Р. Коняшкин

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 411/НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 111/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 356) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) архитектуралық-үйлестіруші орталық – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару процестеріне қатысатын өзге де ұйымдардың цифрлық архитектурасының тұтастығын, үйлесімділігін және тиімділігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.

      3) ашық деректер – машинада оқылатын нысанда ұсынылған және еркін пайдалануға, өңдеуге, қайта жариялауға және таратуға арналған, ашық қолжетімділікте орналастырылған цифрлық деректер;

      4) ашық деректер жиынтығы – атрибуттар жиынтығымен сипатталатын жекелеген элементтерден тұратын және цифрлық жүйелерге адамның қатысуынсыз осындай элементтерді сәйкестендіруге, түсіндіруге және өңдеуге мүмкіндік беретін ашық деректер нысанында ұсынылған бір үлгідегі деректердің жүйелендірілген жиынтығы;

      5) ашық деректердің интернет-порталы (бұдан әрі – интернет-портал) - ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;

      6) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат;

      7) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілеріндегі қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерді талдау оларды ашық деректердің интернет-порталында кейіннен орналастыру мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған, қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу тәртібі

      4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 281-НҚ бұйрығымен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге (бұдан әрі – Комиссия) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33096 болып тіркелген) сәйкес құрылатын Комиссия ұсыныстарының негізінде интернет-порталда ашық деректер жиынтығының санын кеңейту және ақпаратты пайдаланушылардың сұранысын арттыру мақсатында мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде қамтылған қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау жүргізу үшін зерттеп-қарауға жататын мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – зерттеп қаралатын мемлекеттік орган) тізімін қалыптастырады.

      5. Уәкілетті орган архитектуралық-үйлестіруші орталыққа тізімге енгізілген мемлекеттік органдардың цифрлық объектілердегі деректерге талдау жүргізу туралы еркін түрде ресми сұрау салу жібереді.

      6. Архитектуралық-үйлестіруші орталық уәкілетті органның ресми сұрау салуына сілтеме жасай отырып, цифрлық жүйелерден түсіруді алуға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зерттеп қаралатын мемлекеттік органға цифрлық жүйелердің тізбесі және цифрлық жүйелер жөніндегі мәліметтер туралы ресми сұрау салу жібереді.

      Зерттеп-қаралатын мемлекеттік орган сұрау салуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде цифрлық жүйелердің тізбесі және цифрлық жүйелер туралы мәліметтерді архитектуралық-үйлестіруші орталыққа ұсынады.

      7. Архитектуралық-үйлестіруші орталық екі ай ішінде ұсынылған түсірілімдерге талдау жүргізеді, ашық деректер жиынтығын қалыптастыру үшін ашық деректердің болуын анықтайды, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашық деректер жиынтығының технологиялық паспортының жобасын (бұдан әрі – паспорт жобасы) әзірлейді.

      Деректерді талдау кезінде архитектуралық-үйлестіруші орталық мынадай өлшемшарттарға сүйенеді:

      1) деректер қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайды;

      2) деректер азаматтар мен бизнес тарапынан сұранысқа ие болу. Сұранысқа иелігі мынадай объективті көрсеткіштер негізінде айқындалады:

      интернет-портал арқылы келіп түскен ашық деректерді жариялау немесе өзектендіру туралы сұрау салулар саны;

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жолданымдары;

      халық пен бизнес арасында жүргізілген зерттеулердің, талдаулардың және ресми сауалнамалардың нәтижелері қамтылған;

      3) ашық деректер форматында жариялау үшін деректердің жоғары дайындық дәрежесі бар;

      4) деректер қазірдің өзінде жарияланады, бірақ машинада оқуға болмайды.

      Деректерге талдауды жүргізу барысында архитектуралық-үйлестіруші орталық интернет-портал пайдаланушыларының ашық деректерді жариялауға және өзектендіруге келіп түскен өтінімдерін талдайды, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына тиісті сұрау салу жіберу арқылы бизнестің қажеттіліктерін айқындайды.

      8. Архитектуралық-үйлестіруші орталық әзірленген паспорттардың жобаларын мемлекеттік органға олар жасалған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күні ішінде келісуге жолдайды.

      9. Жүргізілген талдау нәтижелерін архитектуралық-үйлестіруші орталық кейіннен Комиссияның отырысына шығару үшін алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      10. Комиссия ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді және ақпаратты пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, паспорттардың жобаларына ұсыным береді.

      Комиссия мүшелерінің паспорт жобаларына ұсыныстары болған жағдайда, архитектуралық-үйлестіруші орталық ұсыныстарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды.

      Мемлекеттік органдар келіп түскен ұсыныстарды қарауға және оларды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыныстарды қабылдау немесе қабылдамау туралы дәлелді жауап жолдауға міндетті.

      11. Паспорттардың жобаларын мемлекеттік органдар бекітеді және ашық деректер жиынтығы интернет-порталда орналастырылады.

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 411/НҚ
  Мемлекеттік органдардың
ақпараттандыру объектілерінде
қамтылған қол жеткізу
шектелген ақпаратты
қоспағанда, деректерге талдау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Цифрлық жүйелердің тізбесі және цифрлық жүйелер туралы мәліметтер

      Цифрлық жүйелердің тізбесі

Цифрлық жүйе

Сипаттамасы

1



2



3



      Цифрлық жүйелер туралы мәліметтер

Мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінің атауы

Өріс

Сипаттамасы

Типі

1




2




3




  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 411/НҚ
  Мемлекеттік органдардың
ақпараттандыру объектілерінде
қамтылған қол жеткізу
шектелген ақпаратты қоспағанда, деректерге талдау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Ашық деректер жиынтығының технологиялық паспорты

      "Жинақтың атауы"

      (Дереккөздің атауы)

      Әзірлеу қаласының атауы, әзірлеу жылы

1. Жалпы бөлім
1.1 Негізгі мәліметтер
1.1.1 Толық атауы:
1.1.2 Қысқартылған атауы:
1.1.3 Категория:
1.1.4 Ақпарат жеткізуші:
1.1.5 Қысқаша сипаттамасы:
1.1.6 Түйін сөздер:
1.2 Деректерді өзектендіру
1.2.1 Жаңарту жиілігі:
1.3 Геобайланыс
1.3.1 Геобайланыстың болуы:
1.3.2 Геометрия типі:
1.3.3 Геобайланыс типі:
1.3.4 Адрес сақталатын атрибуттың технологиялық атауы:

2. Құрылымның сипаттамасы
2.1 Атрибуттар тізбесі және олардың негізгі қасиеттері

реттік/тармақ №

Атрибуттың технологиялық атауы

Атауы

Топтық атрибут

Тип

Міндеттілік

1.

...

...

...

...

...

2.2 Атрибуттардың мәндеріне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

реттік\тармақ №

Атрибуттың технологиялық атауы

Атрибуттардың мәндеріне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

1.

...

...


3 Жазбаларды бақылау мысалдары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады