БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң қызметі және құқықтық нормативтік үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы | |
| ішкі істер министрі | Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 16 шілдедегі № 504 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жасақ бастығы сотталғандарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн, еңбек және демалыс шарттарын түсiндiредi, заңнамаға қол жетімділігін қамтамасыз етедi және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында әлеуметтiк-құқықтық оқыту өткiзудiң тақырыптық жоспары бойынша сабақтар өткiзудi ұйымдастырады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Жазаны өтеудiң дағдылы жағдайында сотталғандарға олардың құқықтары мен мiндеттерi, еңбек және демалыс шарттары түсiндiріледі, сондай-ақ жазаның орындалуын реттейтiн заңнамаға қол жетімділік қамтамасыз етіледі. Сотталғанның жеке басы жан-жақты зерделенеді және тәрбиелік ықпал етуді жағымды қабылдауға және қоршаған ортаның жағымсыз ықпалын теріске шығаруға психологиялық дайындық дәрежесі анықталады.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Мекеме әкiмшiлiгi бас бостандығынан айыру мерзiмi аяқталғанға дейiн бір жылдан кешiктiрмей сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, жергiлiктi атқарушы органдарын, ішкі істер органдарын және мекеменің орналасуы бойынша, сондай-ақ оның алдағы уақытта босатылатыны, оның тұрғын үйiнiң бар-жоғы, оның еңбекке қабiлеттілігi және алған мамандықтары туралы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабардар етеді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Жаза мерзімін өтеп болғаннан кейін адамның бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуына күнтізбелік жиырма күннен кешiктiрмей, ал өзге де негіздер бойынша босатылған кезде босатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде олардың таңдаған тұрғылықты жері бойынша астана, облыс республикалық маңызы бар қала, ішкі істер органдарына және пробация қызметтеріне осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекемеден босатылатын (босатылған) адам туралы хабарлама жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Қазақстан Республикасының Құрылтайы және заң шығару билігінің конституциялық негіздері | 2 | 1 | 1 |
";
2. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық пробация қызметтері (бұдан әрi - Пробация қызметтері) сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазаларды орындайтын органдар болып табылады.";
8-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Талдау орталығы" цифрлық жүйесінің "Арнайы есепке алу" (бұдан әрі - ТО АЕА) деректемелерді автоматты түрде толтыру үшін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларына (бұдан әрі-адамдардың арнайы есебін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары) 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталған (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және жеке қағаз тасымалдағыштарда үкім көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін ҚСжАЕАК-нің аумақтық басқармасына жолдайды.
2) басқа астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, сотымен соттаған адамға ТО АЕА-да деректемелерді автоматты түрде толтыру үшін сотталған адам (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және қағаз тасымалдағышта әліпбилік есепке алу карточкасының бір данасын, үкімнің көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін аумақтық ҚСжАЕАК органына ұсынады;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сотталғанды жазадан босатқан немесе оған қатысты үкімді өзгерткен, сондай-ақ ҚР ҚАК-ның 161-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер бойынша есептен шығарған кезде Пробация қызметі тиісті процестік шешімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде ТО АЕА-да деректемелерін автоматты түрде толтыру үшін сотталған адамды есептен шығару немесе үкімін өзгерту негіздемесі туралы толық мәліметтерді көрсетумен сотталған адам (күзетпен қамауға алынған) туралы электрондық хабарламаны қалыптастырады және бөлек қағаз тасымалдағышта заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесін ұсынады.";
109-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) iздестірудегі адамды оның туыстары мен таныстарының тұрғылықты жерi бойынша анықтау үшін қалалық, аудандық (басқарма) полиция бөлімдеріне және астана, облыс, республикалық маңызы бар қала және Пробация қызметтеріне сұрау салуды қамтиды.";
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"138. Сотталған электрондық бақылау құралын зақымдаған (бүлдірген) жағдайда Пробация қызметі осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық бақылау құралдарындағы ақауды анықтау актісін жасайды.
Электрондық бақылау құралдарын зақымдау (бүлдіру) себептерін анықтау үшін Пробация қызметі астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша ҚАЖД-ның ақпарат және байланыс бағыты бойынша жауапты қызметкерге акті бойынша береді.";
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 16-бабы 1-бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мектептер "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) ҚАЖ органдарының астана, облыс, республикалық маңызы бар қала білім басқармаларымен келісілген ұсынысы бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мектепке қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар арасынан жүзеге асырылады және білімі туралы құжаттардың негізінде техникалық және кәсіптік білім алуы үшін ұйымдастырылады. Білімі туралы құжаттары болмаған жағдайда мектеп директоры сотталған оқыған білім беру ұйымы қарамағына жататын астана, облыс, республикалық маңызы бар қала білім беру басқармаларына сұрау салу жолдайды.";
4. "Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы №520 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қыркүйекте № 9763 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Карантин мынадай іс-шараларды:
1) толық оқшаулау, мекемелерге кіруге және одан шығуға тыйым салуды, мекемелер ішінде адамдардың қозғалысын;
2) динамикалық бақылауды;
3) туысқандарымен кездесулерді тоқтатуды көздейді.
Бұл ретте пайдаланылмаған кездесулер карантин аяқталғаннан кейін "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен беріледі.
Мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау жүк алаңдары арқылы жүзеге асырылады. Мекемелердің ішінде сотталғандарды бір-бірінен барынша оқшаулауды және жеткізу пункттері арқылы тамақтандыруды ұйымдастыра отырып, жасақтар бойынша байланысын үзу жүргізіледі.
Карантин тиісті өңірдің аумағында инфекциялық ауру туындаған жағдайларда да белгіленеді.
Мекемеде карантин шарттарын орындауды қамтамасыз ету үшін қызмет атқару күшейтілген нұсқа бойынша ұйымдастырылады.
Карантин СЭҚБ ұсынымы бойынша:
жұқпалы ауру пайда болған кезде мекеме аумағында - ҚАЖ департаментінің бұйрығымен;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала аумағында карантин және/немесе эпидемияға қарсы шектеу шараларын енгізу кезінде астана, облыс, республикалық маңызы бар қала барлық мекемелерінде - ҚАЖ комитетінің бұйрығымен;
республика аумағында карантин және/немесе эпидемияға қарсы шектеу шараларын енгізу кезінде республиканың барлық мекемелерінде - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен айқындалады".
5. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнiң iшкi тәртiптеме қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң (бұдан әрі – ҚАК) 16-бабы 1-бөлігінің 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жазаларды өтеу мен жазаларды орындау шарттарын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің (бұдан әрі – мекеме) ішкі тәртіптемесін айқындайды.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Мекемелер персоналына сотталғандармен және олардың туысқандарымен қызмет мүддесіне байланысты емес қандай да бір қарым-қатынас жасасуға, сондай-ақ олардың қылмыстық-атқару заңнамасында және осы Қағидаларда регламенттелмеген қызметін пайдалануға жол берілмейді.
Ешбір сотталған азаптауларға, қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты мен қадір-қасиет қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлеріне тап болмауы тиіс.
Мекеме әкімшілігі сотталғандардың, мекеме қызметкерлерінің және мекемеге келушілердің күзетін және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Сотталғанның жазбаша өтінімінде көрсетілген қосымша қызметтерге төлем мекеменің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан қызмет көрсеткен тиісті кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның немесе маманның (жұмыскердің) атына пошта арқылы ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.";
162-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) арызданушының және отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы) және тұрғын жайға құқық белгілейтін құжаттардың немесе тұрғын алаңды, тұрғын үй-жайды жалға алу келісімшартының, неке, туу туралы куәліктердің көшірмелері. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды салыстыру үшін өтінішті беру кезінде олардың түпнұсқалары ұсынылады;".
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
6. "Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 853 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10050 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгі ережелерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-бөлігінің 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, жергілікті атқарушы органдары жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші органның (бұдан әрі – консультациялық-кеңесші орган) мәртебесін және өкілеттіктерін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, жергілікті атқарушы органдары жанындағы консультациялық-кеңесші органның міндеттеріне:
босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыруға көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасуын үйлестіру;
қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды және зейнеткерлерді мүгедектігі бар адамдарға және қарттарға арналған үйлерге орналастыруды ұйымдастыру;
сотталғандардың шағымдары мен өтініштерін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің уақтылы және дұрыс шешуіне көмек көрсету;
жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері комиссиясының қызметіне қатысуы;
сотталғандарды ұстаудың коммуналдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайларын жақсартуға көмек көрсету;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерді ұйымдастыру;
қылмыстық жаза қолдану тәртібінде қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар үшін қоғамдық жұмыс объектілерін белгілеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жатқан адамдарға еңбекке және тұрмыстық орналасуға, әлеуметтік және өзге де көмектің басқа түрлерін ұйымдастыруға көмек көрсету;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету жұмыстарын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттар бөлу бойынша көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды да қарау жатады.".
7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мекемеге келгені әрбір сотталған туралы арнайы есепке алу бөлімі екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа, оның зайыбына (жұбайына), сотталғанның таңдауы бойынша туыстарының біріне немесе заңды өкіліне (бұдан әрі – заңды өкілдер) хабарлама жібереді.
Шетелдік азаматтың келіп түскені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жіберіледі.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Салыстыру нәтижелері туралы бақылау парағында салыстырудың өткізілген күні туралы белгі қойылады және салыстыруды өткізген қызметкердің тегі көрсетіледі, екі данада еркін нысанда акті жасалады, оның біреуі астана, облыс, республикалық маңызы бар қала Қылмыстық - атқару жүйесі департаменттеріне (бұдан әрі - ҚАЖД) жолданады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Сотталғанның қайтыс болғаны туралы прокурорға, қайтыс болған адамның заңды өкілдеріне дереу хабарланады. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда ол туралы қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хабарланады.";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8. "Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларында:
33-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) АҚО қызметкерлерінің, сотталғандардың, сондай-ақ өзге де адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттер жасамайды;";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 15-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
9. "Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15564 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Қағидаларға 10-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
10. "Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27036 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдарды өздері таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына бару жолында тегін жол жүрумен, сондай-ақ тамақ өнімдерімен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларында:
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылғаннан кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кететін шетелдік азаматтар қатарындағы сотталғандарға жол жүру билеттері Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері орналасқан жерге дейін сатып алынады.".
_____________________
__________________________________________________________________
(анықтаманы жасаған органның атауы)
20__жылғы "___" ________________ (жасалған күні)
№ ___ ілеспе тізім бойынша
№__ жеке іс бойынша анықтама
1. Сотталғанның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (егер бірнеше болса барлығын жазу керек)
__________________________________________________________________
2. Туған жылы және жері ___________________________________________
(толық мекенжайы көрсетіледі)
3. Күзетпен ұстауға дейінгі тұрған жері
__________________________________________________________________ (толық мекенжайы көрсетіледі)
4. Қайда жіберіледі _________________________________________________ (қала, мекеме атауы)
5. Қарауылмен берілетін орын
__________________________________________________________________
(станцияның, мекенжайдың атауы) қандай транзит-жөнелту пунктері арқылы өту тиіс
__________________________________________________________________
6. Айдауылдауға негіздеме
__________________________________________________________________
(наряд, бұйрық, сот немесе тергеу органының қаулысы, нөмірі, күні)
7. Санаты _________________________________________________________ (сотталған, кәмелетке толмаған, режим түрі, шетел азаматы және тағы басқалары)
8. Қандай сот органы соттаған (қашан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің қандай баптары бойынша, қандай мерзімге немесе қандай бап бойынша айыпталады)
__________________________________________________________________
9. Ерекше күзет керек пе және неге?
__________________________________________________________________
10. Ерекше белгілері:
__________________________________________________________________
11. Дәрігер анықтамасы:
__________________________________________________________________
1) денсаулық жағдайы туралы (дені сау, туберкулезбен ауырады, еріп жүрусіз жолда жүре
алады ма)
__________________________________________________________________
2) санитарлық өңдеуден өткені туралы (күні)
__________________________________________________________________
3) мекеменің эпидемиологиялық жай-күйі туралы
__________________________________________________________________
Дәрігер ___________________________________________________________ (тегі, қолы)
Бастық____________________________________________________________ (атағы, тегі, қолы)
Фотосурет
үшін орны
Елтаңбалы
мөр орны
| Бұйрыққа 4 қосымша Қамаққа алу түріндегі жазаны орындауды жүзеге асыратын арнаулы мекемелердің қызметі мен ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
АКТ
20___ж. "___" _________
___________ бойынша арнаулы қабылдау орны
(астана, облыс, республикалық маңызы бар қала)
Бiз төменде қол қойғандар __________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_________________________________________________________________
Сотталған ________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, бабы, мерзімі)
_______________________ (астана, облыс, республикалық маңызы бар қала)
бойынша арнаулы қабылдау орнына __________________________________
_________________________________________________________________
(сотталғанның фотосуретінің, сауалнама деректерінің, жеке басын растайтын құжаттардың сәйкес келмейтінін көрсету)
_______________________________ қабылдау кезінде осы актіні жасадық.
__________________________________________________________________
(лауазымы, атағы) (лауазымы, атағы)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Ескерту: акт үш дана жасалады, бірінші данасы сотталғанға үкім шығарған сотқа, екінші
данасы____________ астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша ПД-не жолданады, үшінші данасы сотталғанның жеке ісіне тігіледі.
