Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 шілдедегі № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 шілдеде № 39328 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38739 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларында:

      1-қосымшаның 1 тармағы 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

      8) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарымен келісілген эскиздік жобалар;";

      2-қосымшаның 1 тармағы 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қолданыстағы объектінің сыртқы келбетін (фасадтарын) өзгерту және (немесе) аумағын қайта жоспарлау шартымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы;";

      5-қосымшаның 1 тармағы 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандырудың келісілген шарттарын қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы;

      6) астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарымен келісілген эскиздік жобалар;";

      8-қосымшаның 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (астана, республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар) берген, аумақты инженерлік дайындаудың, абаттандыру мен көгалдандырудың келісілген шарттарын қоса алғанда, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, онда мыналар көрсетіледі:

      ғимараттар мен құрылысжайлардың қабаттылығы;

      жобалау құжаттамасын (эскиздік жобаны, бас жоспарды) келісу қажеттілігі.";

      2. "Жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құнын айқындайтын қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38837 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау саласында консультациялық қызметтер көрсетудің тәртібі мен құнын айқындайтын қағидаларды бекіту қағидаларында:

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркəсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрі
2026 жылғы 16 шілдедегі
№ 361
Бұйрыққа қосымша
Жобалау саласында
консультациялық қызметтер
көрсетудің тәртібі мен құнын
айқындайтын қағидаларға
2-қосымша

Жобалау саласындағы консультациялық қызметтердің құнын есептеу

      Консультациялық қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

      Қкқ = Ну × Қак

      мұндағы:

      Қкқ – консультациялық қызметтердің құны, ҚҚС-сыз теңге;

      Ну – мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес бекітілген жобалау-іздестіру жұмыстарының (ЖІЖ) құнына байланысты жобалау құжаттамасының бөлімін талдау және бағалауды қоса алғанда, құрылыс жобасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша уақыт нормасы.

      Ну консультациялық қызмет көрсетілетін жобалау құжаттамасы бөлімінің нормативтік құнына байланысты айқындалады;

      Қак – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы ағымдағы жылға индекстей отырып, құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы бойынша монополиялық қызмет түрі негізінде Орындаушының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша айқындалатын есепті жылдағы Орындаушы персоналының бір адам-күн жұмысының құны.

      Есепті жыл – шығындар нормативтерін айқындау күнінің алдындағы соңғы толық күнтізбелік жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады