"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 81-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тексерудің басталуы туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламаның нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы анықтаманың нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысаны бекітілсін.
2. "Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 90 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34458 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы |
С. Муксимов |
Тексерудің басталуы туралы хабарлама
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 81-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет/қызметтік әдеп
саласындағы заңнама талаптарының сақталуына _______
___________________________________________________________________
(тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жоспарлы/жоспардан тыс тексеру
жүргізілетіні туралы Сізге хабарлаймыз.
Тексеру жүргізудің негізі_________________________________________
(тексерудің жартыжылдық жоспары, жеке немесе заңды тұлғаның, мемлекеттік
органның өтініші, мониторинг нәтижелері және т.б.)
Тексеру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің/
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық
бөлімшесінің лауазымды тұлғасымен (тұлғаларымен) төмендегі құрамда
жүргізіледі:___________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы)
_________________________________________________________________
Қосымша: ___ бет. Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:
Тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 81-бабының 3-тармағына сәйкес
_________________________________________________________________
(тексеру жүргізудің негізі)
негізінде____________________________________________________________
(тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жүргізіліп жатқан тексерудің мерзімі
"__" ________ 20__ жылға дейін ұзартылатынын хабарлайды.
Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ____________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:
Тексеру мерзімін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесі
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 81-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес
_________________________________________________________________
(тексеру жүргізудің негізі)
Негізінде _________________________________________________________
(тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жүргізіліп жатқан тексеру
"__" ______ 20___ жылдан бастап
___________________________________________________ байланысты
("Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 81-бабының 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіздер
бойынша) тоқтатыла тұратынын/қайта басталатынын хабарлайды.
Басшы (немесе уәкілетті тұлға) _____________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:
Тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалар құрамының өзгеруі туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі /
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық
бөлімшесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 81-бабының 4-тармағына сәйкес
________________________________________________________________
(тексеру жүргізудің негізі)
негізінде___________________________________________________________
(тексерілетін мемлекеттік органның атауы) жүргізіліп жатқан тексеруді жүзеге
асыратын лауазымды тұлғалардың құрамы өзгертілгенін хабарлайды. Тексеру
жүргізетін лауазымды тұлғалар құрамына енгізілген өзгерістер:
___________________________________________________________________
(тексеруші лауазымды тұлғалар құрамына енгізілген немесе оның құрамынан
___________________________________________________________________
шығарылған лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер)
Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ____________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы 2026 жылғы 16 шілдедегі |
|
| № 127 бұйрыққа 5-қосымша Нысан |
Тексеру нәтижелері туралы анықтама №___
______________________ "____" ________ 20__ жыл (жасау орны) (күні)
1. Тексеру жүргізген мемлекеттік органның атауы: _______________________
___________________________________________________________________
2. Тексеру жүргізген лауазымды тұлға(лар)дың Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және
лауазымы:
____________________________________________________________________
3. Тексерілетін мемлекеттік органның атауы және орналасқан мекенжайы,
БСН: _______________________________________________________________
4. Тексерудің құқықтық негізі: _________________________________________
5. Тексеру жүргізу мерзімі: _____________________________________________
6. Тексеру негізі: мемлекеттік қызмет/қызметтік әдеп саласындағы заңнама
талаптарының сақталуы______________________________________________
(қажетіне сәйкес белгілеу)
7. Тексеру барысында анықталған мәліметтер: ____________________________
(тексеру нәтижелері,
_________________________________________________________
соның ішінде анықталған бұзушылықтар)
___________________________________________________________________
8. Тексеруді жүргізген лауазымды тұлға(лар)дың Т.А.Ә. (ол болған жағдайда),
лауазымы, қолы: ____
___________________________________________________________________
9. Тексеруге тартылған мемлекеттік органдар мен бағынысты ұйымдардың
мамандары, консультанттары және сарапшыларының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
және қолы (бар болған жағдайда):_______________________________________
10. Тексерілетін мемлекеттік орган өкілінің анықтамамен танысуы немесе танысудан
бас тартуы туралы мәлімет, оның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы немесе қол
қоюдан бас тартуы:
______________________________________________________________
11. Тексеру нәтижелеріне қатысты ескертулер және (немесе) қарсылықтар:
___________________________________________________________________
Қосымша: "___" бет. Тексеру нәтижелері туралы анықтаманың бір данасын тапсыру
туралы мәлімет ________________________________________________
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі / Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық
бөлімшесі__________________________________________________________
(тексеру жүргізудің негізі)
негізінде____________________________________________________________
(тексерілетін мемлекеттік органның атауы) мекемесінде жоспарлы/жоспардан тыс
тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша келесі заң бұзушылықтары анықталды:____
__________________________________________________________________
(заңнама нормаларының бұзылуын көрсету)
Осыған байланысты, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"
Заңының 75-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына және 82-бабының 1-
тармағына сәйкес ҰСЫНЫЛАДЫ:
Аталған ұсынуды қарастырып, бұзушылықтарды жою бойынша келесі шараларды
қабылдау:
1.____________________________________________________________
2._____________________________________________________________
Қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігіне / Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің аумақтық бөлімшесіне заңда белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз.
Басшы (немесе уәкілетті тұлға) ____________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы) орындаушы: телефон:
