"Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ және "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 15 шiлдедегi № 216-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 шiлдеде № 39315 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау Қағидаларында:

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығын иеленетін және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;";

      14, 15 және 16-тармақтарына өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2, 3-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36343 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау Қағидаларында:

      3-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) – инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдерін қарастыруға және инвестициялық субсидияларды беруде төлеу/бас тарту туралы шешім қабылдауға өкілетті ауыл шаруашылығы саласындағы астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы;";

      44-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.";

      2-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 216-НҚ бұйрығына
1 қосымша
  Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім

      Қайда: __________________________________________________________

      (астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың

      жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен: ______________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36343 тіркелген) бекітілген Суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес (әрі қарай – Қағидалары) су алу және беруге арналған инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы суарудың су үнемдеу технологияларын енгізу жобасының паспорты бойынша __________________________________________теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидия (сома санмен және жазбаша) сомасын төлеуді сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      атауы _______________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________

      мекенжайы: ___________________________________________________________

      телефон нөмірі:

      __________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖК(экономикалық қызмет түрлерінің жалпы

      жіктеуіші бойынша коды)

      бойынша сыныбы _________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ________________________________________________________________

      кім берді _____________________________________________________________

      берілген күні __________________________________________________________

      мекенжайы: ___________________________________________________________

      телефон нөмірі: ________________________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖК (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы

      жіктеуіші бойынша коды)

      бойынша сыныбы _________________________

      2. Жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _______________________________________________________

      хабардар еткен күні ____________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (инвестор ауыл шаруашылығы

      кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:

Р/с №

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН-сы

1

2

3




      4. Жер учаскелері туралы мәліметтер

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

оның ішінде егістіктер

Жер санаты

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының БСН/ЖСН-сы

1

2

3

4


5

6








      5. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      сипаттауы _______________________________________________________

      инвестициялар сомасы __________________________________________________

      жоба іске асырылатын қаражат көзі _____________________________________

      субсидиялардың есептік сомасы ________________________________________

      инвестициялық жоба іске асырылатын мекенжайы __________________________

      6. Қаржы институт туралы мәліметтер:

      қаржы институтының атауы

      _____________________________________________________________________

      қаржы институтының инвестициялық субсидияларды аудару шоттарының

      деректемелері көрсетілген анықтамасы ____________________________________

      7. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі _____________________

      8. Инвестициялық жобаның Қағидалар шарттарына сәйкестігі туралы жұмыс

      органының шешімі ____________________________________________________.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық жоба объектісін

      пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп

      тұрғандарын кеңейту кезінде) __________________________.

      10. Сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісі

      (жабдықтар сатып алу кезінде)_ _________________________________.

      11. Жаңа не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық

      салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

      бойынша сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар

      ___________________________________________ төлемді растайтын құжаттар.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң

      қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттамаға

      сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша)

      ___________________________________________________________.

      13. Ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық

      жабдықтарды қабылдап алу-беру актілері _________________________________

      14. Кредиттік/лизингтік шарттар (қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен

      инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда)       _______________________

      15. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы туралы мәліметтер (Инвестициялар

      туралы келісім шеңберінде инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда):

      Бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен күні: _____________________

      Инвестициялар туралы келісімнің нөмірі мен күні (Қазақстан Республикасы

      Үкіметінің қаулысы):

      _________________________________________________________________

      Жер учаскелері туралы мәліметтер: _____________________________________

Атауы және жер учаскесі меншік иесінің немесе жер падаланушының БСН/ЖСН

Кадастрлық нөмірі

Ауданы, (мақсаты: ауыл шаруашылығы) га,

1

2

3




      16. Толтырылған жоба паспорты қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін. Мен/Біз инвестор ретінде Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сай екенімізді растаймын.

      Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын/растаймыз. Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 40-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.

      Осымен Қағидалардың 16-тармағы шеңберінде қосымша қаражат бөлінген жағдайда, инвестициялық субсидиялау сомасын ұлғайтуға келісім беремін.

      Инвестор 20 __ жылғы "__" ________ сағат _____-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _______-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
  2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 216-НҚ 2 қосымша
Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Арнайы шотқа аванстық төлем тетігі қолданылатын инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім

      Кімге: _________________________________________________________

      (астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      кімнен: ________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      № ___ "_______________________________________________________"

      (жоба паспортының толық атауы)

      жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36343 болып тіркелген) бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі тұрғысынан қарастыруды сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      атауы _____________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) __________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ____________________________

      мекенжайы: ________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің

      жалпы жіктеуіші бойынша код) бойынша сыныбы

      ____________________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ____________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _____________________________________________________________

      кім берді __________________________________________________________

      берілген күні _______________________________________________________

      мекенжайы: ________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің

      жалпы жіктеуішіне сәйкес код) бойынша сыныбы ________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабардар еткен күн ______________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (инвестор ауыл шаруашылығы кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:

р/с №

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН-сы

1

2

3




      4. Жер учаскелері туралы мәліметтер (жобалардың паспорттарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы туралы талаптар болған жағдайда):

р/с №

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының БСН/ЖСН-сы

1

2

3

4

5

6







      5. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      сипаттамасы ____________________________________________________

      инвестициялар сомасы ___________________________________________

      соның есебінен жоба іске асырылатын қаражат көзі ___________________

      субсидиялардың есептік сомасы ___________________________________

      инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы _______________________.

      6. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ________________________.

      7. Су алу және жеткізу үшін жаңа инфрақұрылым құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар туралы ақпарат

      ____________________________________________.

      8. Инвестордың субсидиялар алу ниеті туралы қаржы институтының хабарламасы (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру кезінде) ___________.

      9. Қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімі ________________.

      10. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын/растаймыз.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 39-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруға міндеттенемін.

      Инвестор 20__ жылғы "__" ________ сағат ____-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _____-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 216-НҚ бұйрығына
3 қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

            Нысан

20__ жылғы "___" __________ № ___ инвестордың объектісін қарап-тексеру актісі

      _______________________________________________________________

      астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың атауы

      Инвестордың атауы: _____________________________________________

      Жоба паспортының атауы: ________________________________________

      Объектінің орналасқан жері: ______________________________________

      Мынадай құрамдағы:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      20__ жылғы _______ № _________________________ негізінде құрылған

      мамандар тобы объектіні қарап-тексеруі барысында мыналарды анықтады:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қарап-тексерудің тұжырымдары: _____________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қарап-тексеруді жүзеге асырған адамдардың қолтаңбалары:

      1. _______________________________________ ____________________

      (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      2. ________________________________

      Инвестордың (инвестор өкілінің) қолтаңбасы: ______________________

      (________ № ___ сенімхат)

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
  2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 216-НҚ бұйрығына
4 қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
  шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
10-қосымша

№__ инвестициялық субсидиялау шарты

______ қала












20 жылғы "___" _______

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын "___________________________"

      мемлекеттік мекемесінің атынан "_____________________________" мемлекеттік

      мекемесі туралы ереже негізінде әрекет ететін басқарма басшысы (немесе бұйрық

      негізінде оны алмастыратын адам) ________________ бір тараптан және бұдан әрі

      "Инвестор" деп аталатын, _____________ атынан ____________ негізінде әрекет

      ететін ___________________, бірге Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп жоғарыда

      көрсетілгендей аталатындар төмендегілер туралы осы Инвестициялық субсидиялау

      шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Шартты жасауға мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36343 тіркелген) бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары);

      2) Жұмыс органының 20 __ жылғы ______________ №___ шешімі.

2-тарау. Терминдер мен айқындамалар

      2. Осы шартта Субсидиялау қағидаларында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

3-тарау. Шарттың мәні

      3.1 Осы Шарттың талаптары бойынша Жұмыс органы Инвестор шығыстарының бір бөлігін инвестициялық субсидиялауды мынадай шарттармен жүзеге асырады:

Жобаның паспорты (Субсидиялау қағидаларына сәйкес)


Инвестициялық жоба жөніндегі инвестордың инвестициялық салымдарының жалпы мөлшері


Инвестициялық субсидиялардың мөлшері


Жұмыс органы шешімінің нөмірі


Жұмыс органы шешімінің күні


Қаржы институтымен жасалған кредиттік шарттың/ қаржы лизингі шартының (қарыз қаражаты тартылған жағдайда) нөмірі мен күні


      3.2 Инвестициялық субсидиялау тиісті қаржы жылына _________________ астананың, облысының (республикалық маңызы бар қаланың) бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі.

4-тарау. Инвесторға қаражат аудару тәртібі мен шарттары

      4.1 ________ (_______) теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидия сомасын Жұмыс органы Инвестордың өз қаражатын пайдаланған кезде Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) есептік шотына немесе Жұмыс органы қаржы институтына жабдықтарды кредит/лизингке сатып алған кезде Инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне аударады.

      4.2 Инвестициялық субсидиялау мерзімін санау осы Шарттың күшіне енген сәтінен бастап басталады.

      4.3 Тараптар осы Шарт шеңберінде, егер төлем күні жұмыс емес күнге немесе мереке күнге сәйкес келсе, төлем олардан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.

      4.4 Инвестициялық субсидия Инвесторға Субсидиялау қағидаларында көрсетілген жоба паспортына сәйкес төленеді.

      4.5 Инвестициялық субсидиялар Инвестордың жаңа, бұрын қолданылмаған жабдықтарды сатып алуға арналған инвестициялық салымдары бойынша төленеді.

      4.6. Барлық операциялар ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5.1 Инвестор:

      Субсидиялау қағидаларының шарттарын уақтылы және толық көлемде орындауға;

      Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      осы Шартты орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты Жұмыс органының сұратуы бойынша уақтылы ұсынуға;

      Жұмыс органына Инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктелгеніне көз жеткізу үшін рұқсат беруге;

      өзіне қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсім басталған жағдайда, сондай-ақ, егер Инвестордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылған жағдайда, Жұмыс органын жазбаша түрде дереу хабардар етуге;

      осы Шарттың талаптары мен оны іске асыру жөніндегі ақпаратты үшінші тұлғаларға Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз бермеуге және ашпауға;

      Жұмыс органын осы Шарттың талаптарын орындауға әсер ететін барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

      5.2 Жұмыс органы:

      - Инвестордан инвестициялық жоба мен осы Шартты іске асыру барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

      5.3 Жұмыс органы:

      Осы Шарттың 3.1-тармағында көрсетілген инвестициялық субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуға;

      Қағидалардың 39-тармағына сәйкес мониторинг жүргізуге міндетті.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6.1 Осы Шарт бойынша Тараптар Шартқа, Субсидиялау қағидаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік артады.

7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      7.1 Осы Шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін әрекет етеді.

8-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      8.1 Тараптар, егер орындай алмау еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан болса, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      8.2 Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуынан Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындай алмаса, басталу сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      8.3 Уақтылы хабарламаған жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      8.4 Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуы олардың әрекет ету кезеңіне осы Шарттың орындалу мерзімін ұлғайтуға алып келеді.

      8.5 Егер осындай жағдайлар қатарынан үш ай бойы жалғасатын болса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

9-тарау. Дауларды шешу

      9.1 Тараптар тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсаулары тиіс.

      9.2 Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар осы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.

10-тарау. Хат-хабар алмасу

      10.1 Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабарлары жазбаша түрде беріледі және қарау үшін тапсыру туралы белгісі бар хат-хабар Тараптар алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаралады.

      10.2 Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе тиісті түрде рәсімделген болып саналады), қолға табысталса, почта арқылы жеткізілсе (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.

11-тарау. Құпиялылық

      11.1 Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және олар осы Шартты жасасу және орындау кезінде алған өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және осы Шартта, Субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.

      11.2 Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тікелей көзделген жағдайда ғана мүмкін болады.

      11.3 Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етпейді не үшінші тұлғаларға бермейді.

      11.4 Қандай да бір Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарапқа келтірілген зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделгендей жауапкершілікте болады.

      11.5 Инвестор осы Шартқа қол қоюмен Жұмыс органының бұқаралық ақпарат құралдарында Инвестор туралы мәліметтерді орналастыруына, сондай-ақ, осы Шарт аясында Инвестор туралы алынған кез келген мәліметті (оның ішінде банктік құпияны) Инвестордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуіне келісім береді.

12-тарау. Мәлімдеулер, кепілдіктер және келісім берулер

      12.1 Инвестор мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:

      Инвестор осы Шартта көрсетілген мәлімдеулер мен кепілдіктер шынайы және шындыққа сәйкес келетінін растайды;

      Жұмыс органы көрсетілген мәлімдеулер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      12.2 Инвестор:

      Инвесторға оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтері мен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін қандай да болмасын мән-жайлардың мәлім емес екендігін мәлімдейді және оған кепілдік береді;

      сондай-ақ Инвестор оның құзыреті осы Шартқа қол қоятын адамға осы Шартты жасасуға мүмкіндік беретінін растайды.

      12.3 Инвестор осы Шартты жасасу кезінде осы Шартты бұзуға себеп болатын, оны жарамсыз деп танитын негіздердің жоқтығын растайды.

      12.4 Инвестор барлық ақпарат, сондай-ақ берілген (ұсынылған) барлық құжаттама дәл және шындыққа сай екенін мәлімдейді және растайды.

13-тарау. Қорытынды ережелер

      13.1 Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы тиіс. Тараптар үшін тек Тараптардың келісімімен жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.

      13.2 Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.

14-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары

Жұмыс органы

Инвестор





  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 216-НҚ бұйрығына
5 қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
11-қосымша

№___ сатып алынатын жабдықты мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісім

______ қала

20 жылғы "___" _______

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын Қазақстан Республикасы _______

      астананың, облысының және республикалық маңызы бар қаланың ____________

      ______________ басқармасы атынан _________ № _____ ______ (атауы) негізінде

      әрекет ететін ______________ басшы (немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын

      адам) бір тараптан және бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын

      _____________ атынан _______________ негізінде әрекет ететін _____________

      екінші тараптан, бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей Тарап деп аталатындар, субсидияланған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде төмендегілер туралы осы Сатып алынатын жабдықты мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1-тарау. Келісімнің нысанасы мен мақсаты

      1.1 Осымен Инвестор өзіне жабдықты қатаң түрде нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және иеліктен шығармау, сондай-ақ субсидияланған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде мақсатты пайдаланбағаны үшін жауапкершілікте болу міндеттемесін алады.

      1.2 Осы Келісім шеңберінде қандай да бір қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасының Су Кодексі үлкен күшке ие болады.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1 Инвестор:

      Келісім бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      Жұмыс органының сұранымы бойынша осы Келісімді орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты тез арада беруге;

      Жұмыс органына Инвестордың объектісін қарап-тексеру үшін қолжетімділік беруге;

      Қағидалардың 40-тармағына сәйкес ақпарат беруге;

      осы Келісімнің шарттары мен іске асырылуы туралы ақпаратты Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға;

      Келісімнің 1.1-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жабдықты иеліктен шығармауға міндетті.

      2.2 Жұмыс органы:

      Инвестордан инвестициялық жоба мен осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

3-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі

      3.1 Осы Келісім Тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 3 (үш) жыл бойы, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданыста болады.

4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      4.1 Тараптар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан орындау мүмкін болмаған жағдайда, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      4.2 Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.

      4.3 Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      4.4 Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындауы осы Келісімнің орындалу мерзімінің олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтылуына алып келеді.

      4.5 Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Келісім бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      5.1 Хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почтамен (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.

      5.2 Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің шарттарын, оның ішінде осы Келісімнің қолданылу мерзімін кез келген өзгерту, тоқтату Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын қосымша келісімдермен ресімделеді.

      5.3 Осы Келісім бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер процесінде шешіледі. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар осы Келісім бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.

      5.4 Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер 20___ жылғы ___________ №____

      Инвестициялық субсидиялау шартымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      5.5 Осы Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.

6-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары

Инвестор:

Жұмыс органы:





  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 216-НҚ бұйрығына
6 қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялауқағидаларына
13-қосымша
        Нысан

Банк операцияларын жүргізуге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының арнайы шоттағы инвестициялық субсидияны пайдаланбауы туралы № ___ шарт пен келісім

______ қаласы









20___ жылғы "___" _______

      Бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын ___________________ бір тараптан,

      бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын ________________ астананың, облысының

      және республикалық маңызы бар қаланың _______________

      _____________________________________________________ басқармасы (атауы)

      мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде әрекет

      ететін басшысы (немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам)

      ___________________ екінші тараптан, бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын

      ___________________________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін

      ______________ үшінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп, ал жеке-жеке Тарап деп

      аталатындар төмендегілер туралы осы Қаржы институтының арнайы шоттағы ақшаны

      пайдаланбауы туралы шарт пен келісімді (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Шартты жасасуға мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының Су Кодексі;

      2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);

      3) Инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органының шешімі

      (20___ жылғы ______________ № ___).

2-тарау. Терминдер мен анықтаулар

      2.1. Осы шартта Субсидиялау қағидаларында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

3-тарау. Шарттың мәні

      3.1. Қаржы институты арнайы шоттағы қаражатты Жұмыс органы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес инвестициялық субсидиялар төлеу туралы шешім қабылдағанға дейін пайдаланбайды.

      3.2. Арнайы шотқа инвестициялық субсидиялар алу үшін инвестор Субсидиялау қағидаларында көрсетілген құжаттармен бірге, қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты куәландырған көшірмесін, қаржы институтымен жасалынған кредиттік шартты/лизинг шартын қосымша береді.

4-тарау. Инвестициялық субсидияларды аудару тәртібі мен шарттары

      4.1. _______________ (_____________) теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидиялар сомасын Жұмыс органы аванстық төлеммен қаржы институтының арнайы шотына аударады.

      Қаржы институтының арнайы шотының деректемелері: _________________

      4.2. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жасалады.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5.1. Қаржы институты арнайы шотқа қаражат келіп түскен күнннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредиттік шартта (Қаржы институты мен Инвестор арасында жасалған) көзделген қаражатты, егер инвестор мен қаржы институты арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жабдық сатушының шотына аударады және Жұмыс органына растайтын құжаттарды береді.

      5.2. Қаржы институты Субсидиялау қағидаларында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, қаржы институты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы арнайы шотқа аванстық төлеммен аударған қаражаттың орнын толық көлемде қайтарады.

      5.3. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен Жұмыс органының кассалық шығыстарын қайтару арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемдер жасалған тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      5.4. Арнайы шотқа аударылған қаражатты қаржы институты Жұмыс органының инвесторға инвестициялық субсидиялар беру туралы оң шешімінің негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдық сатып алуға пайдаланылған инвестордың кредит/лизинг бойынша негізгі борышын өтеу шотына аударады.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6.1. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шарт бойынша жауапкершілікте болады.

7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      7.1. Осы Шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар Субсидиялау қағидаларына сәйкес өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін қолданыста болады.

8-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      8.1. Тараптар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      8.2. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      8.3. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      8.4. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындауы олардың әрекет ету кезеңіне осы Шарттың орындалу мерзімінің ұлғайтылуына алып келеді.

      8.5. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

9-тарау. Дауларды шешу

      9.1. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсаулары тиіс.

      9.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.

10-тарау. Хат-хабар алмасу

      10.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптар бір-біріне жөнелтетін кез келген хат-хабар жазбаша нысанда ұсынылады және Тараптар тапсырылғаны туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      10.2. Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе, тиісті түрде рәсімделген болып саналады), қолға табысталса, почта арқылы жеткізілсе (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.

11-тарау. Құпиялылық

      11.1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау кезінде олар алған өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және осы Шартта, Субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.

      11.2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады.

      11.3. Тараптар осы Шарттың талаптар мен құпиялылығын сақтау үшін құқықтық сипаттағы шаралармен қоса барлық қажетті шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      11.4. Қандай да бір Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарапқа келтірілген зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей жауапкершілікте болады.

      11.5. Инвестор осы Шартқа қол қоя отырып, Жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) бұқаралық ақпарат құралдарында Инвестор туралы мәліметтерді орналастыруына, сондай-ақ, осы Шарт аясында Инвестор туралы алынған кез келген мәліметті (оның ішінде банктік құпияны) Инвестордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуіне келісім береді.

12-тарау. Қорытынды ережелер

      12.1. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы тиіс. Тараптар үшін тек Тараптардың келісімімен жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.

      12.2. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 3 (үш) данада жасалды.

Жұмыс органы:

Қаржы институты:

Инвестор:




  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі
2026 жылғы 15 шілдедегі
№ 216-НҚ бұйрығына
7 қосымша
Суарудың су үнемдеу
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
14-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы:

      Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялардың игерілуі туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): №1-ИССҮТ нысаны

      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын

      Есепті кезең 20__ жылғы _______________ тоқсан, 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың оныншы қаңтарына дейін;

      ЖСН/БСН

     



      Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде): электронды түрде

р/с №

Инвестордың атауы

Инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жоба параметрлері

Жоба паспортының атауы

Өндірістік көрсеткіштер (өндірістік қуат)

ағымдағы

жобалық қуатқа шыққан кездегі

заттай мәнде, тонна

құндық мәнде, мың теңге

заттай мәнде, тонна

құндық мәнде, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

















            кестенің жалғасы

Тұрақты жұмыс орындарының саны

Жобаның жалпы құны, мың теңге

Өтеу үлесі, пайыз

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге

Пайдалануға берілген күні, күні/айы/жылы

Жұмыс органы шешімінің күні және нөмірі, күні/айы/жылы

барлығы

оның ішінде субсидиялауға жататыны

9

10

11

12

13

14

15















      "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялаудың игерілуі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.

      Атауы __________________________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ___________________________

      __________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)

      Бірінші басшы-төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі

      _____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)

      Мөрге арналған орын ___________________________

      Есеп тапсырылған күн 20 ___ жылғы "___" __________

  "Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiлер шеккен
шығыстардың бір бөлігін
субсидиялаудың игерілуі туралы
есеп" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялаудың игерілуі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялаудың игерілуі туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі толтырады.

      3. Нысанға ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың оныншы қаңтарына дейін ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі.

      7. 2-бағанда инвестордың атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. 4-бағанда Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 153-НҚ бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес жоба паспортының атауы көрсетіледі.

      10. 5, 6, 7, 8-бағандарда инвестордан алынған ақпараттар және заттай және құндық мәнде өндірілген өнімдерді түрлері бойынша өткізуді растайтын бастапқы құжаттар негізінде кәсіпорынның өндірістік қуаты көрсетіледі.

      11. 9-бағанда тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      12. 10, 11-бағандарда жобаның жалпы құны, оның ішінде субсидиялауға жататыны көрсетіледі.

      13. 12-бағанда инвестициялық жобаның паспортына сәйкес өтеу үлесі көрсетіледі.

      14. 13-бағанда төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      15. 14-бағанда инвестициялық жобаны пайдалануға енгізу күні көрсетіледі.

      16. 15-бағанда жұмыс органы шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады