Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына микроқаржылық және коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 13 шiлдедегi № 104 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 шiлдеде № 39298 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына, "Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағына және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет – ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      4-тармақтың екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген өтініш өтінішті беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады және "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жіберіледі.";

      "Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен мынадай:

      Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын;

      Қазақстан Республикасының резиденті – жеке тұлғада алынбаған немесе өтелмеген соттылықтың болмауын растайтын;

      Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.";

      1-қосымшада:

      Өтініште:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер

      ___________________________________________________.
            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы)

      __________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________.
                  иә (жоқ)";

      4-тармақта:

      "Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер" 1-кестесінің 9, 12, 15 және 18-бағандарында орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;

      "Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі" 2-кестесінің 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "

     


      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      3-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.";

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

____________________________________________________
____________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестікпен,
тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен
жағдайда, олардың қашан және қандай себептермен
өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

____________________________________________________
____________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

____________________________________________________
____________________________________________________
(елді мекеннің кодын қосқанда, толық мекенжайын, қызмет,
үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтығы

____________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________

      ";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

      Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласында, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы қызметкердің жоғары оқу орнын аяқтаған күннен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі) туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны (ұйымның қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы тіркелген елін, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметін көрсетумен).

Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе)

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      ";

      8-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________
                              (қолы)

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________________________________________
                  тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _______________
            қолы

      Қол қойылған күні: 20_____ жылғы "__"_________";

      2 қосымшада:

      2 және 15-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:







      ескертпеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі.

      Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам

      ______________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ________________қолы

      Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________";

      4-қосымшада кестенің 2 және 4-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы

      ";

      "

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

      ";

      5-қосымшаның 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

     


      2. "Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет – ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерден және цифрлық құжаттар сервисінен мына:

      жеке тұлға – Қазақстан Республикасы резидентінің жеке басын куәландыратын;

      жеке тұлға – Қазақстан Республикасы резидентінде алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқтығын растайтын;

      заңды тұлға – Қазақстан Республикасының резидентін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.";

      29-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);";

      "4) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Көрсетілетін қызметті беруші басшысының шағымды қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.";

      1-қосымшада кестенің 2, 4, 6 және 8-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

      ";

      "

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (ішінара цифрландырылған)

      ";

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Лицензиялық алымдар:
1) лицензия бергені үшін 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияны телнұсқасын бергені үшін лицензияны бергені үшін мөлшерлеменің 100 (жүз) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер, бейрезидент банктердің филиалдары немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол емес нысанда "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      ";

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін порталға жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы электрондық өтініш;
2) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады:
көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына есепке жатқызылғанын растайтын және лицензия алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірме);
3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің сақталуы туралы мәліметтер (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
4) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жарғының электрондық көшірмесі және бар болса шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының тізілімі, не бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары берген одан үзінді-көшірме;
6) Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес (әрбір тұлға бойынша жеке толтырылады), құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды: Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (әрбір тұлға бойынша жеке толтырылады) көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы туралы мәліметтерді; заңды тұлға – ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (болған кезде байқау кеңесінің) бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
заңды тұлға – ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысында азаматтығы бар елде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) заңды тұлға - ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін (артықшылықты) акцияларының он немесе одан да көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (акционер) туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
заңды тұлғаның ірі қатысушысының (ірі акционерінің) соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (ірі қатысушысының (ірі акционердің) еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмесі, сондай-ақ өтініш бергенге дейінгі соңғы аяқталған тоқсандағы ірі қатысушының (ірі акционердің) қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі. Аудиторлық есептермен расталған көрсетілген қаржылық есептілік болған кезде аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептілік ұсынылады.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусымға дейінгі кезең ішінде соңғы аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш берер алдында соңғы аяқталған қаржы жылы және соңғы аяқталған тоқсан үшін қаржылық есептіліктің (ірі қатысушысының (ірі акционердің) еншілес ұйымдары болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмелері, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) электрондық көшірмелері ұсынылады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік мынадай:
осы қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет – ресурсында орналастырылған;
ірі қатысушы (акционер) Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылған және осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орналастырылған және қолжетімді болған жағдайда ұсынылмайды;
7) Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес (әрбір тұлға бойынша жеке толтырылады) құжаттарды беру күнінің алдындағы жағдай бойынша жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе көрсетілетін қызметті алушының дауыс беретін (артықшылықты) акцияларының он немесе одан да көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін, көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер, мыналарды қоса бере отырып:
ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмелері (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар);
көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысында (ірі акционерінде) - жеке тұлғада азаматтығы бар елдегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін, олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елі - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) - жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрақты тұратын елдің мемлекеттік органы берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжат. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына ақы төлеу немесе жарғылық капиталға (акцияларға) қатысу үлесін сатып алу үшін пайдаланылатын көздер туралы (қаражаттың шығу көзі туралы) мәліметтердің электрондық көшірмелері, сондай-ақ осы мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жеке тұлға көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталын төлеу немесе микроқаржы ұйымының жарғылық капиталға қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылатын көздер "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағында айқындалған.
Көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) сыйға тарту, ұтыстар, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған мүлік есебінен иеленген жағдайда, сыйға тартушы және сыйға тартушыда осы қаражаттың, мүліктің пайда болу көздері туралы мәліметтер ұсынылады;
8) Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес (әрбір тұлға бойынша жеке толтырылады) құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елдегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
9) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбард үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін) (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
10) ішкі бақылау қызметінің басшы қызметкерлерін, қызметкерлерін жалдау және (немесе) тағайындауды (сайлауды) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
11) микрокредиттер беру қағидаларының электрондық көшірмелері;
12) басшы қызметкерлердің жоғары білімінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Шет тілінде ұсынылатын құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, 36-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нотариалды куәландырылуға тиіс;
13) филиалдар және өкілдіктер туралы ережелердің электрондық көшірмелері (бар болса).
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер алдында берілген лицензия қағаз нысанда ресімделген болса) порталға жүгінген кезде:
1) лицензияның телнұсқасын алу туралы еркін нысанда жазылған электрондық өтініш;
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы аты (микроқаржылық қызмет түрінің, ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне әкеп соқпайтын), орналасқан жері (микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталын ұлғайтуға әкеп соқпайтын) өзгерген, бірігу немесе қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны порталда қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы электрондық өтініш;
2) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ақпараты мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төмен мөлшерін сақтау туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымның орналасқан жері өзгерген (жарғылық капиталды ұлғайтуға әкеп соғатын), қызмет түрінің, ұйымдық – құқықтық нысанның өзгерген (қайта құру), бөлу немесе бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны порталда қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде:
1) Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы электрондық өтініш;
2) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің төленгенін растайтын құжаттар ретінде мынадай құжаттар ұсынылады: көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына есепке жазылғанын растайтын және лицензияны алуға өтініш берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме);
3) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерінің сақталуы туралы мәліметтер (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
4) "цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жарғының электрондық көшірмесі және бар болса, шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының тізілімі не бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары берген одан үзінді-көшірме;
6) Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы туралы мәліметтерді;
атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмелерін (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
заңды тұлға – ірі қатысушының (ірі акционерінің) атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің), бар болса) бірінші басшысында азаматтығы бар елде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің мемлекеттік органы берген (олардың тұрақты тұратын елінің – азаматтығы жоқ адамдар үшін) заңды тұлға – ірі қатысушының атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) бірінші басшысының және басқару органының (байқау кеңесінің, бар болса) бірінші басшысы соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген азаматтығы бар елде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
7) Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес құжаттарды беру күнінің алдындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер, мыналарды қоса бере отырып:
ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмелері (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар);
көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысында (ірі акционерінде) – жеке тұлғада азаматтығы бар елдегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) қылмыстары үшін, олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елі – азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) – жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл ішінде тұрақты тұратын елдің мемлекеттік органы берген, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжат. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
8) Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша мыналарды:
басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елдегі (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдегі (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елінің – азаматтығы жоқ адамдар үшін) немесе көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжатты қоса берумен көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер. Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылған құжаттарда оларды қолданудың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті болатын елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі;
9) микроқаржы ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен ломбардқа микроқаржылық қызмет түрі өзгерген кезде Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ломбард үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер (ломбардтар үшін) (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
10) ішкі бақылау қызметінің басшы қызметкерлерін, қызметкерлерін жалдау және (немесе) тағайындауды (сайлауды) растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
11) микрокредиттер беру қағидаларының электрондық көшірмесі;
12) басшы қызметкерде жоғары білімінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы ұйымдық-құқықтық нысаны (қайта құрылуы) өзгерген жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтер құжаттардың мәліметтері және (немесе) мазмұны өзгерген және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өткен жағдайларды қоспағанда, ұсынылмайды. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілетін қызметті берушіге бұрын ұсынылған құжаттар мен мәліметтер туралы мәліметтер (шығыс құжаттың күні, нөмірі) көрсетіледі.

      ";

      1-1-қосымшада:

      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

     


      ";

      ескертпенің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымша (парақ санын көрсете отырып):

      _____________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ______________________

      (қолы)

      20 __ жылғы "____" __________________.";

      2-қосымшада:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою құралын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай цифрлық жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      4. Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін цифрлық жүйені орнату бойынша талаптар орындалды ма

      _______________________________________________________________

      _____________________________________________________________.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар және парақтар саны:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін және толықтығын растайды. Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________
                  (электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)";

      2-1-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне (өтініш берушінің акцияларын төлеуге) ақша енгізер алдында өтініш берушінің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) меншікті капиталының мөлшері және өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесіне (өтініш берушінің акциясын төлеу) енгізілген сома, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) сатып алу үшін пайдаланылған көздердің сипаттамасы

      _______________________________________________________________.

      Ірі қатысушының (ірі акционердің) ______ жылғы қаржылық есептілігі сілтеме бойынша орналастырылған:

      _______________________________________________________________

      Ірі қатысушының (ірі акционердің) ______ жылғы қаржылық есептілігі сілтеме бойынша орналастырылған:

      _______________________________________________________________

      Ірі қатысушының (ірі акционердің) ____ жылғы ____________тоқсандағы қаржылық есептілігі сілтеме бойынша орналастырылған және қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қолжетімді:

      _____________________________________________________________.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Ірі қатысушы (ірі акционер) атқарушы органының (атқарушы органның функциясын жеке-дара орындайтын тұлға) және басқарушы органының (бар болса, бақылаушы кеңестің) бірінші басшысы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дербес деректерді жинауға және өңдеуге, цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.";

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушының ipi қатысушысы (ipi акционері) – заңды тұлғасының жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жиырма бес пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі тұлғалар және көрсетілетін қызметті алушының ipi қатысушысы (ipi акционері) – заңды тұлғасына қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері және заңды мекенжайы

Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Жарғылық капиталға қатысу сомасы (сатып алынған акциялардың құны)
(мың теңгемен)

Акциялар санының дауыс беретін акциялардың жалпы санына арақатынасы немесе жарғылық капиталға қатысу үлесі
(пайызбен): жеке (тікелей немесе жанама) немесе бірлесіп иелену (пайыз, заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

1

2

3

4

5






      Ескерту: заңды тұлғаны бақылау деп заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі түсініледі.";

      2-2 қосымшада:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды қоспағанда) акцияларының он немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы (ірі акционер) - жеке тұлға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (ірі акционері) - заңды тұлғаның басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, бас бухгалтері

      ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы) туралы мәліметтер";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):

Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      Ескертпе: осы тармақта көрсетілген тұлғалар болмаған жағдайда барлық бағандарда "жоқ" деп көрсетіледі.";

      11-тармақта:

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: осы Қосымшаның 6-тармағында көрсетілген ірі қатысушының (ірі акционер), басшы қызметкердің жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының) зайыбының ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары).

      Мен бұл ақпаратты тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін растаймын, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделімнің бар екендігін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ________________________________________________

      (өз қолымен баспа әріптерімен толтырылады)

      Қолы _________________

      Күні ____________________";

      2-3 қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерлері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) және жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары) туралы мәліметтер (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы микроқаржы ұйымдарының, ломбардтардың басшы қызметкерлері бойынша толтырылмайды):

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1

2

3

4

5






      Ескертпе: осы тармақта көрсетілген тұлғалар болмайтын жағдайда барлық бағанда "жоқ" деп көрсетіледі.";

      3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана мен парақ саны

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) анықтығын растайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

      _______________________________________________________________
                  (электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)";

      4-1-қосымшада:

      3, 4, 6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруашылық серіктестігін акционерлік қоғамға қайта ұйымдастыру нысанында қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар үшін), сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, құрылтайшылар (қатысушылар), акционерлер көрсетілетін қызметті алушының жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларды) иелену үшін пайдаланылған көздердің сипаты

      __________________________________________________________________________
______________

      4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою құралын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай цифрлық жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      иә (жоқ)";

      "6. Бухгалтерлік есепке алуды автоматтандыруды қамтамасыз ететін цифрлық жүйені орнату талабы орындалды ма

      __________________________________________________________________

      иә (жоқ).";

      "8. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана мен парақ саны:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың анықтығын және толықтығын растайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып)

      _______________________________________________________________.
                  (электрондық цифрлық қолтаңба) (күні)";

      5-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру бойынша біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      1, 8, 10, 11 және 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін цифрлық жүйенің болуы

Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін цифрлық жүйенің болуы туралы мәліметтер.
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыруды қамтамасыз ететін цифрлық жүйенің болуы туралы мәліметтер.

      ";

      "

8.

Басшы қызметкерлердің және ірі қатысушылардың (ірі акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттардың болуы (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін)

Басшы қызметкерлер мен ірі қатысушылардың (ірі акционерлердің) жеке басын куәландыратын құжаттар (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін)

      ";

      "

10.

Мынадай жеке тұлға басшы қызметкер бола алмайды:
1) мінсіз іскерлік беделі жоқ.
Кәсібилік және адалдықты қоса алғанда, мыналар мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттары болып табылады:
алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылу құқығынан өмір бойы айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
көрсетілген тұлғаның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға себеп болған төлем қабілетсіздігіне әкеп соққан құқыққа қарсы іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасағаны туралы не банкке реттеу режимін қолдануға қатысты мәліметтердің болуы;
қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде іс-әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен (бақылау және үшінші тұлғалардың ықпалы) қатынастардың болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері басшы қызметкер, қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының ірі қатысушысының (банк, сақтандыру холдингі) актуарийі не ірі қатысушысы, басшы қызметкері бола отырып, бірнеше рет (қатарынан соңғы он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уәкілетті орган қаржы ұйымына қатысты қолданған ден қою шараларының талаптарын орындамағаны туралы мәліметтердің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымының төлем қабілетсіздігіне дейін 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды адам, басқару функцияларын орындайтын тұлға болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы. Көрсетілген өлшемшарт, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында қаржылық жағдайы тұрақсыз қаржы ұйымдарына қатысты қаржылық жай – күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі мәні бойынша ұқсас (ұқсас, салыстырмалы) шаралар көзделген жағдайда қолданылады;
шет мемлекеттің қадағалау органынан не "Астана" халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің мінсіз іскерлік беделінің жоқтығы туралы ақпараттың болуы;
қаржы ұйымының басшы қызметкері бола отырып, көрсетілетін қызметті алушының соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органның, лауазымды адамның заңды күшіне енген шешімімен белгіленген қаржы, кәсіпкерлік қызмет, салық салу салаларында күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен артық әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерінің болуы. Көрсетілген өлшемшарт адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның, лауазымды адамның соңғы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде қолданылады;
қаржы ұйымының басшы қызметкері бола отырып, көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің аудитор ретінде көрінеу дәйексіз аудиторлық есепті жасау фактісінің не аудиторлық ұйымның осы адам қол қойған көрінеу дәйексіз аудиторлық есепті жасау фактісінің болуы. Көрсетілген өлшемшарт осы адамды не аудиторлық ұйымды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы";
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерін банкрот деп тану. Көрсетілген өлшем "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот банкроттығы рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының басшы қызметкеріне - резидентіне қатысты, сондай - ақ Қазақстан Республикасының басшы қызметкеріне – бейрезидентіне қатысты мүлікті өткізу рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады немесе осындай рәсім барысында банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің айыпталушы не сотталушы (күдікті) ретінде жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің әрекеті (әрекетсіздігі) уәкілетті органның немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын қаржылық қадағалау органы банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалын) төлемге қабілетсіз банктер (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалдары) санатына жатқызуы, оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруды тоқтатуға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне не Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалы қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне әкеп соққан қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдау үшін негіз болып табылатын заңнама талаптарын бұзушылыққа әкелген қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтердің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шарасы негізінде қаржы ұйымының басшы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгені туралы мәліметтердің болуы. Көрсетілген талап уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы немесе қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері қаржы ұйымы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) байланысты уәкілетті орган айқындаған мынадай бұзушылықтарға жол берген қаржы ұйымы бөлімшелерін бақылауды (оларға жетекшілік етуді) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы:
қаржы ұйымының уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) бұзуы;
қаржы ұйымының пруденциялық нормативтердің және (немесе) уәкілетті орган белгілеген өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттердің сақталуы туралы мәліметтердің бұрмалануына әкелген есептілікті жасауы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 25) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу фактісінің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері актуарий бола отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамау фактілері туралы уәкілетті органға жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) хабарламағаны туралы мәліметтердің болуы;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің қызметінде уәкілетті орган мынадай бұзушылықтарды анықтаған қаржы ұйымы бөлімшелерін бақылауды (жетекшілік етуді) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы:
міндетті сақтандыру түрлерін жүргізу шарттары мен тәртібінен туындайтын сақтандыру сыйлықақысының негізсіз мөлшерін, міндеттерді орындамауды немесе тиісінше орындамауды қолдану;
жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) қатарынан соңғы он екі ай ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асырмау, уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау;
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінің сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, актуарлық есеп айырысуларды жүргізу және (немесе) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді заңсыз жария еткені немесе үшінші тұлғаларға бергені туралы мәліметтердің болуы;
2) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі қайтарып алынған;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тағайындалған (сайланған) күнге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не әкімшілік жазаға тартылған.

Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері туралы мәліметтер құжаттар ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша қосымшамен бірге мынадай:
басшы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері (шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкерінде азаматтығы бар елде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елінің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының басшы қызметкері соңғы 15 (он бес) жыл тұрақты өмір сүрген елдің мемлекеттік органы берген қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығын растайтын құжат ұсынылады.
Көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжаттарда олардың өзге қолданыс мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растауды азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе олар тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен уәкілетті органның атына жіберіледі.
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы басшысының не лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып және көшірменің дұрыстығы туралы белгімен оның міндетін атқарушы тұлғаның (міндеттерді атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталған растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтер өзгерген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды (мәліметтерді) (бұдан әрі - құжаттар) ұсынады.

11.

1. Мына жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы бола алмайды:
1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға болып табылады;
2) тізбесін Мемлекеттік реттеу туралы заңның 9-5-бабы 16-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркеуі, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар;
3) уәкілетті орган осы микроқаржы ұйымын "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 2) 2-1), 3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға болып табылса;
4) бұрын ірі қатысушы - жеке тұлға не ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болып табылған - уәкілетті орган банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот актісі заңды күшіне енген жағдайда.
2. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындалмайды (сайланбайды) (шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды).

Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша, заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушы (ірі акционер) туралы мәліметтер, мына құжаттарды қоса бере отырып:
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын тұлға) және ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлғаның басқару органының (байқау кеңесінің) бірінші басшысы туралы мәліметтер;
ірі қатысушы (ірі акционер) - заңды тұлға (шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке-дара атқаратын адамның) және басқару органының (байқау кеңесінің) бірінші басшысының (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
атқарушы органның бірінші басшысында (атқарушы органның функциясын жеке-дара атқаратын адамда) және ірі қатысушы басқарушы органында (ірі акционер) - заңды тұлғаның азаматтық елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (адамдар үшін) қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болмаған туралы, олардың азаматтығы бар елдің не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) - жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген (олар тұрақты тұратын елдің - азаматтығы жоқ адамдар үшін) мәліметтерді растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылу мерзімі өзге көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі.
Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес жеке тұлға болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер, құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша, мыналарды қоса бере отырып:
ірі қатысушының (ірі акционердің) - жеке тұлғаның (шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
ірі қатысушыда (ірі акционерде) - көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғасында азаматтығы бар елде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елде (азаматтығы жоқ адамдар үшін) олардың азаматтығы бар елдің (олардың тұрақты тұратын елдің азаматтығы жоқ адамдар үшін) не көрсетілетін қызметті алушының ірі қатысушысы (ірі акционері) - жеке тұлға соңғы 15 (он бес) жыл бойы тұрақты тұрған елдің мемлекеттік органы берген қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болмауы туралы мәліметтерді растайтын құжат.
Көрсетілген құжаттардың берілген күні өтініш берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан аспайды (ұсынылатын құжатта оның қолданылу мерзімі өзге көрсетілген жағдайларды қоспағанда). Егер мемлекеттік органы қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті елдің заңнамасында көрсетілген мәліметтер сұратылатын адамдарға растайтын құжаттарды беру көзделмесе, онда тиісті растау уәкілетті органның атына азаматтығы бар елдің (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елдің (азаматтығы жоқ адамдар үшін) мемлекеттік органының хатымен жіберіледі.
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы (ірі акционері) туралы мәліметтер өзгерген жағдайда өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды (мәліметтерді) уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы басшысының не адамның қолымен куәландырылған құжаттар, лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып және көшірмесінің дұрыстығына белгі қойыла отырып, оның міндетін атқарушының (міндеттерін атқаруды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып), өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде растайтын көшірмелерін қоса бере отырып ұсынады.

12.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою құралын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай цифрлық жүйеге қосу туралы талаптарды орындау

Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.
Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініште көрсетілген мәліметтер.

      ".

      3. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агенттік Төрағасының м.а.
О. Кизатов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттік
Төрағасының м.а.
2026 жылғы 13 шілдедегі
№ 104 қаулысына
1-қосымша
  Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия

      Лицензия нөмірі ____________ Берілген күні жылғы "___"_________

      __________________________________________________________________________

            (микроқаржы ұйымның, кредиттік серіктестіктің, ломбардтың атауы)

      __________________________________________________________________________
                  (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйдің, офистің нөмірі)

      Осы лицензия мынадай микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын береді:

      _________________________________________________________________________
                              (микроқаржылық қызметтің түрі)

      Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы

      ___________________________________________
      (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңба)

      ___________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы ____ ______
№ _____ қаулысына
2-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Көрсетілетін қызметті берушіге ерікті өтініш білдіруге байланысты микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату туралы өтініш

      ______________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының атауы)

      көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының ______ жылғы

      "____" ________ № ____________________ шешіміне сәйкес микроқаржылық

      қызметті жүзеге асыруға берілген __________________________________
                                          (лицензия нөмірі, берілген күні)
лицензияның қолданысын тоқтатуды жүзеге асыруды сұрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қоса берілетін құжаттарды (ақпараттың) анықтығын растайды. Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, олардың әрқайсысы бойынша дана мен парақтар санын көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Көрсетілетін қызметті алушы цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының атқарушы органы басшысының не өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (растайтын құжаттарды қоса бере отырып).

      _______________________________________________________________.
                  (қолы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы) (күні)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы ____ ______
№ _____ қаулысына
3-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау туралы мәліметтер

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы

Өтініш берілген күндегі меншікті капиталдың мөлшері (мың теңгемен)



      ____ жылғы "____" _____________ _________________________________________________________________
      мәліметтерді беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
                        (ол болған жағдайда)

      _________________________________________________________________
                  және қолы (растаушы құжаттарды қоса бере отырып)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы ____ ______
№ _____ қаулысына
4-қосымша
Микроқаржылық қызметті
лицензиялау қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Ломбардтың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жүйесі туралы мәліметтер

____________________________________________________ үй-жайы (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19709 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысымен бекітілген Ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі - № 226 қағидалар) сәйкес болатын мынадай аймақтардан тұрады.

Үй-жайдың (үй-жайлардың) орналасқан жері: ___________________________
___________________________________________________________________

Ломбардтың үй-жайы

Сипаттама (еркін нысанда сипаттау)

№ 226 қағидалардың 9-тармағына сәйкес бейнебақылау жүйелерімен, күзет сигнализациясымен және шұғыл шақыру пультімен жабдықталуы (бар (жоқ)

Операциялық касса



Клиенттерге қызмет көрсету аймағы



Заттарды сақтау орны



      _____ жылғы " ____ "____________

      _________________________________________________________________

            мәліметтерді беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
                              (ол болған жағдайда)

      _________________________________________________________________

            және қолы (растаушы құжаттарды қоса бере отырып)

      Ескертпе: әртүрлі мекенжайлар бойынша орналасқан үй-жайлардың сипаттауы сәйкес келсе мәліметтерді үй-жайлардың бірнеше мекенжайларын көрсете отырып толтыруға болады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады