БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жол қозғалысының шетелдік қатысушылары – 1961 жылғы "Дипломатиялық қатынастар туралы" Вена конвенциясына және 1963 жылғы "Консулдық қатынастар туралы" Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге ие, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлері, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетел қатысуымен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Жол қозғалысының шетелдік қатысушыларына тиесілі көлік құралдарына мынадай сериядағы МТНБ беріледі:
"D" - Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктері, консулдық мекемелері қызметкерлерінің қызметтік және жеке көлік құралдарына;
"Т" - Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және/немесе олардың Қазақстан Республикасында тіркелген өкілеттіктерінің, консулдық мекемелерінің әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің қызметтік және жеке көлік құралдарына;
"НС" - құрметті консулдық лауазымды адамдар басқаратын консулдық мекемелердің қызметтік және жеке көлік құралдарына;
"М" - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің көлік құралдарына;
"Н" - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік азаматтардың қатысуымен заңды тұлғалардың көлік құралдарына;
"F", "G", "I", "J" және "K" - шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына;
"D", "T", "HC" сериясындағы МТНБ-сы бар көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуы үшін дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйым беретін стикердің болуы қажет.
"D", "T", "HC" сериясындағы МТНБ-ның қолданылу мерзімі стикерде көрсетілген мерзімге тең.";
73-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73-6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі транзиттік МТНБ беру, тапсырысты МТНБ беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша беріледі.
Жеке тұлға өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының нотариусы куәландырған сенімхатпен немесе сенім білдірушінің ЭЦҚ-сымен расталады.
Заңды тұлға өкілінің өкілеттігі басшының немесе оған уәкілеттік берілген өзге де органның қолымен және заңды тұлғаның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған сенімхатпен расталады. Мөр болмаған кезде сенімхатты Қазақстан Республикасының нотариусы немесе сенім білдірушінің ЭЦҚ-сы куәландырады.
Тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
79. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – МТНБ телнұсқасын беру не мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде беріледі.
Жеке тұлғаның өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының нотариусы куәландырған сенімхатпен немесе сенім білдірушінің ЭЦҚ-мен расталады.
Заңды тұлғаның өкілінің өкілеттігі басшының немесе оған уәкілетті органның қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған сенімхатпен расталады (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда). Мөр болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының нотариусы куәландырған сенімхат немесе сенім білдірушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған сенімхат ұсынылады.
Тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде өзгеріссіз қалады;
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсын орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетің атқарушы |
Б. Аленов |
