"Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2026 жылғы 9 шiлдедегi № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 шiлдеде № 39273 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12892 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 55) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілерінде (бұдан әрі – нысандар мен үлгілер):

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. 1Д-үлгі (27-сурет) – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған "F" сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.";

      31- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. 3Д-үлгі (29-сурет) - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетел азаматтарына қатысатын заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың мотокөлік құралдарына арналған "Н", "F", "G", "I", "J" және "K" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. 5Д-үлгі (34-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "Н", "F", "G", "I", "J" және "K" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.

      37. 5ДА-үлгі (35-сурет) - бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған "Н", "F", "G", "I", "J" және "K" сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.";

      нысандар мен үлгілерге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетің атқарушы
Б. Аленов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетің
атқарушы
2026 жылғы 9 шілдедегі
№ 484 Бұйрыққа қосымша
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік
белгілерінің нысандары
мен үлгілеріне қосымша

Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде қолданылатын цифрлық кодтар тізбесі

р/с

Өңірдің атауы

код

1.

Астана қаласы

01

2.

Алматы қаласы

02

3.

Ақмола облысы

03

4.

Ақтөбе облысы

04

5.

Алматы облысы

05

6.

Атырау облысы

06

7.

Батыс Қазақстан облысы

07

8.

Жамбыл облысы

08

9.

Қарағанды облысы

09

10.

Қостанай облысы

10

11.

Қызылорда облысы

11

12.

Маңғыстау облысы

12

13.

Түркістан облысы

13

14.

Павлодар облысы

14

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

15

16.

Шығыс Қазақстан облысы

16

17.

Шымкент қаласы

17

18.

Абай облысы

18

19.

Жетісу облысы

19

20.

Ұлытау облысы

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады