ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 380 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17079 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің 75-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Бастапқы геологиялық ақпарат – табиғи жеткізгіштердегі ақпарат (бұрғылау ұңғымаларының керндері, пайдалы қазбалардың, көмірқышқылды газдардың, меркаптандардың, судың сынамалары, жыныстар мен минералдардың үлгілері, тас материалдың сынамалары мен коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар), жасанды (қағаз және электрондық) жеткізгіштердегі ақпарат (далалық бақылаулар, сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдары, операторлардың рапорттары, ұңғымалардың істері, ұңғымаларды геофизикалық зерттеу материалдары, керндік сипаттамалар, уақытша қималар, топографиялық деректер, сейсмограммалар, магниттік таспалар, картридждер;";
2-тармақтың 5) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Геология саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі – Оператор) – жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы, ол мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеуді, жинақтап қорытуды және беруді жүзеге асырады.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Оператор барлық келіп түскен есепке алу карточкаларын түгендеу кітаптарында тіркейді. Геологиялық материалдарды жазуға арналған түгендеу кітабын жүргізу тәртібі осы Қағидаларға 1-қосымшаға айқындалған.";
44-тармақ алып тасталсын;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Оператор "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 77-бабының 3-тармағына сәйкес геологиялық есептер мен өзге де құжаттамада қамтылған құпия геологиялық ақпаратты ашады.";
48-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін он бірінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарды қоспағанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
1. Карточка _зерттелу түрі_ зерттелу № _нөмірі_ | 8. Зерттелу түрінің индексі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8.1. G | 8.2. GG | 8.3. IG | 8.4. GF | 8.5. B | 8.6. T | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. Есептің түгендеу нөмірі | 9. Миллиондық апарақтың зарттелу карточкасының номеклатурасы | 10. Карточка жалғасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2.1. Республикалық геологиялық қор: | 2.2. Аумақтық геологиялық қордың атауы: | 5. Лицензияның сериясы; нөмірі және түрі: | 9.1. Миллиондық парақтар | 10.1. | 10.2. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. Жылдар бойынша жасанды жеткізгіштердегі (ЖЖ) бастапқы материалдардың нөмірлері: | 9.2. Республикалық геологиялық қор | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3.1. Жылдар | 9.3. Аумақтық геологиялық қор | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3.2. Түгендеу № (ЖЖ) | 11. Облыс (-тар): | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. Түрлері бойынша жылдары бойынша табиғи жеткізгіштердегі (ТЖ) бастапқы материалдардың нөмірлері: | 12. Аудан (-дар): | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4.1. Жылдар | 13. Пайдалы қазбалар (ПҚ) | 14. Шығындар, теңге: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4.2.ТЖ түрлері | 13.1. ПҚ класы: | 13.2. ПҚ түрлері: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4.3. Түгендеу № ТЖ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6. Автор (-лар): | 15. Ұйым | 16. Жұмыстың жалпы ауқымы: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. Есептің атауы: | 15.1. Тапсырыс беруші (-лер): | 15.2. Орындаушы (-лар): | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17. Жұмыс басталған жыл: | 18. Жұмыстың аяқталу жылы: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
19. Жалпы ауданы (кв км): | 20. Парақ бойынша ауданы (кв км): | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
21. Есеп мазмұны (тараулардың бет нөмірлерінің көрсетілуімен). | 24. Миллиондық парақтың сызбасындағы зерттелген аймақтың орналасуы: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
00° 00° | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
00° | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
00° | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
25. Координаттар (жалпы, есеп бойынша) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | гш | мш | сш | гд | мд | сд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
22.1. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | Кітаптар мен қалталардың нөмірлері және атауы. Карта атауы және олардың масштабтары | Парақтардың саны | Масштабы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
22. Жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | Кітаптар мен қалталардың нөмірлері және атауы | Парақтардың саны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
23. Табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | ТЖ түрі | Түгендеу № | Көлемі, өлшем бірлігі | Сақтау орны | Сақтайтын ұйым | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
26. Реферат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
26.1. Жұмыстың бағыты мен мақсаты: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
26.2. Орындалған жұмыс: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұмыс әдістері: | Саны | Көлемі |
Ауданы, | Масштабы | Ескерту | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
26.3. Жұмыс нәтижелері:
Объектің атауы | Қорлардың санаты, ПҚ, қорлардың саны, мазмұны. Қорларды санау жүйесі. Қорларды бекіту құжатының атауы, нөмірі және күні. | Ауданы, кв км | Санау тереңдігі, м | Координаттар | Қысқаша сипаттама | |||||
С е г | С е м | С е с | Шб г | Шб м | Шб с | |||||
26.4. Қорытынды мен ұсыныстар:
27. Толтырды _____________ ____________ ________ __________ __________ 27.1. Ұйым 27.2. Лауазымы 27.3. АӘЖ 27.4. Қолы 27.5. күні
28. Тексерді ___________ ___________ ______________ _________ _________ 28.1. Ұйым 28.2. Лауазымы 28.3. АӘЖ 28.4. Қолы 28.5. күні
| Бұйрыққа 2-қосымша Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларына 5-қосымша |
Есепке алу карточкасын толтыру бойынша нұсқаулық:
Есепке алу карточкасын авторлар әрбір геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және геофизикалық жұмыстардың нәтижелері туралы есептерге толтырады.
Жұмыс жүргізілген әрбір миллиондық параққа есепке алу карточкасы жасалады.
Кешенді жұмыстар жүргізілген болса, есепке зерттеу түрлерінің санына байланысты екі және одан да көп есепке алу карточкалары жасалуы мүмкін.
Есепке алу карточкасындағы барлық жазбалар жалпы қабылданған қысқартуларды қолдана отырып компьютерде басылады. Мәтінді қара сиямен анық түсінікті қолжазбамен жазуға рұқсат беріледі.
1-бағанда зерттелудің геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық немесе геофизикалық секілді түрлері мен есепке алу карточкасының нөмірі көрсетіледі.
2-бағанда есептің және бастапқы материалдың түгендеу нөмірі жазылады. 2.1. – Республикалық геологиялық қордың түгендеу нөмірі, 2.2. – Аумақтық геологиялық қордың түгендеу нөмірі.
3-бағанда жылдар бойынша жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдардың түгендеу нөмірлері келтіріледі.
4-бағанда табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдардың түрлері мен жылдары бойынша түгендеу нөмірлері келтіріледі.
5-бағанда осы жұмысқа Геология комитеті берген лицензияның сериясы, нөмірі және түрі көрсетіледі, ал өңірлік жұмыстар жүргізілген болса, Геология комитеті хаттамасының нөмірі және оны бекіту күні көрсетіледі.
6-бағанда есеп авторларының (телавторлардың) аты-жөні мен тегі көрсетіледі. Егер екі автор болса, онда екеуі де жазылады, егер авторлар саны үш немесе одан да көп болса, онда алғашқы екі авторға "және басқалары" сөзі қосылып жазылады.
7-бағанда есептің атауы оның титулдық парағына сәйкес толық келтіріледі.
8-бағанда зерттелудің түрі көрсетіледі:
G – геологиялық,
GG, IG – гидрогеологиялық, инженерлік геология
GF – геофизикалық,
Т – геологиядағы ғылыми-техникалық және тақырыптық жұмыстар бойынша зерделеу карточкасы, егер осы зерттелу түрлеріне жататын болса (мұндай зерттелу түрлеріне ғылыми-техникалық сынақтар және геологиядағы ашылу жұмыстары, жаңа жұмыс түрлері мен әдістері, алғашқы сыналған технологиялар, тақырыптық жұмыстар және басқалар жатады. Сондай-ақ қауіпті аудандық аймақтарды зерттеу нәтижелерінің, жер сілкінісін зерттеу нәтижелерінің және т.б. жұмыстарды қосуға болады), зерттелудің басқа да түрлеріне қайталануы керек.
Жұмыстар мемлкеттік бюджет есебінен орындалса, зерттелу түрінің жанына кіші "b" әрпі, ал жер қойнауын пайдаланушының өз қаражаты есебінен жүргізілген болса, зерттелу түрінің жанына кіші "с" әрпі қосылып жазылады. (Мысалы: Gb, GGb, IGc, GFc).
9-бағанда 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық сызықтаудың топографиялық картасының номенклатура парақтары толтырылады, зерттелген аумақтың орналасу шегінде.
4 және одан көп миллиондық парақта орналасқан аумақта өңірлік жұмыстар жүргізілген болса, номенклатуралар тізбесінің жалғасы есепке алу карточкасына қосымша бетте келтіріледі.
Түсті контурмен осы есепке алу карточкасы құрастырылған номенклатура парағы ерекшеленеді.
10-баған. Осы зерттелу карточкасында деректердің көлемі карточка шегінен асып кетсе, 10.1-тармақшада қосымша парақтардың санын көрсету керек, ал 10.2-тармақшада жалғасы болатын тармақтар көрсетіледі. Жалғасы болуы мүмкін тармақтар:
9-тармақ пен оның тармақшалары, 6, 7-тармақтар, 11, 12-тармақ, 13-тармақ пен тармақшалары, 15-тармақ пен оның тармақшалары, 14-тармақ пен оның тармақшалары, 21, 22, 23-тармақтар, бұрыштық нүктелердің санына байланысты 25-тармақ, 26-тармақ пен оның тармақшалары, 27 және 28-тармақтар және олардың тармақшалары зерттелу карточкаларының жалғасы болса, қайталанады.
11, 12-бағандарда жұмыс жүргізу алаңын әкімшілік-аумақтық байланыстыру туралы деректер көрсетіледі.
13-бағанда жұмыс процесінде анықталған пайдалы қазбалардың тізбесі келтіріледі: 13.1. – ПҚ, ҚПҚ, КТПҚ, КСШ, ЖС сыныптары. – ПҚ сыныптарға жататын түрлері (Мысалы: ПҚ сыныбы – ҚПҚ; ПҚ түрі – алтын, мыс).
14-бағанда шығын теңгемен және қаржыландыру көздері көрсетіледі.
15-бағанда жұмыс жүргізген ұйымның және тапсырыс берушілердің атауы келтіріледі.
16-бағанда жұмыстың жалпы ауқымы көрсетіледі.
17, 18-бағандарда жұмыстардың басталу және аяқталу жылдары (есепті сақтауға өткізу жылы) белгіленеді.
19-бағанда зерттелетін аумақтың жалпы ауданы км2-де, 20-тармақта осы зерттелу карточкасына жататын аумақтың ауданы көрсетіледі.
21-бағанда есептің мазмұны келтіріледі.
22-бағанда жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдар туралы деректер келтіріледі.
23-бағанда табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдар туралы деректер келтіріледі.
24-бағанда карта сызбасында штрихтелген контурмен жұмыстың жалпы көлеміне сәйкес зерттелген ауданның орналасуы көрсетіледі. Сызбаның үстінде халықаралық сызықтау парағының номенклатурасы көрсетіледі.
25-бағанда WGS 84 жүйесіндегі бұрыштық нүктелердің зерттелген ауданының барлық координаттары көрсетіледі.
26-бағанда төрт міндетті бөлім бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерін сипаттайтын реферат келтіріледі:
26.1. Жұмыстың бағыты мен мақсаты. Геологиялық тапсырмаға немесе лицензияға сәйкес жұмыстың мақсатты бағыты көрсетіледі.
26.2. Орындалған жұмыс.
26.3. Жұмыс нәтижелері және ресурстарды бағалау кестесі.
26.4. Қорытынды мен ұсыныстар.
27, 28-бағанда карточканы толтырған есеп авторының лауазымы, тегі және қолы, сондай-ақ карточканы қабылдаған қызметкердің тегі мен қолы көрсетіледі.
