БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
К. Туткышбаев |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 7 шілдедегі № 255-н/қ Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 19-н/қ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдар астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды қоса алғанда, ұдайы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Жергілікті атқарушы органдар жылу энергиясымен қамтамасыз ету, оның ішінде жылу энергиясының пайдалану сенімділігін, технологиялық және экономикалық қолжетімділігін бағалау, жылыту маусымына дайындық бөлігінде, оның ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органнан кезеңділігі жылына кемінде 1 (бір) рет және 3 (үш) айда 1 (бір) реттен жиілетпей алынған деректер негізінде көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге және оларға ақы төлеу мүмкіндігіне қатысты кемсітушілік тәсілді болғызбау мақсатында астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жылу энергетикасының жай-күйін ұдайы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады."
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Жылумен жабдықтау субъектілері орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде тиісті аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына отынның түрі мен маркасын көрсете отырып, жыл сайынғы негізде жылыту маусымы кезінде пайдаланылған отынның мөлшері бойынша есепті ұсынып тұрады. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жиынтық деректерді уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 15 (он бесінші) маусымға дейінгі мерзімде нысанға сәйкес осы бекітілген Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жібереді.";
Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы Тізбеге 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 145-н/қ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен жабдықтау субъектілері мен жылу энергиясын тұтынушылардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
45-тармақтың 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
60-тармақтың 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3. "Жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 493-н/қ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту қағидаларында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Схеманы әртүрлі жылумен жабдықтау жүйелерінің оңтайлы үйлесімін ескере отырып, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді. Ұсынылатын сценарийді айқындау кезінде жаңартылатын және баламалы энергия көздерін қоса алғанда, қолжетімді технологиялар мен ресурстар, сондай-ақ жылу энергиясына сұраныстың өзгеру үрдістері, оның ішінде энергия тиімділігін арттыру есебінен тұтынудың төмендеуі қарастырылады.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жылу энергетикасының жұмыс істеуі және оны дамыту осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ұзақ мерзімді және орта мерзімді схемалар негізінде жүзеге асырылады.";
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Схемаларды астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді.
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу кезінде жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жергілікті жағдайларды ескере отырып, іс-шараларды қаржыландыру көздерін, мерзімдерін, көлемдерін, басымдылығын осы Қағиданың 144-тармағына сәйкес айқындайды.
Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында әзірлеу кезінде әзірлеу процесін сүйемелдейтін, деректерді жинауға жәрдемдесетін, мүдделі тұлғаларды, жұртшылықты тартуды ұйымдастыратын, сондай-ақ схеманы әзірлеудің жекелеген кезеңдерінде талқылауға және аралық шешімдер қабылдауға қатысатын, атап айтқанда:
1) тереңдетілген талдауда қаралатын энергия көздерінің, технологиялардың және көміртегі диоксидінің (CO₂) эмиссияларын төмендету әлеуеті жоғары шаралардың тізімі бойынша;
2) қаралатын сценарийлердің сипаттамалары бойынша;
3) қабылданатын жорамалдар мен оңтайлылық өлшемшарттары бойынша;
4) сценарийлерді бағалау, қысқа тізімді қалыптастыру және ұсынылатын сценарийді таңдау бойынша жобалау топтары құрылады.";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Әзірлеу қорытындысы бойынша астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы схеманың жобасын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады.";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органы бекітуге ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде схеманың жобасын қарайды. Схема жобасын қарау қорытындысы бойынша астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органы мынадай:
1) схеманы бекіту туралы;
2) нақты ескертулерді көрсете отырып, схеманың жобасын астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органына пысықтауға қайтару туралы шешімдердің бірін қабылдайды.";
18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Схеманың жобасы пысықтауға қайтарылған жағдайда астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде схеманың жобасын пысықтайды және астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органы қарауына қайта жібереді. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органының ескертулерін ескере отырып пысықталған схема жобасын қайта қарау мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органы қайта қараған кезде схема жобасының тек жаңа және (немесе) пысықталған ережелері бойынша ғана ескертулер мен ұсыныстар беріледі.";
136-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Негіздеме болған кезде астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша сценарийлерді салыстырма талдау үшін басқа да қосымша өлшемшарттар пайдаланылады.";
148-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары Заңға сәйкес көрсететін жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеу немесе олар бойынша шығыстарды өтеу үшін әлеуметтік көмек бағдарламаларын қарау кезінде бюджеттік қаржыландырудың ықтимал бағыты ретінде осы Қағидаларға 23-қосымшада келтірілген, тұрғын үй көмегін көрсету көлемдерін ескере отырып пайдаланылатын мысалдар қолданылуы мүмкін.";
149-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Мұндай тетіктің ықтимал параметрлері (мысалы, жан басына шаққандағы орташа айлық шекті табыс және әлеуметтік көмек алушыларды айқындайтын басқа да параметрлер және басқа параметрлер астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісуге жатады.".
| Тізбеге 1-қосымша Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 1-қосымша |
|
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға | |||||||
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет-ресурста орналастырылған: | www.gov.kz | |||||||
Әкімшілік нысанның атауы: | Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат | |||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ЖЭӨ | |||||||
Кезеңділік: | Жартыжылдықта 1 (бір) рет | |||||||
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ | |||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | жылумен жабдықтау субъектілері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | |||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: | Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жылу өндіруші субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтар және шілде айларының 5-күнінен кешіктірмей; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтар және шілде айының 15-күнінен кешіктірмей; астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтары мен шілдесінде | |||||||
ЖСН/БИН: |
| |||||||
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы қағаз тасығышта немесе электрондық түрде | |||||||
№ | Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Жылу өндіруші субъектінің атауы; БСН немесе ЖСН | Меншік нысаны | Негізгі жылу өндіретін жабдық. | ||||
Құрамы мен түрі | Негізгі отын түрі | Резервтік отын түрі | Тозу, % | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
1. | ||||||||
2. | ||||||||
Кестенің жалғасы
Белгіленген қуат, МВт | Қолда бар қуат, МВт | Қосылған қуат, МВт | Жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ | Когенерация режимінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ | Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерден,кәдеге жаратушы көздерден, рекуператор көздерінен, биомассада жұмыс істейтін қазандықтардан жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы
Өнеркәсіптік процестерден артылған жылуды кәдеге жарату кезінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ | Көмірді жағу кезінде алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (когенерацияны қоспағанда) кВТ-сағ | Газды жағу кезінде алынған жылу энергиясын өдірудің жылдық көлемі (когенерацияны қоспағанда) кВТ-сағ | Жылу энергиясын өндірудің жалпы жылдық шығарындылары, тСО2экв/Гкал | |||
Заңды тұлғалар | Жеке тұлғалар | |||||
мемлекеттік | мемлекеттік емес | Көп қабатты тұрғын үйлер | Жеке тұрғын үй құрылысы | |||
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
кестенің жалғасы
Жылу энергиясын өндіру кезіндегі үлестік шығарындылар тСО2экв/Гкал | Жылу энергиясын өндіруге арналған отын тұтынудың жылдық көлемі, шартты отын тоннасы | Жылу энергиясын өндіруге жұмсалған энергия ресурстарының жылдық көлемі (өз мұқтаждықтарына арналған энергия, отын, отын жеткізу), шартты отын тоннасы | Белгіленген қуатты пайдалану коэффиценті, % | Жылу энергия сын "таза" өндіру коэффиценті % |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
кестенің жалғасы
Белгіленген ПӘК көзі, % | Өз мұқтаждықтарына арналған электр энергиясының жылдық шығысы, МВт-сағ | Жылу энергиясына деген қажеттілік МВт | Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі |
27 | 28 | 29 | 30 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: ___________________________
Телефоны: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Мөрдің орны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанға қосымшада келтірілген.
| "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған қосымша |
"Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме (1-ЖЭӨ) нысаны, жартыжылдықта 1 (бір) рет)
1. Осы түсіндірме "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы көрсетіледі;
3-бағанда жылу өндіруші субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда меншік нысаны (мемлекеттік меншік, жеке меншік, квазимемлекеттік сектор) көрсетіледі;
5-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдықтың құрамы мен түрі (қазандық агрегатының саны, маркасы, қуаты) көрсетіледі;
6-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдық пайдаланатын отынның негізгі түрі көрсетіледі;
7-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдық пайдаланатын отынның резервтік түрі көрсетіледі;
8-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдықтың тозуы (%) көрсетіледі;
9-бағанда жылумен жабдықтау субъектісінің белгіленген жылу қуаты (МВт) көрсетіледі;
10-бағанда жылумен жабдықтау субъектісінің қолда бар жылу қуаты (МВт) көрсетіледі;
11-бағанда жылумен жабдықтау субъектісінің қосылған жылу қуаты (МВт) көрсетіледі;
12-бағанда жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
13-бағанда когенерация режимінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
14-бағанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерден, кәдеге жаратушы көздерден, рекуператор-көздерден, биомассада жұмыс істейтін қазандықтардан жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
15-бағанда өнеркәсіптік процестердің артық жылуын кәдеге жарату кезінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
16-бағанда көмірді жағу кезінде алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (когенерацияны қоспағанда) (кВт-сағ) көрсетіледі;
17-бағанда газды жағудан (когенерацияны қоспағанда) алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
18-бағанда мемлекеттік заңды тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
19-бағанда мемлекеттік емес заңды тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
20-бағанда көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
21-бағанда жеке тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
22-бағанда жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі үлестік шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
23-бағанда жылу энергиясын өндіруге арналған отынды тұтынудың жылдық көлемі (шартты отын тоннасы) көрсетіледі;
24-бағанда жылу энергиясын өндіруге пайдаланылған энергия ресурстарының жылдық көлемі (өз мұқтаждығына арналған энергия, отын, отын жеткізу) (шартты отын тоннасы) көрсетіледі;
25-бағанда белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті (%) көрсетіледі;
26-бағанда жылу энергиясын "таза" өндіру коэффициенті (%) көрсетіледі;
27-бағанда белгіленген ПӘК көзі % көрсетіледі;
28-бағанда электр энергиясының өз мұқтаждығына жылдық шығысы (МВт-сағ) көрсетіледі;
29-бағанда жылу энергиясына деген қажеттілік (МВт) көрсетіледі;
30-бағанда жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.
| Тізбеге 2-қосымша Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға | ||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған : | www.gov.kz | ||||||
Әкімшілік нысанның атауы: | Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат | ||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ЖЭТ | ||||||
Кезеңділік: | Жартыжылдықта 1 (бір) рет | ||||||
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ | ||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | Жылу тасымалдаушы субъектілер, жылу өндіруші субъектілер (тікелей тұтынушы қосылған жағдайда), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары. | ||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: | Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жылумен жабдықтау субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтар және шілде айларының 5-күнінен кешіктірмей; аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтар және шілде айының 15-күнінен кешіктірмей; астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтары мен шілдесінде | ||||||
ЖСН/БИН: |
| ||||||
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы қағаз тасығышта немесе электрондық түрде | ||||||
№ | Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Жылу өндіруші субъектінің атауы; БСН немесе ЖСН | Меншік нысаны | Екі құбырлы есептеудегі жылу желілерінің ұзындығы, км | |||
Барлығы | Магистральдық | Тарату | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1. | |||||||
2. | |||||||
кестенің жалғасы
оның ішінде диаметр бойынша бөлінген, км | |||||||
200 мм-ге дейін | тозу, % | 201-ден 400 мм-ге дейін | тозу, % | 401-ден 600 мм-ге дейін | тозу, % | 600 мм-ден жоғары | тозу, % |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кестенің жалғасы
Орташа тозу, % | Тасымалданатын жылу энергиясының жылдық көлемі, кВт-сағ | Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясын жылдық нақты тұтыну, кВт-сағ | Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр жнергиясын үлестік тұтыну, кВт-сағ/Гкал | Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының жылдық шығыны МВт |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
кестенің жалғасы
Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының үлестік шығыны, % | Жылу энергиясының үлестік шығыны, %; | Жылу энергиясының нормативтік шығындарының деңгейі, % | Жылу энергиясы шығынының нақты деңгейі, % | Жылу желісінің келтірілген ПӘК, % |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
кестенің жалғасы
Желілердің жалпы жылу жүктемесі, МВт/сағ | Жылу жнергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылысжайлардың жалпы саны, бірлік | Орталықтандырылған және жергілікті жылумен қамту | Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін ғимараттар мен құрылысжайлардың саны, бірлік | Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі | |
% | Жылу энергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылысжайлардың саны, бірлік | ||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: ___________________________
Телефоны: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Мөрдің орны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанға қосымшада келтірілген.
| "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Орталықтандырылған неме жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (1-ЖЭТ нысаны, жартыжылдықта 1 рет)
1. Осы түсіндірме "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кент пен ауылдың атауы көрсетіледі;
3-бағанда жылу өндіруші субъектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда меншік нысаны (мемлекеттік меншік, жеке меншік, квазимемлекеттік сектор) көрсетіледі;
5-бағанда екі құбырлы есептеудегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
6-бағанда екі құбырлы есептеудегі магистральдық жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
7-бағанда екі құбырлы есептеудегі жылу тарату желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
8-бағанда диаметрі 200 мм дейінгі екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
9-бағанда диаметрі 200 мм дейінгі жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
10-бағанда диаметрі 201-ден 400 мм дейінгі екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
11-бағанда диаметрі 201-ден 400 мм-ге дейін жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
12-бағанда диаметрі 401-ден 600 мм дейінгі екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
13-бағанда диаметрі 401-ден 600 мм-ге дейін жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
14-бағанда диаметрі 600 мм жоғары екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
15-бағанда диаметрі 600 мм жоғары жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
16-бағанда жылу желілерінің орташа тозуы (%) көрсетіледі;
17-бағанда тасымалданатын жылу энергиясының жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
18-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясын жылдық нақты тұтыну (кВт-сағ) көрсетіледі;
19-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясын меншікті тұтыну (кВтсағ/Гкал) көрсетіледі;
20-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының жылдық шығыны (МВт) көрсетіледі;
21-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының үлестік шығындары (%) көрсетіледі;
22-бағанда жылу энергиясының үлестік шығындары (%) көрсетіледі;
23-бағанда жылу энергиясының нормативтік шығынының деңгейі (%) көрсетіледі;
24-бағанда жылу энергиясының нақты шығын деңгейі (%) көрсетіледі;
25-бағанда жылу желісінің келтірілген ПӘК-і (%) көрсетіледі;
26-бағанда желілердің жалпы жылу жүктемесі (МВт/сағ) көрсетіледі;
27-бағанда жылу энергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылысжайлардың (бірлік) жалпы саны көрсетіледі;
28-бағанда орталықтандырылған жылумен қамту (%) көрсетіледі;
29-бағанда орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылысжайлардың саны (бірлік) көрсетіледі;
30-бағанда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін ғимараттар мен құрылысжайлардың саны (бірлік) көрсетіледі;
31-бағанда жылумен жабдықтау субъектісі жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.
| Тізбеге 3-қосымша Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 3-қосымша |
|
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға | ||||||||||||||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған | www.gov.kz | ||||||||||||||||||
Әкімшілік нысанның атауы: | Жылу энергиясын тұтыну, жылу тұтыну қондырғыларының құрамы, жылу пункттерінің есепке алу аспаптары мен жабдықтар құрамының болуы және (немесе) болмауы, сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) жөніндегі ақпарат | ||||||||||||||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ЖЭТ | ||||||||||||||||||
Кезеңділік: | жылына 1 (бір) рет | ||||||||||||||||||
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ | ||||||||||||||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | Жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес тұтынатын тұтынушылар, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | ||||||||||||||||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: | Жергілікті атқарушы органдарға жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес тұтынатын тұтынушылар есепті жылдан кейінгі жылдың мамыр айының 15-күнінен кешіктірмей; Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың маусым айының 1 күнінен кешіктірмей; Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей | ||||||||||||||||||
ЖСН/БИН: |
| ||||||||||||||||||
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы, қағаз тасығышта немесе электрондық түрде | ||||||||||||||||||
№ | Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес, тұтынатын тұтынушылардың атауы; БСН немесе ЖСН; | Жылу энергиясын тұтыну, кВт | ||||||||||||||||
маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | ||||||||||||||||
1. | |||||||||||||||||||
2. | |||||||||||||||||||
кестенің жалғасы
Жылу тұтыну қондырғыларының құрамы | Есепке алу аспаптарының болуы және (немесе) болмауы | Жылу пункттері жабдықтарының құрамы | Энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) | Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: ___________________________
Телефоны: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Мөрдің орны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанға қосымшада келтірілген.
"Жылу энергиясын тұтыну, жылу тұтыну қондырғыларының құрамы, жылу пункттерінің есепке алу аспаптары мен жабдықтар құрамының болуы және (немесе) болмауы, сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме (1-ЖЭТ нысаны, жылына 1 (бір) рет)
1. Осы түсіндірме "Жылу энергиясын тұтыну, жылу тұтыну қондырғыларының құрамы, жылу пункттерінің есепке алу аспаптары мен жабдықтар құрамының болуы және (немесе) болмауы, сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
2. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы көрсетіледі;
3-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес тұтынатын тұтынушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда есептік кезеңнің әрбір айы бойынша бөле отырып, кВт-та тұтынылған жылу энергиясының мөлшері көрсетіледі (тұтынушыда коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған жағдайда кВт-та жылу энергиясын тұтынудың нормативтік көрсеткіштері көрсетіледі);
5-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес, тұтынатын тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларының құрамы көрсетіледі;
6-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес тұтынатын тұтынушыда жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуы және (немесе) болмауы көрсетіледі;
7-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес, тұтынатын тұтынушының жылу пункттері жабдықтарының құрамы көрсетіледі;
8-бағанда тұрмыстық мұқтаждықтар үшін емес жылу энергиясын тұтынатын тұтынушының энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) көрсетіледі;
9-бағанда жылумен жабдықтау субъектісі жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.
| Тізбеге 4-қосымша Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 4-қосымша |
|
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға | ||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған : | www.gov.kz | ||||
Әкімшілік нысанның атауы: | Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат | ||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ПОМ | ||||
Кезеңділік: | Жылына 1 (бір) рет | ||||
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ | ||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | Жылу өндіруші субъектілер, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары | ||||
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: | Жергілікті атқарушы органдарға жылу өндіруші субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың мамыр айының 15-күнінен кешіктірмей; Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың маусым айының 1 күнінен кешіктірмей; Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 маусымынан кешіктірмей | ||||
ЖСН/БИН: |
| ||||
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы, қағаз тасығышта немесе электрондық түрде | ||||
№ | Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Жылу өндіруші субъектінің атауы; БСН немесе ЖСН | Жылыту маусымының кезеңі | ||
Басталу мерзімі КК.АА.ЖЖЖЖ. | Аяқталу мерзімі КК.АА.ЖЖЖЖ. | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1. | |||||
2. | |||||
кестенің жалғасы
Негізгі отын түрі (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) | Негізгі отын маркасы | Резервтік отын түрі (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) | Резервтік отын маркасы | Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: ___________________________
Телефоны: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), байланыс телефоны, қолы
Мөрдің орны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанға қосымшада келтірілген.
| "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан |
"Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Нысан 1-ПОМ, жылына 1 (бір) рет)
1. Осы түсіндірме "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы көрсетіледі;
3-бағанда жылу өндіруші субъектінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда жылыту маусымының басталу және аяқталу күні, күні, айы және жылы форматында (КК.АА.ЖЖЖЖ.) көрсетіледі;
5-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған негізгі отынның (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) түрі көрсетіледі;
6-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған негізгі отынның маркасы көрсетіледі;
7-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған резервтік отынның (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) түрі көрсетіледі;
8-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған резервтік отынның маркасы көрсетіледі;
9-бағанда жылумен жабдықтау субъектісі жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.
