БҰЙЫРАМЫН:
1. "Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) кәсіпкерлік басқармасы – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне кіретін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтық деңгейдегі кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – Өңірлік палата);";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кодекстің 82-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды және (немесе) талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің жобалары реттеушілік әсерге талдауға жатады.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талапты енгізу немесе реттеуді қатаңдату кезінде реттеушілік әсерге талдау жүргізу туралы талаптар Қазақстан Республикасы Президентінің және Құрылтайы депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде әзірленген заңдардың жобаларына да, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрылтайында заңдар жобаларын қарау процесіне қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібінде енгізілген заңдардың жобалары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрылтайында қаралудағы заңдардың жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы шеңберінде Кодекстің 82-бабында белгіленген негіздер бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізілуі мүмкін.
4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды және (немесе) талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) отырысында мақұлданғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары кәсіпкерлікті Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден заңнамасы саласында, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін мемлекеттік реттеуге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементацияланған немесе имплементациялануы жоспарланған халықаралық шарттардың реттегіш құралдарына және (немесе) талаптарына қолданылмайды.
Бұл ретте "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын астана, облыс, республикалық маңызы бар қалалар әкімдігі жанындағы ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) мақұлдағаннан кейін ғана жаңа реттегіш құралдар және (немесе) талаптар немесе реттеуді қатаңдату өңірлік маңызы бар актілермен енгізіледі.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Алдағы жылға арналған республикалық маңызы бар реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қарау жоспары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады, жыл сайын 20 желтоқсанға дейін бекітіледі және мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Кодекстің 83-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес өңірлік маңызы бар реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қайта қарау жоспарын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекітеді және кәсіпкерлік басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Қоғамдық талқылаулар жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік орган/әзірлеуші орган кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын, ал Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауында жатқан Қазақстан Республикасының заң жобалары бойынша, сондай-ақ Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша және балама тәртіпте жүргізілген реттеушілік әсерді талдау бойынша оларды өткізу күніне дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын олардың өткізілетін күні мен басталатын және аяқталатын уақыты туралы:
мүдделі тұлғаларды – өзінің ресми интернет-ресурсында хабарландыру беру арқылы;
уәкілетті органды, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын/Өңірлік кәсіпкерлер палатасын, мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің мүшелерін;
мүдделі мемлекеттік органдарды – жазбаша хабарлама арқылы;
бұқаралық ақпарат құралдарын – баспасөз релизі арқылы хабардар етеді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талдамалық нысан мен құжаттардың жобалары келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы және осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды толтырудың дұрыстығы тұрғысынан қарайды.
Уәкілетті орган Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша әзірленген белгілі бір реттеушілік құралды немесе талапты енгізуге не белгілі бір талапты қатаңдатуға арналған талдамалық нысанды олардың келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, ал Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары бастамашылық жасаған немесе Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауындағы Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары бойынша – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қараудың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша реттеушілік әсерді талдау рәсімдерінің сақталуы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) қалыптастырылады.";
Қағидаларға 2-қосымшаның Реттегіш құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестікті бағалауды толтыру бойынша түсіндірме бөлімінде:
6-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарлары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары.";
Қағидаларға 3-қосымшаның Реттеу субъектісінің бір орташа статистикалық кәсіпорнына арналған шығасыларды есептеу бөлімінің екінші және үшінші абзацтарында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Қағидаларға 3-1-қосымшаның Реттеушілік құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) реттеушілік актіде белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау кестесінің 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Жүйелілік және болжамдылық |
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес мыналар мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына жатады: |
0-2 "0" – "сәйкес келмейді" |
".
2. "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18709 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жергілікті атқарушы орган – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріндегі жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін күштеп өзгертуді, аумақтық тұтастығына, Егемендігі мен Тәуелсіздігіне қол сұғуды, қоғамдық тәртіпті бұзуды, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруді, соғысты, қарулы қақтығыстарды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, этностық, діни үстемдікті немесе араздықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.
6. Жарнама әлемдік немесе ұлттық мәдени игілікті, мемлекеттік рәміздерді (Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран), кез келген мемлекеттің валютасын, діни рәміздерді, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаларды, қызметті, кәсіпті және тауарды құрайтын өнер объектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:
сыртқы (көрнекі) жарнаманы астанадағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде – астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде – аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.";
17-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "Қазақстан Республикасының Салық кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;".
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
