Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 шiлдеде № 39262 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 8 шілдедегі
№ 103 бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген).

      2. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 278 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13951 болып тіркелген).

      3. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 214 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15653 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 330 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15825 болып тіркелген).

      5. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 8 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19979 болып тіркелген).

      6. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21988 болып тіркелген).

      7. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 87 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30732 болып тіркелген).

      8. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33260 болып тіркелген).

      9. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35593 болып тіркелген).

      10. "Мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және олармен еңбек шартын бұзу, көтермелеу шараларын қолдану және оларды жазалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36998 болып тіркелген).

      11. "Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2026 жылғы 26 мамырдағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38804 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады