Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 шілдеде № 39252 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және оның филиалдарының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін не мемлекеттік қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше кезеңдеріне қатысатын және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері)";

      2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының, олардың ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лауазымды адамдары арқылы, ал астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың аумақтық бөлімшелерінің, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның және оның филиалдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қатысты мемлекеттік бақылауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде, сондай-ақ уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша уәкілетті органның лауазымды адамдары арқылы жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тексерулер Заңның 27-1-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлерге бөлінеді";

      17-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 29-1, 29-2, 29-3 және 29-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "29-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын байқау графикке сәйкес және жоспардан тыс негізде жүзеге асырылады.

      29-2. Графикке сәйкес байқау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган байқау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейін бекітетін жартыжылдық байқау графигі негіз болып табылады, оған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшысының шешімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      Байқау графигіне енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бөлінісінде олардың маусымдылығы, жаппай көрсетілуі, проблемалылығы және әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету салалары бойынша іріктеу негіз болып табылады.

      29-3. Жоспардан тыс негізде байқау жүргізу үшін:

      1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша өтініштері;

      2) уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік жазбалары негіз болып табылады;

      29-4. Егер тексерілетін кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру жүргізілген болса, график негізінде байқау жүргізілмейді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері қызметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкестігіне байқауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету және мониторингтеу жөніндегі цифрлық жүйелерде көрсетілген мәліметтерді;

      2) орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары, аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар ішкі бақылау шеңберінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін тоқсан сайын ұсынатын ақпаратты;

      3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары және бұқаралық ақпарат құралдары деректерін;

      4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар ұсынған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша мәліметтерді талдау арқылы жүргізеді.";

      31-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы.";

      31-1, 31-2 және 31-3-тармақтар келесі мазмұнмен толықтырылсын:

      "31-1. Графикке сәйкес және жоспардан тыс негізде байқау жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол басталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      31-2. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамының байқау жүргізуді бастау туралы шешімі хабарлама түрінде рәсімделеді.

      Байқауды бастау туралы хабарлама, Қағидалардың 30-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген талдау нысанасын қоспағанда, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      31-3. Байқаудың аяқталу күні болып мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқау нәтижелері туралы анықтаманы не тексеруді бастау туралы хабарламаны жіберу күні есептеледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің басшылығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын байқау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) байқау нәтижелері туралы анықтамамен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері расталған жағдайларда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуын байқау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды, оның ішінде олардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар енгізіледі;

      2) алып тасталсын;

      3) Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 4) тармақшасында және осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген шараларды қабылдау туралы.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау бақылау іс-шарасы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарын сақтауына ішкі байқау нысанында жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды орталық мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіретін тиісті құрылымдық бөлімшелері және (немесе) жауапты адамдары жүргізеді (бұдан әрі – ішкі бақылау қызметі).";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органының (бөлімшесінің) ішкі бақылау қызметі орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары (бөлімшелері) көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізеді";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының ішкі бақылау қызметі ведомстволық бағынысты ұйымдар, сондай-ақ қызметін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органы үйлестіретін жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізеді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бақылау іс-шарасын жүргізуге негіз болатын құжаттар мыналар болып табылады:

      жоспарланатын кезеңнің (жылдың) алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 мамырына дейін орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының, орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық органының (бөлімшесінің), жергілікті атқарушы органның, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдары басшылығының бұйрығымен жартыжылдыққа бекітілетін бақылау іс-шараларының жоспары;

      орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының, орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық органының (бөлімшесінің), жергілікті атқарушы органның, астананың атқарушы органы, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органының басшылығының жеке және заңды тұлғалардың нақты фактілер бойынша өтініштері, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын байқау нәтижелері, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің, құқық қорғау органдарының тапсырмалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша мемлекеттік органдардың ақпараты, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар және сұрау салу арқылы зерделенген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуы туралы ақпарат негізінде бақылау іс-шарасын тағайындау туралы бұйрығы (шешімі).";

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда кедергілер келтірген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша оларды мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінуді қажет етпей қалпына келтіру жөнінде де шаралар қабылданады.";

      57-тармақта 6), 7) және 8) тармақшалар орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық анықтаманы қоса бере отырып, ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есепті тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей:

      орталық мемлекеттік органдар – уәкілетті органға;

      орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық органдары (бөлімшелері) – уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне;

      жергілікті атқарушы органдар – уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

      Есеп орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық органдары (бөлімшелері), ведомстволық бағынысты ұйымдар, қызметін мемлекеттік орган үйлестіретін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері, ведомстволық бағынысты ұйымдар, қызметін жергілікті атқарушы органдар үйлестіретін жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылаудың қорытындыларын қамтиды.

      Орталық мемлекеттік органның ведомствосы және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері және оның ведомствосы, ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі есепті бекітілген нысан бойынша орталық мемлекеттік органдарына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.

      Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жөніндегі есепті бекітілген нысан бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3 және 4-қосымшаларға сәйкес 6-1 және 6-2-қосымшалармен толықтырылсын;

      7-қосымшаның жолы

      "Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарын, сондай-ақ қызметін үйлестіруді орталық мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды ескере отырып, сонымен бірге орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және олардың ведомстволары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік көрсететін жеке және заңды тұлғалар"

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпарат ұсынатын адамдар тобы: орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволарын, аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарын, сондай-ақ қызметін орталық мемлекеттік органдар үйлестіретін мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларды ескере отырып, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды, сондай-ақ қызметін жергілікті атқарушы органдар үйлестіретін мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларды ескере отырып.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
С. Муксимов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 119 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік қызметтер
көрсету сапасын
мемлекеттік бақылау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тексеруді бастау туралы хабарлама

  "____"_________20____ жылғы №___

      1. Тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және

      лауазымы _______________________________________________

      2. Тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар

      туралы мәліметтер _______________________________________________

      3. Тексеру жүргізу тағайындалған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын

      мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері

      ______________________________________

      4. Тағайындалған тексерудің нысанасы

      _____________________________________

      5. Тексеру жүргізу мерзімі 20____ жылғы "___"____ бастап

      20___ жылғы "___"_____ дейін

      6. Тексерілетін кезең 20____ жылғы "___"_______ бастап 20____ жылғы "___"_______ дейін

      7. Тексеру түрі _________________________

      8. Тексеру жүргізу негіздері _______________________________

      9. Хабарламаға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолы ____________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 119 бұйрығына
2-қосымша
  5-қосымша
Мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын мемлекеттік бақылау
қағидаларына
  Нысан

Тексеру нәтижелері туралы анықтама № _____

      _______________________ анықтама жасалған орын "____"_________20____жыл уақыты ____

      1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы

      2. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді бастау туралы хабарламаның күні мен нөмірі

      3. Тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы

      4. Тексеру жүргізуге тартылған мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер

      5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, объектілер тізбесі (заңды тұлғаның немесе оның филиалының және (немесе) өкілдігінің атауы, оған қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)), оның орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, аумақ учаскесі

      6. Тексеру жүргізу мерзімі

      7. Тексеру жүргізілген күні, орны және кезеңі

      8. Тексеру нәтижелері туралы мәліметтер, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты (фабуласы)

      9. Тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы (қолдары)

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың анықтамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы

      Ауызша нысанда тыңдау өткізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісі оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішхат беруге, анықтама жобасына қарсылық ұсынуға немесе айтуға құқылы.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 119 бұйрығына
3-қосымша
  6-1-қосымша
Мемлекеттік қызметтер
көрсету сапасын мемлекеттік
бақылау қағидаларына
  Нысан

Байқау жүргізу туралы хабарлама №____

      "___"_____________20____ жылғы

      1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы: ____________

      2. Байқау жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы: __________________________

      3. Оған қатысты байқау жүргізу тағайындалған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі__________________

      4. Тағайындалған байқаудың нысанасы: ____________________________

      5. Байқау жүргізу мерзімі: _________________________________

      6. Байқау жүргізу негіздері: ____________________________

      7. Тексерілетін кезең: ________________________________________

      8. Хабарламаға қол қоюға уәкілетті адамның

      қолы:_______________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
міндетін атқарушы
2026 жылғы 7 шілдедегі
№ 119 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік қызметтер
көрсету сапасын мемлекеттік
бақылау қағидаларына
6-2-қосымша
  Нысан

Байқау нәтижелері туралы анықтама № _____

  20__ жылғы "____"_________
  _______________________
  жасалған жері
  уақыты _____

      1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы

      _____________________________________________________

      2. Байқаудың басталғаны туралы хабарламаның күні және нөмірі

      _________________

      3. Байқау жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы _____________________________

      4. Байқау жүргізілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері

      ___________________________________

      5. Байқау жүргізу мерзімі _________________________________

      6. Байқау жүргізілген күні, орны және кезеңі ____________________

      7. Байқау нәтижелері туралы мәліметтер, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты (фабуласы)

      ___________________________________

      8. Байқау жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы (қолдары)

      _______________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады