ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 177-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36008 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарттарында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, орталық атқарушы органдардың алқалы органдарының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау өткізу;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Заңның 16-бабының 3 және 6-тармақтарында көзделген ақпаратты МО ИРБП-ға орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілген. Интернет-ресурс басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін;".
2. "Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 177-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 111-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38157 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;".
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
