БҰЙЫРАМЫН:
1. "Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 16654 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңының 7-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу тәртібін айқындайды.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) домендiк ат – Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр желiлiк адреске сәйкес келетiн және Интернеттің объектiсiне атауландырып өтініш жасауға арналған символдық (әрiптiк-цифрлық) белгiлеме;
2) домендік аттар жүйесі Domain Name System (бұдан әрі – DNS) – домендік аттар туралы ақпарат алу үшін бөлінген деректер қоры. Домендік аттарға және Internet Protocol (IP) мекенжайларына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтиды және 1032, 1034, 1035, 1122, 1133, 1591 Request for Comments стандарттарына (бұдан әрі – RFC) сәйкес жұмыс істейді;
3) домендік аттардың тіркелушісі (бұдан әрі – тіркелуші) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркеушіге Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркеу үшін өтінім жіберген және домендік аттарды Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде тіркеу кезеңінде оның иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
4) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігі – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешендерде орналастырылатын интернет-ресурстар жиынтығы;
5) Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістігіндегі домендік аттардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістігін дамытуды жүзеге асыратын "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган белгілеген коммерциялық емес қоғамдық ұйым;
6) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі бірінші деңгейлі домендiк ат (бұдан әрі – бірінші деңгейлі домендік ат) – .KZ және (немесе) .ҚАЗ, Қазақстан Республикасы мүддесінде пайдалану үшін ICANN халықаралық ұйымы бөлген, Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістік иерархиясында негізгі домендік аттан бір саты төмен орналасқан және негізгі домендік аттың (RFC-882) тікелей нақты ішкі домені болып табылатын домендік ат;
7) Интернеттің қазақстандық сегментi кеңістігіндегі екінші деңгейлі домендік ат (бұдан әрі – екінші деңгейлі домендік ат) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістік иерархиясында бірінші деңгейлі домендік аттан бір саты төмен орналасқан және бірінші деңгейлі домендік аттың тікелей (нақты) ішкі домені болып табылатын (RFC-882) домендік ат;
8) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттардың тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – тіркелген домендік аттар туралы барлық мәліметтер қамтылған Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі барлық тіркелген домендік аттар дерекқорының орталықтандырылған жиынтығы;
9) Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды бірінші деңгейлі тіркеуші (бұдан әрі – тіркеу орны) – тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын және бірінші деңгейлі қазақстандық домендік аттың тұрақты жұмысын жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігіндегі домендік аттарды екінші деңгейлі тіркеуші (бұдан әрі – тіркеуші) – домендік аттарды тіркеу, тізіліміне домендік ат туралы ақпарат енгізу және оны жою, сондай-ақ тіркеу орны мен тіркеуші арасындағы келісімнің негізінде домендік аттарды тіркеушінің домендік атты пайдалану бойынша құқығын қамтамасыз ету тізіліміне енгізілетін мәліметтерді өзгерту бойынша қызметтерді көрсету үшін (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) әкімші аккредиттеген заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті. Қазақстан Республикасының бейрезиденті ICANN Тіркеушісі ретінде аккредитациясы болған жағдайда ғана ұлттық домендік атаулар әкімшісінің аккредитациясын алуға құқылы;
11) Интернеттің қазақстандық сегментi кеңістігіндегі үшінші деңгейлі домендік ат (бұдан әрі – үшінші деңгейлі домендік ат) – Интернеттің қазақстандық сегментiнің домендік кеңістік иерархиясында екінші деңгейлі домендік аттан бір саты төмен орналасқан және екініші деңгейлі домендік аттың тікелей (нақты) ішкі домені болып табылатын (RFC-882) домендік ат;
12) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) негізгі домендік ат – Интернетте RFC-882 стандартының негізінде жұмыс істейтін, "." нүктесімен белгіленетін домендік ат;
14) отандық қауіпсіздік сертификаты – отандық куәландырушы орталығы берген, шифрлауды қолдайтын, хаттамаларды қамтитын, трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
15) өтінім – Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігіндегі домендік аттарды тіркеу (тіркеу мерзімін ұзарту) үшін барлық мәліметтерді, бұрын мәлімделген мәліметтерді өзгертуді, домендік атты беруді, тасымалдауды немесе қолданыстағы тіркелуінің күшін жоюды қамтитын тіркелушінің тіркеушіге өтініші;
16) резервтелген домендік аттар – осы Қағидаларда белгіленген қысқартылған аттарға сәйкес келетін мемлекет мұқтажына арналған домендік аттар;
17) фишинг – Интернетті пайдаланушының есептік немесе құпия деректерін заңсыз алуға бағытталған әдістер жиынтығы;
18) шетелдік қауіпсіздік сертификаты – шетелдік куәландырушы орталығы берген, шифрлауды қолдайтын, хаттамаларды қамтитын, трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы;
19) DNS-сервер – домендік аттар жүйесіне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым орындалатын жабдық;
20) RFC – Интернеттің жұмыс істеуінің техникалық және ұйымдастырушылық жағдайларын айқындайтын және Internet Engineering Task Force және Internet Engineering Steering Group қоғамдық ұйымдар қабылдайтын құжат;
21) WHOIS-сервер – RFC-3912-ге сәйкес жұмыс істейтін, тіркелген домендік аттар туралы мәліметтер алуға арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтылым, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым орындалатын жабдық.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті органнан немесе Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығынан киберқауіпсіздік оқыс оқиғасы туралы хабарлама түскенде, оны тіркелуші жоймаған;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) интернет-ресурста Киберқауіпсіздіктің жедел орталығынан немесе Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінен, салалық Киберқауіпсіздіктің жедел орталығынан келіп түскен фишингтің анықталғаны туралы хабарлама болған жағдайларда уақытша тоқтатылады.".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
