Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтардың және бұйрықтардың құрылымдық элементерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39207 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтардың және бұйрықтардың құрылымдық элементерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды.

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 102 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтардың және бұйрықтардың құрылымдық элементерінің тізбесі

      1. "Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8808 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 172 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14554 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген).

      4. ""Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 16 қазандағы № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33554 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады