ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 ақпандағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31904 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
| Қазақстан Республикасының | |
| Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2026 жылғы 1 шілдедегі № 115 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндері
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар үшін оқуын аяқтағаннан кейін екі жыл ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдануға арналған оқу нәтижелері келесі мәндерден төмен болмайды:
"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары | Әріптік жүйе бойынша нәтижелер (бағалар) | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (пайыздық құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша нәтижелер (бағалар) |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, мәслихат аппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, астана мәслихаты аппаратынан, тексеру комиссиясынан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астана мен оның аудандарындағы аумақтық бөлімшелерінен басқа) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына | B+ | 3,33 | 85-89 | жақсы |
2. Білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдануға арналған оқу нәтижелері келесі мәндерден төмен болмайды:
