"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 321 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39200 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және "Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:

      ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;

      ағымдағы күнтізбелік жылда жаңадан құрылған және білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған ұлттық ЖЖОКБҰ-да – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;

      басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      Оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ға "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес өткізілетін саралау нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ белгілеген қосымша емтихан және (немесе) өту шекті балынан өткен жағдайда қабылданады.

      Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.

      Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.

      ҰБТ-ны электрондық форматта өту кезінде республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына оқуға түсуші осы тармақта көрсетілген қажетті балл саны бар ҰБТ-ның екі нәтижесінің бірімен қатыса алады.

      Осы тармақта көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға қолданылмайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар ұлты қазақ тұлғалар қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.

      ЖЖОКБҰ-ға "орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігі бар техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін, ақылы оқуға түсетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша адамдарды қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      Ақылы негізде қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары білімі бар адамдарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдауды ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      Мерзімді әскери қызмет өткерген, жалпы орта білімі бар азаматтарды ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша қоспағанда, күнтізбелік жыл ішінде ЖЖОКБҰ -ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

      Мерзімді әскери қызмет өткерген, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін екі жыл ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша оқудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға қабылданады, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша қоспағанда. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

      Заңға сәйкес іске асырылатын эксперименттік алаң шеңберінде жоғары білім беру бағдарламалары бойынша адамдарды оқуға ақылы негізде қабылдау ҰБТ нәтижелерін ескермей, ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары жүргізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.";

      32, 33, 33-1 және 33-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау үшін қосымша, арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелерін қорытындысын қосымша, арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының цифрлық жүйесіне береді.

      33. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушылар ЖЖОКБҰ-ға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы немесе www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қызмет берушіге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында ұсынады.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ЖЖКОБҰ студенттерінің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

      33-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган осы Үлгілік қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкiметтiң" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жолдауды қамтамасыз етеді.

      33-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, жоғары тұрған әкімшілік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын қызмет беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Жоғары тұрған әкімшілік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      34-тармақ алып тасталсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 9) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 22) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Магистратураға, докторантураға, оның ішінде мақсатты даярлау бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      Магистратураға, докторантураға және резидентураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

      Мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін үш жыл ішінде бейінді магистратураға ақылы негізде мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қабылдау ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша түсу емтихандарынсыз жүзеге асырылады. Бұл ретте мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарына және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған олардың филиалдарына қабылдау қағидаларын ЖЖОКБҰ дербес әзірлейді және бекітеді.

      Заңға сәйкес іске асырылатын эксперименттік алаң шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша адамдарды оқуға ақылы негізде қабылдау КТ нәтижелерін ескермей, ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары жүргізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады.";

      7-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЖЖОКБҰ-да магистратураға түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және (немесе) ҰТО-ның цифрлық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде:

      1) күнтізбелік жылғы 1 маусым – 8 шілде аралығында;

      2) күнтізбелік жылғы 28 қазан – 10 қараша аралығында жүргізіледі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "IELTS (International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем), TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Интернет бейзид тест), DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун), TFI (Test de Franзais International (Тест де франсэ Интернасиональ), Diplome d’Etudes en Langue franзaise (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз), TCF (Test de connaissance du franзais (Тест де коннэссанс дю франсэ) шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғаларға КТ-ға электронды форматта және конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сертификат деректерін енгізу қажет.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖЖОКБҰ-да докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары және ҰТО-ның цифрлық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде:

      1) күнтізбелік жылғы 3 шілде – 3 тамыз аралығына дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 28 қазан – 10 қараша аралығында жүргізіледі.";

      сегізінші және он бірінші бөліктері алып тасталсын;

      он төртінші бөлік келесі редакцияда жазылсын:

      "Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);

      3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);

      5) шет тілін меңгергенін растайтын сертификат:

      философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсушілер үшін:

      ағылшын тілін меңгеру бойынша:

      International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;

      TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;

      Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл кемінде – 80;

      неміс тілін меңгеру бойынша:

      Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДИСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

      TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТИДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;

      француз тілін меңгеру бойынша:

      Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;

      Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

      Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

      Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес;

      бейіні бойынша докторлар, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантураға түсушілер үшін:

      ағылшын тілін меңгеру бойынша:

      International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик);

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ);

      Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ);

      TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн));

      Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест);

      неміс тілін меңгеру бойынша:

      Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH) (ДИСИЭИЧ);

      TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (TDF) (ТИДИЭФ);

      француз тілін меңгеру бойынша:

      Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ);

      Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ);

      Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ);

      Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ).

      Философия докторлары (PhD) және бейіні бойынша докторлар бағдарламасына "D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау", "D006 – Музыка педагогтерін даярлау", "D017 - Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" және "D018 - Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсуші үміткерлерге шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар талап етілмейді;

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама.

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;

      7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;

      9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;

      10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).";

      10, 10-1 және 10-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Магистратураға немесе резидентураға түсуші адамдар күнтізбелік жылғы 25-28 тамыз аралығында ЖЖОКБҰ – ға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы немесе "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасын тапсырады.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы немесе медициналық білім беру бағдарламалары бойынша "дәрігер" біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат, медициналық анықтама көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш келіп түскен күні. Құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылғы 28 тамызға дейінгі мерзімде ұсынады.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ЖЖКОБҰ-ға магистранттардың немесе резиденттердің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Келісуші мемлекеттік органның жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган осы Үлгілік қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкiметтiң" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жолдауды қамтамасыз етеді.

      10-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, жоғары тұрған әкімшілік органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын қызмет беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Жоғары тұрған әкімшілік органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Магистратураға түсетін тұлғалар шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде, осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес аударыла отырып келесі тілдер бойынша аударыла отырып, шет тілі бөлімінен өз қалауымен босатылады:

      ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc);

      TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test);

      неміс тілі: DSH (Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang), TestDaF-Prufung;

      француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse), DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse), TCF (Test de connaіssance du franзaіs).

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен жарамдылық мерзімі білім беру гранттарын республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде немесе ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау барысында қабылдау комиссиялары тарапынан тексеріледі.";

      17, 17-1 және 17-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Докторантураға түсуші тұлғалар күнтізбелік жылғы 22 мен 28 тамыз аралығында көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе портал арқылы осы Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білімі туралы немесе медициналық білім беру бағдарламалары бойынша "дәрігер" біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат, медициналық анықтама көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қызмет берушіге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылғы 28 тамызға дейін ұсынады.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ЖЖОКБҰ докторанттары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      17-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, "цифрлық үкiметтiң" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жолдауды қамтамасыз етеді.

      17-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан және апелляциялық комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Емтихан комиссиясының құрамына апелляциялық комиссияның мүшелері кірмейді.

      Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан және апелляциялық комиссиясының құрамы комиссия төрағалары көрсетіле отырып, ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі және ғылым және жоғары білім саласындағы және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      ЖЖОКБҰ-ның емтихан комиссиялары жұмыстарды түсушінің жеке коды бойынша тексереді және қарау нәтижелерін цифрлық жүйе арқылы ҰТО-ға нәтижелерді одан әрі жариялау үшін жібереді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Докторантураға, магистратураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке және ҰТО-ның цифрлық жүйесі арқылы беріледі.

      Өтініштер докторантураға түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар және КТ нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін қабылданады және ЖЖОКБҰ-ның апелляциялық комиссиясы өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.

      Магистратураға түсу үшін электрондық форматтағы КТ кезінде апелляцияға өтінішті тестілеуге қатысқан тұлға ҰТО цифрлық жүйесі арқылы:

      техникалық себептер бойынша тестілеу кезінде;

      мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді.";

      1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2, 4 және 6-қосымшалар алып тасталсын;

      9-1-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталады және киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  бұйрығына 2-қосымша
Жоғары оқу орнынан кейінгі
білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына 1-1-қосымша

"Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Құжаттарды қабылдау бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі, ал оқуға қабылдау:
1) күнтізбелік жылғы 15-28 тамыз аралығында;
2) күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты (практиканы ескере отырып)-15 минут.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған), қағаз түрінде.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және күнтізбелік жылғы 28 тамызға дейін қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткендерге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық шығару болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www. edu. gov. kz;
2) порталда: www. egov. kz орналастырылған.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Магистратураға немесе резидентураға түсуші тұлғалар: ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа) (магистратураға түсу үшін);
3) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша "дәрігер" біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат (резидентураға түсу үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3x4 сантиметр алты фотосурет;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 6.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде - 60;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH) (ДИСИЭИЧ) – В2 деңгейі;
TestDaF-Prufung(тестдаф-прюфун) (TDF) (ТИДИЭФ) – В2 деңгейі;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - В2 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Осы тармақтың 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 6.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде - 60;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH) (ДИСИЭИЧ) – В2 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung(тестдаф-прюфун) (TDF) (ТИДИЭФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) - В2 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
3) еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
4) көлемі 3x4 сантиметр цифрлық фото;
5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, медициналық білім беру бағдарламалары бойынша "дәрігер" біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.
2. Философия докторлары (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттар топтамасын тапсырады:
ЖЖОКБҰ-ға өтініш жасаған кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетел азаматтарын қоспағанда, Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
5) шетел азаматтарын қоспағанда, шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH) (ДИСИЭИЧ) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (TDF) (ТИДИЭФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес.
Философия докторлары (PhD) және бейіні бойынша докторлар бағдарламасына "D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау", "D006 – Музыка педагогтерін даярлау", "D017 - Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" және "D018 - Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсуші үміткерлерге шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар талап етілмейді.
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) көлемі 3x4 сантиметр алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық құжат;
9) Ғылыми зерттеу жобасы (Research proposal) (РисҰрч прэпоузал) және соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша).
Осы тармақтың 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) болжамды отандық немесе шетелдік ғылыми консультантпен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеу негіздемесінің электрондық құжаты;
3) ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат;
4) шетел азаматтарын қоспағанда, шет тілінен тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл кемінде – 550;
Duolingo English Test (Дуолинго Ингиш тест), шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH) (ДИСИЭИЧ) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (TDF) (ТИДИЭФ, ниво В1)– В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В1 деңгейінен төмен емес.
Философия докторлары (PhD) және бейіні бойынша докторлар бағдарламасына "D005 – Дене шынықтыру педагогтерін даярлау", "D006 – Музыка педагогтерін даярлау", "D017 - Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" және "D018 - Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша докторантураға түсуші үміткерлерге шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттар талап етілмейді.
5) көлемі 3x4 сантиметр цифрлық фото;
6) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық құжат;
7) Ғылыми зерттеу жобасы (Research proposal) (РисҰрч прэпоузал) және соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білім туралы құжат, медициналық анықтама, медициналық білім беру бағдарламалары бойынша "дәрігер" біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден ұсынылады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздер бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттар және (немесе) олардағы деректер (мәліметтер) дұрыс болмағанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде бас тартады.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда портал арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz және Бірыңғай байланыс орталығы 8-800-080-7777, "1414".

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2026 жылғы 1 шілдедегі
№ 321 бұйрығына 1-қосымша
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына 3-қосымша

"Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) – (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Құжаттарды қабылдау бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі, ал оқуға қабылдау күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты (практиканы ескере отырып)-15 минут.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған) қағаз түрінде.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында: www. sci.gov.kz;
2) порталда: www.egov.kz орналастырылған.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
6) ҰБТ сертификатын;
7) ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
8) білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады. портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) 3x4 көлеміндегі цифрлық фото;
3) ҰБТ сертификаты;
4) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы мәліметтерді, медициналық анықтаманы, ҰБТ электрондық сертификатын және білім беру грантын беру туралы электрондық куәлікті (цифрлық жүйелерде болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден цифрлық жүйе арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы порталда "жеке кабинетінде" ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік жылдың 20 маусым – 25 тамызы аралығында құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.
ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысанда өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4) өлшемі 3 x 4 сантиметр болатын 6 фотокарта;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
6) әскери билеттің көшірмесі.
Шетелдік азаматтар үшін құжаттарды қабылдау оқу орнынан берілген анықтама немесе тиісті білім деңгейін аяқтағанын растайтын құжат, сондай-ақ үлгерім табелі (транскрипт) негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі немесе жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы тиісті академиялық кезең басталғанға дейін ұсынылады
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында танылуға жатады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған: www. sci. gov. kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады