"Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 310-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39197 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14042 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және жеке архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереженің 15-тармағы 496-41) тармақшасына, сондай-ақ "Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33204 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және жеке архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік және жеке архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік және жеке архивтердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереженің 15-тармағы 496-41) тармақшасына, сондай-ақ "Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33204 болып тіркелген) әзірленген және еңбек қызметі барысында мемлекеттік және жеке архив жұмыскерлерінің (бұдан әрі – жұмыскерлер) өмірі мен денсаулығының сақталуына бағытталған тәртіпті, рәсімдерді және нормативтерді белгілейді.";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жеке архив – архивтік құжаттарды жинауды, сатып алуды, жинақтауды, ретке келтіруді, сақтауды, есепке алу мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі немесе қызметі, жинауы және сатып алуы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғаның архивтік құжаттары;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) мемлекеттік архив – Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, сатып алу, жинақтау, ретке келтіру, тұрақты сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалану құқығы берілген мемлекеттік мекеме.";

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жұмыскерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік және жеке архивтер (бұдан әрі – архив) ғимараттарының тиісті түрде ұсталуын және өндірістік құрал-жабдықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар архивте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мониторинг жүргізу;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына, ғимараттарды өртке қарсы қорғаудың техникалық құралдары мен жүйелерінің (өрт дабылы және өрт сөндіру, түтінге қарсы қорғау, өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт кезінде адамдарды және қол өрт сөндіргіштерді, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын, адамдарды құтқарудың жеке және ұжымдық құралдарын құлақтандыру және эвакуациялауды басқару) – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) (бұдан әрі – Техникалық регламент) бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне сәйкес ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесіне, қорғау жүйесіне және жылыту жүйелеріне тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) бекітілген Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес жұмыскерлеріне өртке қарсы нұсқаулық жүргізу жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жұмысты бастар алдында жұмыскер өзінің жұмыс орнын қарап шығады және жұмыс құрал-жабдықтарының жарамдығын тексереді.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Мемлекеттік архивтерде құжаттарды кез келген жеткізгіштерде ұзақ уақыт сақтау үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларының 120-тармағына, жеке архивтерде – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларының 97-тармағына сәйкес ауаның температуралық-ылғалдылық параметрлері қолданылады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Архивті санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен жабдықтау "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады