БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 5 маусымдағы № 36/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32704 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарының патрульдеуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) тасымалданатын бейнетіркегіш (бұдан әрі – бейнежетон) – құқық бұзушылықтың жасалу фактілерін, сондай-ақ әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің әрекеттерін аудио- және бейнетіркеуін жүзеге асыруға арналған портативті техникалық құрылғы.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әскери полиция органдарының әскери көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында патрульдеу жүргізу тәртібі "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары автокөлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 445/ҚБП бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 8841 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Патруль жетекшісі қосымша бейнежетон алады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
