ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін, сондай-ақ "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";
9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесі (бұдан әрі – СМЦЖ) – "цифрлық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған цифрлық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
10) субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – СМЦЖ веб порталы) – субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
11) субсидиялауға арналған өтінімдердің цифрлық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және СМЦЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;
12) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін цифрлық объект;
13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын тиісті жылдың бірінші сәуіріне дейін СМЦЖ-дың веб-порталында және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің интернет-ресурсында субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдаудың мерзімдері туралы, белгіленген субсидиялар нормативтері туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті беруші субсидияларға арналған жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны СМЦЖ-дың веб-порталында орналастырады.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші бөлінген бюджет қаражатын өнімдер тізбесінде көрсетілген субсидияланатын өнімдер бойынша бөледі және СМЦЖ-дың веб-порталына орналастырады.
Өнімдер тізбесінде көрсетілген субсидияланатын өнімдердің біреуі бойынша өтінім болмаған жағдайда, бюджет қаражатын өнімдер тізбесінде көрсетілген өнімдер арасында бір жыл ішінде қайта бөлуге жол беріледі.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) өңдеуші кәсіпорындардың "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді беруі.
"Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы мен СМЦЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің СМЦЖ-да тіркелуі;";
3-1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) СМЦЖ бен электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ ЦЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның (өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын және дайын өнімді өткізгенін растауы (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің, алдыңғы жылдан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы, және өңдеуші кәсіпорынның (өңдеуші кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің) дайын өнімді өткізу туралы алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы).";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМЦЖ-да іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМЦЖ-ға орналастырады.
Министрлік осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. СМЦЖ веб-порталы (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
1) өңдеуші кәсіпорын СМЦЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ алады;
2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жібереді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 14-тармағы 4) тармақшасының талаптарын СМЦЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім СМЦЖ-да өңдеуші кәсіпорынның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жолданады.
Өңдеуші кәсіпорын көрсетілетін қызметті беруші төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімдегі деректердің сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, өңдеуші кәсіпорын қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.";
20-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20-2. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің заттай мәндегі өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна х агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе қызметтің) бағасы, мың теңге.
Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, өңдеуші кәсіпорын СМЦЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.
Қарсы міндеттеме теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 6-қосымшаның 8-бағаны) орындалмады деп есептеледі, ол өтінім берілген жылдың алдындағы алдыңғы 2 (екі) жылдағы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі (тауарлары немесе көрсетілетін қызметтері) көлемдерінің арасындағы айырма арқылы есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.
Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші рет және одан кейін де міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) республика бойынша орташа бағалары туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМЦЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа өнімі (тауары немесе көрсетілетін қызметі) пайда болған жағдайда, оның республика бойынша орташа бағалары СМЦЖ-ға тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде енгізіледі. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе қызметтерінің) көлемін есептеу кезінде 2024 жылғы тіркелген баға пайдаланылады. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты өңдеуші кәсіпорын осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.
Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік тіркеуден өткен өңдеуші кәсіпорындар өткен жылғы жалпы өнім көлемін "0" мәнінде көрсетеді.
Қайта өңдеуші кәсіпорынның қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі СМЦЖ-да белгіленеді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шоттарын СМЦЖ-да қалыптастырады.
Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.
Резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады.
Өтінім бойынша субсидиялар сомасын толық төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде субсидиялар сомасын бөліктерге бөлуге жол беріледі. Өңдеуші кәсіпорынға субсидиялар сомасын бөліктерге бөлу туралы хабарлама осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады. Бұл ретте субсидиялар сомасының төленбеген қалдығы келесі айда не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде төленеді.
Субсидиялар нормативтері мен субсидияларды есептеу тәртібі өзгерген жағдайда резервке (күту парағына) енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу субсидиялар нормативтеріне және өтінімдерді беру сәтінде қолданыста болған субсидияларды есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМЦЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.
Тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан мәлімделген субсидиялар көлемі асып кеткен кезде жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.";
мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3 және 22-4-тармақтармен толықтырылсын:
"22-1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
22-2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз және (немесе) әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тәртібімен қаралатын мәселелер шешілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұрады.
22-3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
1) осы Қағидалардың 22-2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе әрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы Қағидалардың 22-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
22-4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтініш хаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің әсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болуы.";
23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23-1. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау мониторингі үшін тиісті жылдың 30 желтоқсанына дейінгі мерзімде Министрлікке СМЦЖ-да қалыптастырылған және жүктеліп алынған субсидияларды пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
| "; |
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық цифрландырылған). |
| "; |
реттік нөмірі 6-жолда орыс тіліндегі мәтінге өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, бесінші және жиырма жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект
және цифрлық даму
министрлігі
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
_______________________________________ жергілікті атқарушы органына
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)
кімнен: ________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), құрғақ бидай дәнмаңызы (бидай глютені) өндіру және өткізу үшін __ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға _____________________
_______________________________________________________________теңге
(сома цифрмен және жазбаша)
мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы _______________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________
мекенжайы:__________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: ________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________
кім берді_____________________________________________________
берілген күні _________________________________________________
мекенжайы:___________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _________________________________________
Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарламаның берілген күні _____________________________________
2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта
операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН ____________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ____________________________
банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________
банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________
банктің сәйкестендіру коды ____________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________________________
БСН ______________________________________________________
Кбе ______________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке толтырылады):
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактураның берілген күні | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм | Бағасы, килограмына теңге, ҚҚС-ны есептемегенде | Құны, теңге | Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі) |
4. Дайын өнімнің (өтінім беру сәтінде) өткізілгенін растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір сатып алушы бойынша мәліметтер жеке толтырылады):
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактураның берілген күні | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм | Бағасы, килограмына теңге, ҚҚС-ны есептемегенде | Құны, теңге | Сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы |
5. Тиесілі субсидиялар есептемесі (автоматты түрде толтырылады):
Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Өндірілген өнімнің көлемі, килограмм | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі | Шот-фактурадан алынған деректер бойынша нақты сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, килограмм | Субсидия нормативі, теңге/ килограмм | Қысқартылған субсидия нормативі, теңге/ килограмм (бар болса) | Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 201040000013) "Тіркеуші цифрлық жүйе" цифрлық жүйесін құру жобасы аясында және көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша бюджет атқарылуына уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық берілмегені туралы, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді дереккөздерде таратылмағаны туралы хабарлаймын.
Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық почта мекенжайы, телефон нөмірі.
Өтінім беруші 20__ жылғы "___"______ сағат _______ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ЖӨ
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20__ж
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: субсидия алатын өңдеуші кәсіпорындар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
жыл сайын, 20 қаңтардан бастап және тиісті жылдың соңына дейінгі мерзімде.
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ |
|
Жинау әдісі: электрондық түрде.
Облыс_________________________________________
Жылы _________________________________________
Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішісі бойынша код
________________________________________________
Облыс атауы | Өңдеуші кәсіпорынның атауы | Өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы | Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна | Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, теңге* | Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5*6)** |
Ауытқу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Атауы_______________________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефоны____________________________________________________________
Электрондық почтасының мекенжайы____________________________________
Орындаушы__________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, телефоны
Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы " " __________
Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 20-2-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік цифрлық жүйесімен (бұдан әрі – СМЦЖ) автоматты түрде толтырылады;
** СМЦЖ-да автоматты түрде есептеледі.
АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі өндірілген өнімнің – сары май, қатты ірімшік және құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) және құрғақ бидай дәнмаңызының (бидай глютені) көлемін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және тиеп-жөнелту туралы алғашқы статистикалық деректерді беруге келісемін. Бұл талап жұмыскерлерінің санына қарамастан, "Өнеркәсіп" қызметінің негізгі және (немесе) қосалқы түрлерімен (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 05-33, 35-39 кодтарына сәйкес) заңды тұлғаларға және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелеріне қолданылады.
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
| Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанына қосымша |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1-ЖӨ нысан, кезеңділігі: жылдық)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған "Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды өңдеуші кәсіпорындар мемлекеттік цифрлық субсидиялау жүйесінде (бұдан әрі – СМЦЖ) толтырады.
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысанды:
субсидия алатын өңдеуші кәсіпорындар ұсынады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. Нысанның 1-бағанында ұлттық Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында субсидия алатын өңдеуші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Нысанның 4-бағанында өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 5-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі заттай мәнде, тоннамен көрсетіледі.
11. Нысанның 6-бағанында агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы туралы деректер, мың теңгемен көрсетіледі, олар автоматты түрде СМЦЖ-да толтырылады.
12. Нысанның 7-бағанында агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңгемен көрсетіледі, ол автоматты түрде СМЦЖ-да есептеледі.
13. Нысанның 8-бағанында ауытқу, мың теңгемен көрсетіледі, ол СМЦЖ-да автоматты түрде толтырылады.
