"Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты қамтамасыз етілген цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 172/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 106 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 344/НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 92 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 маусымда № 39151 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты қамтамасыз етілген цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 172/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 106 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32792 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
________С. Жумангарин______Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады