ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағында:
2-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижесі бар сынақтар хаттамаларының болуы |
";
5-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Цифрлық жүйеде техникалық қолдау қызметінің цифрлық майнингтік пулының және клиенттердің тәулік бойы жұмыс істейтін режимдегі жолданымдарының болуы |
";
6-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Цифрлық майнингтік пулының цифрлық жүйесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пайдаланушы интерфейсінің болуы |
".
2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы ,туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктеймін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
