Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 182-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 маусымда № 39135 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      2026 жылғы 12 шілдеден бастап:

      Тізбенің 2-тармағының он бесінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:

      "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      Тізбеге 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Ш. Акпарова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 182-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10178 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген гранттың мөлшері мен оны беру тәртібін белгілей отырып, "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларында:

      11-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) оқытудың цифрлық технологияларын енгізу (қазіргі заманғы білім беру технологияларын тиімді қолдану, 1 компьютерге шаққанда келетін оқушы саны, Интернетке қосылу, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу үлесі);";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету (5 жылда 1 рет педагогтардың біліктілік арттыру курсынан өтуі, цифрлық технологияларды қолдану және деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтардың үлесі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі, ағымдағы жылы білім беру ұйымына жұмыс істеуге келген жас мамандар үлесінің серпіні, жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтардың үлесі, эксперименттік, зерттеу, қолданбалы жұмыстарға, ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, оқу және әдістемелік басылымдарға сараптама жасауға қатысуы, авторлық оқу құралдарының, бағдарламаларының, ғылыми әзірлемелерінің, басылымдарының бар болуы, озық педагогикалық тәжірибе енгізу, оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету);";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау (білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің бар болуы, педагогтарды цифрлық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі);".

      2. "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 13110 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 34) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы) 10-бабына сәйкес әзірленді және экстернат нысанында оқыту мен негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес ресімделеді.

      Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Экстерндерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Шетелде тұратын білім алушы экстернат нысанында білім алған кезде тиісті білім беру деңгейінің оқу бағдарламаларын дербес меңгереді, үлгерімді ағымдағы бақылаудан (бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау, тоқсан бойынша жиынтық бағалау) өзі бекітілген орта білім беру ұйымында қашықтықтан өтеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қорытынды аттестаттаудан өткен экстерндерге "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) сәйкес білім деңгейі (сатысы) туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.";

      20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 4-қосымшасы осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 29031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) цифрлық технологияларды қолдана білу;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; цифрлық технологиялардың қарапайым құралдарын қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді беру машықтарын қалыптастыруға бағытталған.";

      34-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өрнектер жазу үшін, санды өрнектерді түрлендіру үшін, есептер шығару үшін математикалық символдарды, арифметикалық амалдар мен қасиеттерді; натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша есептеу амалдарын; шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін (ұзындық, аудан, көлем, масса, уақыт); шамаларды өлшеу құралдарын; есеп шарттарын жазудың математикалық тілі мен графикалық модельдерін; теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; периметр мен ауданды есептеу формулаларын (шаршының, тік төртбұрыштың, тікбұрышты үшбұрыштың); жиын элементтері арасындағы қатынастарды көрсету үшін Эйлер-Венн диаграммаларын; санның бөлігін және оның бөлігі бойынша санды табу білігін; ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және жеткізуге арналған цифрлық технологияларды; ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеуге, модельдер құруға арналған қолданбалы бағдарламаларды; алға қойылған міндеттерді шешу үшін интернет қызметін; компьютерде жұмыс істеу принциптерін қолданады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) заттарды олардың белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай сыныптауышын; шамалар арасындағы тәуелділіктің математикалық моделін; шынайы әлемнің нақты нысандары мен процестерінің бейнелер мен сызбалар түріндегі ең қарапайым модельдерін; ұсынылған мәліметтер немесе математикалық модельдер бойынша есеп құрастырады және оған кері есеп құрайды; берілген заңдылықтар бойынша тізбек құрастырады; практикалық міндеттерді шешу үшін цифрлық технологияларды қолданып, объектілер мен жағдаяттардың модельдерін; қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің мүмкіндіктері туралы білімдерін түрлі міндеттерді шешу үшін жинақтайды;";

      37-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын; өнердің мәнерлілік құралдарын; идеяларды дамыту үшін әртүрлі ақпарат көздерін және цифрлық технологияларды; шығармашылық жұмыс жасау үшін әртүрлі көркем материалдарды, құралдарды және техникаларды; шығармашылық жұмысты жасау үшін өнердің түрлері, стилдері мен жанрлары туралы білімді; қауіпсіздік техникасының ережелерін; жеке және ансамбльде, хорда/оркестрде ән айтуда, музыкалық аспаптарда ойнауда сезімді, көңіл-күйді жеткізу үшін, қарапайым шығармаларды, импровизацияларды, шығармашылық жобаларды, оның ішінде компьютерлік музыкалық бағдарламаларды пайдалана отырып жасау үшін музыкалық сауаттылық негіздерін; музыкалық құбылыстарды, қоршаған өмірдің құбылыстарын дыбыс тілі арқылы түсіндіргенде музыканың түрлері, стилдері және жанрлары туралы білімді қолданады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шығармашылық жұмыстарды жасау үшін тәсілдер мен техникаларды, материалдың қасиеті мен мүмкіндіктерін; идеяны дамыту үшін түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып алынған ақпаратты; шығармашылық жобаларды орындау және идеяларды, оның ішінде музыкалық компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып іске асыру үшін білімдерді, дағдыларды, ақпаратты, шығармашылық жұмысты әзірлеу үшін өнердің әртүрлі элементтерін синтездейді;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) коммуникативтілік және цифрлық технологияларды тиімді қолдана білу;";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. "Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруды; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуді; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; бағдарламалау технологиясының және цифрлық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде цифрлық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етеді.";

      51-тармақта:

      жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, цифрлық технологияларды қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;";

      отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "білім алушы оқытылған тақырыптар шеңберінде әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің негізгі мазмұнын анықтайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде әртүрлі стиль мен жанрда берілген мәтіндердегі егжей-тегжейлі ақпаратты ажырата алады; түрлі цифрлық ресурстарды (анықтамалық материалдар, сөздіктер, Интернет және басқалары) пайдаланады; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндегі арнайы ақпаратты және мәтіндердің әртүрлі стилі мен жанрларын анықтайды; мәтіннің атауы, мәтін үзіндісі, иллюстрациялары, түйін сөздері және т.б. бойынша мазмұнын болжайды; автордың көзқарасын немесе пікірін анықтайды; түрлі мәтіндерден алынған ақпаратты бағалайды;";

      52-тармақта:

      1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын; сандар жіктемесін; нақты сандармен есептеу амалдарын; қарапайым математиканың негізгі формулаларын; функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін; алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін; көпбұрыштар жіктемесін; жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиға ықтималдығының классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамаларын; статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін;

      қолданбалы есепті шешу үшін математикалық модельді пайдалану алгоритмін; ақпарат, цифрлық процестер, технологиялар және модельдер туралы ғылыми түсініктердің негізін; қазіргі заманғы қоғамдағы және әрбір адамның өміріндегі цифрлық технологиялардың рөлін; компьютерлік жүйелер мен желілер құрылысының негіздерін, сондай-ақ олардың бағдарламалық қамтылыммен өзара әрекеттестігін; модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау арқылы есептерді шешу тәсілдерін; әртүрлі сандық құрылғылармен дұрыс және қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін біледі;

      2) математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын; аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын; жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын; таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын; сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін;

      компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекеттестігін; қолданушының жүйемен жұмыс істеуіне арналған бағдарламалық қамтылымның қажеттілігін; барлық деректер мен нұсқауларды беру үшін компьютермен екілік кодты пайдалануды; ақпаратты өлшеу бірліктері арасындағы байланысты; ақпаратты және цифрлық технология құралдарын қолданудың экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін түсінеді;

      3) практикалық есептерді шешуде математикалық білімін; математикалық есептерді шешу алгоритмдерін; түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны; нақты сандарды есептеу амалдары; ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді; геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді; математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және бағдарламалық қамтылымды;

      қажетті ақпаратты жинау, ұсыну, өңдеу, сақтау және беру үшін цифрлық технологиялардың заманауи бағдарламалау құралдарын; объектілер мен процестерді (физикалық, биологиялық, экономикалық және ақпараттық) визуализациялау және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін олардың компьютерлік модельдерін; практикалық есептерді шешу үшін алгоритмдерді жазудың негізгі ережелерін және бағдарламалау тілдері мүмкіндіктерін; құжаттарды жасау, қарастыру және редакциялаудың бірлескен жұмысы үшін жергілікті және ғаламдық желі мүмкіндіктерін қолданады;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін; берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын; шамалардың жуық мәндерін және олардың стандартты түрде жазылуын; жүргізілген тәжірибелер санының артуына байланысты оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін; ақпараттың сапасын, маңыздылығын, пайдалылығын және тиімділігін; пайдаланушының қажеттіліктеріне байланысты компьютердің пішін үйлесімін және бағдарламалық қамтылымын таңдауды; компьютерлік модельдің шынайы объектілерге сәйкестігін; алгоритмнің тиімділігін және оны орындаудың нәтижелерін; цифрлық технология құралдарының адам денсаулығына теріс әсер етуін бағалайды.";

      55-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өнер түрлерінің әртүрлі стильдері, бағыттары мен жанрларының жіктеуіші мен ерекшеліктерін; музыка мен өнердің бейнелеу және суреттеу құралдарын; өнер түрлерінің стильдері мен жанрларының пайда болу тарихын; қазақ халқының және әлемнің басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнердегі салт-дәстүрлерін; әлемдік және ұлттық үздік музыка мен өнер туындыларын; халық және классикалық музыка аспаптарының жіктемесін; табиғи, жасанды және көркем материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін; кейбір материалдардың қолмен, механикалық және көркем өңдеудің негізгі технологияларын; тамақ дайындаудың негізгі технологияларын; электротехникалық жұмыстардың негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасын; электротехникалық материалдардың жіктемесін; технологиялық машиналардың, аспаптардың, аппараттар мен құралдардың жіктемесін; технологиялық машиналар мен жабдықтардың тұтынымдық және функциялық сипаттамасын; тоқыма бұйымдарын өңдеу, құрастыру және модельдеу негіздерін; өнер саласында қолданылатын заманауи цифрлық технологияларды және бағдарламалық қамтылымды; жабдықтармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әртүрлі өнер түрлерінде шығармашылық жобаларды жасау үшін; қарапайым электромонтаждау жұмыстарын жүргізу үшін; қоршаған әлемдегі образдарды, заттар мен құбылыстарды бейнелеуде көркем әдістер мен тәсілдерді, оның ішінде компьютерлік бағдарламалар мен қосымшаларды пайдалану арқылы; бұйымдарды, сондай-ақ өнер туындыларын жасау және дайындау барысында конструктивтік, көркем материалдардың түрлі қасиеттері туралы білімін; жаңа бұйымдардың прототиптерін, сондай-ақ цифрлық технология құралдарын пайдалана отырып жасау үшін материалдарды өңдеудің негізгі технологияларын; өз идеяларын коммерциялық салада жүзеге асыру үшін шығармашылық өнімдерді жылжытудың түрлі тәсілдерін; өз еңбегін жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін; қоршаған ортадағы экологиялық проблемаларды өнер арқылы көрсету тәсілдерін қолданады;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әртүрлі өнер түрлері бойынша шығармашылық жобаларды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып; әртүрлі материалдар және құралдарды пайдалану арқылы түрлі техникаларда жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін; түрлі стильдер мен жанрларда импровизация, аранжировка жасау үшін әртүрлі идеяларды; шығармашылық жұмыстарды жасау үшін гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім мен дағдыларды; материалдардың технологиялық және пайдаланылу қасиеттерін ескеріп, кейбір бұйымдарды жасау үшін конструкторлық және дизайнерлік шешімдерді жинақтайды;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      6-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) коммуникативтілік және цифрлық технологияларды тиімді қолдана білуі;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) цифрлық технологияларды қолдану;";

      23-тармақтың жиырма бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Информатика" курсының мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сын тұрғысынан бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру және өңдеу, объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға; есептерді шешу және цифрлық технологиялардың құралдары мен әдістерін меңгеруге бағытталған.";

      44-тармақта:

      алпыс екінші және алпыс үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) реляциялық деректер қорын ұйымдастыру принциптерін; желілік технологияның қызмет етуінің негізгі принциптерін; дыбыстық және бейнеақпараттарды өңдеу принциптерін, цифрлық технологияларды дамытудың негізгі үдерістерін түсінеді;

      3) цифрлық объектілерді жасау және өзінің жұмыс нәтижелерін ресімдеу үшін цифрлық технологияларды; деректер қорында сұраныс құрастыру ережелерін; құжаттарды редакциялау мен сақтау барысында бұлтты технологияларды; web-сайттарды және мобильдік қосымшаларды жасау барысында бағдарламалау элементтерін; желіде жеке қауіпсіздік және желі этикеті ережелерін; дыбысты және бейнені өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады;";

      жетпіс жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын; ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалдық қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларын өз бетімен ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін; цифрлық технологияларды, дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде жарақаттанудың алдын алу және дәрігер алды көмек көрсету білімін қолданады;";

      45-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының символикалары мен терминологияларын; физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; ғаламтор желісі мен компьютердің дерекқорларындағы физиканың ақпараттарын іздеу және өңдеу үшін жаңа цифрлық технологиялардың мүмкіндігін; эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау тәсілдерін қолданады;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жалпы құзыреттерді қалыптастыру үшін ТжКБ ұйымы жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық пәндерді немесе жалпыға міндетті модульдерді зерделеуді көздейді (әскери мамандықтарды қоспағанда).

      Жалпы құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және бейімделуге, патриотизм мен азаматтықты, ұлттық сана-сезімді, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған.

      Білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай жалпыға міндетті модульдер оқытылады:

      1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;

      2) цифрлық технологияларды қолдану;

      3) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;

      4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану.

      "Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану" модулін орта буын мамандарын даярлаудың білім беру бағдарламаларында көздеу қажет.

      ТжКБ ұйымының қалауы бойынша әскери мамандықтарды қоспағанда, жалпыға міндетті модульдер мамандық бейініне байланысты базалық және (немесе) кәсіптік модульдерге толық немесе ішінара интеграцияланады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары жалпы құзыреттерді қалыптастыратын жалпыға міндетті модульдерді оқытуды көздейді.

      Жалпы құзыреттер салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене қасиеттерін жетілдіруге, қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтенуге және бейімделуге, патриотизм мен азаматтықты, ұлттық сана-сезімді, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға, кәсіпкерлік қызмет дағдыларын және қаржылық сауаттылықты игеруге, кәсіби қызметте цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған.

      Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде мынадай жалпыға міндетті модульдер оқытылады:

      1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;

      2) цифрлық технологияларды қолдану;

      3) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;

      4) кәсіби қызметте қазіргі заманғы экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары мен механизмдерін қолдану.

      Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының қалауы бойынша жалпыға міндетті модульдер мамандық бейініне байланысты толық немесе ішінара базалық, кәсіптік модульдерге интеграциаланады.".

      4. "Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 33682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде қолайсыз ауа райы метеожағдайларында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған кезде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1)білім алушының цифрлық ізі – бұл LMS (ЛМС) (оқытуды басқару жүйесі) және (немесе) өзге платформаларда немесе цифрлық жүйеде (бұдан әрі – ЦЖ) тіркелген білім беру қызметінің нәтижелері туралы верификацияланған деректер жинағы;

      2) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асырудың тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      3) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;

      4) оқытуды басқару жүйесі (Learning management system – LMS (Ленинг менеджмент жүйесі – ЛМС) – оқу процесін басқаруды автоматтандыруға арналған цифрлық объектісі;

      5) онлайн прокторинг – жазбаны сақтауды, тұлғаны тануды және сәйкестендіруді, бас пен дененің қозғалысын талдауды, шудың деңгейін анықтауды, мультифейсті тануды, бөлмені 360 градус режимінде жазуға сұрау салуды, күдікті оқиғаларды логирлеуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаны верификациялау және онлайн-емтихандардан өту нәтижелерін растау жүйесі;

      6) оқытудың асинхронды форматы – білім беру процесіне қатысушылардың, оның ішінде цифрлық жүйелер мен басқа да байланыс құралдары арқылы белгілі бір орын мен уақытқа байланыстырылмаған өзара іс-қимылын болжайтын қашықтан оқыту немесе онлайн-оқыту;

      7) оқытудың синхронды форматы – білім алушылар ақпарат алатын, онымен дербес немесе топтарда жұмыс істейтін, оны кез келген жерден басқа қатысушылармен және оқытушылармен талқылайтын АЖ және басқа да байланыс құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, нақты уақытта білім беру процесіне қатысушылардың тікелей байланысын (стримингін) көздейтін қашықтан оқыту немесе онлайн-оқыту;

      8) цифрлық білім беру ресурсы – оқытылатын пәндер және (немесе) модульдер бойынша интерактивті нысанда оқытуды қамтамасыз ететін дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шынайылық және интерактивті модельдеу объектілері, дыбыс жазбалары және өзге де цифрлық оқу материалдары;

      9) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;

      10) цифрлық технологиялар – аппараттық-бағдарламалық кешенді және телекоммуникациялар желісін қолдана отырып, жүзеге асырылатын электрондық цифрлық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қашықтан оқыту білім беру процесіне қатысушылардың орналасқан жеріне қарамастан қашықта, оның ішінде цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, өзара іс-қимылы кезінде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру Қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. ТжКББ ұйымдары онлайн-оқытуды ұсыну кезінде Заңның 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды сақтауы қажет.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ТжКББ ұйымы білім алушыға кеңістік және уақыт арақашықтығына қарамастан, педагог пен білім алушы арасында өзара әрекеттің болуына арналған цифрлық технологиялар жүйесіне және Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Онлайн-оқыту нысанында білім алатын тұлғаларды қабылдау сәтінен бастап бітіргенге дейін техникалық сүйемелдеу үшін ТжКББ ұйымы:

      1) онлайн-оқытуға тартылған цифрлық инфрақұрылым мен цифрлық объектілерінің, мобильді қосымшалардың қолжетімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуін;

      2) бөлінген бөлмемен және лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етілген онлайн-курстардың цифрлық білім беру ресурстарының студиялық өндірісін қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешеннің жұмыс істеуін;

      3) онлайн-оқытуға тартылған цифрлық инфрақұрылым мен цифрлық объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.".

      12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) онлайн-оқыту пәндері және (немесе) модульдері бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді және ТжКББ ұйымының цифрлық объектісінде орналастыруды қамтамасыз етеді.";

      көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы осы Тізбенің 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 Бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6573 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасында:

      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасы осы Тізбенің 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидалардың 3-қосымшасы осы Тізбенің 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
  Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болған техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер

1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;
2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 026/е нысанында дәрігерлік-консультациялық комиссияның электронды қорытындысы;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі;
4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкенде көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы;
5) білім алушы ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шетелге шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде, 8-800-080-7777, 1414 бірыңғай байланыс орталығында орналастырылған.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
  Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына 3-қосымша
Нысан

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді

      Дербес нөмір: _______

      Алған уақыты мен күні: _______________

___________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы органның атауы)

      Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан

ҮЗІНДІ

      Азамат (-ша): ___________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өтініш берген күні: _______________________

      _______ жылғы __ _______ бұйрықтың негізінде негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді.

      ____________________________________________________________________ (жауапты тұлғаның ТАӘ (ол болған жағдайда), лауазымы)

      Жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
  Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
4-қосымша
  Кімге:_____________ басшысы
Жергілікті атқарушы органның
атауы
  Кімнен:_____________________
ТАӘ (ол болған жағдайда) және
толық жеке сәйкестендіру
нөмірі/
Нысан

Экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруге өтініш

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-4) тармақшасына және 3-тармағының 25-7) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес

      _______________________________________________________ оқушының ТАӘ (ол болған жағдайда), туған күні (білім беру ұйымының атауын, сыныбын көрсету)

      білім беру ұйымында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттандыру объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімін.

      "_____" ____________ 20___ ж.

      Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 349 бұйрығына
3-қосымша

Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында қойылатын талаптар

      1. Орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ТжКББ) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша және ТжКББ білім беру бағдарламалары бойынша онлайн оқыту нысанында мынадай талаптар белгіленеді:

      1) оқу қызметін ұйымдастыру үшін Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдардың болуы;

      2) цифрлық ресурстарға жедел қол жеткізу құралдарының болуы;

      3) оқытуды басқару жүйесінің болуы;

      4) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)

      5-бабының 88) тармақшасына сәйкес педагогтер жүргізу үшін міндетті құжаттардың толтырылуы;

      5) білім беру ұйымдарының педагогтерінде цифрлық технологиялар саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттардың болуы;

      6) оқу процесінің цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

      7) тиісті мамандық бойынша Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген ТжКББ білім беру бағдарламасының болуы;

      8) Заңның 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы цифрлық объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптардың сақталуы.

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
  Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің
және азаматтығы жоқ
тұлғалардың мектепалды,
бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім алу
қағидасына
1-қосымша
  ___________________________
қаланың/ ауданның білім бөлімі
___________________________
___________________________
қаланың білім басқармасы
___________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
____________________________
заңды тұлғаның
____________________________
тұрғылықты жері (заңды
тұлғаның тіркелген мекенжайы)
____________________________
үй, ұялы телефондар

Өтініш

      Менің балам _____________________________________________________ (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _____________________________________________________________________ (тіркелген мекенжайы бойынша елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      оқуы үшін білім беру ұйымын анықтауды сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _______________ "___" ________ 20__ жыл (қолы)

  Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің
және азаматтығы жоқ
тұлғалардың мектепалды,
бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім алу
қағидасына
  3-қосымша
Нысан
  ____________________________
білім беру ұйымының атауы
____________________________
директордың тегі, ата, әкесінің
аты (болған жағдайда)
кімнен ____________________
ата-ананың (заңды өкілдің)
тегі, ата, әкесінің аты
(болған жағдайда))
Телефоны: _________________

Өтініш

      Менің балам_________________________________________________________ (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      ____________________________________________________________________ (тіркелген мекенжайы бойынша елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      оқуы үшін білім беру ұйымын анықтауды сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _______________ "___" ________ 20__ жыл (қолы)

  бұйрығына 2-қосымша
Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі- 10 жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электрондық (толық цифрландырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру туралы бұйрықтың көшірмесі болып табылады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін 13.00-ден 14.30-дейінгі түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;
2) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болған техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда www.egov.kz.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер

1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;
2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 026/е нысанында дәрігерлік-консультациялық комиссияның электронды қорытындысы;
3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі;
4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкенде көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы;
5) білім алушы ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шетелге шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде, 8-800-080-7777, 1414 бірыңғай байланыс орталығында орналастырылған.

  бұйрығына 3-қосымша
Экстернат нысанында оқыту
және "Негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарында
экстернат нысанында оқуға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
4-қосымша
  Кімге:_____________ басшысы
Жергілікті атқарушы органның
атауы
  Кімнен:_____________________
ТАӘ (ол болған жағдайда) және
толық жеке сәйкестендіру
нөмірі/
Нысан

Экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруге өтініш

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-4) тармақшасына және 3-тармағының 25-7) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес

      _______________________________________________________ оқушының ТАӘ (ол болған жағдайда), туған күні (білім беру ұйымының атауын, сыныбын көрсету)

      білім беру ұйымында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беруді сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық объектілердегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімін.

      "_____" ____________ 20___ ж.

      Мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады