БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20195 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерді құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 29 маусымдағы № 451 Бұйрыққа 1- қосымша |
|
| Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақталған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат – Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктің жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат (бұдан әрі – тұруға ықтиярхат);
3) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар адам.
4) формуляр – ақпараты бар, нөмірімен және штрих кодымен қатаң есептіліктегі баспахана бланкісі, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және бұдан жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында қолданылады;
5) электрондық формуляр – жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін нөмірі және штрих коды бар бланк, "Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" цифрлық жүйелері (бұдан әрі – ШАҚТ ТП) арқылы ресімделеді және толтырылады.
2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүгінеді Мемлекеттік қызмет қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер мен қолдардың үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшада жазылған.
4. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжаттандырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ШАҚТ ТП цифрлық жүйесінен алады.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған электрондық формулярларды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда жұмыс орындарында көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетілетін ШАҚТ ТП арқылы жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басты куәландыратын құжаттарды Тізбеге сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.
5. Құжаттарды электрондық формулярда ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны, формулярда - жеке басты куәландыратын құжат алу үшін формулярды толтырылғаннан кейін бланкіден алынатын түбіртек беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Тізбенің 9-тармағына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушыға қолданылу мерзімі өткен құжаттар немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде – ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі-КҚҚБ) қызметкерлері жүзеге асырады:
деректер базасы бойынша тексеру (жеке басын сәйкестендіру, бұрын берілген құжаттардың және тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 492-бабының 4 және 5-бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда және/немесе Кодекстің 493-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтыру, ШАҚТ ТП-да электрондық формулярды тіркеу, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асыратын графикалық ақпаратты (фотосуреттер мен қолтаңбалар) жинау кезеңіне жолдау;
электрондық формулярды толтыру және ЭЦҚ куәландыру;
формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнді және қолын қою (тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде ресімделеді, сондай-ақ туу туралы куәліктердің негізінде шетелдіктің тұруына ықтиярхатты алғаш рет алуға уақтылы жүгінбегендерге, ШАҚТ ТП болмаған кезде ШАҚТ ТП-мен байланыс арналары істен шыққан немесе олардың жабдықтары сынған кезде).
Электрондық формуляр тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеуді және қажет болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеуді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.
Төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе электрондық түрде олардың мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ QR-code бойынша ШАҚТ ТП арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
"Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) (бұдан әрі-бұйрық) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қалауымен қызмет жеделдетілген тәртіппен көрсетіледі, оның мерзімі құжаттардың толық пакетін беру күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды.
Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетіп беру үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі. Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындағаны үшін қабылданған төлемдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – "АӨО" РМК) екінші деңгейлі банктерден нақты уақыт режимінде ("онлайн) түседі.
Формулярда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжатты жедел бергені үшін төлем туралы құжатты формулярға қоса береді; аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелтуге арналған тізілімді 3 (үш) данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тіркеледі, екіншісі және үшіншісі формулярлармен бірге облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – КҚҚБ) беріледі. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін ШАҚТ ТП арқылы тізілім жасамай-ақ КҚҚБ-ға беріледі
8. КҚҚБ қызметкерлері ШАҚТ ТП арқылы ресімделген электрондық формулярларды, сондай-ақ формулярларды "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес толтырудың дұрыстығы мен негізділігіне тексеруді жүзеге асырады.
Деректер базасындағы электрондық формулярда қамтылған мәліметтердің сәйкессіздігі, Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне ресімдеу кодтарының, сапасыз графикалық ақпараттың (фотосуреттер мен қолтаңбалар) сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қайтару себебін көрсете отырып, орындаусыз қайта ресімдеуге ШАҚТ ТП-ге қайтарылады.
Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде электрондық формулярлар ШҚТ ТП-ның келесі кезеңіне өтеді, ал формулярларға 3 (үш) данада жиынтық тізілім қалыптастырылады, олардың біріншісі номенклатуралық іске қоса тіркеледі, екіншісі және үшіншісі аудандық тізілімдермен және формулярлармен (қағаз тасымалдағышта) бірге Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі – КҚҚК) жолданады
9. КҚҚК қызметкерлері формулярлардың толтырылуының дұрыстығы мен негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде:
электрондық формулярлар жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезеңіне "АӨО" РМК-ға жіберіледі;
жиынтық тізілімнің бірінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге номенклатуралық іске қосылады, тіркеледі, жиынтық тізілімнің екінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге 1 (бір) жұмыс күні ішінде "АӨО" РМК-ға жіберіледі.
10. "АӨО" РМК келіп түскен электрондық формулярларды тексеруді жүзеге асырады және электрондық формулярларға енгізілген, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен ресімделген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен, графикалық ақпаратпен (фотобейнелермен, қолтаңбалармен) Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қателерді түзету үшін ШАҚТ ТП-ға "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес қайтарылады.
Бұзушылықтар болмаған жағдайда құжаттар дайындалады және дайындалған құжаттар тізілімімен бірге көрсетілетін қызметті беруші арқылы курьерлік қызметтер арқылы:
1) жеделдетіп дайындау бойынша – Мемлекеттік корпорацияға;
2) жалпы тәртіппен дайындалған – КҚҚБ-ға жолданады
11. Дайын құжаттар құжатты дайындау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық бөлімшелерге (жеделдетіп дайындау кезінде электронды формулярды ресімдеу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға) жолданады.
12. КҚҚБ қызметкері жіберуге арналған тізілімді және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске қоса тіркейді және дайындалған құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен және формулярлармен бірге КҚҚБ-ға жолдайды.
КҚҚБ қызметкері дайындалған құжаттардың тізілімін тіркейді және дайын құжаттармен бірге Мемлекеттік корпорацияға жібереді және шетелдіктің тұруға ықтиярхатын Тізбеде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
13. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:
1) өтінімді тіркеу талоны негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік корпорацияда жеке басты куәландыратын құжатты алуға арналған формулярдан бөлінетін түбіртек негізінде (қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде) жүзеге асырылады.
14. Формулярларды тексеру, шетелдіктің тұруға ықтиярхатын дайындау, оның ішінде пысықталғаннан кейін мерзімдері мыналарды құрайды:
жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ деңгейінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – 2 (екі) жұмыс күні;
жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ және КҚҚК деңгейлерінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – алдыңғы кезеңнен түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні;
"АӨО" РМК-да жеделдетіп дайындау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіпте – 3 (үш) жұмыс күні;
электрондық формуляр пысықталғаннан кейін құжат өндіріске келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде "АӨО" РМК-да дайындалуға жатады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 6) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация дайындалған күнінен бастап бір жыл ішінде шетелдіктің тұруға ықтиярхатын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес жою үшін береді.
17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ аумақтық полиция органдары мен өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға немесе шағымды қарайтын тікелей органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
| "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1. Қазақстан Республикасында шетелдікке тұруға ықтиярхатты алғаш рет 16 жасқа толған адамдарға ресімдеу. |
3 |
Көрсетілетін | Аумақтық полиция органдары |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Құжатты жалпы тәртіппен алу үшін -17 (он жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Шетелдікке тұруға ықтиярхат беру. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс күні – жексенбі және мереке күндері. Формулярда ресімделген құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – жексенбі және мереке күндері жүзеге асырады. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар, мәліметтер мен сынау объектілерінің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, өтініш жасаған кезде): |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда. |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамауына алынғандарға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, келген |
Өтініш
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы "______" ____________
_______________________________
Қолы
| Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру қағидаларына 3-қосымша |
Тіркеу пунктінің коды Код регистрационного пункта | Тіркеу талоны Талон регистрации | Талон штрих-коды және нөмірі Штрих-код и номер талона |
ИИН / ЖСН: Тегі / Фамилия: |
Құжаттың негіздемесі / Основание: | |
Тапсыруға жататын құжаттар / | ||
_________________________________________________________________________
Өтінім туралы мәлімет / Сведения о заявке
Өтінім түрі / Вид Заявки
Тапсырыс/Заказ
_________________________________________________________________________
Тіркелген күні / Дата регистрации Тіркейтін қызметкер / Сотрудник регистрации
______________________
Қолы/подпись
Тіркеу пунктінің мекенжайы
Адрес регистрационного пункта Анықтама телефоны
Телефон для справок 1414
____________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттар, өтінім бергеннен бастап 17 жұмыс күннен кешіктірмей беріледі. Қызмет алушы қалаған кезде қосымша төлемге құжаттарды жеделдетіп әзерлеу мүмкіндігі бар.
3-санаттағы жеделдік – 7 жұмыс күні (қызмет кұны – 605,31 теңге ҚҚС жоқ).
Ресімдеу күні және жеделдік санатына төлем жасаған күн құжаттарды беру
мерзіміне кірмейді.
Документы, удостоверяющие личность, выдаются в срок не позднее 17 рабочих дней со дня подачи заявки. При желании услугополучателя, за дополнительную оплату возможно ускоренное изготовление документов.
3 категория срочности – 7 рабочих дней (стоимость услуги – 605,31 теңге без НДС).
День оформления заявки и день оплаты за категория срочности не входят в
срок выдачи документов
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші (мекенжайы көрсетілсін) сіздің жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1.________________________________________;
2.________________________________________;
3.________________________________________.
Осы қолхат 2 данада жасалады, әрбір тарапқа бір-бірден .
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефоны __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы
20__ жылғы "___" _________.
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 29 маусымдағы № 451 Бұйрыққа 3-қосымша |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктерін беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
2) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
3) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері жоқ адам;
4) формуляр – ақпараты бар, нөмірімен және штрих кодымен қатаң есептіліктегі баспахана бланкісі, ол Қазақстан Республикасының құжаттандырылған халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасына (бұдан әрі – деректер базасы) енгізіледі және бұдан әрі жеке тұлғаны берілген құжаттармен сәйкестендіру мақсатында қолданылады;
5) электрондық формуляр – жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін нөмірі және штрих коды бар бланк, "Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" цифрлық жүйесі (бұдан әрі – ШАҚТ ТП) арқылы ресімделеді және толтырылады.
2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезіндегі фотосуреттер мен қолдардың үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшада жазылған.
4. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу себебіне қарамастан, құжаттандырылатын адамның тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ШАҚТ ТП цифрлық жүйесінен алады.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған электрондық формулярларды ресімдеуді көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияда жұмыс орындарында көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы көрсетілетін ШАҚТ ТП арқылы жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басты куәландыратын құжаттарды Тізбеге сәйкес цифрлық құжаттар сервисі (бұдан әрі – цифрлық нысан) арқылы алынған көрсетілетін қызметтердің кіші түрлерін түпнұсқада не электрондық түрде алған кезде ұсына алады.
5. Құжаттарды электрондық формулярда ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді тіркеу талоны, формулярда жеке басты куәландыратын құжат алу үшін формулярды толтырылғаннан кейін бланкіден алынатын түбіртек беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Тізбенің 9-тармағына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушыға қолданылу мерзімі өткен құжаттар немесе құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде – ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік басқармасы (бөлімі) (бұдан әрі - КҚҚБ) қызметкерлері жүзеге асырады:
деректер базасы бойынша тексеру (жеке басын сәйкестендіру, бұрын берілген құжаттардың және тұрғылықты жері бойынша тіркеудің болуы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 492-бабының 4 және 5-бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда және/немесе Кодекстің 493-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтыру, ШАҚТ ТП-да электрондық формулярды тіркеу, Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асыратын графикалық ақпаратты (фотосуреттер мен қолтаңбалар) жинау кезеңіне жолдау;
электрондық формулярды толтыру және ЭЦҚ куәландыру;
формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнді және қолын қою (тергеу-қамауындағыларға алынғандарға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан адамдарға, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСРО) паспорттары бойынша тұратын немесе оларды жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдар жүгінген кезде ресімделеді, сондай-ақ туу туралы куәліктердің негізінде азаматтығы жоқ адамның куәлігін алғаш рет алуға уақтылы жүгінбегендерге, ШАҚТ ТП болмаған кезде, ШАҚТ ТП байланыс арналары істен шыққан немесе олардың жабдықтары сынған кезде).
Электрондық формуляр тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеуді және қажет болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеуді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.
Төлем екінші деңгейдегі банктердің кассаларында немесе электрондық түрде олардың мобильді қосымшалары арқылы, сондай-ақ QR-code бойынша ШҚТ ТП арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
"Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32971 болып тіркелген) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының қалауымен қызмет жеделдетілген тәртіппен көрсетіледі, оның мерзімі құжаттардың толық пакетін беру күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды. Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетіп беру үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетіп дайындағаны үшін қабылданған төлемдер туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – "АӨО" РМК) екінші деңгейлі банктерден нақты уақыт режимінде ("онлайн") түседі.
Формулярда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде көрсетілетін қызметті беруші құжатты жедел бергені үшін төлеу туралы құжатты формулярға қоса береді;
аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында ресімделген формулярларды жөнелтуге арналған тізілімді 3 (үш) данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске қоса тіркеледі, екіншісі және үшіншісі формулярлармен бірге облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі – КҚҚБ) беріледі. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін ШАҚТ ТП арқылы тізілім жасамай-ақ КҚҚБ-ға беріледі.
8. КҚҚБ қызметкерлері ШАҚТ ТП арқылы ресімделген электрондық формулярларды, сондай-ақ формулярларды "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес толтырудың дұрыстығы мен негізділігіне тексеруді жүзеге асырады.
Деректер базасындағы электрондық формулярда қамтылған мәліметтердің сәйкессіздігі, Қазақстан Республикасы халқының жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне ресімдеу кодтарының, графикалық ақпараттың (фотосуреттер мен қолтаңбалар) сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қайтару себебін көрсете отырып, орындаусыз қайта ресімдеуге ШАҚТ ТП-ға қайтарылады.
Тізбенің 11-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға бола алмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде электрондық формулярлар ШАҚТ ТП-ның келесі кезеңіне өтеді, ал формулярларға 3 (үш) данада жиынтық тізілім қалыптастырылады, олардың біріншісі номенклатуралық іске қоса тіркеледі, екіншісі және үшіншісі аудандық тізілімдермен және формулярлармен (қағаз тасымалдағышта) бірге Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі – КҚҚК) жолданады.
9. КҚҚК қызметкерлері формулярлардың толтырылуының дұрыстығы мен негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі кезінде:
электрондық формулярлар жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезеңіне "АӨО" РМК-ға жіберіледі;
жиынтық тізілімнің бірінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге номенклатуралық іске қосылады, тіркеледі, жиынтық тізілімнің екінші данасы формулярлардың аудандық тізілімдерімен бірге 1 (бір) жұмыс күні ішінде "АӨО" РМК-ға жіберіледі.
10. "АӨО" РМК келіп түскен электрондық формулярларды тексеруді жүзеге асырады және электрондық формулярларға енгізілген, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен ресімделген мәліметтердің деректер базасындағы мәліметтермен, графикалық ақпаратпен (фотобейнелермен, қолтаңбалармен) Қазақстан Республикасы халқының жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде фотосуреттер мен қолтаңбалар үлгілеріне сәйкессіздігі анықталған кезде электрондық формулярлар қателерді түзету үшін ШАҚТ ТП-ға "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) талаптарға сәйкес қайтарылады.
Бұзушылықтар болмаған жағдайда құжаттар дайындалады және дайындалған құжаттар тізілімімен бірге көрсетілетін қызметті беруші арқылы курьерлік қызметтер арқылы:
1) жеделдетіп дайындау бойынша – Мемлекеттік корпорацияға;
2) жалпы тәртіппен дайындалған – КҚҚБ-ға жолданады
11. Дайын құжаттар құжатты дайындау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей аумақтық бөлімшелерге (жеделдетіп дайындау кезінде электронды формулярды ресімдеу орны бойынша Мемлекеттік корпорацияға) жолданады.
12. КҚҚБ қызметкері жіберуге арналған тізілімді және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске қоса тіркейді және дайындалған құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен және формулярлармен бірге КҚҚБ-ға жолдайды.
КҚҚБ қызметкері дайындалған құжаттардың тізілімін тіркейді және дайын құжаттармен бірге Мемлекеттік корпорацияға жібереді және азаматтығы жоқ адамның куәлігін Тізбеде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
13. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:
1) өтінімді тіркеу талоны негізінде Мемлекеттік корпорация арқылы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік корпорацияда жеке басты куәландыратын құжатты алуға арналған формулярдан бөлінетін түбіртек негізінде (қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде) жүзеге асырылады.
14. Формулярларды тексеру, азаматтығы жоқ адамның жеке куәліктерін дайындау, оның ішінде пысықталғаннан кейін мерзімдері мыналарды құрайды:
жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ деңгейінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – 2 (екі) жұмыс күні;
жеделдетіп дайындау кезінде КҚҚБ және КҚҚК деңгейлерінде тексеру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіппен – алдыңғы кезеңнен түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні;
"АӨО" РМК-да жеделдетіп дайындау кезінде – 1 (бір) жұмыс күні, жалпы тәртіпте – 3 (үш) жұмыс күні;
электрондық формуляр пысықталғаннан кейін құжат өндіріске келіп түскен күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде "АӨО" РМК-да дайындалуға жатады.
15. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 6) – тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмесе, Мемлекеттік корпорация дайындалған күнінен бастап бір жыл ішінде шетелдіктің тұруға ықтиярхатын сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 532 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес жою үшін береді.
17. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты КҚҚК Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ аумақтық полиция органдары мен өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға немесе шағымды қарайтын тікелей органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не цифрландыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
| Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік қызметтің атауы | "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру" |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін алғаш рет ресімдеу: |
3 |
Көрсетілетін қызметті | Аумақтық полиция органдары |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Құжатты жалпы тәртіппен алу үшін – 17 (он жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде Электрондық түрінде |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс күні – жексенбі және мереке күндері. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар, мәліметтер мен сынау объектілерінің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы өзі (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, өтініш жасаған кезде): |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда. |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар |
Тыныс-тіршілігін шектейтін, ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамауына алынғандарға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, келген жеріне барып және 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы қағаз тасығышты толтыра отырып жүргізеді. |
Өтініш
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы "______" ____________
_________________
қолы
| Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру қағидаларына 3-қосымша |
|
| Нысан |
Тіркеу пунктінің коды Код регистрационного пункта |
Тіркеу талоны Талон |
Талон штрих-коды |
ИИН / ЖСН: Тегі / Фамилия: |
Құжаттың негіздемесі | |
Тапсыруға жататын | ||
___________________________________________________________________
Өтінім туралы мәлімет / Сведения о заявке
Өтінім түрі / Вид Заявки
Тапсырыс/Заказ
____________________________________________________________________
Тіркелген күні / Дата регистрации |
Тіркейтін қызметкер / Сотрудник регистрации _________________ | |
Тіркеу пунктінің мекежайы |
Анықтама телефоны | 1414 |
Жеке басты куәландыратын құжаттар, өтінім бергеннен бастап 17 жұмыс күннен кешіктірмей беріледі. Қызмет алушы қалаған кезде қосымша төлемге құжаттарды жеделдетіп әзірлеу мүмкіндігі бар.
3-санаттағы жеделдік – 7 жұмыс күні (қызмет құны – 605,31 теңге ҚҚС жоқ).
Ресімдеу күні және жеделдік санатына төлем жасаған күн құжаттарды беру мерзіміне кірмейді.
Документы, удостоверяющие личность, выдаются в срок не позднее 17 рабочих дней со дня подачи заявки. При желании услугополучателя, за дополнительную оплату возможно ускоренное изготовление документов.
3 категория срочности – 7 рабочих дней (стоимость услуги – 605,31 теңге без НДС).
День оформления заявки и день оплаты за категория срочности не входят в срок выдачи документов.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, көрсетілетін қызметті беруші (мекенжайы көрсетілсін) сіздің жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды, мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атаулары:
1.________________________________________;
2.________________________________________;
3.________________________________________.
Осы қолхат 2 данада жасалды, әрбір тарапқа бір-бірден
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә._____________
Телефон ______________________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы
20__жылғы "______" ____________
