"Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 606 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 маусымда № 39131 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 13.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. " Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бюджет қаражаты есебінен төлеуге адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру.

      Бұл ретте жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру бір өтініш берушіге екі сағаттан аспайтын көлемде төленеді. Бір күнтізбелік күнде жалпы төленетін уақыт сегіз сағаттан аспайды.

      Бұрын берілген ұсынымдарды іске асыру үшін құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау жағдайларын қоспағанда бір жеке тұлғаға бір мәселе бойынша бір реттен артық құқықтық консультация беруге жол берілмейді;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 67-бабының үшінші бөлігінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде, 76-бабының екінші бөлігінде, 174-бабының екінші бөлігінде, 428-бабының төртінші бөлігінде, 478-бабының алтыншы бөлігінде, 495-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;

      3) "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 749-бабының және 750-бабының екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау;

      4) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112 және 325-баптарында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      6) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету.

      Осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалары бойынша адвокаттың тергеу әрекеттеріне немесе сот отырыстарына қатысу ұзақтығы процесті жүргізуші органның немесе соттың шешімі бойынша көрсетілген шектен асқан жағдайларды қоспағанда бір күнтізбелік күнде сегіз сағаттан аспайтын көлемде төленеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Бюджет қаражаты есебінен адвокат көрсететін білікті заң көмегі үшін мынадай жағдайларда ақы төленбейді:

      1) құқықтық консультация беру түрінде, егер білікті заң көмегіне жүгінген тұлға адвокаттың жұбайы (зайыбы), жақын туысы, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жақын туыстары болып табылса;

      2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 68-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда қорғау және өкілдік ету түрінде, іске білікті заң көмегін көрсету туралы шарт негізінде білікті заң көмегін көрсететін басқа адвокат немесе заң консультанты бір мезгілде қатысса.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бюджет қаражаты есебінен төлеуге заң консультанттары көрсететін білікті заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру.

      Бұл ретте жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру бір өтініш берушіге екі сағаттан аспайтын көлемде төленеді. Бір күнтізбелік күнде жалпы төленетін уақыт сегіз сағаттан аспайды;

      Бұрын берілген ұсынымдарды іске асыру үшін құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау жағдайларын қоспағанда бір жеке тұлғаға бір мәселе бойынша бір реттен артық құқықтық консультация беруге жол берілмейді;

      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      3) Қазақстан Республикасының ӘРПК 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      4) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету.

      Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшалары бойынша заң консультанттың сот отырыстарына қатысу ұзақтығы соттың шешімі бойынша көрсетілген шектен асқан жағдайларды қоспағанда бір күнтізбелік күнде сегіз сағаттан аспайтын көлемде төленеді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Бюджет қаражаты есебінен заң консультанты көрсететін білікті заң көмегі үшін мынадай жағдайларда ақы төленбейді:

      1) құқықтық консультация беру түрінде, егер білікті заң көмегіне жүгінген тұлға заң консультантының жұбайы (зайыбы), жақын туысы, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жақын туыстары болып табылса;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қорғау және өкілдік ету түрінде, егер іс бойынша білікті заң көмегін көрсету туралы шарт негізінде білікті заң көмегін көрсететін басқа заң консультанты немесе адвокат бір мезгілде қатысса.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттың бюджет қаражаты есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Өтініш) негізінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісімді білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жасаған қорғау (өкілдік ету) туралы хабарлама негізінде іске қатысуға кіріскен, оған адвокаттар алқасының (заң консультациясының) уәкілетті тұлғасымен тіркеу нөмірі берілген адвокаттарға мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.

      5. Өтініш білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады.

      Өтініш осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі шығарылған және (немесе) қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына жолданады.

      Осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер төленуге жатпайды.

      Өтініш беру мерзімі адвокаттың еңбекке жарамсыздығы (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған кезеңінде үзілуі мүмкін.

      Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілім негізінде жасақталған адвокаттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      ақы төлемейтін негізде білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;

      ауызша немесе жазбаша берілген қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты заң консультацияларының саны;

      құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

      білікті заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;

      адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі;

      ақы төлемейтін негізде білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолы;

      "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) бекітілген құжаттар актіге қоса беріледі;

      2) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша сот ұйғарымдары, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі адвокат тағайындау туралы қаулы адвокаттар алқасының (заң консультациясының) уәкілетті тұлғасы тіркеу нөмірін берген қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаның көшірмесімен бірге;

      3) қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ білікті заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың ұйғарымдары, оларда:

      қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      істің атауы, қаулының шығарылған күні;

      қорғау және өкілдік етумен, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мен білікті заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;

      күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен санаты;

      тұлға күдіктенетін немесе айып тағылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы және қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты, немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің бабы;

      қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік ұстау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);

      күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, құқық бұзушының әрекеті өзгертілген күн;

      білікті заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаның нөмірі мен күні;

      адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту немесе процессуалдық әрекеттер кейінге қалдырылған жағдайда оны кейінге қалдыру (егер осындай дәйектер орын алса) уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;

      сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);

      адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы. Егер күдікті мен қорғаушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 296-бабының үшінші бөлігіне сәйкес іс материалдарымен танысу уақытын көрінеу созбаласа, төлем соған сәйкес жүргізілетін, прокурор бекіткен және белгілі бір мерзім белгіленетін іс материалдарымен танысу графигі қоса беріледі;

      қылмыстық немесе азаматтық істердің, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны ұстау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      адвокаттың қорғалушысын қорғау бағыты және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы;

      процессуалдық келісімге отыру туралы мәселені талқылау уақытының ұзақтығы, адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібінде келісімге келу туралы келісімдер, анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әрекеттері (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға шағымдар, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылықтар, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге, азаматтық талапқа (талап арызға) пікір (қарсылық) қорғалушыны қорғау және мүдделері үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылық келтіру уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың білікті заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;

      адвокаттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банк шотының реквизиттері көрсетіледі;

      4) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың ұйғарымы, білікті заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары туралы конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі ұйғарымдары, оларда:

      соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      істің атауы, қарау орны және күні;

      білікті заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      білікті заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаның нөмірі мен күні;

      адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

      сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (фактілер болған жағдайда);

      адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа да арыздарға пікірлерге (қарсылықтарға), апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылық білдіруге, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың білікті заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

      адвокаттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банк шотының реквизиттері көрсетіледі;

      5) ішкі істер органдарының тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторларының немесе арнайы қабылдағыштарының анықтамалары, оларда:

      қамауға алынған күдіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға, алып келуге, ішкі істер органына (полицияға) әкелуге тартылған тұлғамен кездесу кезінде адвокаттың жұмыс істеу уақыты;

      6) осы тармақтың төртінші абзацында көзделген жағдайда адвокаттың еңбекке жарамсыздығын (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған растайтын құжаттар.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатыларында қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және ол шығарылған күні білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында адвокатқа жіберіледі, ал тапсырманы орындау ұзақтығы бір айдан асқан жағдайда – әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

      Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және білікті заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылған күні білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында адвокатқа жолданады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін де қабылдануы мүмкін.

      Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге көрсетілген білікті заң көмегіне ақы төлеу және қорғауға, өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немесе басқа да сот актісі шығарған күні білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Сот талқылауының үздіксіз ұзақтығы бір айдан асқан жағдайда, соттың ақы төлеу туралы қаулылары ай сайын шығарылады.

      Азаматтық, әкімшілік іс бойынша білікті заң көмегін көрсетуге ақы төлеу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу шеңберіндегі қаулысы адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.

      Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Адвокаттар алқасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.

      Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген білікті заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша білікті заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аумақтық әділет органы адвокаттың өтінішінің адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, қаулылар мен ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, сондай-ақ адвокаттар алқасымен қорғау (өкілдік ету) туралы хабарламаларды ресімдеу үшін адвокатқа берілген тіркеу нөмірлерін салыстыру қорытындылары бойынша адвокаттың білікті заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде жасайды және адвокаттың банк шотына адвокаттың білікті заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокатқа төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.

      Адвокаттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін адвокатқа қайтарады. Қағидаларының 5-тармағына сәйкес ұсынылған деректердің негізділігі мен дұрыстығын растайтын мәліметтердің сәйкессіздігі фактілері анықталған жағдайда, сондай-ақ өтініштер уақтылы жолданбаған кезде төлем жасаудан бас тартылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша білікті заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі қаулысы, заң консультантының өтініші негізінде заң консультантының өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ол шығарылған күні электрондық құжат нысанында жолданады.

      Нақты іс бойынша ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні заң консультантына білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Заң консультанттары палатасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.

      Қорғауға және өкілдік етуге байланысты көрсетілген білікті заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште заң консультанты нақты іс бойынша білікті заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін заң консультанты Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аумақтық әділет органы заң консультантының өтінішінің заң консультантының құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, заң консультантының білікті заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде жасайды және заң консультантының банк шотына заң консультантының білікті заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген заң консультантының төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.

      Заң консультантының өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін заң консультантына қайтарады.

      Қағидаларының 15-тармағына сәйкес ұсынылған деректердің негізділігі мен дұрыстығын растайтын мәліметтердің сәйкессіздігі фактілері анықталған жағдайда, сондай-ақ өтініштер уақтылы жолданбаған кезде төлем жасаудан бас тартылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
Б. Жакселекова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады