"Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 605 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 маусымда № 39123 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жүргізеді.

      Жеке басын куәландыратын құжат иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген жағдайда, жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылып, ауыстырылуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат ұсынылады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы, шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын ұсынады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін көрсетеді.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеті, азаматы болып табылатын елдің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжатты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады.

      7. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, сондай-ақ консулдық ресмилендірілген не арнайы мөртаңба (апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

      Азаматтық хал актілерінің цифрлық жүйесінде мемлекеттік тіркелуге жататын туу туралы акт жазбасын қоспағанда, мүдделі адамдардың өтініші бойынша тіркеуші орган немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актілерінің цифрлық жүйесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі азаматтық хал актісін тіркеу туралы белгі қояды.

      Сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылуы тиіс.

      Шетел азаматының, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген басқа да растайтын құжаттардың мәтіні аудармасының дұрыстығын шетел азаматы азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесінде, сыртқы саяси ведомствосында нотариат куәландыруы мүмкін."

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бұл туралы Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаментінің цифрлық инфрақұрылымға жауапты қызметкеріне дереу хабарлайды."

      84-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың тегі өзгерген кезде тіркеуші органның қызметкері шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру қажеттігі туралы хабардар етеді."

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы өтінішті шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді."

      149-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "149. Қалпына келтірілген немесе қайта жасалған азаматтық хал актілері жазбаларын ың күшін жою туралы өтінішті шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді."

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініштерді шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген және шетелде тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне береді."

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында тіркеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу Кодекске сәйкес жүргізіледі."

      182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "182. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің бланкілерін қабылдауды оларды дайындаған органның жүкқұжаттарына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың және облыстың Мемлекеттік корпорациясының аумақтық филиалы жүргізеді."

      Көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
Б. Жакселекова

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 605
Тізбеге 1 – қосымша
  Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік
тіркеу, азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер
енгізу, қалпына келтіру,
жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
4-қосымша

"Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

2

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса ):

1. Бала тууды тіркеу;
2. Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

4

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) Мемлекеттік корпорация арқылы:
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
2) кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
Баланың тууын тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
3) портал арқылы:
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы:
Бала тууды тіркеу.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тууды тіркеу үшін-2 (екі) жұмыс күні;
әке болуды анықтау немесе ұл (қыз) асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізу - 1 (бір) жұмыс күні;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ ЦЖ-де акт жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара цифрландырылған):
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
Қағаз түрінде:
Бала тууды тіркеу;
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
проактивті:
Бала тууды тіркеу.
"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін:
Бала тууды тіркеу.

7

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) туу туралы куәлік, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген туу туралы қайталама куәлік;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, цифрлы түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін ақы төлеу құны Кодекстің 182- бабының 1-тармағына сәйкес алынады;
2. Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар;
3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.

9

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация– Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі және оның кіші түрлері (бар болса)

1. Тууды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша туу туралы өтініш;
2) ата-анасының немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің жеке басты куәландыратын құжаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (акт Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген кезде және АХАЖ ЦЖ мәліметтер болмаған жағдайда);
4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ азамат азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін ұсынады;
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды түрде куәландырған аудармасын ұсынады.
Шетел азаматының, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарының мәтіні аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Бір жасқа толған және одан да асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке қосымша туу туралы медициналық куәлік (ол электрондық түрде болмаған жағдайда) қоса беріледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған кәмелетке толмаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу келесі құжаттардың бірін ұсынған кезде жүргізіледі:
1)туу туралы куәліктің түпнұсқасы;
2)туу туралы акт жазбасының көшірмесі;
3)туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы.
Шет мемлекеттердің құзыретті органдары тіркеген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, консулдық заңдастырудан өткізіліп немесе "Апостиль" мөртабанымен куәландырылып ұсынылады (Минск және Кишинев конвенцияларына қатысушы мемлекеттер үшін талап етілмейді).
Құжат сондай-ақ нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынылады.
Порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) ата-анасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар неке (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы куәліктердің сканерленген көшірмесі.
2. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін (әке (ана) болуды анықтау, бала асырап алу кезінде өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда)) қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
5) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (ҚР аумағында тіркелген азаматтық хал актілері туралы мәліметтер, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 9, 10, 11, 12, 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, сот шешімі бойынша әке (ана) болуды анықтау туралы, бала асырап алу туралы, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш (өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу негізіне байланысты);
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) туу туралы куәлік, жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы көрсету және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы, заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
5) туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, орыс немесе мемлекеттік тілге нотариалды куәландырылған аудармасы бар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
7) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Бала туғанға дейін әке болуды анықтау туралы өтініш берілген жағдайда-медициналық ұйым немесе жеке практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама.
Егер әке болуды анықтау тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізген жағдайда - осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш, көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. көлеміндегі бір фотосуреті.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе үялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (бала асырап алу, әке болуды анықтау туралы сот шешімі туралы мәліметтер; бала асырап алудың күшін жою немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімі туралы мәліметтер; әке болуды анықтау кезінде әкесінің өтінішінде көрсетілген негіздемеге байланысты анасының болмау мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының аумағында); әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не шектеу туралы сот шешімі туралы мәліметтер; анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама, өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы заңды фактіні және т. б. анықтау туралы сот шешімі жөнінде мәліметтер);
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген, заңдастырылған немесе апостиль мөртабаны бар, нотариалды куәландырылған орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар, туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің сканерленген көшірмелері;
5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда);
6) туу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы жаңа куәлікті алған кезде ұсынылады), жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсету қажет.

11

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

12

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Мемлекеттік қызмет – тууды тіркеу бөлігінде проактивті түрде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша тууды мемлекеттік тіркеу "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" және "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" мемлекеттік қызметтерімен жиынтықта "бір өтініш" қағидасы бойынша көрсетіледі.".
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етеді.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 605 Тізбеге
2 - қосымша
  Азаматтық хал актілерін
мемлекеттік тіркеу,
азаматтық хал актілері
жазбаларына
өзгерістер енгізу, қалпына
келтіру, жоюды ұйымдастыру
Қағидаларына
13-қосымша

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

2

Қызмет берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:

1. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;
2. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
3. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажет болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу.

4

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші :
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажет болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу.
2) Мемлекеттік корпорация:
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажет болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу.
3) портал:
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

5

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін қысқартады не бұл мерзімді ұзартады, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде;
ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу себептерін және растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
АХАЖ ЦЖ-да актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
портал арқылы берген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған):
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
Қағаз түрінде:
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;
Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажет болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу.

7

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі

1) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы қайталама куәлік;
2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, электронды түрде, цифрлық құжаттар сервисінде қалыптастырылған цифрлық құжат.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін ақы төлеу құны Кодекстің 182- бабының 1-тармағына сәйкес алынады;
2. Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде мыналар босатылады:
1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркегені және азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамаларды бергені үшін – растайтын құжаттарды көрсеткен кезде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар);
2) туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – мемлекеттік ұйымдар; 3) баланың тууын мемлекеттік тіркегені және туу туралы куәлікті бергені үшін – жеке тұлғалар;
4) қайтыс болуды мемлекеттік тіркегені және қайтыс болу туралы куәліктерді, қайталама куәліктерді, анықтамаларды және хабарламаларды бергені үшін – жеке тұлғалар;
5) азаматтық хал актілерінің күшін жойғаны үшін – жеке тұлғалар;
6) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетілген кезде оларға куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар;
7) әке болуды анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуына байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар енгізгені және бала асырап алу мен әке болуды анықтауға байланысты туу туралы қайталама куәліктерді бергені үшін – жеке тұлғалар.

9

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі және оның кіші түрлері (бар болса)

1. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтері үшін төлемді растайтын құжат немесе Кодекстің 182-бабының 2-тармағына сәйкес төлемнен босату үшін негіз болып табылатын құжат (оны төлеу қажет болған жағдайда).
Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша:
некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама (апостиль қойылған/заңдастырылған, орыс немесе мемлекеттік тілге аудармасы бар);
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы, шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ұсынады;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлға азаматтығы жоқ адамның куәлігін ұсынады;
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға азаматы болып табылатын елдің немесе азаматтығы жоқ тұлғаның тұрақты тұратын мемлекетінің құзыретті органдары берген оның жеке басын куәландыратын құжаты және олардың мәтінінің қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасын ұсынады.
Шетел азаматының, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәтінінің аудармасының дұрыстығы шетел азаматы болып табылатын мемлекеттің немесе азаматтығы жоқ тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саяси ведомствосында куәландырылуы мүмкін.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, олардың мәтінінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.
Қажет болған жағдайда - өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат.
Заңнамада белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту негіздерін растайтын құжат қосымша ұсынылады: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше жағдайларды растайтын анықтамалар.
2. Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамада белгіленген жасын төмендету қажет болған жағдайда қосымша ұсынылады:
1) Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш;
2) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін растайтын құжаттар: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы немесе ортақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) неке (ерлі-зайыптылық) жасына жетпеген некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі;
4) заңды өкілдердің өкілеттігін растайтын құжаттар туралы мәліметтер.
Алдыңғы некелер (ерлі-зайыптылық) болған кезде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер беріледі.
ҚР шегінен тыс жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы тиісті (апостилденген/заңдастырылған, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен) куәліктердің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) ұсынылады.
Порталға:
Көрсетілетін қызметті алушылардың, некеге отыратын екі адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш.
Екінші және одан кейінгі некелерді (ерлі-зайыптылықты) тіркеу кезінде деректерді тексеру үшін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы мәліметтер ұсынылады.
3. Неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі):
1) Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты ауыстыруға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету;
4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты неке қию туралы акт жазбасына өзгерістер енгізген жағдайда - осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш, көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см. көлеміндегі бір фотосуреті.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

11

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері және оның кіші түрлері (бар болса)

Өтініш берілген жағдайда:
1) бір жыныстағы адамдар;
2) ең болмағанда біреуі басқа тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрса; 3) жақын туыстары арасында;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалар, бала асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасында;
5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан кем дегенде біреуі әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар;
6) өкіл арқылы;
7) көрінеу жалған мәліметтер беру фактісі анықталған жағдайда;
8) егер тіркеуші органның неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың болуын растайтын дәлелдемелері болса);
9) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
10) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
11) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

12

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
орталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етеді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады