ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) заңдарына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзiрленді және ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру тәртiбiн айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:
"3-1. Осы Қағидаларда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алушылар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады.
Тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жұбайынан (зайыбынан) және олардың жақын туыстарынан (ата-аналарынан, балаларынан, асырап алушылардан, асырап алынғандардан, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілері мен апалы-сіңлілерінен, атасынан, әжесінен, немерелерінен) тұрғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Тиісті жерден тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана ұсынылуы мүмкін.";
6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тізбе бір жұмыс күні ішінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) цифрландыру объектілері – Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz/programm-bank (бұдан әрі – Портал) арқылы орналастырылады.";
9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі атынан әкiм Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаны iске асыру бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) тапсырма шартын жасасады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
басқа екінші деңгейдегі банкте ашылған дербес шот туралы анықтама;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
баланың/балалардың туу туралы куәлігі не балалары бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының тиісті жерде жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
балалардың туу туралы куәлігі немесе балалары бар көрсетілетін қызметті алушыларға арналған цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының тиісті жерде жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілген қызметті алушы жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге жол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Әлеуметтік қолдау шаралары:
бұрын берілген кредиттер бойынша өтелмеген мерзімі өткен (осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау кезінде) берешегі жоқ, сондай-ақ соңғы 2 (екі) жылда бір кредит бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам үздіксіз мерзімін өткізу болмаған;
өтініш беру кезінде сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша;
өтініш берген күнінен бастап соңғы екі жылда келген маман жұмыс істейтін елді мекен қарайтын ауданда (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар) маманның, оның жұбайының және балаларының тұрғын үйі жоқ көрсетілетін қызметті алушыларға ұсынылады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған мынадай құжаттарды:
1) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде:
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін;
сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді;
екінші деңгейдегі басқа банкте ашылған жылжымайтын мүлікті сатушының дербес шоты туралы анықтама;
2) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит беру кезінде:
кепіл мүлкін бағалау актісін;
кепіл мүлкін сақтандыру шартын;
тұрғын үй салу кезіндегі шығыстар берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асып кеткен кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді;
көрсетілетін қызметті алушының екінші деңгейдегі басқа банкте ашылған дербес шоты туралы анықтама;
3) көтерме жәрдемақы беру кезінде:
жеке есеп шот туралы анықтаманы ұсыну қажеттігі туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.";
Көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
| "; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
| "; |
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
2.1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден сенім білдірілген өкілдің (агенттің) интернет-ресурсы арқылы алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді алуға құқылы.";
2.4-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін он үшінші, он төртінші, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші және жетпіс төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қағидалардың 10-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"10. Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
басқа екінші деңгейдегі банкте ашылған дербес шот туралы анықтама;
2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұратын көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
баланың/балалардың туу туралы куәлігі не балалары бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының тиісті жерде жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп;
3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
балалардың туу туралы куәлігі немесе балалары бар көрсетілетін қызметті алушыларға арналған цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының және оның жұбайының (зайыбының) және балаларының тиісті жерде жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтама (сәйкестендіру үшін);
Кредиттік бюродан есеп.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілген қызметті алушы жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.
Осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi.
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге жол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде өтінішке көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ немесе бір реттік парольмен куәландырылған көрсетілген құжаттардың (тиісті цифрлық жүйелерден алынатын құжаттарды қоспағанда) электрондық (сканерленген) көшірмелері қоса тіркеледі.".
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
А. Амрин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Өтініш
Сізден Келiсiмде (қоса берiледі) көрсетілген мөлшерде және шарттарда маған көтерме жәрдемақы төлеуіңіздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
__________ ____________ (күнi) (қолы)
Өзгерiстер туындаған жағдайда олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер және/немесе жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.