"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5 және 7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 25 маусымдағы № 303-НҚ бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 5 және 7-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жарнама - кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;
2) жергілікті атқарушы орган (акимат) (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда көрсетілген адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;
4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара (бұдан әрі – іс-шара) – іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;
5) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) – іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – құжаттарды қарау және Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша Заңның 9-1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптардың бар немесе жоқ екендігіне қатысты ұсынымдық сипаттағы қорытынды әзірлеу үшін астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ЖАО шешімімен құрылатын және бекітілетін тұрақты жұмыс істейтін алқа органы.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу тәртібі
3. Іс-шараны өткізу үшін Ұйымдастырушы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өтінімді және құжаттарды электрондық мекенжайға не қағаз түрінде ЖАО кеңсесіне жолдайды.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 16-бабына сәйкес мемлекеттік театрлар, концерттік ұйымдар, цирктер, мәдени-демалыс ұйымдары субсидиялар төлеу шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік тапсырма шеңберінде іске асырылатын мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу үшін Ұйымдастырушы ол өткізілетін аумақтағы ЖАО-ға іс-шараны өткізу туралы жазбаша хабарламаны оны өткізу күніне дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей жібереді.
ЖАО Ұйымдастырушыға жазбаша хабарламаға жауапты 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бірақ іс-шара өткізілетін күннен кешіктірмей жібереді. ЖАО белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда, жазбаша хабарлама үнсіздік бойынша келісілген деп есептеледі.
4. Қоса берілген құжаттармен бірге келіп түскен өтінімді ЖАО кеңсесі келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қабылдайды және тіркейді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Ұйымдастырушыға қатысты жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2) іс-шара бағдарламасы (сценарийі, регламенті);
3) портфолио, қатысушылар туралы ақпаратты қамтитын анықтама (шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар), интернет-ресурстарға сілтемелер, қысқаша мазмұны (синопсис), либретто, драматургиялық материал (пьеса немесе инсценировка), ән авторы көрсетілген концерттік бағдарлама, ән мәтіндері, әзіл-сықақ монологының сценарийі.
5. Ұсынылған өтінім мен құжаттар тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды ЖАО-ның тиісті басқармасы қарауы тиіс.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, ЖАО өтінім тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде нақты бұзушылықтар мен оларды 2 (екі) жұмыс күні ішінде жою талаптарын көрсете отырып, пысықтау қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
Өтінім мен құжаттар хабарламада көрсетілген мерзімде 4-тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкестендірілмеген жағдайда, ЖАО 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді Ұйымдастырушыға қайтарады.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, ЖАО келесі жұмыс күні ішінде ұсынымдар алу үшін өтінім мен құжаттар топтамасын Комиссия мүшелеріне жолдайды.
7. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдерінің арасынан сайланатын, саны кемінде 5 (бес) адамнан, оның ішінде төраға мен төрағаның орынбасарынан тұратын тақ саннан құралады.
Мүдделер қақтығысын болғызбау үшін өтінімдерді қарау кезінде жеке мүдделілігі бар адамдар, сондай-ақ туыстық қатынастары немесе өзге де мән-жайлары Комиссия шешімінің объективтілігіне әсер етуі мүмкін адамдар Комиссия құрамына кіре алмайды.
Мүдделер қақтығысы туындаған Комиссия мүшесі бұл туралы төрағаға жазбаша нысанда дереу хабарлайды.
Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы ақпарат болған кезде бас тарту туралы шешім Комиссия отырысында қабылданады.
Бас тарту туралы шешім Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, Комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Комиссия мүшелерінің бірі оның құрамынан шыққан жағдайда, оның шығып қалғаны туралы ресми хабардар етілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жаңа мүше құрамға енгізіледі.
8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
9. Комиссияның хатшысын Комиссия төрағасы ЖАО қызметкерлерінің қатарынан тағайындайды.
10. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді, Комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді, отырыс үшін осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген материалдарды жинақтауды және дайындауды жүзеге асырады, Комиссия отырысының хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды.
11. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен аспайтын мерзімде өткізіледі. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Хатшы Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы хабарламаны отырыс өткізілетін күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын смс-хабарлама, телефон байланысы арқылы не электрондық пошта құралдарымен жібереді.
12. Комиссия Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау барысында Заңның 9-1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, өз-өзіне қол жұмсауды, порнографияны, есірткі құралдарын, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды және педофилияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контенттің пайдаланылғанын немесе пайдаланылмағанын тексереді және отырыстан кейін 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде хаттамамен ресімделетін ұсынымдық сипаттағы қорытынды шығарады. Хатшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін ЖАО-ның электрондық мекенжайына жібереді.
13. ЖАО хаттама көшірмесін алғаннан кейін келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қорытынды түрінде ресімделетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келісу;
2) бас тарту.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, өз-өзіне қол жұмсауды, порнографияны, есірткі құралдарын, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды және педофилияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдалану іс-шараны өткізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
14. Қабылданған шешім туралы ЖАО шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушыны хабардар етеді.
15. Ұйымдастырушы ЖАО-ның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 91-бабына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
ЖАО шағымды ӘРПК көзделген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.
Шағым ӘРПК 99-бабында белгіленген мерзімдерде қаралады.
16. Өтінім берген Ұйымдастырушы іс-шараларды өткізеді және іс-шараны өткізу орнын көрсете отырып, іс-шараларды ұйымдастыру туралы шарт жасасады, сондай-ақ жарнаманы және билеттерді сатуды іс-шараларды өткізу бойынша ЖАО-мен келісілгеннен кейін ғана, бірақ іс-шара басталғанға дейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырады.
17. Іс-шараларды өткізу күні өзгерген жағдайда ЖАО-мен қайта келісу талап етілмейді.
Іс-шара өткізілетін алаң ауыстырылған, ұжым немесе орындаушы ауыстырылған жағдайда ЖАО-мен қайта келісу талап етіледі, қарау мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
| Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу қағидаларына қосымша Нысан |
Өтінім
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
Оның тұрғылықты жері немесе болатын жері немесе тұрған жері туралы ақпарат | |
Телефон нөмірі, электрондық мекенжайы | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шарасын өткізу бойынша өкімдік функцияларды орындауға ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараның ұйымдастырушысы уәкілеттік берген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | |
Олардың тұрғылықты жері немесе болатын жері немесе тұрған жері туралы ақпарат | |
Телефон нөмірі | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараның (концерт, мюзикл, спектакль, балет, юморлық шоулар, цирк қойылымдары, әзіл-сықақ) нысаны | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараның мақсаты | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шарасын өткізу орны (орындары) (қатысушылардың қозғалыс маршруттары, көлік құралдарын пайдалану туралы ақпарат) | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараның басталу күні мен уақыты | |
Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараның аяқталу уақыты | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараға қатысушылардың саны | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара көрермендерінің болжамды саны | |
Дыбысты күшейтетін қосымша техникалық құралдарды пайдалану (ия, жоқ) | |
ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны өткізген кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін заттарды пайдалану болжанады ма | |
Шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу тәртібі (келу уақыты, дайындық (репетиция), сценарий, қысқаша мазмұны (синопсис), либретто, драматургиялық материал (пьеса немесе сахналау), концерттік бағдарлама (әндердің авторы, әндердің мәтіні), әзіл-сықақ монологының сценарийі) |
Қосымша:________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді құрайтын мәліметтерді жинауға, өңдеуге және пайдалануға келісім беремін.
20 ___ жылғы "___"_____________________________________________
(хабарламаны беру күні) (шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) қолы)
________________________________________________________________
(шетелдік шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы уәкілеттік берген адамдардың қолы)
