ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. ""Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) ақысыз негізде көрсетеді.";
9-тармақтың 3-тармақшасының 9 және 10 абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атына қолдаухатты жолдау;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;";
көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағиданың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағиданың 3-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Р. Исакулов |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | астана, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын | Жоқ |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); www. egov. kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Өтініш
Мен ________________________болып табылатындықтан (толық Т.А.Ә.) (жеке басын
куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
маған жалдау (қосымша жалдау) 20_____жылғы"__"___________№___шартына
сәйкес__________________мекенжай бойынша тұрып жатқан пәтерімді жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша: __________________________________________________________________
(барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келісім береді)
Мен, _______________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні,кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру
нөмірі) ____________________________________ мекенжайы бойынша пәтерді
________________________________ атына ақысыз жекешелендіруге келісемін.
(Т.А.Ә.)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _ , 20__ жылғы "__"_____:
Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректері:
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты.
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _ , 20__ жылғы "__" ___:
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты.
Өтініш
Маған және менің отбасыма_____________________________________________________
(толық Т.А.Ә.) (жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген,
жеке сәйкестендіру нөмірі) жалдау (қосымша жалдау) 20 __
жылғы"__"__________№___шартына сәйкес_____________________мекенжай бойынша
тұрып жатқан пәтерімді қалдық құны бойынша сатып алу (немесе тұрғын үйдің
құнын_______ мерзімге бөліп-бөліп төлеу, бастапқы жарна ______ жолымен
жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қосымша: _________________________________________________________________
(барлық кәмелетке толған отбасы мүшелері келiсiм береді)
Мен, ______________________________________________________________________
(Т.А.Ә., туыстық дәрежесі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, күні, кім және қашан берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________ мекенжай бойынша пәтерді
________________________________ атына жоғарыда көрсетілген шарттармен (Т.А.Ә.) жекешелендіруге келісемін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз және
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес
деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береміз.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойды және жіберді: сағат _ _, 20__ жылғы "__" _____ ;
Көрсетілетін қызметті алушының және отбасының кәмелетке толған мүшелерінің
электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) деректер:
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама:
Көрсетілетін қызметті беруші қабылдады: сағат _ _, 20__ жылғы "__" ____:
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері:
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.
