Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 22 маусымдағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 маусымда № 39080 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35912 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларында:

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, жергілікті және басқа да соттар судьяларының тұрғын үйді беруі мен пайдалануы тиісті конституциялық заңдар тәртібімен және шарттарымен қамтамасыз етіледі.".

      2. "Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларында:

      18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген "Қазақстан Республикасының тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

ақы төленбейтін

      ";

      көрсетілген Қағидаға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
Р. Исакулов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 323 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасының
тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарын, қандастарды
"Тұрғын үймен қамтамасыз ету
Орталығы" электрондық
базасына есепке қою
қағидаларына
2-қосымша
Нұсқа

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюға өтініш

      Осы арқылы мен,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Сізден мені тұрғынжайға мұқтаж ретінде "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюыңызды сұраймын.

      Осы арқылы мен,

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      заңды өкіл бола отырып, сондай-ақ

      _____________________________________________________________________ (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) әрекетке қабілетсіз/кәмелетке толмаған тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі)

      атынан және мүддесі үшін әрекет ете отырып,

      Сізден __________________________________________________________(әрекетке қабілетсіз/кәмелетке толмаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      тұрғынжайға мұқтаж ретінде "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қоюыңызды сұраймын.

      Менде және отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасында тұрғынжайдың бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге және мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 71 және 78-баптарының талаптарына сәйкес "Отбасы банк" АҚ интернет-ресурсында деректерді жариялауға келісемін.

      Мемлекеттік дерекқорларда растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, Заңның 74-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғаларға тиесілілігі жоқ тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюмен келісемін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады