"Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 351/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 маусымда № 39074 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және нөмірлеу ресурстарын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) абоненттік нөмірді көшіру – абоненттің басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде оған ұсынылатын, ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді сақтап қалу және пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет;

      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың коммуникацияларын дамыту саласындағы уәкілетті орган – азаматтар мен заңды тұлғалардың коммуникацияларын дамыту саласында басшылықты және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) бағыттау нөмірі (routіng number, RN) – ұялы байланыс желілерінде және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде ұялы байланыстың көшірілген абоненттік нөміріне шақырулар жасау үшін қолданылатын адресті ақпарат. Бағыттау нөмірі (routіng number, RN) префикстен (бір оналтылық санау жүйесіндегі "D" цифры) және ондық санау жүйесіндегі екі таңбалы ұялы оператор желісінің кодынан тұрады;

      4) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      5) белгіленген аумақта немесе DEF кодымен нөмірлеу аймағында нөмірлеу ресурсының шектеулілігі – бұл ретте барлық байланыс операторларына бөлінген және байланыс операторларының өтініші бойынша сұралатын нөмірлеу ресурсы қолжетімді мөлшерден 90 пайыз жоғары кезде белгіленген аумақта немесе DEF кодымен нөмірлеу аймағында жұмыс істейтін телекоммуникациялар желісінің жай күйі;

      6) желінің нөмірлеу сыйымдылығы – телекоммуникациялар желісінің ақырғы пайдаланушылық жабдығын сәйкестендіретін нөмірлер саны;

      7) желіні нөмірлеудің жоспарланатын сыйымдылығы – белгілі бір кезеңге желіні дамыту кезінде байланыс операторы қол жеткізуді жоспарлайтын телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу сыйымдылығы;

      8) желіні нөмірлеудің қолданыстағы сыйымдылығы – желіде жалғанған барлық ақырғы (пайдаланушылық) жабдықтарды сәйкестендіретін нөмірлерді, сонымен қоса бақылауда және қызметтік мақсаттарда қолданылатын нөмірлерді, сондай-ақ оларға қызмет көрсеткені үшін абоненттік төлем алынатын, пайдаланушы броньдаған нөмірлерді есепке алатын желіні нөмірлеудің сыйымдылығы;

      9) желіні нөмірлеудің ең жоғарғы ықтимал сыйымдылығы – желіде қабылданған нөмірлеудің мәнділігі шеңберінде желіні нөмірлеудің ең жоғарғы сыйымдылығы;

      10) интеллектуалды желі – деректерді беруді және өңдеуді бірлестіретін коммуникациялық желі;

      11) қолжетімді нөмірлеу ресурсы – қолдануға техникалық мүмкіндік бар нөмірлеудің бос ресурсы;

      12) көрсетілетін қызмет провайдері – меншікті байланыс инфрақұрылымы жоқ және пайдаланушыларға байланыс операторларының желілері арқылы телекоммуникация қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      13) қызмет абонентінің логикалық нөмірі – Х1..Хn интеллектуалды байланыс желісінің көрсетілетін қызметтері абонент нөмірінің тікелей көрсетілетін қызмет абонентін сәйкестендіретін бөлігі. Көрсетілетін қызметті абоненттеу кезінде байланыс операторымен (көрсетілетін қызмет провайдерімен) "(Х4)Х5Х6Х7" қызметтер абоненттерінің логикалық нөмірлері бөлінеді;

      14) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      15) нөмірдің "көшуі" (nomadіcіty) – тіркелген телефон байланысы желісіндегі пайдаланушының өзінің желілік қолжетімділік нүктесін ауыстыру қабілеті;

      16) префикс – нөмірдің, желілердің, қызметтердің, байланыс операторларының түрлі тұрпаттарын таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бір саннан немесе одан көп белгілерден тұратын индикатор;

      17) тіркелген байланыс желісі – түпкілікті терминалдарында аумақтық тіркелген орналасу орны бар телекоммуникация желісі. Тіркелген телефон байланысы желісі жергілікті телекоммуникация желілері, қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желісі, тіркелген жерсеріктік байланыс желілері болып бөлінеді;

      18) ABC коды – географиялық нөмірлеу аймағының телекоммуникациялық желісін не оның бір бөлігін сәйкестендіретін код;

      19) DEF коды – географиялық емес нөмірлеу аймағының интеллектуалды байланыс желісінің қызметін немесе телекоммуникациялық желіні сәйкестендіретін код;

      20) "X1" индексі – географиялық тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймағы абонентінің аймақтық телефон нөмірінің миллиондық нөмірлер тобының коды;

      21) "X1X2" индексі – географиялық тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймағы абонентінің аймақтық телефон нөмірінің жүз мыңдық нөмірлер тобының коды;

      22) "Х1Х2Х3" индексі – географиялық тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймағы абонентінің аймақтық телефон нөмірінің он мыңдық нөмірлер тобының коды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті беруші нөмірлеу ресурсын есепке (беру, оларды алып қою) алу бойынша жұмысты ұйымдастырады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлінген және резервтік нөмірлеу ресурстарының тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті алушы нөмірлерді алу үшін www.egov.kz, www.elіcense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай телекоммуникациялар желісінің нөмірлеу ресурсын бөлуге арналған өтінішті;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны;

      3) әр өңірде оператордың болуын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау мақсатында желілердің қосылуының стандартты нүктесі болып табылатын оператор желісінің транзитті коммутациялық станциялар тізбесін - қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау префиксін алуған жағдайда;

      4) қызметтің толық сипаттамасын, осы қызметті ұйымдастырудың мақсаттылығын негіздемесін, ұсынылатын қызметті көрсету әдісінің, шақыруларды тарифтеу және бағыттау жөніндегі ұсыныстардың нақты сипаттамасын - байланыс операторына (қызмет провайдеріне) қайта енгізілетін немесе бұрын қолданыстағы қызметтерге қол жеткізу кодын пайдаланып, байланыс қызметтерін көрсететін оператордың "Х1Х2Х3(Х4)" кодын алу үшін жібереді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Нөмірлеу ресурсты алып қоюды көрсетілетін қызмет беруші мынадай:

      1) нөмірлеу ресурсты алушының өтініші бойынша, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      2) "Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34142 болып тіркелген) мемлекеттік органдардың халықпен байланыс жасау саласындағы уәкілетті органының байланыс орталығы тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес мерзімді аттестаттау өтпегені туралы хабарламасы негізінде;

      3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 443/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33483 болып тіркелген) мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті органының хабарламасы негізінде, әкімшілік органдардың байланыс орталықтарының жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Үлгілік талаптарды орындамаған жағдайда;

      4) сот шешімі негізінде;

      5) нөмірлеу ресурсты бөлу туралы бұйрық шыққан күннен бастап бір жылдан астам уақыт пайдаланылмаған жағдайларда жүзеге асырады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш берушінің еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды. Өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде құжаттарды қарастырып, одан әрі үш жұмыс күні ішінде бөлінген және резервтік нөмірлеу ресурстарының тізіліміне сәйкес бос нөмірлеу ресурсын, соның ішінде сұралған нөмірді таңдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілетін нөмірлеу ресурсын бөлу немесе алып қою туралы бұйрықты не қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту әзірлейді.

      Мемлекеттік органның байланыс орталығын құру кезінде қызмет алушы толық құжаттар жиынтығын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызмет беруші өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның халықпен коммуникациясы және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті органдарға келісуге жібереді.

      Мемлекеттік органның халықпен коммуникациясы және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті органдар 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде келісу туралы немесе келіуден бас тарту туралы жауап ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет беруші ұсынылған құжаттарын қарау, сондай-ақ мемлекеттік органның халықпен коммуникациясы және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті органдардың келісімінің нәтижелері негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бұйрық шығарады не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, осы көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" қызметті берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      Көрсетілетін қызмет беруші оң шешім қабылдаған жағдайда, 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың халықпен байланыс әрі мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органдарына нөмірлеу ресурсын бөлу туралы хабарлайды.

      Жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Көрсетілетін қызметті беруші сұратылатын нөмірлерді бөлуден мынадай негіздер бойынша:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

      6) Мемлекеттік органның халықпен коммуникациясы және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті органдардың байланыс-орталықғын ұйымдастыру кезінде келісім беруден бас тарту туралы теріс нәтижесі бойынша бас тартады.";

      27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына және жоғарыда тұрған мемлекеттік органға келіп түскен шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз алтыншы, елу жетінші және алпыс сегізінші абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрінің міндетін атқарушы
Д. Мусалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 351/НҚ бұйрығына
қосымша 1
  Нөмірлеу ресурсын бөлу және
нөмірлерді беру,
сондай-ақ оларды алып
қою қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызмет беруші атауы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

"цифрлық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elіcense.kz

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

бес жұмыс күн. Мемлекеттік органның байланыс орталығын құру үшін он екі жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде (ішінара цифрландырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Нөмірлерді беру немесе оларды алып қою туралы бұйрық; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) Порталдың жұмыс кестесі "цифрлық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elіcense.kz – техникалық жұмыстарды жүргізумен байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады) тәулік бойы;
2) Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 08.00-ден 17.30-ға дейінгі түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Нөмірлерді алу үшін:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірлер бөлуге арналған өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазба. қызметтің толық сипаттамасы, осы қызметті ұйымдастырудың мақсаттылығын негіздеу, ұсынылатын қызметті көрсету әдісінің нақты сипаттамасы, шақыруларды тарифтеу және бағыттау жөніндегі ұсыныстар - байланыс операторына (қызмет провайдеріне) қайта енгізілетін немесе бұрын қолданыстағы қызметтерге қол жеткізу кодын пайдаланып, байланыс қызметтерін көрсететін оператордың "Х1Х2Х3(Х4)" кодын алу үшін.
3) Мемлекеттік органның байланыс орталығын аккредиттеу үшін қажетті мәліметтер:
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің байланыс арнасын құру мәселесі бойынша тапсырмасы (бар болған жағдайда);
4) Мемлекеттік органның байланыс орталығын құру үшін қажетті мәліметтер:
кеңес беру, өтініштерді қабылдау мәселелері;
бағдарламалық өнімдердің болуы;
жұмыс орнының жабдықталуы;
қызмет алушының ведомстволық бағыныстылығы;
байланыс орталығының атауы;
жоспарланған әрекет ету кезеңі. Нөмірлеу ресурсын алып қою үшін: нөмірлерді алып қою туралы өтініш.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
6) Мемлекеттік органның халықпен коммуникациясы және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді көрсету саласындағы уәкілетті органдардың байланыс-орталықғын ұйымдастыру кезінде келісім беруден бас тарту туралы теріс нәтижесі бойынша бас тартады.

10.


Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет" көмегімен, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету деңгейі мен қарастыру тәртібі туралы ақпаратты ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті электронды түрде ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы ала алады. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің www.gov.egov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 351/НҚ бұйрығына
қосымша 2
  Нөмірлеу ресурсын бөлу
және нөмірлерді беру,
сондай-ақ оларды алып
қою қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Бөлінген және резервтік нөмірлеу ресурстарының тізілімі

№ р/с

Нөмірлеу ресурсы

Бөлінген және резервтік нөмірлеу ресурстарының саны

Пайдалану аумағы

Қызмет алушының атауы

Қызмет алушының ұйымдық-құқықтық нысаны

Қызмет алушының ведомстволық бағыныстылығы
(мемлекеттік органның Байланыс-Орталығы үшін)

Б
С
Н

Байланыс деректері (телефон, е-mail)

Байланыс орталығының атауы

Байланыс орталығының сыныптауышы және қызмет көрсету саласы

Нөмірлеу ресурсын бөлу, туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні

Нөмірлеу ресурсын, қайтарып алу туралы бұйрықтың нөмірі мен қол қойылған күні

Көрсетілетін қызмет атауы

Ескертпе
















  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
және цифрлық даму
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 24 маусымдағы
№ 351/НҚ бұйрығына
қосымша 3
  Нөмірлеу ресурсын бөлу
және нөмірлерді беру,
сондай-ақ оларды алып
қою қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Түсіндірме жазба

      1. Желінің атауы мен түрі.

      2. Желінің қызмет етуін қамтамасыз ететін әкімшілік-ұйымдастыру қағидаттары (меншік нысаны, иесі, пайдаланылатын кәсіпорындар, кәсіпорын – халықаралық оператор, олардың құқықтық және функционалдық қатынастары).

      3. Өтінім беру кезіндегі желінің пайдалануға дайындығы (немесе пайдалануды бастау мерзімі).

      4. Желі құрудың қысқаша техникалық қағидаттары:

      1) құрылымы, оның ішінде қалааралық (халықаралық, аймақішілік) желілермен өзара іс-қимылын жүзеге асыратын элементтер;

      2) қалааралық (халықаралық) желілермен түйісуді техникалық қамтамасыз ету (желіаралық түйісу хаттамалары, тікелей түйісу, байланыс арналарының түрлері және оларды ұйымдастыру тәсілдері).

      5. Қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерін, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін, ІP-телефония қызметтеріне (Интернет-телефония) және байланыстың интеллектуалдық желілер қызметтеріне ұсыну үшін ұйымдастыру-техникалық дайындығы (шет елдердің түйіндесу желілерінің операторларымен, отандық желілермен немесе транзит беру туралы халықаралық транзиттік тораптармен, халықаралық арналар жабдықтаушыларымен келісімдердің болуы, техникалық құралдардың болуы және функционалдық дайындығы).

      6. Желінің жұмыс істеу ауқымы:

      1) желі топологиясы (Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, басқа да шет елдердің желі қамтитын қалалары мен аймақтарының тізбесі);

      2) пайдаланушылардың, оның ішінде қалааралық (халықаралық) байланыс қызметтерімен пайдаланылатындардың саны;

      3) тікелей түйіндесу жүргізілетін шетел желілері мен транзиттік тораптарының тізбесі;

      4) пайдаланушыларға, тапсырыс берілген желімен тікелей түйіндесуі жоқ шетел желілерінің абоненттеріне шығуды ұсыну мүмкіндігі;

      5) қалааралық (халықаралық) трафик (кіріс, шығыс);

      6) көрсетілетін қызметтердің құрамы.

      7. Желінің нөмірлеу жоспарын құру қағидаттары.

      8. Көрсетілетін қызметтердің сипаты.

      9. Байланыс арнасының жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылым, кадрлық және қаржылық ресурстар туралы мәліметтер.

      10. Байланыс арнасының қажеттілігін негіздеу, оның ішінде халықаралық тәжірибе, халықаралық ұйымдардың ұсынымдары, жүргізілген сауалнама нәтижелері (бар болған жағдайда).

      11. Консультацияға, өтініштерді қабылдауға арналған сұрақтар.

      12. Бағдарламалық өнімдердің болуы.

      13. Жұмыс орнының жабдықталуы.

      Ескертпе:

      1) 4, 5-тармақтар бойынша мәліметтер өтініш беру кезіндегі жағдай бойынша жазылады және желіні дамыту жоспары бойынша деректер келтіріледі;

      2) 5-тармақ нөмірлеу аймағының "DEF" кодтарын, "DEFХ1" және "DEF Х1Х2" кодтарын, қызметтерге қолжетімділік кодтарындағы "Х1Х2Х3(Х4)" байланыс операторларының (қызметтер провайдерлерінің) кодтарын сұрататын операторлар үшін ғана; оператордың таңдау префиксін сұрататын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары үшін ғана қолданылады;

      3) 6-тармақтың 3)-5) тармақшалары нөмірлеу аймағының "DEF" кодтарын, "DEF Х1" және "DEF Х1Х2" кодтарын сұрататын операторлар үшін ғана жарамды;

      4) егер бұрын лицензия алуға ұсынылған түсіндірме жазба өзгертілсе, 7-тармақ бойынша жаңа нөмірлеу жоспары қосымша;

      5) Мемлекеттік органның байланыс орталығын ұйымдастыру үшін 9, 10, 11, 12, 13-тармақтардағы мәліметтер ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады