Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 22 маусымдағы № 59 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39042 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының жиырма үшінші, жүз жиырма үшінші абзацтарын және 4-тармағының оныншы, жиырма бірінші, қырық бірінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 59 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының бухгалтерлік есеп жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалы, сондай-ақ исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы жасайтын исламдық банк операцияларының бухгалтерлік есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына және Нұсқаулықтың 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 23-1-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің, әмбебап банктік лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінде исламдық банк операцияларына жататын активтер мен міндеттемелерді, кіріс пен шығысты банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өзге де активтері мен міндеттемелерінен, сондай-ақ өзге де кірісі мен шығысынан бөлек есепке алу қамтамасыз етіледі.";

      7-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      9-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      10-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      12-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      13-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      15-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      18-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      26, 27 және 28-тармақтардың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      36 және 37-тармақтардың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      105-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      106-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      108 және 109-тармақтардың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      110-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      112-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      162-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      171-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      173-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Вексельге аваль қою кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) шартты талаптар мен міндеттемелер сомасына:

      Дт 6180 Вексельдер бойынша ықтимал талаптар

      Кт 6680 Вексельдер бойынша ықтимал міндеттемелер;

      2) аваль бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде қабылданатын ақша сомасына:

      Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша

      1051 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

      1052 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар

      2203 Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

      2204 Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

      Кт 2213 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымы

      2223 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын заңды тұлғалардың салымы

      2241 Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымы;

      3) кепіл мүліктің құнына:

      Кіріс 7250 Клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге қабылданған мүлік (кепіл);

      сонымен бір мезгілде, кепіл нысанасына құқық белгілейтін құжаттардың, клиентке міндетті қайтаруға жататын кепіл туралы шарттың және басқа құжаттардың түпнұсқасының 1 (бір) теңге шартты құнына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Кіріс 7339 Әр түрлі құндылықтар мен құжаттар.";

      176-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      202-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің инвестициялық депозиттер бойынша операцияларының бухгалтерлік есебі";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес міндеттемелерді тану өлшемшарттарына сәйкес келетін инвестициялық депозиттер операцияларының бухгалтерлік есебі";

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің банктік қарыз операцияларының бухгалтерлік есебі";

      346 және 347-тармақтардың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      358-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің коммерциялық кредит бере отырып сауда делдалы ретінде сауда қызметін қаржыландыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебі";

      361-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-тарау. Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік талаптарымен өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру операцияларының бухгалтерлік есебі";

      23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-тарау. Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің лизинг (жалдау) талаптарымен инвестициялық қызметтің бухгалтерлік есебі";

      381-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 23-1-тараумен толықтырылсын:

      "23-1-тарау. Ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан тартатын қаржыландыру операцияларының бухгалтерлік есебі

      391-1. Тауарды коммерциялық кредит туралы шартқа сәйкес сауда делдалы (бұдан әрі – сауда делдалы) ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1602 Басқа да қорлар

      1793 Болашақ кезеңдер шығысы (үстеме сомасына)

      Кт 2246 Сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит.

      391-2. Коммерциялық кредит туралы шартқа сәйкес сауда делдалынан алынған тауарды сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша

      1051 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

      1052 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар

      Кт 1602 Басқа да қорлар.

      391-3. Коммерциялық кредит туралы шарт бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 2246 Сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит.

      Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша

      1051 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

      1052 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар.

      391-4. Банктің есеп саясатында көзделген кезеңділікпен үстеме сомасын шығысқа жатқызған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 5092 Сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит бойынша сыйақыны төлеуге байланысты шығыс.

      Кт 1793 Болашақ кезеңдер шығысы.

      391-5. Сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит бойынша міндеттемелерді өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 2246 Сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит.

      Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша

      1051 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот

      1052 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар.".

      2. "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн ұйымның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарға сәйкес ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып басқарады және iстердi жүргiзедi.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шоттар жоспарының 2-тарауының 1-5 аралығындағы параграфтарында көзделген шоттар ұйымның бухгалтерлік балансында көрсетіледі.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 6 және 7-параграфтарында көзделген шоттар ұйымның пайда және зиян туралы есебінде көрсетіледі.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 8-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатқызылады және ұйымның шартты және ықтимал талаптары мен міндеттемелерін есепке алуға арналған.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 9-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатқызылады және меморандум шоттары болып табылады.

      Шоттар жоспарының 2-тарауының 10-параграфында көзделген шоттар баланстан тыс шоттарға жатқызылады және клиенттердің инвестициялық басқарудағы активтерін есепке алуға арналған.";

      2-тарауда:

      1-параграфта:

      1070-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1070 Цифрлық теңге және электрондық ақша";

      1071-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1071 Цифрлық теңге";

      1072-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1072 Электрондық ақша";

      1160-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1170, 1170 01 және 1170 02-шоттармен толықтырылсын:

      "1170 Цифрлық қаржы активтері

      1170 01 Базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин)

      1170 02 Базалық активі басқа активтер болып табылатын цифрлық қаржы активтері";

      1140 06, 1140 07, 1140 08, 1140 09, 1140 10, 1290 27, 2030 06, 2030 07, 2030 08, 2030 09, 2030 10, 5440 01, 5470 01, 6150 05, 6240 26, 7440 04, 7470 11-шоттардың нөмірлері мен атаулары алып тасталсын;

      2-параграфта:

      2020 64-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2020 64 Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер";

      2020 64-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2020 65-шотпен толықтырылсын:

      "2020 65 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер";

      3-параграфта:

      3550 01-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3560 және 3560 01-шоттармен толықтырылсын:

      "3560 Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер

      3560 01 Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер";

      6-параграфта:

      6110 64-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6110 64 Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс";

      6110 64-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6110 65-шотпен толықтырылсын:

      "6110 65 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс";

      6280 09-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6280 12 және 6280 13-шоттармен толықтырылсын:

      "6280 12 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс

      6280 13 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан кіріс";

      7-параграфта:

      7440 62-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7440 62 Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс";

      7440 63-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 7440 64-шотпен толықтырылсын:

      "7440 64 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс";

      7470 11-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 7470 12 және 7470 13-шоттармен толықтырылсын:

      "7470 12 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс

      7470 13 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан шығыс";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      1071-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1071 "Цифрлық теңге" (активті).

      Шоттың мақсаты: Сатып алынған цифрлық теңге сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған цифрлық теңге сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған цифрлық теңге сомасын есептен шығару жазылады.";

      1072-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1072 "Электрондық ақша" (активті).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасын есептен шығару жазылады.";

      1160-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1170 01 және 1170 02-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "1170 01 "Базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин)" (активті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.

      1170 02 "Базалық активі басқа активтер болып табылатын цифрлық қаржы активтері" (активті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      2020 64-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2020 64 "Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер" (активті).

      Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтерді есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтердің ұлғаюы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтерді есептен шығару жазылады.";

      2020 64-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2020 65-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "2020 65 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер" (активті).

      Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтерді есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтердің ұлғаюы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтерді есептен шығару жазылады.";

      3550 01-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3560 01-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "3560 01 "Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер" (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелерді қоспағанда, айналысқа шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      6110 64-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6110 64 "Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс"

      Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша кіріс сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша кіріс сомасын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      6110 64-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6110 65-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "6110 65 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс".

      Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша кіріс сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша кіріс сомасын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      6280 09-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6280 12 және 6280 13-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "6280 12 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс"

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      6280 13 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан кіріс"

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін оң қайта бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      7440 62-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7440 62 "Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс".

      Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша шығыс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша жұмсалған шығыс сомасын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      7440 63-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7440 64-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "7440 64 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс".

      Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша шығыс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының инвестициялық басқаруындағы активтер бойынша жұмсалған шығыстың сомасын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      7470 11-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7470 12 және 7470 13-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "7470 12 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс"

      Шоттың мақсаты: цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығыстың сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      7470 13 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан шығыс"

      Шоттың мақсаты: цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін теріс қайта бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін теріс қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығыстың сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      1140 06, 1140 07, 1140 08, 1140 09, 1140 10, 1290 27, 2030 06, 2030 07, 2030 08, 2030 09, 2030 10, 5440 01, 5470 01, 6150 05, 6240 26, 7440 04, 7470 11-шоттардың нөмірлері, атаулары мен сипаттамалары алып тасталсын.

      3. "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-тарауда:

      7-тармақта:

      1060-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1060 Цифрлық теңге және электрондық ақша";

      1200-шоттар тобынан кейін мынадай мазмұндағы 1210-шоттар тобымен толықтырылсын:

      "1210 Цифрлық қаржы активтері";

      8-тармақта:

      2300-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2300 Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар және шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер";

      10-тармақта:

      4500-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4500 Дилинг операциялары және цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтері операциялары бойынша кіріс";

      11-тармақта:

      5500-шоттар тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5500 Дилинг операциялары және цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтері операциялары бойынша кіріс";

      2-тарауда:

      1-параграфта:

      1060-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1060 Цифрлық теңге және электрондық ақша";

      1061-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1061 Цифрлық теңге";

      1062-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1062 Электрондық ақша";

      1209-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1210, 1211 және 1212-шоттармен толықтырылсын:

      "1210 Цифрлық қаржы активтері

      1211 Базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин)

      1212 Базалық активі басқа активтер болып табылатын цифрлық қаржы активтері";

      1859-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      1874-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      2-параграфта:

      2245-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2246-шотпен толықтырылсын:

      "2246 Сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит";

      2306-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2307-шотпен толықтырылсын:

      "2307 Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер";

      2859-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      2873-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      4-параграфта:

      4510-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4520 және 4521-шоттармен толықтырылсын:

      "4520 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс

      4521 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан түскен кіріс";

      4705-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      4707-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      5-параграфта:

      5091-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5092-шотпен толықтырылсын:

      "5092 Сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит бойынша сыйақыны төлеуге байланысты шығыс";

      5510-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 5520 және 5521-шоттармен толықтырылсын:

      "5520 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс

      5521 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан шығыс";

      5705-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      5708-шоттың орыс тіліндегі атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі шоттың атауы өзгермейді;

      7-параграфта:

      7713-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 7714-шотпен толықтырылсын:

      "7714 Клиенттердің цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтері";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      1061-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1061. Цифрлық теңге (актив).

      Шоттың мақсаты: Сатып алынған цифрлық теңге сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған цифрлық теңге сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған цифрлық теңге сомасын есептен шығару жазылады.";

      1062-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1062. Электрондық ақша (актив).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақшаның сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасын есептен шығару жазылады.";

      1209-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1211 және 1212-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "1211. Базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин) (активті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.

      1212. Базалық активі басқа активтер болып табылатын цифрлық қаржы активтері (активті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      1426-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің, сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сауда делдалы ретінде коммерциялық кредит бере отырып сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиенттерге талаптарының сомасын клиент оларды өтеген немесе олар № 1427 баланстық шотқа жатқызылған кезде есептен шығару жазылады.";

      1473-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Өндірістік және сауда қызметін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы және (немесе) әріптестік талаптарымен қаржыландырған кездегі ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк инвестицияларының сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомасын есептен шығару жазылады.";

      1553-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің клиенттерге инвестициялық депозиттерді мерзімінен бұрын қайтаруға байланысты туындаған талаптарының сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиентке оның талап етуі бойынша инвестициялық депозитті мерзімінен бұрын қайтаруға байланысты туындаған талаптардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк талаптарының сомасын оларды алған кезде есептен шығару жазылады.";

      1729-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің инвестициялық депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан алынған кірістің бөлігі түрінде есептелген сыйақысының сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозиттен есептелген сыйақысының сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша есептелген сыйақының сомасын ол алынған жағдайда есептен шығару жазылады.";

      1771-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша есептелген кірістерінің сомасын есептен шығару жазылады.";

      1859-шоттың орыс тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгермейді;

      1874-шоттың орыс тіліндегі нөмірі мен атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі мен атауы өзгермейді;

      2245-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2246-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "2246. Сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит (пассив).

      Шоттың мақсаты: Коммерциялық кредит туралы шарт негізінде коммерциялық кредит алу жолымен сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан тартылатын қаржыландыру операциялары бойынша міндеттемелердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша коммерциялық кредит туралы шарт негізінде коммерциялық кредит алу жолымен сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан тартылатын қаржыландыру операциялары бойынша міндеттемелердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан тартылатын қаржыландыру операциялары бойынша міндеттемелердің сомасын клиент оларды өтеген кезде есептен шығару жазылады.";

      2306-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2307-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "2307. Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер (пассив).

      Шоттың мақсаты: цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелерді қоспағанда, айналымға шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелердің құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналымға шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелердің құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелердің құнын олар өтелген кезде есептен шығару жазылады.";

      2859-шоттың орыс тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгермейді;

      2871-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Исламдық банктің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша исламдық банктің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша исламдық банктің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің қайырымдылық төлемдерін жүзеге асыруға арнаған сомасын есептен шығару жазылады.";

      2873-шоттың орыс тіліндегі нөмірі мен атауы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі мен атауы өзгермейді;

      4477-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алуға байланысты кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      4510-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4520 және 4521-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "4520. Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс.

      Шоттың мақсаты: цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кірістің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      4521. Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан түскен кіріс.

      Шоттың мақсаты: цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін оң қайта бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      4618-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша кірістерінің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша кірістерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      4705-шоттың орыс тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгермейді;

      4707-шоттың орыс тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгермейді;

      4880-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан болатын кірістердің сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан болатын кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кірістердің сомасы № 4999 баланстық шотқа есептен шығаруға жазылады.";

      5091-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 5092-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "5092. Сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан алынған коммерциялық кредит бойынша сыйақыны төлеуге байланысты шығыс.

      Шоттың мақсаты: Коммерциялық кредит туралы шарт негізінде коммерциялық кредит алу жолымен сауда делдалы ретінде әрекет ететін басқа банктерден, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан тартылатын қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сауда делдалы ретінде әрекет ететін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын басқа да банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарынан, халықаралық қаржы ұйымдарынан, жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорынан тартылатын қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5510-шот сипатталғаннан кейін мынадай мазмұндағы 5520 және 5521 шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "5520. Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс.

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      5521. Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан шығыс.

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін теріс қайта бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін теріс қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша шығыс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      5705-шоттың орыс тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгермейді;

      5708-шоттың орыс тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгертілді, қазақ тіліндегі нөмірі, атауы мен сипаттамасы өзгермейді;

      2-параграфта:

      7713-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7714-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "7714. Клиенттердің цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтері.

      Шоттың мақсаты: Кастодиандық қызмет көрсетуге қабылданған цифрлық қаржы активтерінің құнын есепке алу.

      Шоттың кірісі бойынша цифрлық қаржы активтерінің құны олар кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған немесе цифрлық қаржы активтерді қайта бағалаған кезде құны ұлғайған кезде жазылады.

      Шоттың шығысы бойынша кастодиандық қызмет көрсету шарты негізінде қабылданған цифрлық қаржы активтерінің құны оларды клиентке қайтарған, оларды сатқан немесе цифрлық қаржы активтерді қайта бағалау кезінде құны азайған кезде есептен шығару жазылады.";

      7801-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Клиенттердің ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша клиенттердің ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ақша сомасын оларды инвестициялау, клиентке қайтару және клиентке және (немесе) ислам банкіне, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банкке сыйақы төлеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      7802-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк сатып алған тазартылған бағалы металдардың құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк сатып алған тазартылған бағалы металдардың құны немесе тазартылған бағалы металдарды қайта бағалау кезіндегі оның артуы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша тазартылған бағалы металдарды сату кезінде олардың құнын немесе тазартылған бағалы металдарды қайта бағалау кезінде олардың құнының кемуі есептен шығару жазылады.";

      7803-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк қабылдаған ақша есебінен басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозит туралы шарт бойынша ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк қабылдаған ақша есебінен басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша басқа банктерде орналастырылған салымдардың сомасы оларды қайтару кезінде есептен шығару жазылады.";

      7804-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздарының құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша ислам банкі, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банк инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылдаған ақша есебінен сатып алынған ислам бағалы қағаздарының құны, дисконт амортизациясының және ислам бағалы қағаздарының әділ құнының артуынан алынған кірістердің сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша ислам бағалы қағаздарының құнын оларды сату немесе құнсызданған кезде есептен шығару, дисконт амортизациясының және ислам бағалы қағаздарының әділ құнының төмендеуінен шығыстың сомасы жазылады.";

      7805-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша қабылданған ақша есебінен ислам банкінің, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банктің өндірістік және сауда қызметін қаржыландыруды жүзеге асыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына және (немесе) әріптестік талаптарымен салынған инвестициялардың сомасын оларды сату немесе құнсыздануы кезінде есептен шығару жазылады.";

      7834-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоттың мақсаты: Инвестициялық депозит туралы шартқа сәйкес инвестициялық депозитті басқару үшін ислам банкіне, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банктік лицензиясы бар банкке есептелген сыйақының сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша инвестициялық депозитті басқару үшін есептелген сыйақының сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша инвестициялық депозитті басқару үшін есептелген сыйақының сомасын оларды төлеу кезінде есептен шығару жазылады.".

      4. "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Әрбір есепті күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтерді (провизияларды) құру (ұлғайту) кезінде немесе шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес құнсызданудың объективті белгілері болған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      Дт 7440 01 Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын және амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру жөніндегі шығыс

      Кт 1290 23 Амортизацияланған құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері бойынша резервтер (провизиялар)

      5480 Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша күтілетін және орын алған бағалау резервтері (провизиялар).";

      59-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      61-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      65-1-тармақ алып тасталсын;

      66-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      68-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес күтілетін кредитік зияндарға арналған резервтерді (провизияларды) құру (ұлғайту) кезінде немесе шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес құнсызданудың объективті белгілері болған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) амортизацияланған құны бойынша есепке алынған қарыз бойынша:

      Дт 7440 21 Берілген қарыз бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыс

      Кт 1290 21 Клиенттерге берілген қарыз бойынша резервтер (провизиялар);

      2) басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыз бойынша:

      Дт 7440 21 Берілген қарыз бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыс

      Кт 5490 Басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қарыз бойынша күтілетін және орын алған кредиттік зияндарға арналған бағалау резервтері (провизиялары).";

      77-1-тармақ алып тасталсын;

      85-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Әрбір есепті күнге халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес күтілетін кредиттік зияндарға арналған резервтерді (провизияларды) құру (ұлғайту) кезінде немесе шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес құнсызданудың объективті белгілері болған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) күтілетін кредиттік шығынға құрылған резервтер (провизиялар) сомасына:

      Дт 7440 02 Орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыс

      Кт 1290 24 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша резервтер (провизиялар);

      2) күтілетін кредиттік шығынға қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) түзеткен кезде:

      Дт 1290 24 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша резервтер (провизиялар)

      Кт 6240 02 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кіріс;

      3) салымдарды құрылған резервтердің (провизиялардың) есебінен баланстан есептен шығарған кезде:

      Дт 1290 24 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша резервтер (провизиялар)

      Кт 1150 02 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда бір түнге орналастырылған қысқа мерзімді салымдар

      1150 03 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған талап ету бойынша қысқа мерзімді салымдар

      1150 04 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа мерзімді салымдар

      1150 05 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа мерзімді шартты салымдар

      1150 06 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа мерзімді жинақ салымдары (бір жылға дейінгі)

      2040 01 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар

      2040 02 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ұзақ мерзімді шартты салымдар

      2040 03 Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар.";

      16-тарау алып тасталсын.

      172 және 173-тармақтардың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      195-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      5. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен, нысаналы активтермен және нысаналы жинақтармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен, нысаналы активтермен және нысаналы жинақтармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырыптың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Инвестициялық кірісті қалыптастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) бар кіріс сомасына:

Дт

6110 01

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кіріс


6110 03

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт амортизациясына байланысты кіріс


6110 04

Бағалы қағаздармен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кіріс


6110 05

Орналастырылған салымдар бойынша дисконт амортизациясы бойынша кіріс


6110 29

Талап етілгенге дейінгі салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кіріс


6110 30

Мерзімді салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кіріс


6110 31

Шартты салымдар бойынша сыйақы алуға байланысты кіріс


6110 34

Сыйақы алуға байланысты басқа да кіріс


6110 35

Жинақ салымдары бойынша сыйақы алуға байланысты кіріс


6110 63

Теріс комиссиялық сыйақыны өтеу


6110 64

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс


6110 65

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс


6150 01

Өзгерістері пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен кіріс


6240 02

Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кіріс


6240 62

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан) кіріс


6250 02

Шетел валютасын қайта бағалаудан кіріс


6280 01

Аффинирленген бағалы металдарды сатудан кіріс


6280 05

Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан кіріс


6280 07

Басқа да кіріс


6280 09

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан кіріс


6290 09

Фьючерс мәмілелері бойынша кіріс


6290 10

Форвард мәмілелері бойынша кіріс


6290 11

Опцион мәмілелері бойынша кіріс


6290 13

Своп мәмілелері бойынша кіріс

Кт

5610

Есепті жылғы бөлінбеген пайда (өтелмеген зиян);

      2) бар шығыс сомасына:

Дт

5610

Есепті жылғы бөлінбеген пайда (өтелмеген зиян)

Кт

7310 02

Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыс


7310 04

Бағалы қағаздармен РЕПО операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыс


7310 10

Орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы амортизациясы бойынша шығыс


7310 25

Сыйақы төлеуге байланысты басқа да шығыс


7430 02

Шетел валютасын қайта бағалаудан шығыс


7440 02

Орналастырылған салымдар бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыру бойынша шығыс


7440 61

Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды) құру бойынша шығыс


7440 62

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс


7440 64

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс


7470 01

Аффинирленген бағалы металдардың баланстық құны


7470 03

Өзгерістері пайда немесе зиянның құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздар құнының өзгеруінен шығыс


7470 07

Аффинирленген бағалы металдарды қайта бағалаудан шығыс


7470 10

Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан шығыс


7470 27

Басқа да комиссиялық шығыс


7470 81

Қор биржасының қызметтері үшін комиссиялық шығыс


7470 82

Брокерлік және дилерлік қызмет бойынша комиссиялық шығыс


7480 09

Фьючерс мәмілелері бойынша шығыс


7480 10

Форвард мәмілелері бойынша шығыс


7480 11

Опцион мәмілелері бойынша шығыс


7480 13

Своп мәмілелері бойынша шығыс.";

      11-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сай келетін, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі

      90. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сай келетін, инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметтi шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік ұйымға зейнетақы активтерін берген кезде:

Дт

2020 64

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер

Кт


Активтердің тиісті шоттары.

      91. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметiн жүзеге асыратын шетелдік ұйымға берілген зейнетақы активтерін қайта бағалау кезінде:

      1) оң қайта бағалау сомасына:

Дт

2020 64

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер

Кт

6110 64

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс;

      2) теріс қайта бағалау сомасына:

Дт

7440 62

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс

Кт

2020 64

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер.

      92. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына жауап беретін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымға берілген зейнетақы активтері қайтарылған (алынған) кезде:

Дт


Активтердің тиісті шоттары

Кт

2020 64

Инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымның сыртқы басқаруындағы активтер.";

      мынадай мазмұндағы 13-тараумен толықтырылсын:

      "13-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерінің бухгалтерлік есебі

      96. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясына берген кезде:

Дт

2020 65

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер

Кт


Активтердің тиісті шоттары.

      97. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясына берілген зейнетақы активтерін қайта бағалау кезінде:

      1) оң қайта бағалау сомасына:

Дт

2020 65

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер

Кт

6110 65

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша кіріс;

      2) теріс қайта бағалау сомасына:

Дт

7440 64

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер бойынша шығыс

Кт

2020 65

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер.

      98. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясына берілген зейнетақы активтері қайтарылған (алынған) кезде:

Дт


Активтердің тиісті шоттары

Кт

2020 65

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясының сыртқы басқаруындағы активтер.".

      6. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн ұйымның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарға сәйкес ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып басқарады және iстердi жүргiзедi.";

      2-тарауда:

      1-параграфта:

      1070-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1070 Цифрлық теңге және электрондық ақша";

      1071-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1071 Цифрлық теңге";

      1072-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1072 Электрондық ақша";

      1160-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1170, 1170 01 және 1170 02-шоттармен толықтырылсын:

      "1170 Цифрлық қаржы активтері

      1170 01 Базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин)

      1170 02 Базалық активі басқа активтер болып табылатын цифрлық қаржы активтері";

      3-параграфта:

      3540-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 3550 және 3550 01-шоттармен толықтырылсын:

      "3550 Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер

      3550 01 Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер";

      6-параграфта:

      6280 09-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 6280 12 және 6280 13-шоттармен толықтырылсын:

      "6280 12 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс

      6280 13 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан кіріс";

      7-параграфта:

      7470 10-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 7470 12 және 7470 13-шоттармен толықтырылсын:

      "7470 12 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс

      7470 13 Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан шығыс";

      3-тарауда:

      1-параграфта:

      1071-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1071 "Цифрлық теңге" (активті).

      Шоттың мақсаты: Сатып алынған цифрлық теңге сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша сатып алынған цифрлық теңге сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша сатып алынған цифрлық теңге сомасын есептен шығару жазылады.";

      1072-шоттың нөмірі, атауы және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1072 "Электрондық ақша" (активті).

      Шоттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер және Ұлттық пошта операторы шығарған сатып алынған электрондық ақша сомасын есептен шығару жазылады.";

      1160-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1170 01 және 1170 02-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "1170 01 "Базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтері (стейблкоин)" (активті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша базалық активі ақша болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің (стейблкоин) құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.

      1170 02 "Базалық активі басқа активтер болып табылатын цифрлық қаржы активтері" (активті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құнын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құны жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      3540-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 3550 01-шоттың нөмірімен, атауымен және сипаттамасымен толықтырылсын:

      "3550 01 "Шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер" (пассивті).

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелерді қоспағанда, айналысқа шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер құнын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша айналысқа шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелер құны жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша шығарылған цифрлық қаржы активтері бойынша қаржылық міндеттемелердің құнын оларды өтеу кезінде есептен шығару жазылады.";

      6280 09-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6280 12 және 6280 13-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "6280 12 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс"

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша кіріс сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      6280 13 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан кіріс"

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін оң қайта бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін оң қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша кіріс сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.";

      7470 10-шоттың сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7470 12 және 7470 13-шоттардың нөмірлерімен, атауларымен және сипаттамаларымен толықтырылсын:

      "7470 12 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс"

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыс сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыстың сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығыстың сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.

      7470 13 "Цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін қайта бағалаудан шығыс"

      Шоттың мақсаты: Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылған қаржы активтерін қоспағанда, цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін теріс қайта бағалау сомасын есепке алу.

      Шоттың дебеті бойынша цифрлық қаржы активтері түріндегі қаржы активтерін теріс қайта бағалау сомасы жазылады.

      Шоттың кредиті бойынша жұмсалған шығыстың сомасын № 4999 баланстық шотқа есептен шығару жазылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады