БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21739 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда (бұдан әрі – Нысан):
кіріспенің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері.";
Нысан қосымшасының:
"Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленіп, "Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне дейін ай сайын ұсынады.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
