Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 маусымда № 39020 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 573 бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1463 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17527 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу қағидалары бекітілсін.";

      Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидалары осы Тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1464 "Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жазылсын.

      3. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м. а. 2015 жылғы 30 шілдедегі №427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы Тізбенің 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары бекітілсін.";

      Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары осы Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17603 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы адвокатпен көрсетілетін есеп нысанын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 28 бабы 10 және 11 тармақтарына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған:

      1) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсеткені туралы адвокат есебінің нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) адвокаттар көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы адвокаттар алқасының жиынтық есебінің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.";

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2-қосымшалар осы Тізбенің 7 және 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17515 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім нысаны бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім осы Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      7. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері осы Тізбенің 10-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      8. "Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы Тізбенің 11-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      9. "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесі осы Тізбенің 12-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1463 бұйрығымен
Бекітілген

Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида адвокат және заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық консультация беру түріндегі адвокат және заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тәртібін айқындайды.

2 тарау. Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тәртібі

      2. Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алуға Заңның 26-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға көрсетілген құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі жатады.

      3. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алуды адвокат осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тізілімінде (бұдан әрі-тізілім) қазақ немесе орыс тілдерінде цифрлық жеткізгіште жүргізеді.

      4. Заң консультанты көрсеткен, құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алуды заң консультанты осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тізілімінде қазақ немесе орыс тілдерінде цифрлық жеткізгіште жүргізеді.

      5. Мәліметтер тұлғаның мемлекет кепілдік берген құқықтық консультация беру түріндегі білікті заң көмегіне жүгінген күні тізілімге енгізілуге жатады.

      6. Адвокаттық құпиямен немесе заң консультантының құпиясымен қорғалатын құпия ақпаратты қоспағанда, цифрлық тізілімде қамтылған мәліметтерді адвокат немесе заң консультанты білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесіне енгізеді.

  Адвокат немесе заң
консультанты көрсеткен
құқықтық консультация
беру түріндегі мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегін есепке
алу Қағидасына
1-қосымша

Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тізілімі адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру

      ______________________________________________________________________
(адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңселер)
______________________________________________________________________
(адвокаттың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

№ п/п

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне жүгінген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке куәлігін растайтын құжат және жүгінген күні

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері

құқықтық мәселенің мәні

құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, өтінішті, шағымды, өтінішхатты және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау)

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге байланысты адвокаттың жұмыспен қамтылу уақытының ұзақтығы

адвокаттың электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

  Адвокат немесе заң
консультанты
көрсеткен құқықтық
консультация беру түріндегі
мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегін
есепке алу Қағидасына
2-қосымша

Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тізілімі заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру

      ______________________________________________________________________
(заң консультациясы палатасының атауы)
______________________________________________________________________
      (заң консультантының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

№ п/п

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне жүгінген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке куәлігін растайтын құжат және жүгінген күні

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері

құқықтық мәселенің мәні

құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, өтінішті, шағымды, өтінішхатты және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау)

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге байланысты заң консультантының жұмыспен қамтылу уақытының ұзақтығы

заң консультантының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйегіндегі
№ 1464 бұйрығымен
бекітілген

Заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білікті заң көмегін көрсету жөніндегі қызметті реттеу және өзінің мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, Палатаның қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауы бөлігінде олардың қызметін бақылау мақсатында құрылған, заң консультанттары палаталарының тізіліміне енгізілген, мүшелік шарттарында кемінде екі жүз заң консультантын біріктіретін, міндетті мүшелікке негізделген ұйым "Заң консультанттары палатасы" (бұдан әрі – Палата) болып танылады.

      2. Палата коммерциялық емес ұйым болып табылады, меншігінде немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі, дербес балансы немесе сметасы бар; заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға құқығы бар; мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуы және жүзеге асыруы мүмкін; мемлекеттік және орыс тілдерінде ұйымның толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркелген эмблемасы (нышаны) бар; сотта талап қоюшы және жауапкер болуы мүмкін.

      3. Палата заңдылық, оның мүшелерінің тең құқықтығы мен еркін ерік білдіруі, жариялылық, өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыру қағидаттары негізінде құрылады және әрекет етеді.

      4. Палата өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы", "Коммерциялық емес ұйымдар туралы", "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.

      5. Палатаның толық атауы: мемлекеттік тілде

      ____________________________________________________.

      орыс тілінде _______________________________________________.

      6. Палатаның орналасқан жері: ______________________________.

2-тарау. Палатаның қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлері

      7. Палатаның қызметінің мақсаты мен негізгі түрі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында білікті заң көмегін көрсету болып табылады.

      8. Палата функциялары:

      1) кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексін белгілейді;

      2) палата мүшелігіне қабылдау қағидалары мен шарттарын белгілейді;

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша білікті заң көмегін көрсету стандарттарын, білікті заң көмегі сапасының өлшемшарттарын белгілейді және палата мүшелерінің оларды орындауын қамтамасыз етеді;

      4) палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды есепке ала отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етеді;

      5) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді;

      6) палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      7) заң консультанттары палатасының мүшелерін ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді;

      10) заң консультанттары палатасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      11) заң консультанттарының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      12) "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасының мүшелерін жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарайды;

      13) орта білімнен кейінгі, жоғары заң білім беру ұйымдары түлектерінің кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

      14) практиканы қорытады және білікті заң көмегін одан әрі жетілдіру мен дамыту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;

      15) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін жүргізеді;

      16) заң консультанттары үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;

      17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпаратты бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан заң консультанттарының қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізеді, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      18) "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Жарғыда белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      9. Палата өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.

      10. Палата қызметті үйлестіру, сондай-ақ мүдделерді білдіру және қорғау мақсатында қауымдастықтар құра алады.

3-тарау. Палатаның құқықтары мен міндеттері

      11. Палата:

      1) өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, олар өтініш білдірген жағдайда білдіруге және қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда олардың өкілдері болуға;

      2) Палата мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;

      3) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарынан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан Палатаның функцияларын орындауы үшін қажетті ақпаратты алуға;

      4) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің сот арқылы дау айтуға жататын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотта шағым жасауға;

      5) дауларды сотта және сотқа дейінгі шешуге, оның ішінде төрелiкке қатысуға;

      6) өз жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;

      7) Палата мүшелерін кәсіптік оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;

      8) Палатаның қағидалары мен стандарттарын бекітуге;

      9) Палата мүшелерін олардың білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының талаптарын, Палатаға мүше болу шарттарын сақтауы бөлігінде бақылауға;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында және Палатаның жарғысында көзделген ықпал ету шараларын өз мүшелеріне қатысты қолдануға құқылы.

      12. Палата:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Палатаның жарғысын және өзі қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауға;

      2) Өз өкілеттіктері шегінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға;

      3) мүшелерінің арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

      4) мүшелеріне ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге;

      5) өз қызметінің және өз мүшелері қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге;

      6) уәкілетті органмен және реттеуші мемлекеттік органмен міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген білікті заң көмегін көрсету мәселелері бойынша әзірленетін қағидалар мен стандарттарды келісуге;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарында, Палатаның жарғысында немесе Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен, кейіннен реттеуші мемлекеттік органдарға бере отырып, өз мүшелерінің қызметіне олар Палатаға есептер нысанында ұсынатын ақпараттың негізінде талдауды жүзеге асыруға;

      8) мүшесінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, білікті заң көмегін көрсету жөніндегі қағидалар мен стандарттарды бұзушылықтары, сондай-ақ Палата мүшелеріне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында, Палатаның жарғысында немесе Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізуге;

      9) тоқсан сайын заң консультанттары палатасына мүшелерді енгізу, мүшелікті тоқтата тұру туралы және мүшеліктен шығару туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      13. Палатаның штаттағы қызметкерлеріне еңбек, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама қолданылады.

4-тарау. Мүшелік, Палатаға мүшелікке қабылдау және оны жоғалту шарттары, тәртібі

      14. Заң консультанттары палатасына мүше етіп қабылдау осы Жарғының ережелері сақтала отырып жүзеге асырылады.

      15. Азаматтық істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде білікті заң көмегін жүзеге асыратын адамдар үшін заң консультанттары палатасына мүшелік міндетті болып табылады.

      16. Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, білікті заң көмегін көрсететін жеке тұлға Палата мүшесі болып табылады.

      17. Заң консультанттары палатасы палата мүшелеріне қойылатын қосымша талаптарды көздеуі мүмкін.

      18. Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.

      Заң консультанттары палатасына кіру үшін атестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарын заң консультанттары палатасы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

      19. Палатаға мүшелік атқарушы органға заң консультанттары палатасына мүшелікке қабылдау туралы жеке жазбаша өтініш берумен ресімделеді. Өтініште азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілуге тиіс, егер өтініш беретін адам заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрса, онда қосымша заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері мен банктік деректемелері көрсетіледі.

      20. Үміткер заң консультанттары палатасына кіру үшін:

      1) жоғары заң білімі туралы құжатты;

      2) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының жоқтығы туралы анықтаманы;

      3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар екенін растайтын құжаттарды;

      4) аттестаттау нәтижелерін ұсынады.

      21. "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Заңның 83-бабы 2-тармағының талаптарын сақтау мақсатында Палата заң консультанттары палатасының мүшелігіне кіру үшін үміткердің құжаттарын қабылдау кезінде білікті заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында және білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде орналастырылған заң консультанттары палаталары мүшелерінің тізілімін тексереді.

      22. Палата мүшелеріне қабылдау туралы шешімді Палатаның алқалы басқару органы қабылдайды.

      23. Палатадан шығу ерікті түрде, жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

      24. Палатаға мүшелікті жоғалту мынадай:

      1) Палата мүшесі болып табылатын азамат қайтыс болған, ол қайтыс болды деп жарияланған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кеткен деп танылған;

      2) Палата таратылған;

      3) заң консультанттары палаталарының тізілімінен алып тастау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жүргізіледі.

      25. Палата мүшесі Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасының, білікті заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғанына орай, сондай-ақ осы жарғының талаптарын бұзған жағдайда шығарылып тасталуы мүмкін.

      26. Палата мүшелері тең құқықтарға ие болады және бірдей міндеттерді атқарады.

      27. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Палата мүшелерінің Палатаға өздері берген білікті мүлікке, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Егер Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, олар мүшелері ретінде қатысатын Палатаның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал көрсетілген Палаталар өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

      28. Палата мүшелерінің:

      1) білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құзыретіне тиісті мәселелерді шешу кіретін барлық соттарда, мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдарда білдіруге;

      2) барлық мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, білікті заң көмегін көрсетуге қажетті нақты деректерді дербес жинауға, сондай-ақ оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;

      4) процестік құжаттарды, сот істерін қоса алғанда, білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты заңдарда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен тіркеп алуға;

      5) білікті заң көмегін көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы білімді талап ететін мәселелерді түсіндіру үшін шарттық негізде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

      6) мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтінішхаттар мәлімдеуге, белгіленген тәртіппен шағымдар келтіруге;

      7) білікті заң көмегін сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

      8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;

      9) кешенді әлеуметтік білікті заң көмегін көрсетуге;

      10) Палата мүшелерінің жалпы жиналысына қатысу арқылы Палата қызметінің мәселелері бойынша өз ұсыныстарын енгізуге;

      11) Палата органдарына сайлауға және сайлануға;

      12) Палата қызметі туралы ақпаратты алуға;

      13) Палатаның акцияларына қатысуға;

      14) қосымша қаражат енгізуге және Палатаның іс-шараларын өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге құқығы бар.

      29. Палата мүшелері:

      1) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы қолданыстағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының талаптарын сақтауға;

      2) заң консультанттары палатасы белгілеген Кәсіптік әдеп кодексінің қағидаларын сақтауға, сондай-ақ "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жарналарды төлеуге;

      3) кәсіптік қызметте білікті заң көмегін көрсету қағидаттарын басшылыққа алуға;

      4) соттарда тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға;

      5) клиентке білікті заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің білікті заң көмегін көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;

      6) білікті заң көмегін көрсету кезінде клиенттен және үшінші тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) клиенттің талап етуі бойынша заң консультантының кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;

      8) клиенттің талап етуі бойынша, өзі мүшесі болып табылатын заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен үзінді-көшірме ұсынуға;

      9) егер клиент бұған қарсы болмаса, клиентпен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;

      10) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған нақты мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекеттерді орындауға;

      11) білікті заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін білікті заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы қағаз немесе цифрлық жеткізгіште не электрондық құжаттар нысанында клиенттің талап етуі бойынша сақтауға;

      12) өзінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруға;

      13) кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

5-тарау. Палатаны басқару органдарын қалыптастыру тәртібі, құзыреттері және өкілеттіктерінің мерзімі

      30. Палатаны басқару және бақылау органдары мыналар болып табылады:

      1) Палатаны басқарудың жоғары органы – Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы;

      2) Алқалы басқару органы - Басқарма;

      3) Атқарушы басқару органы – Палата Төрағасы;

      4) Бақылау органы - Ревизиялық комиссия.

      31. Палатаның басқару және бақылау органдары заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша орналасады.

      32. Палата мүшелерінің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.

      33. Заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу уақытын, орнын, сондай-ақ ұсынылатын күн тәртібінің сұрақтарын атқарушы орган айқындайды.

      34. Кезекті жиналысты жыл сайын Палата Төрағасы шақырады.

      35. Жиналысты шақыру күні, ұсынылатын күн тәртібі туралы Палата Төрағасы қатысушыларға жиналысты шақыру күніне дейін 10 күнтізбе күн бұрын хабарлайды. Хабарламада жиналысты өткізу уақыты мен орны, сондай-ақ көзделген күн тәртібі көрсетіледі. Палатаның барлық қатысушылары немесе олардың өкілдері тіркелген, хабардар болған және ашық жиналыстың уақытын өзгертуге қарсы болмаған жағдайларды қоспағанда, жиналыс хабарланған уақыттан бұрын өткізілмейді.

      36. Жалпы жиналысқа Палата мүшелерінің не тиісінше ресімделген өкілеттіктері бар олардың өкілдерінің кемінде үштен бірі қатысқан жағдайда ол заңды болып есептеледі.

      37. Жалпы жиналыста Палата мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда жалпы жиналыс қайта шақырылуға жатады. Қайта шақыру кезінде Палата қатысушыларының белгілі бір саны жиналысқа қатысқан кезде ол заңды болып есептеледі.

      38. Қайталама жалпы жиналыстың күн тәртібі болатын жалпы жиналыстың күн тәртібінен өзгеше болмауға тиіс.

      39. Жиналыстың жұмыс регламенті, күн тәртібінің мәселелері бойынша шешімдер мен ұсыныстар қатысушы Палата мүшелерінің жай көпшілігімен қабылдайды, әрбір қатысушы Палата мүшесі бір шешуші дауысқа ие болады.

      40. Палата мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қатысатын мүшелердің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Жалпы жиналыста Палатаның әрбір мүшесінің бір дауысы бар.

      41. Жалпы жиналыстың кезектен тыс шақырылымы Палата Төрағасының, Басқармасының шешімі бойынша немесе Палата мүшелерінің 1/3 бөлігінің талабы бойынша жүргізіледі.

      42. Палата мүшелерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мыналар:

      1) Палата жарғысын қабылдау, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      2) Палатаның қағидалары мен стандарттарын бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      3) Палатаның мамандандырылған органдарын құру, олар туралы ережелерді және олардың қызметін жүзеге асыруы қағидаларын бекіту;

      4) Палата Төрағасын және алқалы орган мүшелерін сайлау, көрсетілген органның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату немесе басшының не оның жекелеген мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

      5) Палата төрағасының атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адамдарын лауазымға тағайындау, оларды лауазымынан мерзімінен бұрын босату, тиісінше атқарушы басқару органын құру және оның өкілеттіктерін тоқтату;

      6) Палата жарғысында белгіленген тәртіппен Палатаның бақылау органының (ревизиялық комиссияның) мүшелерін сайлау;

      7) Палатаның тәртіп комиссиясы туралы ережені бекіту;

      8) ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, Палата мүшелерінің Палата қағидалары мен стандарттарының талаптарын бұзғаны туралы істерді қарау тәртібін, Палатаға мүше болу шарттарын бекіту;

      9) Палата қызметінің басым бағыттарын, оның мүлкін қалыптастыру мен пайдалану қағидаттарын айқындау;

      10) алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының, бақылау органының (ревизиялық комиссияның) және мамандандырылған органдардың есептерін Палатаның жарғысында белгіленген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімділікпен бекіту;

      11) Палата бюджетін бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Палатаның жылдық қаржы есептілігін бекіту;

      12) Палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімді қабылдау, таратушыны немесе тарату комиссиясын тағайындау;

      13) адамдардың өтініштерін Палата мүшелерінен шығарып тастаудың негізсіздігіне қарау;

      14) Палатаның қағидалары мен стандарттарын бекіту;

      15) Палатаның бухгалтерлік есебін және қаржы есептілігін жүргізуді тексеру үшін аудиторлық ұйымды тағайындау;

      16) Қазақстан Республикасының заңдарына және Палата жарғысына сәйкес өзге де шешімдер қабылдау жатады.

      43. Палата мүшелерінің жалпы жиналысы Палата қызметіне қатысты кез келген басқа мәселені қарау үшін қабылдауға құқылы.

      44. Палатаның алқалы органы кемінде үш адамнан құрылуға тиіс, оларды Палата мүшелерінің жалпы жиналасы үш жыл мерзімге сайлайды.

      Басқарма шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады. Басқарманың әрбір мүшесінің бір дауысы бар.

      45. Палата басқармасының құзыреті:

      1) Палатаның атқарушы басқару органының қызметін тексерулерді өткізу туралы шешімдер қабылдайды;

      2) Палатаның атқарушы басқару органының лауазымына тағайындау және лауазымынан босату үшін кандидатты не кандидаттарды Палата мүшелерінің жалпы жиналысына ұсынады;

      3) Палата құрған төрелікте өтініштері бойынша қаралатын дауларға қатысушылардың таңдауы үшін, кандидатуралары төрешілер ретінде ұсынылуы мүмкін адамдардың тізбесін бекіту;

      4) заң консультанттарының кәсіптік даярлық тәртібі мен нысандары, біліктілігін арттыру туралы ережені бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Палата Жарғысында көзделген негіздер бойынша Палата мүшелеріне кіру немесе Палата мүшелерінен шығару туралы шешімдер қабылдайды.

      46. Палата төрағасы Палатаның жоғары лауазымды адамы болып табылады, атқарушы органды басқарады және бүкіл қаржы жылы ішінде оның қызметі үшін дербес жауапты болады. Палата мүшелеріне есеп береді және жалпы жиналыстарда қабылданған шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады. Палата төрағасы ретінде Палата мүшелерінің қатарынан жеке тұлға ғана болуы мүмкін. Палата төрағасымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

      Палата төрағасы жалпы жиналыспен екі жылға сайланады, сол мерзімге қайта сайлануға құқылы.

      47. Палатаның атқарушы басқару органының құзыреті:

      1) жыл сайынғы кірістер-шығыстар сметасын, есептерді дайындау, Палатаның шаруашылық қызметінің жедел, статистикалық және бухгалтерлік есебін жүргізу;

      2) жалпы жиналысты өткізу орны мен уақытын айқындау;

      3) жиналыс шешімдерінің орындалуын тексеруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) бекітілген кірістер мен шығыстар сметасы шеңберінде Палата қаражатына билік ету;

      5) осы Жарғыда жалпы жиналыстың құзыретіне жатқызылмаған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      48. Палатаның атқарушы басқару органы:

      1) барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен кәсіпорындарда Палатаның мүдделерін білдіруге;

      2) Палатаның атынан сенімхатсыз әрекет етуге;

      3) сенімхаттар беруге;

      4) банктерде есеп айырысу және өзге де шоттарды ашуға;

      5) шарттарды, келісімдер мен келісімшарттарды, оның ішінде еңбек шарттарын, келісімдер мен келісімшарттарын жасауға және бұзуға;

      6) Палата қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға және одан шығаруға, сондай-ақ оларды ауыстыру туралы бұйрықтар шығаруға, еңбекке ақы төлеу жүйесін айқындауға, лауазымдық айлықақы мен дербес үстемақылар мөлшерін белгілеуге, сыйлықақы беру мәселелерін шешуге, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолдануға;

      7) өкілеттіктер тоқтатылатын күнге дейін күнтізбелік бір ай бұрын Палатаның жалпы жиналысына бұл туралы хабарлап, өзіне қабылдаған Палата төрағасының міндеттерін атқарудан мерзімінен бұрын кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

      49. Палатаның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды Палата мүшелерінің жалпы жиналысы үш жыл мерзімге сайлайтын Ревизиялық комиссия жүзеге асырады.

      50. Палата төрағасы мен ревизиялық комиссия құрамын қайта сайлау Палата мүшелерінің ұсынысы бойынша Палатаның кез келген кезекті (кезектен тыс) жалпы жиналысында жүзеге асырылуы мүмкін.

      51. Ревизиялық комиссия Палатаның лауазымды адамдарынан барлық қажетті бухгалтерлік, қаржылық және басқа да құжаттарды, сондай-ақ Палата қызметінің мәселелері бойынша жеке түсіндірмелерді талап етуге құқылы.

      52. Қаржы жылы ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін болып белгіленеді. Бухгалтерлік есеп пен есептілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      53. Ревизиялық комиссияның талабы бойынша Палатаның кезектен тыс жалпы жиналысы шақырылуы мүмкін.

6-тарау. Палата Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      54. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатады.

      55. Палатаның Жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды Палата мүшелерінің жалпы жиналысының қарауына Басқарма шығарады немесе Палата мүшелерінің кемінде 1/3 бөлігінің талабы бойынша шығарылады.

      56. Палатаның Жарғысына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөніндегі шешімді Палата мүшелерінің жалпы жиналысы төрттен үш көпшілік дауыспен қабылданады.

7-тарау. Қаражатты, мүлікті қалыптастыру көзі

      57. Палатаның қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдалануында немесе меншігінде ғимараттар, құрылысжайлар, жабдық, құрал-сайман, ақша, сондай-ақ Палатаның қызметін материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де мүлік болуы мүмкін.

      58. Палатаға және оның құрылымдық бөлімшелеріне берілген мүлік Палатаның меншігі болып табылады. Палата мүшелерінің Палата мүлкіне мүліктік құқықтары жоқ. Олар бірлестік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

      59. Палатаның мүлкін қалыптастыру көздері мыналар:

      1) Палата мүшелерінің міндетті жарналары;

      2) еркін мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;

      3) кәсіпкерлік қызметке, Палатаның коммерциялық немесе кәсіптік мүдделеріне байланысты білім беру қызметтерін көрсетуден алынған қаражат;

      4) кәсіпкерлік қызметке, Палата мүшелерінің коммерциялық немесе кәсіптік мүдделеріне байланысты ақпараттық материалдарды сатудан алынған қаражат;

      5) заңда тыйым салынбаған басқа да түсімдер болып табылады.

      60. Заң консультанттары палатасында жыл сайынғы мүшелік жарналар белгіленеді.

      Жыл сайынғы мүшелік жарналардың мөлшері тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінен кем емес және жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерді құрауға тиіс.

      Нысаналы пайдалану тәртібі, сондай-ақ өз мүшелеріне ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы хабарлау жыл сайын есептік жиналыстарда жүзеге асырылады.

      61. Палатаның ақша қаражаты оның мүшелері арасында қайта бөлінуі мүмкін емес және жарғылық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ғана пайдаланылады.

8-тарау. Палатаны қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі

      62. Палатаны қайта ұйымдастыру (бірігу, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) жалпы жиналыстың шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Палатаны қайта ұйымдастыру Палатаға тиесілі құқықтар мен міндеттердің оның құқық мирасқорларына ауысуына әкеледі.

      63. Палатаны тарату:

      1) Палатаның жалпы жиналысының шешімі бойынша;

      2) сот шешімі бойынша.

      64. Тарату туралы шешім жалпы жиналыста қайта ұйымдастыру туралы шешім сияқты тәртіппен қабылданады.

      65. Палатаны таратуды жалпы жиналыс немесе сот тағайындаған тарату комиссиясы жүргізеді. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған заңды тұлғаның мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер көшеді. Тарату комиссиясы Палатаның мүлкін бағалайды, дебиторлар мен кредиторларды анықтайды, Палата борыштарын үшінші тұлғаларға төлеу үшін шаралар қолданады, тарату балансын жасайды және оны Палата мүшелерінің жалпы жиналысына ұсынады. Тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның атынан сотта әрекет етеді.

      66. Палатаны тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі.

      67. Міндетті мүшелікке негізделген Палата таратылған жағдайда, оның мүшелері үш ай ішінде міндетті мүшелікке негізделген басқа Палатаға кіру жарнасын төлемей кіруге міндетті.

      68. Таратылған Палатаның мүлкі мен қаражаты кредиторлармен есеп айырысудан кейін осы Жарғыда көрсетілген мақсаттарға беріледі.

      69. Палатаны тарату Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізіліміне бұл туралы жазба енгізілгеннен кейін аяқталған болып есептеледі.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
1-қосымша

"Құқықтық ақпарат беру" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: жеке және заңды тұлғалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Құқықтық ақпарат беру"
ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Құқықтық ақпарат беру

1. "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша олар ақы төлемейтін негізде барлық жеке және заңды тұлғаларға ең төмен әлеуметтік стандартына құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну.
2. Келіп түскен жолданымның негізінде әкімшілік рәсім козғалады. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды және қозғалған сәтінен бастап есептеледі және әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
3. Егер арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі міндетін
атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
2-қосымша

"Құқықтық консультация беру" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Заңның 26-бабының 2 тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Құқықтық консультация беру"
ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Құқықтық консультация беру

1. "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32953 болып тіркелген).

1. Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсету, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау.
2. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығының 3-тармақшасы, 1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32953 болып тіркелген) сәйкес, ауызша және жазбаша консультациялар үшін білікті заң көмегіне ақы төлеудің, арыздардың, шағымдардың, өтінішхаттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың бір сағат үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш есебіндегі мөлшерлемемен жасалуының бір сағат үшін сәйкестігі.
3. Мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) арыз иесі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпаса;
2) арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
3-қосымша

"Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Заңының 26-бабының 3-тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Адвокаттардың, заң
консультанттарының жеке
тұлғалардың мүдделерін
қорғауы мен білдіруі" ең төмен
әлеуметтік стандартына
қосымша

Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi;
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
3. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;
4. Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
5. "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
6. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32953 болып тіркелген).

1. Адвокаттардың, заң консультанттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен өкілдік етуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің талаптарына сәйкес көрсетіледі.
2. Білікті заң көмегіне ақы төлеу сағаттық тариф бойынша "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32953 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде есептеледі.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 733 Бұйрықпен
бекітілген

Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабына сәйкес әзірленді және заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу тәртібін айқындайды.

      2. Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысуын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың заң консультанттар палаталары ұйымдастырады.

      3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында заң консультанттары палатасы болмаған жағдайда мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуді Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 46-бабында айқындалған тәртіппен бұрын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асырған заң консультанттары палаталарының құқықтық мирасқорлары болып табылатын заң консультанттары палаталары ұйымдастырады.

      4. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысуды, олар туралы мәліметтер мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім жасасқан уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған заң консультанттары палаталарының тізілімінде көрсетілген заң консультанттары жүзеге асырады.

      5. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету шеңберінде заң консультанттары:

      1) құқықтық кеңес беруді;

      2) соттарда, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда қорғауды және өкілдік етуді;

      3) татуластыру рәсімдерін жүргізуді жүзеге асырады.

2-тарау. Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу тәртібі

      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың заң консультанттары палатасы жыл сайын бірінші желтоқсаннан кешіктірмей аумақтық әділет органына мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімін жібереді.

      7. Тізімде заң консультантының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тізілімдік нөмірі және заң консультанттары палатасына кірген күні, заң консультантының қызметін ұйымдастыру нысаны, палатаның атауы және заң консультантының қызметін жүзеге асыру орны көрсетіледі.

      8. Заң консультанттарының тізімін тоқсан сайын заң консультанттары палаталары жаңартып отырады және өзекті күйде жүргізіледі.

      9. Заң консультанттары палаталары ай сайын, айдың 25-күнінен кешіктірмей заң консультанттарының кезекшілік кестесі қалыптастырылады.

      10. Заң консультанттарының бірден артық палатасы қызметін жүзеге асыратын облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кестені аумақтық әділет департаменттері қалыптастырады.

      Заң консультанттарының бірден артық палатасы қызметін жүзеге асыратын облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада ай сайын, айдың 20-күнінен кешіктірмей заң консультанттары палаталары аумақтық әділет департаменттеріне кестеге енгізу үшін заң консультанттарының тізімін жолдайды, ал аумақтық әділет департаменттері ай сайын, айдың 25-күнінен кешіктірмей тиісті соттарға кесте ұсынады.

      11. Аумақтық әділет органы жыл сайын он бесінші желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң консультанттарымен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім жасасады.

      12. Аумақтық әділет органы жыл сайын жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей интернет-ресурсында мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімін орналастырады.

      Заң консультанттары палатасы жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей интернет-ресурсында, сондай-ақ білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын заң консультанттарының тізімін орналастырады.

      13. Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуді заң консультанты жеке тұлға өтініш берген білікті кезде тікелей және/немесе электрондық форматта білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырады.

      Құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетер алдында заң консультанты құқықтық консультация алуға өтініш білдірген адамға құқықтық мәселелер бойынша автоматтандырылған көмекшіні пайдалануды ұсынады.

      Жеке тұлға өтініш жасағаннан кейін тікелей білікті заң көмегін көрсету мүмкін болмаған кезде, ол үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуге тиіс. Заң консультанты жеке тұлғаға қабылдау күні мен уақыты туралы қолжетімді нысанда хабарлайды.

      Егер жеке тұлға жүріп-тұруындағы қиындықтармен байланысты ауыр сырқаттың, мүгедектіктің немесе өзге де мән-жайлардың салдарынан заң консультанты тағайындаған қабылдау орнына келе алмаса, оның тұрған жері бойынша құқықтық консультация беріледі.

      Бір мәселе бойынша тұлға мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін бір рет ала алады.

      14. Құқықтық консультация беру түрінде білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдауды өтініш беруші (жеке тұлға) жүзеге асырады.

      Соттардың тағайындауы бойынша білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультантын таңдау заң консультанттары палаталары қалыптастырған кестеге сәйкес қағаз және/немесе электрондық форматта білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      15. Соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Заң консультанттары құқықтық консультация беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегінің есебін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілімінде жүргізеді, онда мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге жүгінген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш жасалған күн, мәселенің мәні, көрсетілген білікті заң көмегінің түрі мен нысаны, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге жүгінген тұлғаның және заң консультантының қолы көрсетіледі.

      Құқықтық консультация беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу қағаз және/немесе электрондық форматта білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      17. Заң консультанттары өздері көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есепті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын қағаз және/немесе электрондық форматта білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырады.

      18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың заң консультанттары палатасы, жыл сайын шілденін бесінен және қаңтардың бесінен кешіктірмей аумақтық әділет органына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң консультанттары мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы жиынтық есепті ұсынады.

      Заң консультанттары көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы жиынтық есеп аумақтық әділет органына білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ұсынылады.

      Облыстың заң консультанттары палатасының жиынтық есебі ауылдық елді мекендерді мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегімен қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтиды.

3-тарау. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту

      19. Мынадай негіздердің бірі болған кезде:

      1) өтініш беруші (жеке тұлға) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар, осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тұлғалар санатына жатпаса;

      2) өтініш беруші (жеке тұлға) жүгінімнің құқықтық сипаты болмаса, құқықтық консультация беру, қорғау және өкілдік ету түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тартылады.

      20. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден бас тарту бойынша Заңның 29-бабының 3 тармағына сәйкес уәкілетті органға, сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Заң консультанттары
палаталары ұйымдастыратын
мемлекет кепілдік берген білікті
заң көмегін көрсетуге қатысу
қағидаларына
№ 1 қосымша

      Нысан
Заң консультантымен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім
_________________________ "____" ___________20___г.
(жасалған орны)
Әділет департаменті
_________________________________________________________________
(Әділет департаментінің атауы)
атынан
_________________________________________________________________
бюджет қаражаты есебінен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға құқығы бар
тұлғалардың мүддесінде әрекет ететін, бұдан әрі "Әкімші" деп аталатын Әділет департаменті
басшысының немесе осы келісімге қол қоюға уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), бір жағынан, Қазақстан Республикасы "Адвокаттық қызмет және заң
көмегі туралы" (бұдан әрі - Заң) Заңының 28-1-бабын басшылыққа ала отырып және заң
консультанты
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_______________________________________________________________
(заң консультантының қызметін ұйымдастыру нысаны)
заң консультанттары палатасының _ _ _ _ мүшесі
__________________________________________________________
(заң консультанттары палатасының атауы, қабылданған күні, № _ )

      мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын Заң консультанттарының тізіміне____ енгізілді, бұдан әрі "заң консультанты" деп атаймыз, екінші жағынан, төмендегілер туралы осы Келісім жасасты:

      1. Заң консультанты құқықтық консультация беру, сондай-ақ Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттарда, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түрінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетеді.

      Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі жеке тұлғаға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі үшін ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу "Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32953 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      2. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету үшін заң консультанты мыналарды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген процессуалдық өкілеттіктерді пайдаланады;

      2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін әрекеттерді орындайды;

      3) өзінің кәсіби қызметінде заң консультанттарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын басшылыққа алады.

      3. Заң консультанты білікті заң көмегін көрсету кезінде толыққанды білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды талап ете алады.

      4. Заң консультанты мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден Заңның 28-1 бабына сәйкес бекітілген Заң консультанттарының заң консультанттары палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуге қатысу қағидаларының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша, бас тартады.

      5. Әкімші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде көрсетілген білікті заң көмегі және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу үшін төленуге жататын бюджет қаражатын заң консультантының банк шотына аударады.

      6. Осы Келісім білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қалыптастырылады, Тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың соңына дейін қолданылады.

  Заң консультанттары
палаталары ұйымдастыратын
мемлекет кепілдік берген
білікті заң көмегін көрсетуге
қатысу қағидаларына
№ 2 қосымша

      Нысан

      Ұсынылады: аумақтық әділет департаменттеріне.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.adilet.gov.kz.

      Әкімшілік нысанның атауы: Заң консультанттарының көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есебі. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ЗКМКБЗК.

      Кезеңділігі: айлық.

      Есепті кезең ________ 20___ жыл. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: заң консультанты. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей.

      ЖСН/БСН:





Көрсеткіштің атауы

жеке тұлғалар барлығы

оның ішінде ауылды мекенде

1

2

3

4

1

Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың саны



2

оның ішінде алимент өндіру мәселелері бойынша



3

оның ішінде зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша



4

оның ішінде оңалту мәселелері бойынша



5

оның ішінде босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша



6

оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша



7

оның ішінде мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша

сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарының



8

адам саудасының құрбандары



9

терроризм актісінің құрбандары



10

азаптауға ұшырағандар



11

оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша



12

оның ішінде жұмыспен байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша



13

оның ішінде, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша,

Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын



14

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар



15

басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері



16

мерзімді қызметтің әскери қызметшілері



17

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар



18

жасы бойынша зейнеткерлер



19

көп балалы отбасылармен



20

жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар)



21

азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың саны



22

оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талап қоюшылар



23

оның ішінде жұмысқа байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар



24

оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар



25

оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер



26

оның ішінде алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер



27

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер



28

кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер

оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын,



29

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар



30

басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері



31

мерзімді қызметтің әскери қызметшілері



32

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар



33

жасы бойынша зейнеткерлер



34

заңға сәйкес ақталған адамдарға зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



35

Білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғалардың жалпы саны (1, 21-жолдардың сомасы)



      Заң консультанты ___________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) Мекенжайы
_______________________________________________________________ Телефоны
_______________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы __________________________
Жасалған күні ___________________ Қолы _________________
      Ескертпе: Осы нысан осы нысандағы қосымшаға "Заң консультанттарының көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есебі" әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсініктемеге сәйкес толтырылады.

  "Заң консультанттарының
көрсеткен мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегі туралы
есебі" әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Заң консультанттарының көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есебі" (нысанның индексі 1-ЗКМКБЗК, кезеңділігі айлық)

      1. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі – заң көмегін алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін білікті заң көмегі;

      2) құқықтық ақпарат беру – белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін білікті заң көмегінің түрі;

      3) құқықтық консультация беру – жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты білікті заң көмегінің түрі.

      2. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер

      "Заң консультанттарының көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есебі" әкімшілік деректер нысанында келесі деректер қамтылады:

      1-бағанында ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      2-бағанында алимент өндіру мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      3-бағанында зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      4-бағанында оңалту мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      5-бағанында босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      6-бағанында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      7-бағанында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарының мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      8-бағанында адам саудасының құрбандары мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      9-бағанында терроризм актісінің құрбандары мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      10-бағанында азаптауға ұшырағандар мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      11-бағанында асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      12-бағанында жұмыспен байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      13-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      14-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      15-бағанында басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша, ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      16-бағанында мерзімді қызметтің әскери қызметшілері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      17-бағанында бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      18-бағанында жасы бойынша зейнеткерлер кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      19-бағанында көп балалы отбасылармен кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      20-бағанында жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      21-бағанында азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      22-бағанында асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талап қоюшылар азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      23-бағанында жұмысқа байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      24-бағанында қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      25-бағанында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      26-бағанында ішінде алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      27-бағанында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      28-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      29-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      30-бағанында басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      31-бағанында мерзімді қызметтің әскери қызметшілері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      32-бағанында бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      33-бағанында жасы бойынша зейнеткерлер кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      34-бағанында заңға сәйкес ақталған адамдарға зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардын және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      35-бағанында білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғалардың жалпы саны (1, 21-жолдардың сомасы) және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі.

  Заң консультанттары
палаталары ұйымдастыратын
мемлекет кепілдік берген
білікті заң көмегін көрсетуге
қатысу қағидаларына
№ 3 қосымша

      Нысан

      Ұсынылады: аумақтық әділет департаменттеріне. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.adilet.gov.kz. Әкімшілік нысанның атауы: Заң консультанттарының көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы жиынтық есебі. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-МКБЗК. Кезеңділігі: жартыжылдық, жылдық өсумен. Есепті кезең ________ 20___ жыл. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Заң консультанттары палатасы. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: 5-шілдеден және 5- қаңтардан кешіктірмей.

      ЖСН/БСН:


Көрсеткіштің атауы

жеке тұлғалар барлығы

оның ішінде ауылдық елді мекендерде

1

2

3

4

1

Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың саны




оның ішінде алимент өндіру мәселелері бойынша



3

оның ішінде зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша



4

оның ішінде оңалту мәселелері бойынша



5

оның ішінде босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша



6

оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша



7

оның ішінде мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша

сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарының



8

адам саудасының құрбандары



9

терроризм актісінің құрбандары



10

азаптауға ұшырағандар



11

оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша



12

оның ішінде жұмыспен байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша



13

оның ішінде, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелері бойынша,

Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын



14

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар



15

басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері



16

мерзімді қызметтің әскери қызметшілері



17

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар



18

жасы бойынша зейнеткерлер



19

көп балалы отбасылармен



20

жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар)



21

Азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың саны



22

оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талап қоюшылар



23

оның ішінде жұмысқа байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар



24

оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар



25

оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер



26

оның ішінде алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер



27

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер



28

оның ішінде, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер

оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын,



29

оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын



30

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар



31

басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері



32

мерзімді қызметтің әскери қызметшілері



33

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар



34

Заңға сәйкес ақталған адамдарға зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



35

Білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғалардың жалпы саны (1, 2-жолдардың сомасы)



      Төраға ________________________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
Заң консультанттары палатасының атауы ______________________
Мекенжайы _______________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________
________________________ __________________
(жасалған күні) (телефон)

  "Заң консультанттарының
көрсеткен мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегі
туралы жиынтық есебі"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Заң консультанттарының көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы жиынтық есебі" (нысанның индексі 2-МКБЗК, кезеңділігі жартыжылдық, жылдық өсумен)

      1. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі – заң көмегін алуға құқығы бар жеке және білікті заң ды тұлғаларға "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негізде және тәртіппен, тегін негізде көрсетілетін білікті заң көмегі;

      2) құқықтық ақпарат беру – белгіленбеген тұлғалар тобына Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат беру арқылы көрсетілетін білікті заң көмегінің түрі;

      3) құқықтық консультация беру – жеке және заңды тұлғаларға ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсетілетін, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау мәселесіне қатысты білікті заң көмегінің түрі.

      2. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер

      "Заң консультанттарының көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы жиынтық есебі" әкімшілік деректер нысанында келесі деректер қамтылады:

      1-бағанында ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      2-бағанында алимент өндіру мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      3-бағанында зейнетақы және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      4-бағанында оңалту мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      5-бағанында босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      6-бағанында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      7-бағанында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарының мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      8-бағанында адам саудасының құрбандары мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      9-бағанында терроризм актісінің құрбандары мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      10-бағанында азаптауға ұшырағандар мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      11-бағанында асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      12-бағанында жұмыспен байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      13-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      14-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      15-бағанында басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      16-бағанында мерзімді қызметтің әскери қызметшілері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      17-бағанында бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      18-бағанында жасы бойынша зейнеткерлер кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      19-бағанында көп балалы отбасылармен кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      20-бағанында жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша ауызша және жазбаша консультациялар нысанында құқықтық консультация берілген жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      21-бағанында азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      22-бағанында асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша талап қоюшылар азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      23-бағанында жұмысқа байланысты денсаулықтың зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      24-бағанында қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      25-бағанында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      26-бағанында алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алушылар болып табылатын көп балалы отбасылардағы балаларды күтіп-бағуға алименттерді өндіріп алу туралы даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер азаматтық сот ісін жүргізуде мүдделері ұсынылған жеке тұлғалардың және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      27-бағанында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      28-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      29-бағанында Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      30-бағанында басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      31-бағанында ғанада мерзімді қызметтің әскери қызметшілері кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      32-бағанында бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      33-бағанында жасы бойынша зейнеткерлер кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес даулар бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      34-бағанында заңға сәйкес ақталған адамдарға зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардын және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі;

      35-бағанында білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғалардың жалпы саны (1, 21-жолдардың сомасы) және оның ішінде ауылды мекенде саны көрсетіледі.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1457 бұйрығына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Адвокаттың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы есебі

      Есептік кезең 20___ жылғы "____"___________

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 1 - (МКБЗК)

      Кезенділік: ай сайын

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет – ресурста орналыстырылған: www.gov.kz

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: адвокат

      Ұсынылады: адвокаттар алқасына

      Әкімшік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей

1-бөлім. Білікті заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны туралы мәліметтер

Көрсеткіштің атауы

азаматтардың барлығы

олардың ішінде ауылдық аудандардағы

1

2

3

4

1

Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны



2

Қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, құқықтары қорғалған азаматтар саны



3

Оның ішінде кәмелетке толмағандар



4

Құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны



5

Құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтар саны



6

Оның ішінде кәмелетке толмағандар



7

Мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны



8

оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



9

оның ішінде жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген



10

оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



11

оның ішінде кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлер болып табылатын

Ұлы Отан соғысының қатысушылары



12

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар



13

мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер



14

І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар



15

жасына байланысты зейнеткерлер



16

оның ішінде заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



17

оның ішінде құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтар



18

Білікті заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы)



2-бөлім. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету барысында орындалған жұмыстың жалпы сипаттамасы

Білікті заң көмегін алу үшін жүгінген адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау құралдары мен тәсілдері

Мәлімделген өтініштер немесе берілген шағымдар

Қанағаттандырылған өтінішхаттар немесе шағымдар

барлығы

оның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттар

барлығы

оның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардың мәлімдемелері немесе шағымдары

1

2

3

4

5

6

19

Білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар





20

Процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар





21

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар





22

Тергеу судьясының қаулыларына шағымдар





23

Бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар





24

Қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар, барлығы





25

Оның ішінде кәмелетке толмағандардың мүддесінде





26

Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар





27

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар





28

Азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар





      * Ескертпе: Адвокаттың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы
есебінің нысаны қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады.
Адвокат ________________________________ ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Мекенжайы ______________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _____________________________
____________________________________ ____________________
(толтыру күні) (телефон)

  Адвокаттың мемлекет
кепілдік берген білікті
заң көмегін көрсетуі
туралы есебі нысанына
қосымша

"Адвокаттың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. Осы түсіндірме "Адвокаттың мемлекет кепілдік берген білікті көмегін көрсету туралы жиынтық есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 1- (МКБЗК), мерзімділігі – ай сайын) толтыру тәртібін айқындайды.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебімен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысанды мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін адвокат білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ай сайын жасайды.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы айдың 5-күніне нақты деректер бойынша жасалады.

      5. Нысанға адвокат білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында қол кояды.

      6. 1-жолда Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.

      7. 2-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.

      8. 3-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

      9. 4-жолда құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.

      10. 5-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың саны көрсетіледі, барлығы.

      11. 6-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

      12. 7-жолда мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.

      13. 8-жолда асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      14. 9-жолда жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      15. 10-жолда қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      16. 11-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      17. 12-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      18. 13-жолда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      19. 14-жолда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      20. 15-жолда жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      21. 16-жолда заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      22. 17-жолда құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтардың жалпы саны көрсетіледі.

      23. 18-жолда білікті заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7- жолдардың сомасы Нысанның 6-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.

      24. 19-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.

      25. 20-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

      26. 21-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.

      27. 22-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.

      28. 23-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

      29. 24-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.

      30. 25-жолда кәмелетке толмағандардың мүддесінде апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

      31. 26-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

      32. 27-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.

      33. 28-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1457 бұйрығына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Адвокаттардын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы жиынтақ есебі

      Есептік кезең 20____жылғы______

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: 2 - (МКБЗК)

      Кезенділік: жартыжылдық, өсу ретімен жылдық

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет – ресурста орналыстырылған: www.gov.kz

      Ақпаратты ұсынатын топ: адвокаттар алқасы

      Ұсынылады: аумақтық әділет органына

      Әкімшік деректер нысанын ұсыну мерзімі: 5 шілде мен 5 қаңтардан кешіктірмей.

1-бөлім. Білікті заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны туралы мәліметтер

Көрсеткіштің атауы

азаматтардың барлығы

олардың ішінде ауылдық аудандардағы

1

2

3

4

1

Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны



2

Қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, құқықтары қорғалған азаматтар саны



3

Оның ішінде кәмелетке толмағандар



4

Құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны



5

Құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтар саны, барлығы



6

Оның ішінде кәмелетке толмағандар



7

Мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны



8

оның ішінде асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



9

оның ішінде жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшыларды



10

оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



11

оның ішінде кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлерді

Ұлы Отан соғысының қатысушылары



12

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар



13

мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер



14

І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар



15

жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын



16

оның ішінде заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшыларды



17

оның ішінде құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтар



18

Білікті заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы)



2-бөлім. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету барысында орындалған жұмыстың жалпы сипаттамасы

Білікті заң көмегін алу үшін жүгінген адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау құралдары мен тәсілдері

Мәлімделген өтініш хаттар немесе берілген шағымдар

Қанағаттандырылған өтінішхаттар немесе шағымдар

барлығы

оның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардың

барлығы

оның ішінде ауылдық аудандардағы адвокаттардың мәлімдемелері немесе шағымдары

1

2

3

4

5

6

19

Білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар





20

Процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар





21

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар





22

Тергеу судьясының қаулыларына шағымдар





23

Бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар





24

Қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар





25

Оның ішінде кәмелетке толмағандардың мүддесінде





26

Заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар





27

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар





28

Азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар





3-бөлім. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуде адвокаттардың қатысуын ұйымдастыру жағдайы

Көрсеткіштің атауы

барлығы

олардың ішінде ауылдық аудандардағы

1

2

3

4

29

Есепті кезеңнің басындағы мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны



30

Есепті кезеңнің аяғындағы мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны



31

Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепті кезеңде нақты көрсеткен адвокаттар саны



32

оның ішінде түрлеріне орай

Құқықтық консультация беру



33

Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу



34

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша іс жүргізуге қатысу



35

Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысу



36

Төлемдердің сомасы теңгемен



37

Есепті кезеңнің соңындағы берешек сомасы теңгемен



      * Ескертпе: Адвокаттардын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы
жиынтақ есебінің нысаны қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады.
Төраға _____________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)
Мекенжайы __________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _________________________________
___________________________________________ _________________
(толтыру күні) (телефон)

  Адвокаттардын мемлекет
кепілдік берген білікті
заң көмегін көрсетуі туралы
жиынтақ есебі нысанына
қосымша

"Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы жиынтық есебі" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      1. Осы түсіндірме "Адвокаттардың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы жиынтық есебі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) (индекс 2-( МКБЗК), мерзімділігі – жартыжылдың, жылдың қорытындысы бойынша) толтыру тәртібін айқындайды.

      2. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті бюджет қаражаты есебінен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының іске асырылуы барысына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысан мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы адвокаттар есебінің негізінде білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы толтырылады.

      4. Көрсеткіштер ағымдағы жылдың 5 шілдесінен және 5 қантарынан кешіктірілмей нақты деректер бойынша жасалады.

      5. Нысанға адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында қол қояды.

      6. 1-жолда Ауызша және жазбаша консультациялар түрінде құқықтық консультация берілген азаматтар саны көрсетіледі.

      7. 2-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған азаматтардың жалпы саны көрсетіледі, барлығы.

      8. 3-жолда құқықтары қылмыстық процесте, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

      9. 4-жолда құқықтары қылмыстық сот ісін жүргізуде, сотқа дейінгі іс жүргізуді қоса алғанда, білдірілген жәбірленушілер саны көрсетіледі.

      10. 5-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған азаматтардың саны көрсетіледі, барлығы.

      11. 6-жолда құқықтары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қорғалған кәмелетке толмағандардың саны көрсетіледі.

      12. 7-жолда мүддесі азаматтық сот ісін жүргізуде білдірілген азаматтар саны көрсетіледі, барлығы.

      13. 8-жолда асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      14. 9-жолда жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      15. 10-жолда қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      16. 11-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушылары болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      17. 12-жолда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      18. 13-жолда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      19. 14-жолда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      20. 15-жолда жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшылар мен жауапкерлердің саны көрсетіледі.

      21. 16-жолда заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылардың саны көрсетіледі.

      22. 17-жолда құқықтары ресми өкіл-адвокат ретінде білдірілген азаматтардың жалпы саны көрсетіледі.

      23. 18-жолда білікті заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны (1, 2, 4, 5, 7-жолдардың сомасы Нысанның 6-бағанының сомасына тең) көрсетіледі.

      24. 19-жолда білікті заң көмегін көрсету үшін қажетті мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салулар саны көрсетіледі.

      25. 20-жолда процестік әрекеттер ісін жүргізу немесе сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

      26. 21-жолда қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдар саны көрсетіледі.

      27. 22-жолда тергеу судьясының қаулыларына шағымдар саны көрсетіледі.

      28. 23-жолда бірінші сатыдағы соттағы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

      29. 24-жолда қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі, барлығы.

      30. 25-жолда кәмелетке толмағандардың мүддесінде апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

      31. 26-жолда заңды күшіне енген сот үкімдерін, қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттар саны көрсетіледі.

      32. 27-жолда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар саны көрсетіледі.

      33. 28-жолда азаматтық істер бойынша апелляциялық шағымдар саны көрсетіледі.

      34. 29-жолда есепті кезеңнің басындағы мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны көрсетіледі.

      35. 30-жолда есепті кезеңнің аяғындағы мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттар саны көрсетіледі.

      36. 31-жолда мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепті кезеңде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі, барлығы.

      37. 32-жолда мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепті кезеңде құқықтық консультация беру түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

      38. 33-жолда мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепті кезеңде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

      39. 34-жолда мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепті кезеңде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

      40. 35-жолда мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепті кезеңде азаматтық іс жүргізуге қатысу түрінде нақты көрсеткен адвокаттар саны көрсетіледі.

      41. 36-жолда төлем сомасы цифрмен теңгеде көрсетіледі.

      42. 37-жолда есепті кезең соңындағы берешек сомасы цифрмен теңгеде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1457 бұйрығына
3-қосымша

      1. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8635 болып тіркелген, 2013 жылы 26 желтоқсанында "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 426 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12293 болып тіркелген, 2015 жылы 25 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы есептердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 80 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13383 болып тіркелген, 2016 жылы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың
тізбесіне
9-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1453 бұйрығымен
бекітілді
  Нысан

Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісім

      _______________________ "__" ___________ 20 ___ ж. жасаған жері
________________________________________________________________________
(әділет департаментінің атауы)
әділет департаменті бюджеттік қаражат есебінен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін
алуға құқығы бар азаматтардың мүдделеріне орай іс-әрекет етуші, бір жағынан бұдан әрі
"Әкімші" деп аталатын,
________________________________________________________________________________
(әділет органының басшысы немесе осы келісімге қол қоюға уәкілетті өкілінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда))
арқылы, "Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының
2018 жылғы 5 шілдедегі заңының (бұдан әрі - заң) 28-бабының 5-тармағын
басшылыққа ала отырып, және Адвокат
_______________________________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_______________________________________________________________________________,
(адвокаттық қызметті ұйымдастыру нысаны)
адвокаттық қызметпен айналысуға ______________________ лицензиясы бар,
(лицензияның нөмірі және берілген күні)
      ________________________________________________________________________________
(адвокаттар алқасының атауы)

      адвокаттар алқасына мүше болып табылатын, адвокаттар алқасының төралқасы

      бекіткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету жүйесіне қатысушы адвокаттардың

      тізіміне енгізілген, екінші жағынан бұдан әрі "адвокат" деп аталатын, төмендегілер туралы

      осы Келісімді жасады:

      1. Адвокат құқықтық консультация беру түріндей мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетеді:

      1) алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға;

      2) мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, адам саудасы, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға;

      3) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      4) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға;

      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жеке тұлғаларға;

      6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға;

      7) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) осы заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

      2. Адвокат соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетеді:

      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға;

      3) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге осы заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

      3. Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету үшін адвокат келесілерді жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іс жүргізу өкілеттіктерін қолданады;

      2) азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге

      бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекетті орындауды;

      3) өзiнiң кәсiби қызметінде адвокатураның ұйымдастыру мен қызметі қағидаттарын басшылыққа алады.

      4. Адвокат құжаттарды, материалдарды, өзге де мәліметтерді қоса алғанда, азаматтарға

      толық білікті білікті заң көмегін көрсетуге қажетті ақпаратты табыс етпеуден немесе жасырудан осы Келісім шарттарының орындалмауына, сондай-ақ азаматтардың шындыққа сай келмейтін (оның ішінде құжатталған) ақпаратты табыс етуіне байланысты салдарларға жауапты болмайды.

      5. Адвокат мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуден мынадай шарттардың бірі болған кезде бас тартады:

      1) арыз беруші заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген мемлекет кепілдік берген

      білікті заң көмегін алуға құқығы бар адамдар санатына жатпаған жағдайда;

      2) арыз беруші өтінішінің құқықтық сипаты болмаған жағдайда;

      3) арыз берушінің заңның 27-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда;

      4) арыз беруші бұдан бұрын осы мәселе бойынша құқықтық көмек алған жағдайда.

      6. Әкімші адвокаттың білікті заң көмегін көрсеткені үшін төленуге тиіс және қорғауымен және өкілдік етуімен байланысты шығыстарды өтеуге тиісті бюджеттік қаражатты адвокаттың банктік шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде аударады.

      7. Осы Келісім білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде қалыптасады, Тараптардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және келесі жылдың соңына дейін қолданылады.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
10-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 434 бұйрығымен
бекітілген

Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерлері

      1. Адвокат көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері:

      1) мына:

      қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:

      қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе оған аса ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;

      аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;

      қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;

      аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;

      өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде кез келген сатысында қатысудың бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 1,15 айлық есептік көрсеткіш;

      2) мына:

      қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:

      қорғалуға құқығы бар куәгерді, оған ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;

      ауыр қылмыстық іс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;

      қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;

      ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;

      өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,78 айлық есептік көрсеткіш;

      3) мына:

      әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қорғаудың;

      білікті заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның атынан өкілдік етудің және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызудың;

      адвокатқа жүгінген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация берудің;

      қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:

      қорғалуға құқығы бар куәгерді, қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе қылмыстық теріс қылық немесе оган онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;

      қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;

      қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;

      онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен не әкімшілік ұстап алуға тартылған адаммен кездесудің;

      өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;

      адвокаттардың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін консультациялар, анықтамалар, құқықтық сипаттағы құжаттарды жасау түрінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 475-бабы үшінші бөлігінің бірінші абзацында және 476-бабының 4), 5), 5-1), 11), 13), 15), 17), 19) және 22) тармақшаларында көзделген жағдайларда соттардың үкімдері мен қаулыларын орындау барысында ұсынылатын құжаттарды дайындау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өзге де түрде көрсетуінің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш;

      4) қылмыстық іс бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері қорғаушы ретінде қатысудың бір сағаты үшін – осы қосымшаның 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5;

      5) тергеп-тексерудің немесе өзге әрекеттің басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын: сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын күткен уақыты үшін – осы қосымшаның 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;

      6) нақты іс бойынша қорғауды немесе өкілдік етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу – мемлекет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде.

      2. Заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері:

      1) мына:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде кез келген сатысында қатысудың бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 1,15 айлық есептік көрсеткіш;

      2) білікті заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның атынан өкілдік етудің және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызудың;

      заң консультантына жүгінген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация берудің;

      өтініштер, өтінішхаттар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеудің бір сағаты үшін – тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш;

      3) сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын күткен уақыты үшін – осы қосымшаның 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;

      4) нақты іс бойынша өкілдік етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу – мемлекет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде.

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
11-қосымша
  Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1462 бұйрығы

Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңының 23-бабы 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджеттік қаражат есебінен төлеуге адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру.

      Бұл ретте жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру бір өтініш берушіге екі сағаттан аспайтын көлемде төленеді. Бір күнтізбелік күнде жалпы төленетін уақыт сегіз сағаттан аспайды;

      2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 67-бабының үшінші бөлігінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде, 76-бабының екінші бөлігінде, 174-бабының екінші бөлігінде, 428-бабының төртінші бөлігінде, 478-бабының алтыншы бөлігінде, 495-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;

      3) "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 749-бабының және 750-бабының екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау;

      4) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112 және 325-баптарында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      5) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, соңдай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      6) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету;

      3. Бюджет қаражаты есебінен төлеуге заң консультанттары көрсетілетін білікті заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңның 26-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру.

      Бұл ретте жеке тұлғаларға құқықтық консультация беру бір өтініш берушіге екі сағаттан аспайтын көлемде төленеді. Бір күнтізбелік күнде жалпы төленетін уақыт сегіз сағаттан аспайды;

      2) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету.

      3) Қазақстан Республикасының ӘРПК 26-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда, соңдай-ақ Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға өкілдік ету;

      4) "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның 41-бабының 5-тармағында көзделген конституциялық іс жүргізу шеңберінде азаматтарға өкілдік ету.

2-тарау. Адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі

      4. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Өтініш) негізінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісімді білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жасаған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.

      5. Өтініш білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады.

      Өтініш осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі шығарылған және (немесе) қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына жолданады.

      Осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер төленуге жатпайды.

      Өтініш беру мерзімі адвокаттың еңбекке жарамсыздығы (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған кезеңінде үзілуі мүмкін.

      Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілім негізінде жасақталған адвокаттың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      ақы төлемейтін негізде білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;

      ауызша немесе жазбаша берілген қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты заң консультацияларының саны;

      құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

      білікті заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;

      адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі;

      ақы төлемейтін негізде білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолы;

      "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) бекітілген құжаттар актіге қоса беріледі;

      2) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамадардың) қаулылары, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша соттардың ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберінде адвокаттар тағайындау туралы қаулылары;

      3) қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары, сондай-ақ білікті заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы азаматтық істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың ұйғарымдары, оларда:

      қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      істің атауы, қаулының шығарылған күні;

      қорғау және өкілдік етумен, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мен білікті заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;

      күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен категориясы;

      тұлға күдіктенетін немесе айып тағылатын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабы және қылмыстық құқық бұзушылықтың санаты, немесе тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздейтін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің бабы;

      қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік тұтқындау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);

      күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, құқық бұзушының әрекеті өзгертілген күн;

      білікті заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

      адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту немесе процессуалдық әрекеттер кейін қалдырылған жағдайда оны кейінге қалдыру (егер осындай дәйектер орын алса) уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;

      сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);

      адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      қылмыстық немесе азаматтық істердің, немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      адвокаттың қорғалушысын қорғау бағыты және іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша консультация беру уақытының ұзақтығы;

      процессуалдық келісімге отыру туралы мәселені талқылау уақытының ұзақтығы, адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, процессуалдық келісімдер, медиация тәртібінде келісімге келу туралы келісімдер, анықтаушы, тергеуші, прокурор және соттың әрекеттері (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға шағымдар, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылықтар, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге, азаматтық талапқа (талап арызға) пікір (қарсылық) қорғалушыны қорғау және мүдделері үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылық келтіру уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың білікті заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;

      адвокаттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

      4) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың ұйғарымы, білікті заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары туралы конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі ұйғарымдары, оларда:

      соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      істің атауы, қарау орны және күні;

      білікті заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      білікті заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), адвокаттың қорғауға (өкілдік етуге) өкілеттілігін куәландыратын қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаның нөмірі мен күні;

      адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

      сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (фактілер болған жағдайда);

      адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа да арыздарға пікірлерге (қарсылықтарға), апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылық білдіруге, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың білікті заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

      адвокаттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

      5) ішкі істер органдарының тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторларының немесе арнайы қабылдағыштарының анықтамалары, оларда:

      қамауға алынған күдіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға, алып келуге, ішкі істер органына (полицияға) әкелуге тартылған тұлғамен кездесу кезінде адвокаттың жұмыс істеу уақыты;

      6) осы қағидалардың 5-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда адвокаттың еңбекке жарамсыздығын (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған растайтын құжаттар.

      6. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.

      7. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:

      1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келуінен есептелетін процессуалдық іс-әрекеттің немесе сот отырысының басталуын күту, егер адвокат осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;

      2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер адвокат бұл уақытта өзге тұлғаларға білікті заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;

      3) сотқа дейін тергеп-тексеру немесе қылмыстық істің сотқа түсуінен кейін, бірақ істің басты сот талқылауында, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралуына дейін, оның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамды тұтқындау қаулысымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы хаттамамен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процестік әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      3-1) істің басты сот талқылауында қаралуына дейін азаматтық не әкімшілік істің материалдарымен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      3-2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңның конституциялық іс жүргізу шеңберінде хаттамасымен танысу;

      4) тергеу изоляторынан немесе уақытша ұстау изоляторынан қорғалушыға бару туралы анықтаманы алғанға дейін адвокаттың қорғалушыны шақыру талонын беру сәтінен бастап есептелетін іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін үйде қамауда болған немесе күзетпен қамауға алынған қорғалушымен, уақытша ұстау изоляторында қорғалушымен, немесе Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне сәйкес білікті заң көмегін көрсету үшін Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 63 қбпү (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15120 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қылмыстық-атқарушы жүйесі мекемесінің Келушілерді есепке алу журналында тіркелген кезден бастап тиісті мекемеден адвокат сотталушымен жолығу туралы анықтама алғанша;

      5) іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау бағытын әзірлеу үшін әкімшілік тұтқындауға тартылған қорғалушыға бару;

      6) адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру.

      8. Адвокат нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы білікті заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.

      9. Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға тағайындалған адвокаттан бас тартса, адвокаттың іспен танысуға кеткен уақыты, кездесу кезіне білікті заң көмегін көрсетуге, оның ішінде адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына келтірілген қарсылықтарына уақыты, осындай бас тартудың процессуалдық рәсімделуі, адвокаттың іссапар шығыстары төленуге жатады.

      10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және білікті заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не қағаз жеткізгіште не білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

      Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және білікті заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде үш жұмыс күн ішінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жазбаша нысанда немесе білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл қаулы адвокаттың арызы бойынша тиісті шешім қабылданғаннан кейін де қабылдануы мүмкін.

      Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталушыға немесе жәбірленушіге білікті заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немесе басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады не қағаз жеткізгіште не білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.

      Азаматтық, әкімшілік іс бойынша білікті заң көмегін көрсетуге ақы төлеу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу шеңберіндегі қаулысы адвокаттың өтініші негізінде адвокаттың өтініші келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады.

      Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Адвокаттар алқасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.

      Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген білікті заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша білікті заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді.

      10-1. Адвокаттың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету уақытын есептеу кезінде мынадай тәртіп қолданылады:

      1 минуттан 1 сағатқа дейін төлем 1 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағаттан 1 сағат 30 минутқа дейін төлем 1,5 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін төлем 2 сағат ретінде жүргізіледі.

      Екі сағаттан асқан жағдайда төлем ақы сағаттардан және минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.

      1 сағат шегінде көрсетілген мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша ақы төлеу осы тармақшада айқындалған тәртіпке сәйкес жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады. Көрсетілген уақыт шегіндегі әрбір акт дербес дөңгелектенбейді.

      1 сағаттан 1 сағат 30 минутқа дейін асатын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 1,5 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін асатын мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 2 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      2 сағаттан асқан мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.

      12. Аумақтық әділет органы адвокаттың өтінішінің адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, қаулылар мен ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, адвокаттың білікті заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде жасайды және адвокаттың банктік шотына адвокаттың білікті заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген адвокатқа төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.

      Адвокаттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, қаулыларда немесе ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 5-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін адвокатқа қайтарады.

      13. Ағымдағы жылғы 20-желтоқсанынан кейін білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ұсынған өтініштері бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

3-тарау. Заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі

      14. Осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі – Заң консультанттың өтініші) негізінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету туралы келісімді білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жасаған заң консультант көрсететін, мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.

      15. Заң консультанттың өтініші білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде цифрлық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады.

      Заң консультанттың өтініші осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттардың бірі шығарылған және (немесе) қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде аумақтық әділет органына жолданады.

      Осы тармақтың екінші абзацында көзделген мерзімнен кейін жіберілген заң консультанттың өтініштері төленуге жатпайды.

      Заң консультантының өтініш беру мерзімі заң консультантының еңбекке жарамсыздығы (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған кезеңінде үзілуі мүмкін.

      Заң консультанттың өтінішіне келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тізілімі негізінде жасақталған заң консультантының құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы актілер, оларда:

      заң консультанттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      ақы төлемейтін білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері нөмірі, сериясы (бар болса) кім және қашан берген, қолданылу мерзімі не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған, клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер;

      ауызша немесе жазбаша берілген қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты заң консультацияларының саны;

      құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

      білікті заң көмегі көрсетілген сағаттың, минуттың жалпы саны;

      заң консультанттың қолтаңбасы;

      білікті заң көмегі көрсетілген жеке тұлғаның қолтаңбасы көрсетіледі;

      "Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы 114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) бекітілген құжаттар актіге қоса беріледі;

      2) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша заң консультантын тағайындау туралы соттардың ұйғарымдары, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі заң консультантты тағайындау туралы қаулылары;

      3) азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша судьялардың немесе соттардың білікті заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы, соңдай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіңдегі туралы ұйғарымдары, оларда:

      соттың атауы, ұйғарым немесе қаулыны шығарған судьяның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      істің атауы, қарау орны және күні;

      заң консультантының өкілеттігін растайтын қорғауға (өкілдікке) қатысты жазбаша сенімхаттың нөмірі мен күні;

      білікті заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      білікті заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізумен байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

      заң консультанты қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өндірістің басталу және аяқталу уақыты;

      заң консультанттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      заң консультанты қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

      сот отырысының басталуын немесе сот отырысы кейінге қалдырылған жағдайда оның жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (фактілер болған жағдайда);

      адвокаттың өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа да арыздарға пікірлерге (қарсылықтарға), апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға қарсылық білдіруге, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру уақытының ұзақтығы;

      заң консультанттың білікті заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

      заң консультанттың аты, жөні (бар болса), тегі және оның банктік шотының реквизиттері көрсетіледі;

      4) осы қағидалардың 15-тармағының төртінші абзацында көзделген жағдайда заң консультанттың еңбекке жарамсыздығын (ауруы) немесе еңсерілмейтін күштің әсері болған растайтын құжаттар.

      16. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2),3),4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда заң консультанттың өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.

      17. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда заң консультанттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын адвокат уақытты ескерумен есептейді:

      1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта заң консультанттың келуінен есептелетін сот отырысының басталуын күту, егер заң консультант осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;

      2) сот отырысы процессуалдық әрекетінің басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер заң консультант бұл уақытта өзге тұлғаларға білікті заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;

      3) істі басты сот отырысында қаралуына дейін азаматтық немесе әкімшілік іспен, конституциялық іс жүргізу шеңберінде материалдарымен, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      4) өтініш, өтінішхаттар, талап арызға, жеке апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, апелляциялық, кассациялық және басқа арыздарға, бітімгершілік келісімдерге, дауды (жанжалды) медиация тәртібінде шешу туралы келісімдерге немесе дауды партисипативті тәртіпте шешу туралы келісімдерге сенім білдірушінің мүддесі үшін, сондай-ақ сот отырыстарының хаттамаларына қарсылықтар келтіру.

      18. Заң консультант нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы білікті заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.

      19. Азаматтық немесе әкімшілік іс бойынша білікті заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу туралы сот ұйғарымы, сондай-ақ конституциялық іс жүргізу шеңберіндегі қаулысы, заң консультанттың өтініші негізінде заң консултантының өтініші келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жазбаша нысанда немесе білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы ол шығарылған күні электрондық құжат нысанында жолданады.

      Нақты іс бойынша ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні заң консультантқа беріледі не қағаздағы жеткізгіште немесе білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жолданады, үшінші данасы Заң консультанттар палатасына шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей жолданады.

      Өкілдік етуге байланысты көрсетілген білікті заң көмегіне ақы төлеу және шығыстарды өтеу туралы өтініште заң консультант нақты іс бойынша білікті заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. Өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін заң консультант Заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      19-1. Заң консультанттың мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету уақытын есептеу кезінде мынадай тәртіп қолданылады:

      1 минуттан 1 сағатқа дейін, төлем 1 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағаттан астам 1 сағат 30 минутқа дейін, төлем 1,5 сағат ретінде жүргізіледі;

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін, төлем 2 сағат ретінде жүргізіледі.

      Екі сағаттан асқан кезде төлем ақы сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.

      1 сағат шегінде мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы екі және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша ақы төлеу осы тармақшада айқындалған тәртіпке сәйкес жиынтықтау жолымен жүзеге асырылады. Көрсетілген уақыт шегіндегі әрбір акт дербес дөңгелектенбейді.

      1 сағаттан 1 сағат 30 минуттан асқанға дейін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 1,5 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      1 сағат 31 минуттан 2 сағатқа дейін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем 2 сағат ретінде жүзеге асырылады.

      2 сағаттан асқан мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне ақы төлеу туралы 2 және одан да көп актілер (қаулылар, ұйғарымдар, актілер) болған кезде олар бойынша төлем ақы сағаттар мен минуттардан айқындалатын нақты жұмсалған уақыт үшін жүргізіледі.

      21. Аумақтық әділет органы заң консультанттың өтінішінің заң консультанттың құқықтық консультация беру бойынша орындалған жұмыстары туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген деректердің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша, заң консультанттың білікті заң көмегінің түрлері бойынша бөлінген жұмысын, төленетін соманы көрсете отырып ай сайын еркін нысанда салыстыру актісін білікті заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде жасайды және заң консультанттың банктік шотына заң консультанттың білікті заң көмегінің түрлері және қылмыстық құқық бұзушылықтардың санаты бойынша бөлінген заң консультанттың төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 4 күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 күнінен кешіктірмей аударады.

      Заң консультанттың өтінішінде, құқықтық консультация беру жөніндегі орындалған жұмысы туралы актілерде, ұйғарымдарда көрсетілген мәліметтердің осы Қағиданың 16-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аумақтық әділет органы оларды арифметикалық қателерді түзету үшін заң консультантқа қайтарады.

      22. Ағымдағы жылғы 20 желтоқсаннан кейін келіп түскен өтініштер бойынша заң консультанттарына төлеуге жататын қаражатты қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

  Адвокат, заң консультанты
көрсететін, мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегіне ақы
төлеу және құқықтық
консультация беруге, қорғауға
және өкілдік етуге,
сондай-ақ татуластыру
рәсімдерін жүргізуге
байланысты шығыстарды өтеу
Қағидаларына
1-қосымша

АДВОКАТТЫҢ ӨТІНІШІ

      _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және
өкілдікетуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды
өтеу туралы
____________________________________________________
(адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Адвокатпен көрсетілетін білікті заң көмегінің түрлері

Білікті заң көмегін алған тұлғалардың саны

Қаулылар саны

Сағаттар,минуттар саны

Төлем сомасы

Төлемнің жалпы сомасы

1.

Құқықтық консультация түрінде білікті заң көмегін көрсету







2.

Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпкердің қорғаушысы ретінде білікті заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





3.

Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде білікті заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





4.

Соттарда қылмыстық істер бойынша айыпталушының, сотталушының қорғаушысы ретінде білікті заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





5.

Соттарда қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің өкілі ретінде білікті заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша






Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





6.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша білікті заң көмегін көрсету






7.

Азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы






Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 325-бабы





8.

Әкімшілік істер бойынша білікті заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 26-бабы






9.

Конституциялық іс жүргізу бойынша білікті заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық Заңы 41-бабы






10.

Барлығы






11.

Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге

Іссапардың жалпы саны

Іссапар күндерінің жалпы саны

Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы

  Адвокат, заң консультанты
көрсететін, мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегіне ақы
төлеу және құқықтық
консультация беруге, қорғауға
және өкілдік етуге, сондай-ақ
татуластыру рәсімдерін
жүргізуге байланысты
шығыстарды өтеу
Қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТЫҢ ӨТІНІШІ

      _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік
берген білікті заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және
өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы
__________________________________________________
(адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

№ №

Адвокатпен көрсетілетін білікті заң көмегінің түрлері

Білікті заң көмегін алған тұлғалардың саны

Қаулылар саны

Сағаттар,минуттар саны

Төлем сомасы

Төлемнің жалпы сомасы

1.

Құқықтық консультация түрінде білікті заң көмегін көрсету







2.

Азаматтық істер бойынша білікті заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы






3.

Әкімшілік істер бойынша білікті заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 26-бабы






4.

Конституциялық іс жүргізу бойынша білікті заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық Заңы 41-бабы












5.

Барлығы






6.

Құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу

Іссапардың жалпы саны

Іссапар күндерінің жалпы саны

Өтеуге жататын іссапар шығындарының сомасы

  Өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
12-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 25 ақпанында
№ 114 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесі

1-тарау. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету кезіндегі құжаттар тізбесі

      1. Жеке тұлғаларға мына мәселелер бойынша:

      1) алименттер өндіріп алу - баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке туралы немесе некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы куәлік , ал егер бала (некесіз) туылған жағдайда, әке болуды анықтау туралы куәлік;

      2) зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау– азаматтың жеке басын куәландыратын құжат, зейнеткер куәлігі, тиісті жәрдемақы алуға негіз болып табылатын құжат;

      3) ақтау - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақтау немесе тоқтату немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату фактісін растайтын немесе қылмыстық немесе әкімшілік іс бойынша өзге де заңсыз шешімдердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы процестік актінің көшірмесі;

      4) босқын мәртебесін алу - ұлттық (азаматтық) паспорт және (немесе) босқын деп танылған азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар.

      5) қандас мәртебесін алу - өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттар қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтар шыққан елдің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары және үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттар);

      6) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар – құжаттардың көшірмелері қайтыс болу туралы куәлігік, ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айыру туралы сот шешімі, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуын растайтын құжат.

      2. Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша сексуалдық зорлық-зомбылық, терроризм актісі құрбандарына не азаптауларға ұшыраған құрбандарға – мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.

      2-1. Мәртебесіне немесе жағдайына байланысты құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша адам саудасы құрбандарына – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №190 бірлескен бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) адам саудасының құрбаны болып сәйкестендірілген бағалау парағының көшірмесі не мүліктік немесе моральдық зиян келтіру фактісін растайтын процестік актінің көшірмесі.

      3. Асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға –қайтыс болу туралы куәлік.

      4. Жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға - өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың қаулысы.

      5. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары беретін Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі;

      2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері –әскери билет, қызметтегі әскерде болғанын растайтын анықтама;

      3) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер - әскери билет немесе уәкілетті орган беретін анықтама;

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар - мүгедектік туралы анықтама;

      5) жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын жеке тұлғаларға - зейнеткер куәлігі;

      6. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша көпбалалы отбасыларға - балалардың туу туралы куәлігі;

      7. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық кірістері астанада, облыста, республикалық маңызы бар қалада белгіленген кедейлік шегінен төмен табысы аз адамдарға (отбасыларға) - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, табысы аз отбасының кірісін растайтын құжат, зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), жұмыс орнынан анықтама не жұмыссыз адам ретінде тіркеу туралы анықтама, балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер туралы мәліметтер.

2-тарау . Соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету кезіндегі құжаттар тізбесі

      8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамға –процестік құжаттың көшірмесі (әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы не хаттама).

      9. Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес талап қоюшыға не жауапкерге және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес талап қоюшыға – өндіріске қабылдау туралы ұйғарым.

      10. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге - күдікті ретінде тану туралы қаулы, оған қатысты прокурор айыптау актісін жасаған айыпталушыға, сотталушының айыптау үкімі, сотталушының үкімі, соттың ақтау қаулысы, жәбірленуші деп тану туралы қаулы.

      Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қорғалуға құқығы бар куәгерге - қылмыстық процестi жүргізетін органның қорғаушымен қамтамасыз ету туралы қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады