"Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына және "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 19 маусымда № 39004 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 454 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларында:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілердің жобалау құжаттамасы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) келісіледі.";

      осы Қағидаларға 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 1 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Комитет) – екі және одан да көп облыстар шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын (бұдан әрі – жобалау құжаттамасы) келісу кезінде.
Аумақтық департаменттер – өзге де қауіпті өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасын келісу кезінде.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары – әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті өндірістік объектілердің жобалау құжаттамасын ккелісу кезінде.

  ".

      2. "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 485 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларында:

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аумақтық департаменттер және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын тұлғалардың есептен шығару туралы өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұрын есепте тұрған таратылған немесе пайдаланудан шығарылған қауіпті өндірістік объектілерді және (немесе) қауіпті техникалық құрылғыларды өз бетінше есептен шығарады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы Қағидаларға сәйкес аумақтық департаменттер және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      осы Қағидаларға 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 1 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық департамент – өнеркәсіптік объектілердегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару кезінде.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары – әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару кезінде.

  ".

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады