БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдістеме және медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 18 маусымдағы № 252 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында:
көрсетілген Қағидалардың 6-қосымшасының 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларының орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіндері өзгермейді;
көрсетілген Қағидалардың 14-қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. "Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33436 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізу және одан шығару негіздерінде:
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған МӘС тәуелсіз сарапшысы;".
3. "Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33492 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтердің тарифтерінде:
көрсетілген Қағидалардың қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
4. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38653 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінде:
көрсетілген тізбеге 1-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
| Тізбеге қосымша Тізбеге 1-қосымша Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған өтініш
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің
_______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, ___________ бөлімі
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________
Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
_______________________________
Туған күні: _____ жылғы "___" _________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________
Құжаттың нөмірі: __________ кім берген ________________________
Берілген күні _____ жылғы "___" _________
Тіркелген орны: __________________________
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала
________________________
қала (аудан) ______________________________________
ауыл: ____________________________________________
көше (шағын аудан) ___________________________ ____ үй _____пәтер
байланыс телефон нөмірі: ____________________________________
электрондық пошта мекенжайы (бар болса): _____________________
Сізден мына мақсатта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді сұраймын:
1) мүгедектікті белгілеу: мүгедектікті алғашқы белгілеу, мүгедектікті қайта белгілеу (қайта куәландыру), мүгедектік себебінің өзгеруі (керегінің астын сызу);
2) жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін, кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу (керегінің астын сызу);
3) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) қалыптастыру, ОЖБ түзету, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығын айқындау (керегінің астын сызу).
Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу үшін құжаттардың және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын мәліметтердің тізбесі:
№ | Құжат атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескерту (электрондық немесе қағаз форматта) |
1. | жеке басты куәландыратын құжат | ||
2. | тіркелген орнын растайтын құжат | ||
3. | МӘС-ке қорытынды | ||
4. | ОЖБ-ның медициналық бөлігі | ||
5. | амбулаториялық науқастың медициналық картасы, ауру тарихынан үзінді және зерттеу нәтижелері | ||
6. | еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы) | ||
7. | еңбек қызметін растайтын құжат және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер | ||
8. | міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат | ||
9. | жазатайым оқиға туралы акт | ||
10. | кәсіптік ауру мен улану диагнозын анықтау (кәсіппен аурудың байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы | ||
11. | себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат | ||
12. | жарақаттың немесе аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі | ||
13. | қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжат | ||
14. | атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы куәлік | ||
15. | балаларды куәландыру (қайта куәландыру) кезінде - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы бар болса |
Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес куәландыруды (қайта куәландыруды) үйде, стационарда, сырттай (керегінің астын сызу) жүргізуге келісім беремін. Мерзімінен бұрын қайта куәландырылған кезде себебін көрсету ___________________________________.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Қайта куәландыру кезінде мүгедектік тобының және соған сәйкес жәрдемақы мөлшерінің өзгеру мүмкіндігі туралы ескертілдім.
20 ____ жылғы "____" __________
Өтініш берушінің, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілдің қолы _______________
Заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________
