ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36037 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары";
1-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін:
1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар;";
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кандидат – сертификат алуға үміткер республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамы;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттауды өткізу тәртібі";
16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Оң нәтиже алған кандидаттарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы сертификат беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін өткен соң орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
_____________________________________________________________ ұйымның атауы
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы СЕРТИФИКАТ № _____
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) берілді
Емтихан комиссиясының төрағасы
____________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Ұйым басшысы
____________ ______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
_______________ № _____________________________________________
(күні) (сәйкестендіру нөмірі)
___________________
(қаланы көрсету)
