БҰЙЫРАМЫН:
1. "Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 354 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10240 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
26-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи газ бен мұнайдың немесе мұнай өнімдерінің кемуі, құбырларынан түрлі тағайындалудағы ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі минималды қашықтық аймағының бұзылуы, жер бетіндегі электр-химиялық қорғаныс, телемеханика, байланыс, ток тарату құралдарының бұзылуына жол берілмейді. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізгеннен кейін көмілмеген құбырлардың ашық учаскелері, құбырлардың көмілу тереңдігінің жоғарғы пайда болуына дейін минимум - 0,8 метрдің азаюына әкелген трасса бетінде шайылулар көміліп, қауіпсіз жағдайға келуі қажет.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. МҚ ЖБ-нің жер жұмыстары, пайдаланушы ұйымның жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.
Кеме жүзетін өзендермен, автомобиль және теміржолдарымен, басқа да құбыржолдармен және жерасты коммуникацияларымен қиылысу учаскелерінде орнатылған ақпараттық тыйымсалатын немесе ескерту, сондай-ақ МҚ тану белгілері зақымдануы немесе олардың оқылуының нашарлауы анықталған кезде жөнделуге немесе жаңартылуға тиіс.
МҚ ЖБ – нің биіктігі 1,5–2 метрлік, түзу учаскелерде көріну шегінде (бірақ кемінде 500 метр сайын), сондай-ақ бұрылыс бұрыштары мен өткелдерде километрлері мен құбырлардың іс жүзіндегі төселу тереңдігі көрсетіліп орнатылатын тану белгілерімен (көрсеткіш-қалқандармен) белгіленеді.
Құбырларға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіретін ағаш өсімдіктерді егуге жол берілмейді.".
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Технологиялық құбырларды беріктік пен герметикалыққа сынаулары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығымен бекітілген Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23754 болып тіркелді) 7-тарауына сәйкес жүргізіледі.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Сорғыштарға арналған арматуралар сорғыш паспортына және құбырлар сипаттамасына сәйкес шартты қысым бойынша таңдап алынады. Ортадан тепкіш сорғыштың айдама құбырында кері қалқанша, піспек сорғыштың айдама құбырында сақтық клапаны және пульсацияның сақтығы бар манометр орнатылады.
Шынысы немесе корпусы зақымдалған манометрлерді қолдануға жол берілмейді. Бақылау белгілерін (қызыл сызықты) тікелей манометрдің шынысына салуға жол берілмейді.";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Мойынтіректер мен герметизаторлардың корпустарын суыту үшін қатпайтын сұйықтар (антифриз) немесе өнеркәсіптік майлар қолданылады. Суыту сұйықтары ретінде 30 градус Цельсийге дейінгі температурадағы суды пайдалану кезінде ағынды бақылау үшін ашық түтікшелер немесе кәріздермен жалғанған қарау құрылғылары қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
