"Шапағат" конкурсын өткізу ережелерін бекіту туралы, әлеуметтік және экономикалық маңызы бар, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 маусымдағы № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 маусымда № 38996 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Патенттік заңы" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу жөніндегі "Шапағат" конкурсын өткізу қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетіне:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
Е. Сарсембаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 17 маусымдағы
№ 568 Бұйрыққа
қосымша

Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша "Шапағат" конкурсын өткізу Қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру туралы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша "Шапағат" конкурсын өткізу Қағидалары, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Патенттік заңы" туралы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша "Шапағат" конкурсын өткізу тәртібін, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мына ұғымдар қолданылады:

      1) конкурс ұйымдастырушысы – "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) конкурстың жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      3) патент иеленуші – қорғау құжатының иесі;

      4) дипломант – комиссия тарапынан сәйкес номинация бойынша жеңімпаз деп танылған және дипломмен марапатталған конкурстың қатысушысы;

      5) зияткерлік меншік объектілері – зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары.

2-тарау. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу бойынша, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру бойынша "Шапағат" конкурсын өткізу тәртібі

      3. Әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан маңызды, бәсекеге қабілетті, экологиялық қауіпсіз өнертабыстарды іріктеу, сондай-ақ аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстардың авторларына "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру бойынша "Шапағат" конкурсы (бұдан әрі – конкурс) әрбір екі жылда кемінде бір рет төрт кезеңде өткізіледі:

      1) бірінші кезең: іс-шараны жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) көрсету;

      2) екінші кезең: өтінімдерді қабылдау;

      3) үшінші кезең: конкурс комиссиясының отырысы;

      4) төртінші кезең: салтанатты марапаттау және іс-шараны БАҚ-та көрсету, конкурс комиссиясының шешімі бойынша хаттаманы конкурстың жұмыс органы интернет-ресурсында жариялау.

      4. Конкурс өткізу туралы ақпарат, қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімдері және конкурс қорытындылары конкурстың жұмыс органы интернет-ресурсында жарияланады.

      5. Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурстың жұмыс органы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі, бұл мекенжай конкурс өткізілетіні туралы хабарламада көрсетіледі.

      6. Комиссия өз қызметін Заңға және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      7. Комиссияның құрамына тақ сандағы қатысушылар кіреді және ол он бес мүшеден аспайды.

      8. Комиссияның құрамы конкурстың жұмыс органы тарапынан уәкілетті органмен келісу арқылы бекітіледі және төраға, хатшы және комиссия мүшелерінен тұрады.

      9. Комиссия төрағасы комиссия отырысында оның мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы қатысып отырған мүшелердің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады. Комиссия төрағасы ретінде конкурс ұйымдастырушысы және жұмыс органы өкілдері сайлана алмайды.

      10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      11. Комиссия хатшысы конкурстың жұмыс органы қызметкері болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып саналмайды және комиссия шешімдерін қабылдауда дауыс беру құқығына ие емес.

      12. Комиссия отырыстары оның құрамын бекіткен күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.

      13. Комиссия құрамына гранттық қаржыландыруды, инновациялық және кәсіпкерлік қызметті қолдауды жүзеге асыратын ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, биотехнология, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық пен бизнес өкілдері кіреді.

      14. Комиссияның отырыстары бетпе-бет форматта өткізіледі. Комиссия мүшелері қажет болған жағдайда Комиссия отырыстарына бейне-конференц-байланыс режимінде қатысады.

      15. Комиссия:

      1) конкурсқа қатысуға өтінім берген қатысушылардың материалдарын қарайды;

      2) конкурсқа қатысушыларды бағалауды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді;

      3) атақ береді, жеңімпаздар мен дипломанттарды конкурс номинациялары бойынша айқындайды.

      16. Комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.

      17. Комиссияның әрбір мүшесі әр номинация бойынша тек бір кандидат үшін дауыс береді. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген номинациялар бойынша жеңімпаз және бес дипломант айқындалады.

      Комиссия мүшесі мүдделер қақтығысы болған жағдайда, оның ішінде конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінімдер мен өтінішхаттарда көрсетілген, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес конкурс өткізілетін күнге дейінгі екі жыл ішінде берілген қолданыстағы қорғау құжаттары бар авторлар мен құқық иеленушілерге қатысты өтінімдер мен қолдаухаттарды қарауға, бағалауға және олар бойынша дауыс беруге қатыспайды.

      Дауыс тең болған жағдайда, комиссия отырысын жүргізіп отырған төрағаның дауысы шешуші болып саналады.

      18. Конкурс жеңімпаздарына берілетін ақшалай сыйлықтардың түрлері мен мөлшері конкурстың жұмыс органы тарапынан өз қаражаты есебінен және (немесе) демеушілік қолдау (болған жағдайда) есебінен айқындалады.

      19. Конкурстық материалдарда қамтылған, сондай-ақ оларды бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады және тек конкурс өткізу мақсатында пайдаланылады. Көрсетілген материалдарды қатысушының жазбаша келсімінсіз өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

1-параграф. Конкурс номинацияларының түрлері және қатысушылар

      20. Конкурс мына номинациялар бойынша өткізіледі:

      1) жыл өнертабысы;

      2) әйел өнертапқыш;

      3) жас өнертапқыш;

      4) үздік инновациялық компания;

      5) ең белсенді өнертапқыш;

      6) жас дарын.

      21. "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру бойынша конкурсқа қатысуға өтінім Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылатын өтінішхат түрінде беріледі (бұдан әрі – өтінішхат).

      22. Өтінішхат:

      1) мемлекеттік орган және (немесе) заңды тұлға тарапынан;

      2) ғылыми ұйым тарапынан;

      3) қоғамдық бірлестік тарапынан;

      4) өндірісте өнертабысты енгізген кәсіпорын, мекеме немесе ұйым тарапынан беріледі.

      23. Өтінішхатқа Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген тұлғалардың басшысы немесе оның міндетін атқаратын тұлға тарапынан қол қойылады.

      24. Өтінішхатта:

      1) өнертабыстың сала үшін маңызы;

      2) алынған патенттердің, авторлық куәліктердің жалпы саны;

      3) өнертабысты енгізу туралы кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың пікірлерінің болуы;

      4) конкурсқа қатысуға өтінім берілген сәтке дейінгі соңғы үш жылдағы өнертапқыштық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалану туралы мәліметтер;

      5) өнертапқыштық қызметі үшін марапаттар мен қолдау көрсету марапаттары;

      6) кандидаттың еңбегі мен жетістіктерін көрсететін қызметтің басқа бағыттары көрсетіледі.

      25. Конкурс өткізілетін күннен екі жыл бұрын берілген қолданыстағы патенттері бар Қазақстан Республикасының патент иеленушілері, қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсыну арқылы, Қағидалардың 20-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген номинациялар бойынша, Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілген өтінім негізінде конкурсқа қатысады.

      26. Жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қатысады.

      27. Қазақстан Республикасының 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтары конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қатысады.

      28. Қазақстан Республикасының өндірісіне енгізілген қорғалатын өнертабыстар мен басқа да айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық маңызы бар зияткерлік меншік объектілеріне ие заңды тұлғалар конкурсқа Қағидалардың 20-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсына отырып, Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде қатысады.

      29. Қазақстан Республикасының патент иеленушілері (заңды және (немесе) жеке тұлғалар) және ең көп әрекеттегі патенттерге ие авторлар, патенттердің берілген күніне қарамастан, қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик, кандидаттың аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, рецензиялар және басқа материалдар ұсына отырып, Қағидалардың 20-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша, Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде конкурсқа қатысады.

      30. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарының 14-тен 18 жасқа дейінгі оқушылары жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми әзірлемелері бар, соның ішінде өнертабыстарға патенттері, кандидаттың аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, рецензиялар және басқа материалдарымен және Қағидалардың 20-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген номинация бойынша қысқаша сипаттама, презентация немесе бір минутқа дейінгі бейнеролик ұсынады, Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес өтінім нысаны негізінде конкурсқа қатысады.

      Қатысушы өтінімге заңды өкілінің жазбаша келісімін қоса береді:

      1) кәмелетке толмағандардың конкурсқа қатысуы;

      2) кәмелетке толмаған адамдардың дербес деректерін, сондай-ақ заңды өкілдің дербес деректерін жинау, өңдеу және сақтау;

      3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді жариялау.

      31. Осы Қағидалардың 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 және 30-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен өтінішхаттар комиссияның қарауына жіберілмейді.

2-параграф. Конкурс номинациялары бойынша бағалау критерийлері, сондай-ақ конкурс қорытындылары

      32. Комиссия "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын мынадай критерийлер бойынша береді:

      1) өнертабысқа алынған және қолданыстағы патенттердің, сондай-ақ автор куәліктерінің жалпы саны;

      2) экономиканың әртүрлі салаларында аса маңызды және кеңінен қолданылатын патенттелген өнертабыстарды енгізу және қолдану нәтижелері;

      3) енгізу мен қолданудың жалпы экономикалық маңызы, олардың әлеуметтік маңыздылығы (кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың пікірлері, өнертабыстарды енгізу туралы актілер);

      4) зияткерлік меншік объектілерін кешенді қорғаудың болуы;

      5) өнертабыс саласындағы қызметті жүзеге асыру ұзақтығы;

      6) өнертабыстарды беруге және (немесе) пайдалануға құқық беруге тіркеулердің саны.

      33. Комиссия "Жыл өнертабысы", "Әйел өнертапқыш" номинациялары бойынша конкурс жеңімпаздарын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:

      1) әлеуметтік маңыздылығы;

      2) технологияларды өндіріске енгізу және (немесе) коммерцияландыру;

      3) өнертабысты қолданудың экономикалық маңыздылығы;

      4) бәсекеге қабілеттілік.

      34. Комиссия "Жас өнертапқыш" номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:

      1) әлеуметтік маңыздылығы;

      2) аналогтармен салыстырғанда дамудың жоғары техникалық деңгейі;

      3) жобаның экологиялық тиімділігі;

      4) дамуды пайдаланудың экономикалық маңыздылығы.

      35. Комиссия "Үздік инновациялық компания" номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:

      1) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі;

      2) патенттерден басқа, тіркелген зияткерлік меншік объектілері портфелінің болуы;

      3) өндіріске енгізілген өнертабыстар мен зияткерлік меншіктің өзге де объектілерінің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы;

      4) экспортқа арналған технологиялық жетілу.

      36. Комиссия "Ең белсенді өнертапқыш" номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:

      1) берілген патенттердің ең көп саны;

      2) әлеуметтік маңыздылығы;

      3) технологияларды өндіріске енгізу және (немесе) коммерцияландыру;

      4) әзірлемені пайдаланудың экономикалық маңыздылығы.

      37. Комиссия "Жас дарын" номинациясы бойынша конкурс жеңімпазын мынадай критерийлер негізінде айқындайды:

      1) әлеуметтік маңыздылығы;

      2) жобаның экологиялық тиімділігі;

      3) аналогтармен салыстырғанда дамудың жоғары техникалық деңгейі.

      38. "Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру туралы шешім қатысушыларды жеке бағалау нәтижелері негізінде комиссия тарапынан қабылданады. Ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      39. Комиссия "Жыл өнертабысы", "Әйел өнертапқыш", "Жас өнертапқыш", "Үздік инновациялық компания", "Ең белсенді өнертапқыш" және "Жас дарын" номинациялары бойынша комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен марапаттау арқылы шешім қабылдайды.

      Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және конкурс комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

      40. "Еңбек сіңірген өнертапқыш" төсбелгісін, мүсіншелерді, дипломдарды және ақшалай сыйлықтарды конкурс жеңімпаздарына табыстау салтанатты марапаттау рәсімі барысында өткізіледі.

      41. Салтанатты рәсімнің өткізілетін күні мен орны туралы мәліметтер конкурс жұмыс органының интернет-ресурсында жарияланады.

  Әлеуметтік және экономикалық
тұрғыдан маңызды, бәсекеге
қабілетті, экологиялық қауіпсіз
өнертабыстарды іріктеу
бойынша "Шапағат" конкурсын
өткізу қағидаларына, сондай-ақ
аса маңызды және кеңінен
қолданылатын өнертабыстардың
авторларына "Еңбек сіңірген
өнертапқыш" атағын беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

"Еңбек сіңірген өнертапқыш" атағын беру бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінішхат

      __________________________________________________________________________

      Қосымша:

      1) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар;

      _________________________________________

      Ұйым басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      ___________________________ ______________________________________

      Күні Қолы

      Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес

      деректерімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның

      қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге

      және сақтауға келісім беремін.

      _________________________________________

      Қатысушының Т.А.Ә, (бар болса)

      _________________________________________

      Қолы

  Әлеуметтік және экономикалық
тұрғыдан маңызды, бәсекеге
қабілетті, экологиялық қауіпсіз
өнертабыстарды іріктеу
бойынша "Шапағат" конкурсын
өткізу қағидаларына, сондай-ақ
аса маңызды және кеңінен
қолданылатын өнертабыстардың
авторларына "Еңбек сіңірген
өнертапқыш" атағын беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

"Шапағат" конкурсына қатысуға арналған өтінім

"Жыл өнертабысы"

(жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға)

"Әйел өнертапқыш"

(жеке тұлға)

"Жас өнертапқыш"

(жеке тұлға)

      __________________________________________ Номинациялары

      __________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) немесе патент иеленушінің (автордың) атауы

      __________________________________________________________________________

      Өнертабысқа патенттің(тер) нөмірі(лері) және атауы(лары)

      __________________________________________________________________________

      Байланыс

      __________________________________________________________________________

      Электрондық пошта

      __________________________________________________________________________

      Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес

      деректерімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның

      қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге

      және сақтауға келісім беремін.

      Қосымша:

      1) қысқаша сипаттама;

      2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик;

      3) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар.

      _________________________________________

      Автордың/патент иеленушінің Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы

      _______________________ ______________________________________

      Күні Қолы

  Әлеуметтік және экономикалық
тұрғыдан маңызды, бәсекеге
қабілетті, экологиялық қауіпсіз
өнертабыстарды іріктеу
бойынша "Шапағат" конкурсын
өткізу қағидаларына, сондай-ақ
аса маңызды және кеңінен
қолданылатын өнертабыстардың
авторларына "Еңбек сіңірген
өнертапқыш" атағын беру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

"Шапағат" конкурсына қатысуға арналған өтінім

"Үздік инновациялық компания" Номинациясы

      __________________________________________________________________________

      Компания басшысының/өкілінің Т.А.Ә. (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      Зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарының нөмірі(лері) және атауы(лары)

      (Өнертабыстар, пайдалы модель, селекциялық жетістік, тауар белгісі және т.б.)

      __________________________________________________________________________

      Байланыс

      __________________________________________________________________________

      Электрондық пошта

      __________________________________________________________________________

      Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес

      деректерімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның

      қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге

      және сақтауға келісім беремін.

      Қосымша:

      1) қысқаша сипаттама;

      2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик;

      3) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар.

      ________________________________________

      Ұйым басшысы

      _____________________________ ______________________________________

      Күні Қолы

  Әлеуметтік және экономикалық
тұрғыдан маңызды, бәсекеге
қабілетті, экологиялық қауіпсіз
өнертабыстарды іріктеу
бойынша "Шапағат" конкурсын
өткізу қағидаларына, сондай-ақ
аса маңызды және кеңінен
қолданылатын өнертабыстардың
авторларына "Еңбек сіңірген
өнертапқыш" атағын беру
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

"Шапағат" конкурсына қатысуға арналған өтінім

"Ең белсенді өнертапқыш" Номинациясы

      __________________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) немесе патент иеленушінің/автордың атауы

      __________________________________________________________________________

      Өнертабысқа патенттердің нөмірлері мен атаулары

      __________________________________________________________________________

      Байланыс

      __________________________________________________________________________

      Электрондық пошта

      __________________________________________________________________________

      Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес

      деректерімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның

      қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге

      және сақтауға келісім беремін.

      Қосымша:

      1) қысқаша сипаттама;

      2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик;

      3) үміткердің ең маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстары туралы пікірлер, шолулар және басқа материалдар.

      _________________________________

      Патент иеленушінің/автордың Т.А.Ә. (бар болса)

      ______________________________ _________________________________

      Күні Қолы

  Әлеуметтік және экономикалық
тұрғыдан маңызды, бәсекеге
қабілетті, экологиялық қауіпсіз
өнертабыстарды іріктеу
бойынша "Шапағат" конкурсын
өткізу қағидаларына, сондай-ақ
аса маңызды және кеңінен
қолданылатын өнертабыстардың
авторларына "Еңбек сіңірген
өнертапқыш" атағын беру
қағидаларына
5-қосымша
Нысан

"Шапағат" конкурсына қатысуға арналған өтінім

"Жас дарын" Номинациясы

      __________________________________________________________________________

      Ғылыми әзірлеме авторының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      Жобаның атауы

      __________________________________________________________________________

      Байланыс

      __________________________________________________________________________

      Электрондық пошта

      __________________________________________________________________________

      Тіркелген жері және (немесе) орналасқан жері

      __________________________________________________________________________

      Осы арқылы конкурсқа қатысуға берілетін өтінімнің құрамында мен ұсынған дербес

      деректерімді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу, оның

      қорытындыларын шығару және нәтижелерін ресімдеу мақсатында жинауға, өңдеуге

      және сақтауға келісім беремін.

      Қосымша:

      1) қысқаша сипаттама;

      2) бір минутқа дейінгі презентация немесе бейнеролик.

      ____________________________________

      Заңды өкілінің Т.А.Ә. (бар болса)

      ______________________________ ___________________________________

      Күні Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады