БҰЙЫРАМЫН:
1. "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32560 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеде:
2-тармақтың екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, астанада, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда орындауды жүзеге асыратын филиалы;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссияның ережесі осы Үлгілік ереженің негізінде әзірленеді, жергілікті өкілетті органдарымен келісіп, облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен бекітіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Комиссия қорытындысымен келіспеген жағдайда өтініш беруші оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылы.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығының, қандас, босқын, шетел азаматының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің болуы;".
2. "Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 267 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32923 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесінде:
5-тармақтың 3) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
11-тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
12-тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
