ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уәкілетті орган мен субъектілер арасындағы өзара іс-қимыл осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және жеке кабинет, цифрлық үкіметтің сыртқы шлюзі, API‑сервистер немесе "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамының телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылады.
3. Құжаттамалы тіркелген хабарламалар жеке кабинетте орналастырылған ҚМ-1 нысаны бойынша XML форматында электрондық тәсілмен ұсынылады және субъектінің (ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерінде:
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
16 | Заңсыз қызметпен байланысты цифрлық активтермен, цифрлық активтер әмияндарымен жасалатын операциялар |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
