ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 144-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 9 маусымдағы № 384 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 144-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі қаржыландыру сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша оларға берілген кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау үшін Кәсіпкерлікті дамытудың Арнаулы қорының (бұдан әрі – Арнаулы қор) қаражаты жеткіліксіз болған кезде оның қаржы және өзге де ұйымдар алдындағы берешегін өтеуді қамтамасыз ету үшін Арнаулы қорға беріледі.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) Арнаулы қор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылай қолдауды жүзеге асыратын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кәсіпкерлікті дамыту қоры;
2) арнайы несиелік шот – Арнаулы қор екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді орындау мақсатында республикалық бюджеттің қаражатын аударуға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты республикалық бюджетке қайтаруға арналған шот;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган) – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) – бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, өз құзыреті шегінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылықты, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган) – бюджет саясаты, оның ішінде бюджет жүйесін дамыту саласында, мемлекеттік қаржыны басқару және кірістерді болжау, экономикалық саясат, инвестицияларды тарту саясаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік активтерді басқару, осы Кодексте белгіленген құзыреттер шегінде гранттар тарту және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шарты (бұдан әрі – Кепілдік шарты) – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Арнаулы қор арасындағы Мемлекеттік кепілдік беру кезіндегі тараптардың құқықтық қатынастарын, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілейтін жазбаша келісім;
7) жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме – Арнаулы қор кепілдік төлемдерін жүзеге асырмаған, Мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген кепілдіктер бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнгі сомасы;
8) жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және Арнаулы қор арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім;
9) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) – инвестициялық жобалар бойынша қаржыландыру сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеден асатын жағдайларда кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры ұсынған кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау үшін оның қаражаты жеткіліксіз болған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметінің кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорымен жасалған жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кепілдік шартының талаптарына сәйкес қаржы және өзге де ұйымдар алдындағы оның берешегін толық немесе ішінара өтеу жөніндегі міндеттемесі;
10) мемлекеттік кепілдік беру үшін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысы – бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның Агенттікке Мемлекеттік кепілдік берудің орындылығы (сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның оң салалық қорытындысы негізінде дайындалған, оның елдің экономикасына әсері мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі) тұрғысынан қорытындысы;
11) сенім білдірілген өкіл (агент) – Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім негізінде берілген Мемлекеттік кепілдік және Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін тұлға болып табылады;
12) тиісті саладағы уәкілетті органның салалық қорытындысы – Мемлекеттік кепілдік беру арқылы саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан тиісті Арнаулы қорға уәкілетті органның қорытындысы.
2-тарау. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру тәртібі
4. Мемлекеттік кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде және Бюджет кодексінің 144-1 және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талапты Арнаулы қор сақтаған кезде жүзеге асырылады.
5. Арнаулы қор Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін алу үшін Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
1) Тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысы;
2) Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысы;
3) Республикалық бюджет комиссиясының хаттамалары (бар болған жағдайда);
4) Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайыз мөлшерінде біржолғы төлемді (алымды) төлеу туралы үзінді-көшірме;
5) Құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
6) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін кредиттік есепке сәйкес салық берешегінің және мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
7) Қабылданған кепілдік міндеттемелер шеңберіндегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі арнаулы қор жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға жүгінген кезге дейінгі соңғы бес жылдағы нақты жүзеге асырылған кепілдік төлемдер туралы ақпарат.
Арнаулы қор құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Арнаулы қор құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде себептерін көрсете отырып, Арнаулы қорға жазбаша хабарлама жібере отырып, құжаттарды қараусыз қайтарады.
Қайтару себептері жойылғаннан кейін Арнаулы қор осы Қағидалардың 5 тармағына сәйкес құжаттарды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қайта ұсынады.
Ұсынылған құжаттар топтамасы толық және осы Қағиданың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Арнаулы қормен және сенім білдірілген өкілмен (агентпен) Келісім 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасады, сондай-ақ Бюджет кодексінің 144-1 бабының 5-тармағына сәйкес оны Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен рәсімдеуді және мемлекеттік қазынашылықта тіркеуді қамтамасыз етеді.
6. Мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері мен тәртібі Бюджет кодексінің 144-2 бабының 4-тармағына сәйкес Келісімде айқындалады.
7. Келісімге қол қойылғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Бюджет кодексінің 144-1-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.
8. Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Арнаулы қор арасында осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шарты жасасу арқылы беріледі.
Мемлекеттік кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Арнаулы қормен Кепілдік шартын жазбаша нысанда 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасасады.
Кепілдік шартына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның және Арнаулы қордың бірінші басшысымен не оның уәкілеттік берген тұлғаларымен қол қояды.
9. Кепілдік шарты бірдей заң күшіне ие қазақ және орыс тілдерінде тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалады.
10. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Бюджет кодексінің 144-2-бабының 1-тармағына сәйкес Арнаулы қордың ұсынған кепілдіктер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін Арнулы қордың қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, сенім білдірілген өкілдің (агенттің), Арнаулы қордың қорытындылары, оның шоттарынан екінші деңгейдегі банктер берген үзінді-көшірмелер, сондай-ақ Мемлекеттік кепілдікті орындауға жүгінердің алдындағы қаржы жылындағы аудиттелген қаржылық есептілік және Мемлекеттік кепілдікті орындауға жүгінген кездегі қаржылық есептілік болған кезде Мемлекеттік кепілдіктің орындалуын жүзеге асырады.
11. Мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді алдағы өтеу көлемін жоспарлауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу шеңберінде жүргізеді.
Республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезеңінде жоспарлау болмаған кезде тиісті есептеулер кепілдік берген міндеттемелерді алдағы өтеу көлемінің болжамды есептеулері негізінде республикалық бюджетті нақтылау кезінде орындалады.
12. Жоспарланған жылы мемлекет кепілдік берген міндеттемелерді өтеу көлемі сенім білдірілген өкілдің (агенттің), Арнаулы қордың қорытындылары негізінде айқындалады және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте ұлттық валютада және жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көрсетіледі.
13. Республикалық бюджеттің шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік сұраным ұсынады.
14. Арнаулы қор қолданыстағы Мемлекеттік кепілдік шеңберінде республикалық бюджеттен бұрын оқшауландырылған қаражат бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда, ол бойынша республикалық бюджеттен кейінгі сомаларды беруге жол берілмейді.
15. Мемлекеттік кепілдікті орындау қаржыландыру сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелерін кепілдік беру мақсаттарына арналған резерв қалыптастыру үшін Арнаулы қорға бөлінген қаражаттың қалдығын және Арнаулы қордың меншікті капиталын шегергендегі кепілдік төлемдерінің өтелмеген бөлігінде ғана, сондай-ақ Арнаулы қор, қаржылық және өзге де ұйымдар тарапынан берешекті өндіріп алу бойынша көзделген барлық шаралардың қабылданғаны фактісі расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты Арнаулы қор кепілдік төлемдерін өтеу қаражатының және өзге де қаржы көздері есебінен республикалық бюджетке қайтаруы тиіс.
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 9 маусымдағы № 384 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігін беру нысаны |
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шарты № ________
____________ қаласы "___" _____________ 20___ жыл
Бұдан әpi "Кепілгер" деп аталатын "Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі" мемлекеттік мекемесі атынан
__________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беретін тұлғаның толық атауы),
_______________________________________________негізінде әрекет етуші
(құжаттың атауы (№, күні)
__________________________________________________________________,
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
бұдан әрі "Арнаулы қор" деп аталатын
__________________________________________________________________
(жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік алатын
тұлғаның толық атауы),
атынан _____________________________________________________негізінде әрекет етуші
(құжаттың атауы (№,күні)
__________________________________________________________________,
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
бұдан әрі бірлесіп – "Тараптар", әрқайсысы жеке-жеке "Тарап" немесе
жоғарыда көрсетілгендей аталып:
_______________________________________________________ сәйкес,
(құжаттың атауы, № және күні)
төмендегі шарттармен осы жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартын
(бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
1.1. Осы Шарттың талаптарымен Кепілгер Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Арнаулы қор алдында Арнаулы қордың меншікті капиталының сомасы жаппаған кепілдік төлемдері бойынша берешегін өтеуге міндеттенеді.
1.2. Жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік (бұдан әрі – Мемлекеттік кепілдік) Арнаулы қор кепілгер ретінде әрекет ететін кепілдік шарттары бойынша кепілдік жағдайлары туындаған жағдайда, Арнаулы қордың қазақстандық және шетелдік пайда алушылар алдындағы кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешегін өтеуді қамтамасыз ету үшін беріледі.
1.3. Мемлекеттік кепілдік __ жыл қолданылу мерзімімен ___________ теңге сомасына (сомасы жазбаша) беріледі
1.4. Мемлекеттік кепілдік мынадай жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады:
1) осы Шартта айтылған міндеттемелер толық орындалған;
2) оның қолданылу мерзімі өткеннен кейін.
1.5. Мемлекеттік кепілдік Арнаулы қордың Мемлекеттік кепілдікті орындауы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын қайтаруы шартымен беріледі.
1.6. Кепілгер Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін Арнаулы қор Мемлекеттік кепілдіктің қолданысын тоқтатылғанға дейін тиісті талапты қойған жағдайда, орындайды.
2-тарау. Қорытынды ережелер
2.1. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделеді, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылады және Тараптардың мөрлерінің баспа-таңбасымен бекітіледі.
2.2. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.
2.3. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының азаматтық және бюджет заңнамасын басшылыққа алады.
2.4. Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитетінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
3-тарау . Тараптардың заңды мекенжайы, банктік деректемелері мен қолдары
Kепілгер: |
Арнаулы қор: |
