"Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 8 маусымда № 38915 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін, сондай-ақ "Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.";

      3-параграф атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі";

      20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген қауіпсіздік жөніндегі талаптар тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесіне сәйкестігі Заңның 14-бабының 34-35) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатымен расталады.

      Магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне қол жеткізу тасымалдаушыларда осы Қағидаларға сәйкес берілген теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификаты бар болған кезде ұсынылады.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын беру (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      21. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1, 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларда көзделген құжаттарды ұсынады. Осы Қағидаларға 4-қосымшада баяндалған мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағына сәйкес, оның ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын жылжымалы құрам паркінің тізбесі.

      Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған) немесе бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" цифрлық жүйесіне www.elicense.kz (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ) жіберіледі.

      Өтінішті өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші ЕЛ МДҚ өтініші келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырылады.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      23. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) қолданылуы мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған кезде 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қауіпсіздікті басқару жүйесіне аудит жүргізіледі, оның барысында тасымалдаушының жүзеге асыратын қызметінің осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне нақты бағалау жүзеге асырылады.

      24. Қауіпсіздік сертификатын қайта жаңарту кезінде осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес қауіпсіздікті басқару жүйесіне қайта аудит жүргізіледі.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатының қолданылу мерзімінің аяқталуы теміржол саласындағы қауіпсіздік сертификатын қайта жаңартуға негіз болып табылады.

      25. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімдейді.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшада баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қауіпсіздік сертификатын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны жіберу тәсілімен ресімдейді.

      26. Қауіпсіздік сертификатын қайта рәсімдеуге негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке (оның ішінде жеке кәсіпкер) мен заңды тұлғаны тіркеу орнын бір қаладан екінші қалаға ауыстыру;

      2) заңды тұлғаның атауын өзгерту.";

      27 және 28-тармақтар алып тасталсын;

      29, 30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Көлік саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық органдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетуші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      30. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалады, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының бесінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      31. Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификаты басқа тұлғаларға берілмейді.

      32. Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификаты тасымалдаушының кінәсінен орын алған авариялар мен апатар болған жағдайларда оның қолдануылы тоқтатыла тұруға жатады.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатының қолданылу мерзімінің аяқталуы теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатының қолданылуының тоқтатылуына әкеп соғады.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы хабарлама тасымалдаушыға және Ұлттық инфрақұрылым операторына жазбаша түрде жіберіледі.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатының қолданылуын қайта бастауға уәкілетті органның шешімі негізінде жол беріледі.

      Уәкілетті орган теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатының қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылданған сәттен бастап Ұлттық инфрақұрылым операторын жазбаша хабардар етеді.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатының жарамдылық мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 5 маусымдағы
№ 136
Бұйрығына 1-қосымша
  Теміржол көлігінде
қауіпсіздік қағидаларына
1-қосымша

Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беруге өтініш ____________________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы)

      кімнен________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) – жеке тұлғалар

      үшін;тасымалдаушының толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде),

      филиалдың немесе өкілдіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі шетелдік тасымалдаушы

      – бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда тасымалдаушы

      – заңды тұлғалар үшін.

      Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беруіңізді сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрлерінің (түрлерінің) толық атауын көрсету)

      Мекенжайы_______________________________________________

      (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі

      Электрондық пошта ________________________

      Телефондар _______________________________

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, нөмірі

      үйлер/ғимараттар (стационарлық үй-жай)

      парақ қоса беріледі.

      Барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар расталады болып табылады және оларға қауіпсіздік сертификатын беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат бағытталуы мүмкін, барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Басшы _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Бұйрығына 2-қосымш
Теміржол көлігінде
қауіпсіздік қағидаларына
2-қосымша

Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын жаңартуға өтініш _____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы) кімнен________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) – жеке тұлғалар үшін; тасымалдаушының толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде), филиалдың немесе өкілдіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі шетелдік тасымалдаушы – бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда тасымалдаушы – заңды тұлғалар үшін.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын жаңартуды сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын жаңарту үшін негіздемені көрсету)

      Мекенжайы___________________________________________________________

      (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі

      Электрондық пошта ________________________

      Телефондар _______________________________

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, нөмірі

      үйлер/ғимараттар (стационарлық үй-жай)

      парақ қоса беріледі.

      Барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар расталады болып табылады және оларға қауіпсіздік сертификатын беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат бағытталуы мүмкін, барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Басшы _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Бұйрығына 3-қосымша
Теміржол көлігінде
қауіпсіздік қағидаларына
3-қосымша

Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын қайта ресімдеуге өтініш

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      кімнен________________________________________________________________

      (жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) – жеке тұлғалар үшін;

      тасымалдаушының толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде),

      филиалдың немесе өкілдіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі шетелдік тасымалдаушы –

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда тасымалдаушы – заңды тұлғалар үшін.

      Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын қайта ресімдеуді сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын жаңарту үшін негіздемені көрсету)

      Мекенжайы___________________________________________________________

      (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен,

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың)нөмірі

      Электрондық пошта ________________________

      Телефондар _______________________________

      Қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      _____________________________________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, нөмірі

      үйлер/ғимараттар (стационарлық үй-жай)

      ______________парақ қоса беріледі.

      Барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар расталады болып табылады және оларға қауіпсіздік сертификатын беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат бағытталуы мүмкін, барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Басшы _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Бұйрығына 4-қосымша
Теміржол көлігінде
қауіпсіздік қағидаларына
4-қосымша

"Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру"

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы (бар болған жағдайда)

1) Теміржол көлігі саласында қауіпсіздік сертификатын беру;
2) Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын жаңарту;
3) Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын қайта рәсімдеу.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәсілдері (бар болған жағдайда)

"Цифрлық үкіметтің" веб-порталы /
қызметті көрсетушінің кеңсесі.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі (бар болған жағдайда)

Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын беру және қайта бастау – 15 (он бес) жұмыс күні;
теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны (бар болған жағдайда)

Барлық кіші түрлер бойынша: электрондық (жартылай цифрландырылған)

 
7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нәтижесі (бар болған жағдайда)

Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификаты немесе осы тізбенің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

8

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері, сондай-ақ оның кіші түрлері бойынша (бар болған жағдайда)

Мемлекеттік қызмет тегін негізде жүзеге асырылады.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының және ақпараттық жүйелер объектілерінің жұмыс кестесі

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9:00-ден 17:0-ге дейін жүзеге асырылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бар болған жағдайда)

Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын беру және қайта жаңарту үшін:
1) теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын беру туралы өтініш;
2) қызмет алушы әзірлеген қауіпсіздікті басқару жүйесі;
3) ұйым басшысы қол қойған, ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталған, 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылатын жылжымалы құрам паркінің тізбесі;
4) теміржол көлігінің қосалқы қызметтері немесе Инфрақұрылымның ұлттық операторы шарттық негізде жүзеге асыратын жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету фактісін растайтын құжаттар;
5) өндірістік активтердің меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар екендігін растайтын құжаттар;
6) ұйым басшысы қол қойған, ұйымның мөрімен (ол болған кезде) расталған, білікті қызметкерлер штатының бар екендігі туралы ақпаратты қамтитын құжаттар.
Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын қайта ресімдеу үшін:
1) теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификатын қайта ресімдеу туралы өтініш.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсетуден бас тарту үшін Қақақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер (бар болған жағдайда)

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

12

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсеті ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар (бар болған жағдайда), оның ішінле электрондық нысанда және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету

Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.gov.kz. "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының анықтамалық қызметінен: 1414, не көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсынан алуға мүмкіндігі бар - www.gov.kz. "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті.

  Бұйрығына 5-қосымша
Теміржол көлігінде
қауіпсіздік қағидаларына
5-қосымша

Тиесілі жылжымалы құрамның тізбесі ____________________________________ (иесінің толық атауы)

Р/с №

Сериясы

Санаты

Куәлік нөмірі

Берілген күні

Зауыт нөмірі

Түгендеу нөмірі

Салынған күні

Нақты қызмет ету мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Соңғы жөндеу күні

Дейін жарамды

Тіркеу депосы

(КЖ-1)

(КЖ-2)

10

11

12

13





      Басшы ______________________/_________________________________/ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)

      Ескертпе:

      *(КЖ-1) – 1-көлемдегі жөндеу

      **(КЖ-2) – 2-күрделі жөндеу

  Бұйрығына 6-қосымша
Теміржол көлігінде
қауіпсіздік қағидаларына
6-қосымша

________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Теміржол көлігі саласындағы қауіпсіздік сертификаты № ____

      Берілді:_______________________________________________________________

      Жарамдылық мерзімі:___________________________________________________

      Мекенжайы:___________________________________________________________

      Осы сертификат теміржол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпсіздік басқару жүйесі сәйкес екенін растайды.

      Уәкілетті органның басшысы,

      не оған уәкілеттік берілген адам _____________________ __________________ (қолы) (Т. А. Ә.)

      М.Ө.

      Берілген күні: 20___ ж. "____" ____________

Ескертпелер:

1. Осы сертификат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтатыла тұруға немесе кері қайтарып алуға жатады.


2. Мәліметтер өзгерген кезде уәкілетті органға өтініш Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда беріледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады