БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындайды.
2. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1)динамикалық тарифтік реттеудің арттыру және төмендету коэффициенттері кестесі – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын пойыздарда билетті сатып алу кезеңіне және пойыздың жүктелу деңгейіне байланысты жол жүру бағасына (тарифіне) қолданылатын төмендету, базалық және арттыру коэффициенттері көрсетілген кесте;
2)жайлылық деңгейі – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын поездарда вагонның техникалық жабдықталуын, жол жүру барысындағы қосымша сервистік қызметтерді және жолаушылардың жол жүруінің басқа да жағдайларын есепке ала отырып жасалған жол жүру жағдайлары;
3)жолаушылар жол жүру бағасының (тарифінің) деңгейі – "Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) көзделген алымдарды есепке алмағанда, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын поездардағы жолаушының жөнелту станциясынан тағайындау станциясына дейінгі жол жүру бағасы (тарифі);
4)МВЖҚ – электр пойыздары мен дизель пойыздарын қамтитын моторвагонды жылжымалы құрам;
5)тарифтің плацкарттық бөлігі – "Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау тарифтері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 3-тармағына сәйкес жолаушының жүру қашықтығына және вагон типіне байланысты плацкарттық бөліктің Мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің тиісті ставкалары негізінде белгіленген тарифтің бөлігі;
6)тарифтің билеттік бөлігі – Қаулының 3-тармағына сәйкес жолаушының жүру қашықтығына, пойыз санатына және вагон типіне байланысты билеттік бөліктің Мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің тиісті ставкалары негізінде белгіленген тарифтің бөлігі;
7)тасымалдаушы – жүк немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметін жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрамға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға;
8)уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9)шарт – уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және тасымалдаушы арасында жасалған, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы шарт.
3.Осы Әдістеме әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін есептеу кезінде қолданылады.
2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жүретін пойыздарда жолаушылардың жол жүру құнын есептеу тәртібі
4. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін әрбір пойыз бойынша (құрамдастыру станциясынан айналым станциясына дейін) жолаушылар вагондарының түрлері, электр және дизель пойыздары бөлінісінде айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Ртарифтердің шекті деңгейі=Ртариф*Кбағаны көтеру
мұндағы,
Ртарифтердің шекті деңгейі – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейі, жолаушылар вагондарының түрлері мен электр-дизель пойыздары бойынша бөліністе.
Ртариф – әрбір пойыздың әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған баға (тариф) (құрамы станциясынан айналым станциясына дейін), жолаушылар вагондарының түрлері мен МВПС вагондарының сыныптары бойынша, осы Әдістеменің 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген.
Рбағаны көтеру – әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтері үшін тарифтердің бағаны көтерудің шекті деңгей коэффициенті.
5.Әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің тарифтерін шекті деңгейде көтеру коэффициенті (бағаның немесе тарифтің шекті деңгейін анықтау үшін) келесі формула бойынша есептеледі:
Кбағаны көтеру=((Rтасымалдаушы- Dтасымал- Nбек.бюдж.)/Dтасымал)+1
мұндағы:
Kбағаны көтеру – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаларды (тарифтерді) арттырудың шекті деңгейінің коэффициенті;
Rтасымалдаушы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі) сәйкес есептелген тасымалдаушының шығыстары;
Dтасымал – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) өсуін есепке алмағанда Субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер;
Nбек.бюдж. – "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарды субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидиялар сомасы.
6. Әлеуметтік маңызды облыстық, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңы қатынастардағы жолаушылар тасымалдау қызметтері үшін баға (тариф), әрбір поездің әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтері бойынша тарифтің шекті деңгейін анықтау үшін, жолаушылар вагондарының түрлері бойынша келесі формула бойынша есептеледі:
Ртариф =(Рбил*Кжайл+Рплацк*Кжайл)*Rшв.фр*Rққс *К1...n*Корын*Кдтб
мұндағы,
Ртариф – есепті кезеңде әрбір пойыз бойынша (құрамы станциясынан айналым станциясына дейін) әлеуметтік маңызды облыстық, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау қызметтері үшін жолаушылар вагондарының түрлері бойынша баға (тариф);
Рбил – тарифтің билет бөлімі;
Рплацк – тарифтің плацкарт бөлімі;
Кжайл – осы Әдістеменің 2-қосымшасында көрсетілген, жолаушылар вагондарының жайлылықтың тарифтік коэффициенттері кестесіне сәйкес коэффициенті;
Rшв.фр. – 2002 жылғы 1 қазанға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ресми курс бойынша швейцар франкінің теңгеге айырбастау бағамы;
Rққс – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленген қосылған құн салығының мөлшерлемесі;
К1…n – 1995 жылдан бастап, Қаулының 4-тармағына сәйкес және жасалған Келісімнің шарттарына өзгерістерді ескере отырып белгіленген индексация коэффициенті;
Корын – осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес вагондағы орындардың орналасуына байланысты төмендету және арттыру коэффициенті;
Кдтб – осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылату және төмендету коэффициенті.
Бұл ретте тасымалдаушы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес динамикалық тарифтік басқарудың төмендететін және жоғарылататын коэффициенттерін қолдану туралы шешімді дербес қабылдайды. Мұндай шешім қабылданған жағдайда, аталған коэффициенттер динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылататын және төмендететін коэффициенттері кестесінде көзделген барлық кезеңдер мен жүктеме деңгейлеріне толық көлемде қолданылады. Динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылататын және төмендететін коэффициенттері кестесінің жекелеген коэффициенттерін ішінара немесе таңдамалы түрде пайдалануға жол берілмейді.
7. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаның (тарифтің) шекті деңгейін айқындау үшін әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша жүретін жолаушыларды МВЖҚ тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаның (тарифтің) деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі:
Ртариф=Рқаламаңы тарифі*L*Rққс* Кжайл.1…n
мұндағы,
Ртариф – әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша жүретін жолаушыларды МВЖҚ-да тасымалдау жөніндегі қызметтердің бағасы (тариф);
Рқаламаңы тарифі – МВЖҚ жолаушыларының 1 километрге арналған тарифі, 4,14 теңге мөлшерінде;
L – жолаушының жүру қашықтығы;
Сонымен қатар, жолаушының жүріс қашықтығы барлық жағдайларда толық 10 км-ге дейін дөңгелектеледі. Егер жолаушы 10 км-ден аз жүрсе, есептік қашықтық ретінде 10 км қабылданады;
Rққс – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленген қосылған құн салығының мөлшерлемесі;
Кжайл 1…n – Шартқа енгізілген өзгерістерді ескере отырып осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес Облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық), қала маңындағы қатынастарда жүретін МВЖҚ пойыздарындағы жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесіндегі коэффициенті.
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 1-қосымша |
Динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылату және төмендету коэффициенттерінің кестесі
Кесте 1 (16 наурыздан 31 наурызға дейін, 29 сәуірден 11 мамырға дейін, 20 мамырдан 10 қыркүйекке дейін, 28 қазаннан 7 қарашаға дейін, 12 желтоқсаннан 11 қаңтарға дейін)
% орындарды иелену | Кезең шекаралары (жөнелтуге дейінгі күндер) | ||||||||
45-40 | 39-30 | 29-20 | 19-15 | 14-9 | 8-5 | 4-2 | 1 | 0 | |
0-10% | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 |
11-20% | 0,80 | 0,85 | 0,85 | 0,85 | 0,85 | 0,85 | 0,85 | 0,85 | 0,85 |
21-30% | 0,90 | 0,95 | 0,95 | 0,95 | 0,95 | 0,95 | 0,95 | 0,95 | 0,95 |
31-40% | 0,95 | 1,00 | 1,00 | 1,05 | 1,05 | 1,05 | 1,10 | 1,10 | 1,10 |
41-50% | 1,00 | 1,05 | 1,05 | 1,10 | 1,10 | 1,10 | 1,05 | 1,05 | 1,05 |
51-60% | 1,10 | 1,10 | 1,10 | 1,15 | 1,15 | 1,15 | 1,15 | 1,10 | 1,10 |
61-70% | 1,15 | 1,15 | 1,15 | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,15 |
71-80% | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,25 | 1,25 | 1,20 | 1,20 |
81-90% | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,20 | 1,20 |
91-100% | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 |
Кесте 2 (12 қаңтардан 15 наурызға дейін, 1 сәуірден 28 сәуірге дейін, 12 мамырдан 19 мамырға дейін, 11 қыркүйектен 27 қазанға дейін, 8 қарашадан 11 желтоқсанға дейін)
% орындарды иелену | Кезең шекаралары (жөнелтуге дейінгі күндер) | ||||||
45-40 | 39-30 | 29-20 | 19-10 | 9-5 | 4-2 | 1-0 | |
0-10% | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,75 | 0,80 |
11-20% | 0,75 | 0,80 | 0,80 | 0,80 | 0,75 | 0,80 | 0,85 |
21-30% | 0,80 | 0,80 | 0,80 | 0,80 | 0,80 | 0,90 | 0,90 |
31-40% | 0,85 | 0,85 | 0,85 | 0,90 | 0,90 | 0,95 | 0,95 |
41-50% | 0,90 | 0,95 | 0,95 | 0,95 | 0,95 | 1,00 | 1,00 |
51-60% | 0,95 | 0,95 | 1,00 | 1,00 | 1,05 | 1,05 | 1,10 |
61-70% | 1,00 | 1,00 | 1,05 | 1,10 | 1,10 | 1,10 | 1,10 |
71-80% | 1,10 | 1,10 | 1,10 | 1,15 | 1,15 | 1,15 | 1,15 |
81-90% | 1,15 | 1,15 | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,20 | 1,20 |
91-100% | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 | 1,25 |
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 2- қосымша |
Жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесі
р/с № |
Вагон түрі/ | Жайлылық деңгейі | Шекті коэффициент мөлшері | |
Билет бөлігіне | Плацкарт бөлігіне | |||
1 |
Гранд PMR/ | 2 орындық купе, мамандандырылған купенің болуы, әрбір купеде душ, кондиционер, экологиялық таза дәретхана кешені, вагонда бөтелкедегі суы бар диспенсерлер және т. б., конструкциялық мүмкіндіктерге байланысты тоңазытқыш пен микротолқынды пештің болуы | 2,18 | 2,19 |
2 |
Турист/ | 4 орындық купе, жиналмалы ұйықтайтын сөрелермен(төменгі орындықтар төрт орындыққа айналады)/жиналмалы ұйықтайтын сөрелермен және 2 жиналмалы ұйықтайтын сөрелермен, жалпы және жергілікті электр жарығымен, ауаны баптау жүйесімен, экологиялық таза дәретханалармен жабдықталған | 1,5 | 1,53 |
3 |
Отыратын вагон/ | жеке креслолармен, жеке жарықтандырумен, ауаны баптау жүйесімен жабдықталған сыныпты отыруға арналған орындары бар вагон | 1,5 | 1,5 |
4 |
"CHARMEWS" вагоны/Купе/ | 4 жиналмалы ұйықтайтын сөресі 10 шығанағы бар вагон арнайы багаж орындарымен, ауыз суық/ыстық сумен жабдықтау диспенсерімен, жалпы электр жарығымен, ауаны баптау жүйесімен, ауыспалы үстелдері бар екі экологиялық таза дәретхана кешенімен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, әр орын жеке электр жарығымен, электр розеткаларымен және ұялы телефондарды зарядтауға арналған USB порттарымен жабдықталған. құрылғылар, бас тіректерге арналған подиум, төменгі орындар төрт орындыққа айналады, сөрелерді бір-бірінен тәуелсіз басқаруға болады | 1,5 | 1,5 |
5 |
CHARMEWSb вагоны/Купе/ | (купе түріндегі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орындары бар) 2 жиналмалы ұйықтайтын сөре 1 бөлім, 4 жиналмалы ұйықтайтын сөре 4 бөлім, арнайы багаж орындарымен, ауыз суық/ыстық су беру диспенсерімен, жалпы электр жарығымен, ауаны баптау жүйесімен, ауыстыратын үстелдері бар екі экологиялық таза дәретхана кешенімен, жүйемен жабдықталған бейнебақылау, әр орын жеке электр шамдарымен, электр розеткаларымен және мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB порттарымен, бас тіректерге арналған подиуммен жабдықталған, төменгі орындар төрт орындыққа айналады, сөрелерді бір-біріне тәуелсіз басқаруға болады | 1,5 | 1,5 |
6 |
CHARMEWL вагоны/ Плацкарт/ | 4 жиналмалы ұйықтайтын сөрелермен 10 бөлік және 2 жиналмалы ұйықтайтын бүйірлік сөрелермен 9 бөлік, арнайы багаж орындарымен, ауыз суық/ыстық сумен жабдықтау диспенсерімен, жалпы электр жарығымен, ауаны баптау жүйесімен, ауыспалы үстелдері бар екі экологиялық таза дәретхана кешенімен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, әр орын жеке электр жарығымен, электр розеткаларымен жабдықталған және мобильді құрылғыларды қайта зарядтауға арналған USB порттары | 1,5 | 1,5 |
7 | жалпы және жеке электр жарығымен, жеке радио нүктесімен, желдету жүйесімен, ыстық және суық ауыз су ыдысымен, экологиялық таза дәретханалармен, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен жабдықталған, жатуға арналған қатты орындары бар 4 орындық купесі бар вагон | 1,2 | 1,2 | |
8 | жалпы және жеке электр жарығымен, жеке радио нүктесімен, желдету жүйесімен, ыстық және суық ауыз су ыдысымен, сондай-ақ ауаны баптау жүйесімен жабдықталған, жатуға арналған қатты орындары бар 4 орындық купесі бар вагон | 1,1 | 1,1 | |
9 | жалпы және жеке электр жарығымен, жеке радио нүктесімен, желдету жүйесімен, ыстық және суық ауыз су ыдысымен жабдықталған, жатуға арналған қатты орындары бар 4 орындық купесі бар вагон | 1,0 | 1,0 | |
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 3- қосымша |
Вагондағы орындардың орналасуына байланысты төмендету және арттыру коэффициенттерінің кестесі
р/с № | Вагон түрі | Вагондағы орындардың орналасуы | Коэффициент мөлшері |
1 | Гранд PMR | Төменгі орын | 1,1 |
Жоғарғы орын | 0,9 | ||
2 | Турист | Төменгі орын | 1,1 |
Жоғарғы орын | 0,9 | ||
3 | Купе | Төменгі орын | 1,1 |
Жоғарғы орын | 0,9 | ||
4 | Плацкарт | Төменгі бүйірлік емес орын | 1,15 |
Жоғарғы бүйірлік емес орын | 0,95 | ||
Соңғы бөлімде бүйірлік емес төменгі орын | 1,1 | ||
Соңғы бөлімде бүйірлік емес жоғарғы орын | 0,9 | ||
Төменгі бүйірлік орын | 1,1 | ||
Жоғарғы бүйірлік орын | 0,9 | ||
Соңғы бөлімдегі бүйірлік төменгі орын | 1,0 | ||
Соңғы бөлімдегі бүйірлік жоғарғы орын | 0,8 | ||
Үшінші сөре | 0,8 |
| Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 4- қосымша |
Облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық), қала маңындағы қатынастарда жүретін МВЖҚ пойыздарындағы жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесі
р/с № | Вагон класы | Коэффициент мөлшері |
Ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынас | ||
1 | 1 класс | 1,71 |
2 | 2 класс | 1,59 |
3 | 3 класс | 1,33 |
Облысаралық қатынас | ||
4 | 1 класс | 1,56 |
5 | 2 класс | 1,46 |
6 | 3 класс | 1,21 |
