ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 89 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған жағдайда, субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.
16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына1-қосымшаның реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
26. | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректер нысандары бойынша есептілікті ұсынбау (индекс: № РПЕ-1 нысаны, жыл сайынғы) | болмашы |
";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығы және балара шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымшаның реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректер нысандары бойынша есептілікті ұсынбау (индекс: № РПЕ-1 нысаны, жыл сайынғы) | Бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері | 10 | Есепті уақтылы ұсыну | Есепті ұсынбау |
0% | 100% |
";
бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаның реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректер нысандары бойынша есептілікті ұсынбау (индекс: № РПЕ-1 нысаны, жыл сайынғы) |
".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
__________С. Жумангарин__________А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
